Аккредиттеудің ТӘуелсіз


АККРЕДИТТЕУДІҢ  ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата15.01.2020
өлшемі0,66 Mb.
#26812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АККРЕДИТТЕУДІҢ  ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ

 

25 



 

Әр  түрлі  нақты  жағдайларда  кӛрсету  қиын  немесе  ӛте  шектелген 

технологиялық  үдерістерді  визуалдауда  техникалық  мүмкіндіктерді  кеңейту 

үшін,  заманауи  компьютерленген  мультимедиялық  зертханалық  стендтер 

пайдаланылады. 

Оқытушылар  мен  қызметкерлердің  толыққанды  шығармашылық 

жұмысына  қажетті  жағдайлар  жасалған:  ыңғайлы  қызметтік  бӛлмелер, 

кітапхана  ресурстары,  Интернет,  компьютерлік  техника  және  т.  б.  Колледж 

оқытушылары мен қызметкерлері қауіпсіздік техникасы және ӛрт қауіпсіздігі 

ережелерімен  таныстырылған.  Бұл  объектілердің  жауапкершілігі  мен 

шаруашылығын бақылау әкімшілік-шаруашылық бӛлімге жүктелген. 

Практикалық  оқытуды ұйымдастыру  үшін  колледж  тек  зертханалармен 

ғана емес, сонымен қатар оқу-ӛндірістік шеберханалармен жабдықталған. 

Мамандық  бойынша  дағдыларды  игеруде,  практикалық  сабақтар  мен 

оқу практикасын ӛткізуде пайдаланылатын стендтер бар. 

Қаржы  қаражатын  бӛлу  бекітілген  ағымдағы  жылға  арналған  даму 

жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Колледж  миссия  мен  стратегияны  қолдау  және  іске  асыру  үшін  қаржы 

ресурстарын пайдаланады. Жоспардың маңызды құрамдас бӛлігі колледждің 

миссиясы  мен  стратегиясын  қажетті  қаржылық  және  материалдық 

ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады. 

Қаржыландыру  кӛздері  жергілікті  және  республикалық  бюджеттер 

болып  табылады,  бюджеттен  тыс  қаржыландыру  –  мемлекеттік  білім  беру 

қызметін ақылы негізде іске асырудан түскен қаражатты қаржыландыру. 

Колледждің  ақылы  білім  беру  қызметтерінен  түскен  табысы  2014 

жылдан бастап 2018 жылға дейін 277 950,00 теңгеге ӛсті. 

Жергілікті 

бюджеттен 

қаржыландыру 

мынадай 


бюджеттік 

бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады: 024- «Техникалық және кәсіптік 

білім  беру  ұйымдарында  мамандар  даярлау»,  038-  «Нәтижелі  жұмыспен 

қамтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту  шеңберінде  кадрлардың 

біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау».  

Колледждің бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі есеп саясатына 

сәйкес жүзеге асырылады. Есеп саясаты ҚЕХС талаптарына сәйкес. 

Колледжді  ақпараттық  қамтамасыз  ету  міндетін  атқаратын  маңызды 

бӛлімшелердің  бірі  -  кітапхана  болып  табылады.  Кітапхананың  жалпы 

аумағы  219,75  м2  құрайды.  Кітап  қоймасы  кітап  қорын  және  басқа  да 

ақпараттық  материалдарды  орналастыруға  арналған  стеллаждармен 

жабдықталған. Оқу залдарындағы орын саны – 44. 

Оқу  залы  Интернет,  Wi-Fi  желісіне  қосылған  жергілікті  желімен 

қосылған тӛрт дербес компьютермен жабдықталған. 

Колледж студенттері мен қызметкерлері бұл желіні шектеусіз және тегін 



АККРЕДИТТЕУДІҢ  ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ

 

26 



 

пайдалана алады. 

Кітапхананың жалпы кітап қоры-33006 дана. 

Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының кӛлемі – 4898 дана, оның 

ішінде мемлекеттік тілде – 1702 дана, орыс тілінде – 4700 дана. 

Кітапхана  ресурстары  колледждің  оқу-тәрбие  үрдісін  қамтамасыз  етуге 

бағытталған.  Оқырмандардың  негізгі  контингентін  студенттер  мен 

оқытушылар құрамы құрайды. 

Кітапханашылар  үнемі  колледж  оқытушыларымен  тығыз  байланыста 

жұмыс  істейді,  олар  оқу  құралдарының  бағдарлама  талаптарына  сәйкестігі, 

қандай  да  бір  құралдарды  сатып  алудың  ӛзектілігі  мәселелері  бойынша 

кітапханашыларға  кеңес  береді,  оқу  бағдарламасына,  логикалық  баяндалуға 

және 

тақырыптық 



ұстамдылығына, 

кітаптардағы 

графикалық 

материалдардың  жеткілікті  санына,  практикалық  тапсырмалардың  болуына 

арналған  құралдарды  таңдауды  негіздеп,  прайс-парақтармен  және 

баспалардың тақырыптық каталогымен жұмыс істейді. 

Талдау нәтижелері бойынша кітапхана меңгерушісі жыл сайын бӛлінген 

қаржыландыруды ескере отырып, оқу әдебиетін сатып алуға жиынтық ӛтінім 

жасап отырады. 

Қазіргі  уақытта  колледжде  ақпараттық  технологиялар  оқу-тәрбие, 

ғылыми-зерттеу  және  басқару  үдерісін  ұйымдастыру  үшін  кеңінен 

қолданылады. Колледждің басқару үдерісінің негізгі сипаттамалары оқытуды 

саралау  және  дараландыру  мүмкіндігі,  сондай-ақ  білім  алушылардың 

шығармашылық танымдық белсенділігін дамыту мүмкіндігі болып табылады. 

Білім  беруге  ақпараттық  технологияларды  енгізу  оқу  үдерісінің  жалпы 

деңгейін арттырады, білім алушылардың оқу мотивациясын және танымдық 

белсенділігін  күшейтеді,  дидактикалық  жаңалықтарды  шығармашылық 

іздену жағдайында оқытушыларды үнемі қолдайды. 

Бүгінгі күні колледжде түрлі заманауи бағдарламалық ӛнімдер табысты 

пайдаланылады.  Мәтіндік  құжаттарды  ӛңдеу  және  дайындау  үшін  және 

әртүрлі  есептер,  баяндамалар,  ғылыми-практикалық  конференцияларда  сӛз 

сӛйлеулер дайындау кезінде мәтіндік редакторлар кеңінен қолданылады. MS 

Excel электронды кестелері оқу жоспарларын, колледждің сандық есептерін, 

графиктерді, диаграммаларды дайындауға мүмкіндік береді. 

Компьютерлік сыныптар толық жүктемемен жұмыс істейді. 

Колледждің  компьютерлік  сыныбында  электронды  ресурстарды 

сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдану мүмкіндігі бар: 

-  жаңа  материалды  баяндағанда  –  PowerPoint  бағдарламасы  арқылы  білімді 

визуализациялау; 

-  оқыту  бағдарламаларын  пайдалана  отырып  виртуалды  зертханалық 




АККРЕДИТТЕУДІҢ  ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ

 

27 



 

жұмыстарды жүргізу; 

-  әр  түрлі  оқу  бағдарламалары  мен  зертханалық  жұмыстардың  кӛмегімен 

берілген материалды бекіту; 

- бақылау бағдарламаларының кӛмегімен студенттердің білімін тексеру және 

бақылау жүйесі. 

Колледждегі  жергілікті  компьютерлік  желі  оқу  үрдісінде,  сондай-ақ 

ғылыми 


зерттеулерді 

ұйымдастыруда, 

сабақтан 

тыс 


жұмыстарда 

мүмкіндіктерді  кеңейте  отырып,  әртүрлі  нүктелерден,  соның  ішінде 

компьютерлік  сыныптардан  Internet  желісіне  шығуға  мүмкіндік  береді.  Бұл 

қажетті  ақпаратты  іздеуді  жеңілдетеді,  құжаттарды  қарауға,  электрондық 

оқулықтарды  және  т.б.  табуға  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ  электрондық 

пошта  арқылы  қарым-қатынасты  қамтамасыз  етеді.  Мультимедиялық 

проекторларды,  ноутбуктерді,  веб-камераларды,  әмбебап  подиумдарды 

пайдалану  колледжде  түрлі  іс-шаралар  мен  ғылыми  конференцияларды 

ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Оқу  үдерісін  ұйымдастыру  үшін 

ақпараттық  технологияларды  қолдану  оқу  ақпаратын  ұсыну  мүмкіндігін 

едәуір  кеңейтеді,  білім  алушылардың  оқуға  уәждемесін  арттыруға,  білім 

алушыларды  оқу  үдерісіне  тартуға  мүмкіндік  береді,  оқу  міндеттерін  қою 

және оларды шешу үдерісін басқару мүмкіндігін арттырады, сондай-ақ білім 

алушылардың  қызметін  бақылауды  сапалы  ӛзгертуге  мүмкіндік  береді. 

Электрондық ақпараттық ресурсты пайдаланудың артықшылықтарының бірі 

білім  алушылардың  оқытылатын  пәнге  деген  қызығушылығының 

жоғарылауы  болып  табылады,  себебі  ол  жоғары  кӛрнекілікке  ие,  онда 

анимациялар, бейнесюжеттер, дыбыстық сүйемелдеу, қосымша материалдар 

және т.б.  

 

6.2-кесте. Колледждің ақпараттық қамтамасыз етілуі туралы мәлімет 



№ 

Кӛрсеткіштің атауы 

Кӛрсеткіш 

1   Internet желісіне қосылудың болуы (иә / жоқ) 

Иә 

2   Internet желісіне қосылу жылдамдығы (2-ден 12 Мб/сек)) 



40Мб/сек 

3   Бірыңғай есептеу желісінің болуы (иә / жоқ) 

Иә 

4   Intranet-серверлер саны (дана) 



Жоқ  

5   Жергілікті желілер саны (дана) 

6   Есептеу техникасы бірліктерінің жалпы саны (дана) 



157 

7   Оқу үдерісінде қолданылатын есептеуіш техника 

бірліктерінің саны (дана) 

83 


8   Компьютерлік сыныптар саны 

9   Мультимедиа 



проекторлармен 

жабдықталған 

компьютерлік сыныптар саны (бірл.) 

13 


10   Электрондық кітапхананың болуы (иә / жоқ) 

Жоқ  



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау