Қалалық білім бөлімі №112 орта мектеп Тақырыбы: clil- пәндік тілдік кіріктіріліп оқыту әдісі Пәні



жүктеу 2,04 Mb.
бет1/2
Дата19.11.2018
өлшемі2,04 Mb.
#20603
  1   2

Қалалық білім бөлімі

112 орта мектеп





Тақырыбы: CLIL- Пәндік тілдік кіріктіріліп

оқыту әдісі

Пәні : Информатика

Пән мұғалімі: Ильясова Эльмира Амангелдіқызы

2017-2018 оқу жылы

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жаңа инновациялық әдіс түрі

2. СLIL әдісі

3. Информатика сабағында ағылшын тілін кіріктіріп оқыту

ІІІ. Қорытынды

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Н. Ә.Назарбаев



Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді деп жазылған.

Жоғарыдағы елбасымыздың айтқан сөзіне қарасақ, жаңа ХХІ ғасыр заман ағымына қарай ізденудің кезеңі. Мектеп қабырғасындағы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен мән берілуі тиіс. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала, ертеңгі азамат.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі- оқушының өзіндік танымдық ойын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру жөнінде сөз қозғағым келеді.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын артттыру- мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды зерттеушілікке баулу, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шешу,танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Осыған байланысты іс-тәжірибемде мынадай қағидаларға сүйенемін:


  • оқушыларға сапалы білім бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылармен жекелей, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу;

  • оқушының компьютерлік сауаттылығын жетілдіру;

  • оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсатыоқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, жаңартылған әдіс –тәсілдер пайдалана отырып, белсенділікке баулу, танымдық қабілеттерін ояту, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.

(CLIL) Пән мен тілді кіріктіріп оқыту

Ағылшын тілінде жаңа материалды түсіндіру

Мақсаты:

Пәндерді басқа тілде оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және жаһандану заманында оқушыларды ағылшын тілін игеру арқылы бәсекеге қабілетті жек тұлға етіп шығару.



Күтілетін нәтижелер

  • Пән бойынша терминдерді 3 тілде біледі, сабақ барысында ағылшын тілінде берілген тапсырмаларды орындай алады.

  • CLIL критерийлеріне сәйкес мәтіннің жеңіл оқылуын тексере алады

Педагогикалық тәжірибенің мақсаты: ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын арттыру, олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білім алып, дамуға бейімдеу.

Мұғалімдердің CLIL-ды қалай түсінетінін, сондай-ақ CLIL тәсілін өз тәжірибелерінде қалай жүзеге асырып жатқанын, оны қолдану барысында кездестіретін қиындықтары мен сол қиындықтарды қалай шешетінін зерттеу

  • Мұғалімдер CLIL тәсілін қалай түсінеді?

  • CLIL тәсілін қолдануда мұғалімдердің тәжірибелері қандай?

  • Мұғалімдер CLIL-ға қатысты қандай қиындықтарға ұшырайды және оларды қалай шешеді

CLIL тиісті әдіс ретінде:

1) Сөздік қорды ұлғайтады

2) Жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады

3) Оқушылардың дербестігін нығайтады CLIL-ды орта мектептерде қолдану мүмкіндігі:

90 жылдары Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген. Айта кетсек, Венгрияда әр түрлі пәндерді шетел тілінде үйрететін билингвиалық мектептер бар. Ал Болгарияда CLIL әдісін 50 жылға жуық оқу жүйесінде тиімді қолданып келеді. Билингвиалық мектептерде осы әдіс арқылы математика, география, биология, тарих, философия, химия  сияқты пәндерді ағылшын, неміс, француз тілінде оқытады. Сонымен қатар бұл әдісті тек қана мектептерде емес, сондай-ақ жоғары оқу орындарында да кеңінен жүргізіледі. Себебі, белгілі бір кәсіби мамандар мен қатар жан-жақты шетел тілдерді меңгерген мамандарды дайындап шығаруға пәнді кіріктіріп оқыту әдісі көп мүмкіндік береді. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында оқушыларды және студенттерді бәсекеге қабілеттерінің бір белгісі болып табылатын тілдерді және басқа тілдерде пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін әзерленген.

Нақты пәндерді шетел тілінде қалай оқыту әдістемелік мәселелері бойынша шетелдік зерттеушілер CLIL әдісін ұсынып, қазіргі уақытта пән мұғалімдері талқылап, сабақтарында үйлестіріп жатыр. Алайда, аталмыш әдіс жаңа деп атауға келмес, себебі, пәндік байланыс, бір сабақтың көлемінде әралуан пәндік мазмұндағы білім, өмірмен байланыс шетел тілі сабақтарында қолданады. Алайда, бұл әдіс шетелдік ғалымдар толығымен жан-жақты тәсілдерін, қағидаларын, бағалау өлшемдері мен білік топтамаларын әзірледі. Сондықтан болар, CLIL тиімділігі пәндерді шетел тілінде қалай оқытудың жүйесін ұсынады.

Қорынтындылай келе, CLIL яғни пән мен тілді кірісктіріп оқыту әдісі - Қазақстандағы үштілділік: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға сәтті кіруге қажетті тіл (Назарбаев, 2007, 38-бет)

Мәтінмен жұмыс бойынша кеңестер


  • Сабақ жоспарын жазу кезінде қандай сөздердің мағынасын түсіндіру керектігін алдын ала анықтаңыз.

  • Қандай сөздерді алдын ала түсіндірмеу мәтіннің мағынасын түсінуге кедергі келтіреді?

  • Оқушыларға мәтін бойынша немесе сөзжасам формасы (жалғаулар мен жұрнақтар) бойынша сөздердің мағынасын анықтауға көмектесіңіз.

Сөздермен жұмыс жасау

  • Оқушыларға күрделі ұғымдар мен сөздердің мағынасын түсіндіру үшін бейнематериалдарды, диаграммаларды т.б. қолданыңыз

  • Сөздердің мағынасын тақырыптартарға жіктеу арқылы түсіндіріңіз. Мысалы, менталды карталарды қолдану арқылы оқушыларға түрлі сөздер арасындағы байланысты көрсетіңіз

  • Сөздердің синонимдерін беріңіз

  • Абстрактілі ұғымдарды түсіндіру үшін ым-ишараны қолданыңыз әрі нақты мысалдар беріңіз

Тілдік кедергілер дегеніміз не?

Пәнді ағылшын тілінде оқыту кезінде, лексиканың 4 түрін пайдалануға болады:



  • Тыңдалым Айтылым Оқылым Жазылым

СLIL әдістемесі бойынша сабақты жоспарлау

  • CLIL әдістемесі бойынша сабақ жоспарлау барысында ескерілуі тиіс факторлар

  • Пәндік және тілдік мақсаттарды анықтау

  • SMART критерийлері

  • Дұрыс және қате оқу мақсаттарының мысалдары

  • СLIL әдістемесі бойынша сабақты немесе сабақтың белгілі бөлігін жоспарлау

Күтілетін нәтижелер

Сессияның соңына қарай қатысушылар:



  • Сабақтың пәндік және тілдік мақсаттарын анықтай алады

  • Мақсаттарды анықтауда SMART критерийлерін қолдана алады

  • СLIL әдістемесі бойынша тұтастай сабақ немесе сабақтың бір бөлігінің жоспарын жаза алады

CLIL әдістемесі бойынша сабақ жоспарлау барысында ескерілуі тиіс факторлар

  • Алдыңғы білімдерді жандандыру (оқушылар тақырыпты қазақ тілінде білуі мүмкін)

  • Материалды түсіндіру жолдары

  • Оқушылардың білімдерін көрсету жолдары (ауызша, жазбаша немесе практикалық жұмыс )

  • Күту уақыты (ойлануға уақыт беріңіз)

  • Коллаборативті тапсырмалар (жұпта және топта)

  • Когнитивті жүктеме (ауызекі тіл мен академиялық тіл айырмашылығы)

  • Ойлау дағдыларын дамыту (төменгі және жоғарғы қатарлы сұрақтар)



жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау