Академиялық саясат



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет19/19
Дата20.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#14295
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

17.8 

Білім  алушыларды  курстан-курсқа  ауыстыру  оқу  жылының 

қорытындылары  бойынша  (аралық  аттестаттау)  жазғы  семестр  нәтижелерін 

және алынған орташа үлгерім балдарын (GPA - Grade Point Average) ескере 

отырып  жүзеге  асырылады.  Білім  алушының  ЖОО-да  белгіленген  ауысу 

балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (GPA - Grade Point Average) 

қол  жеткізуі  білім  алушыны  курстан  курсқа  ауыстырудың  міндетті  шарты 

болып  табылады.  Келесі  курсқа  ауыстырылған  білім  алушылардың 

академиялық  қарызы  бар  болған  жағдайда,  қайтадан  тиісті  пәндерді  ақылы 

негізде  меңгеруі  қажет.  Жеке  оқу  жоспарының  талаптарын  орындамаған 

және  белгіленген  GPA  өту  балын  жинай  алмаған  білім  алушылар  қайтадан 

оқу  курсына  қалады.  Білім  алушыларды  курстан  курсқа  ауыстыруы 

ректордың бұйрығымен ресімделеді.  

17.7 


Белгіленген  ауысу  балына  қол  жеткізген  және  келесі  курсқа 

ауыстырылған білім беру гранты немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы 

(бұдан  әрі –  мемлекеттік  тапсырыс) бойынша білім  алушылар  академиялық 

қарызы  бар  болған  жағдайда  білім  беру  грантын  немесе  мемлекеттік 

тапсырыс орнын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды. 

  

Білім  беру  гранты  бойынша  білім  алушы  бір  жоғары  оқу  орнынан 



екіншісіне бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін.  

17.8 


Білім  алушыларды  ақылы  негізде  ауыстыру  кезінде  олармен  және 

«Тұран» университеті арасында шарт жасалады.  

17.9 

Университет  ішінде  бір  мамандыққа  және  басқа  оқу  нысанына 



ауыстыру ақылы негізде жүргізіліп, шартқа тиісті өзгертулер жасалады және 

жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен ресімделеді.  

17.10 

Білім  беру  грантымен  білім  алатын  студент  басқа  жоғары  оқу 



орнына білім беру грантының сақталуымен ауысуы мүмкін.  

Білім  беру  грантымен  «Тұран»  университетіне  бекітіліп,  мақсатты 

орынға  түскен  студенттер  Студенты,  поступившие  на  целевые  места  по 

образовательному  гранту,  убасқа  жоғары  оқу  орнына  тек  ақылы  негізде 

ауысуы мүмкін.  

Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша 

оқуға  ауыстыру  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  23 

қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 

білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған білім 

беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.  

17.11 

Магистранттар,  докторанттар  «Тұран»  университетіне  тек  ақылы 



негізде ауысады.  

17.12 


Білім алушыларды шетелдік ЖОО-дан ауыстыру тек ақылы негізде 

ғана жүзеге асырылады.  

17.13 

Университеттегі  білім  алушылар  қатарына  қайта  қабылдау 



демалыс  уақытында  барлық  оқу  нысанына  ректордың  бұйрығымен  жүзеге 

асырылады.  

Қайта  қабылдау  процедурасы  ҚР  БжҒМ  барлық  нормативтік 

құжаттарына және ҚР «Білім туралы» заңына толық сәйкес жүргізіледі.  

41 

 



Білім  алушылар  қатарына  қайта  қабылдау  мен  оқу  жоспарларындағы 

пәндер айырмашылығын жою тек ақылы негізде жүргізіледі.  



18.  

Білім алушының оқудан шығуы   

18.1 


«Тұран»  университетінің  білім  алушылары  төмендегі  жағдайларда 

оқудан шығуы мүмкін: 

− 

өз еркімен; 



− 

денсаулығына  байланысты,  оның  өзінде  ДКК  қорытындысымен 

берілген анықтама негізінде; 

− 

басқа білім беретін мекемеге ауысқан жағдайда; 



− 

оқу  тәртібі  бұзылғанда,  атап  айтсақ,  университетпен  байланысты 

жоғалтқанда,  ешбір  дәлелсіз  себептермен  үнемі  сабақтан  қалғанда  (қалған 

сағаттары 30-дан асса), академиялық демалыстан немесе шетел іс сапарынан 

(екі  аптадай)  оралмағанда,  дәлелсіз  емтихан  сессиясына  келмей  қалғанда, 

емтихан тапсыру ережесін, ішкі тәртіп ережесін, университеттің жрғысы мен 

студенттің Кодексін бұзғанда; 

− 

оқу ақысын төлемегенде. 



18.2 

Оқудан  шығарылған  мемлекеттік  грант  иелері  мемлекеттік 

гранттан  айырылады.  Мемлекеттік  білім  беру  гранты  негізінде  білім 

алушылар  оқудан  шыққанда  университет  белгіленген  тәртіп  бойынша 

мемлекеттік грантты иеленуші куәлігін білім саласындағы уәкілетті органға 

табыстайды.  

18.3 

Сабақтан  қалудың дәледі себептеріне  медициналық көрсетілімдер, 



яғни  факультет  деканатына  немесе  магистратура  және  докторантура 

департаментіне  ауырғаннан  кейін  3  күн  ішінде  ұсынылған  студенттік 

емхананың  растаған  анықтамасы,  университет  әкімшілігімен  келісілген 

халықаралық  немесе  республика  деңгейіндегі  спорттық  немесе  басқа  да  іс-

шараларға  қатысу,  сонымен  қатар  құжатпен  расталатын  күтпеген  төтенше 

жағдайлар жатады.  



19. 

Академиялық демалыстың берілуі 

19.1 


«Тұран»  университеті  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2014 

жылғы  4  желтоқсандағы  №506  бұйрығымен  бекітілген  білім  беру 

мекемелеріндегі  білім  алушыларға  академиялық  демалыстың  берілу 

Ережесіне сәйкес, білім алушыларға академиялық демалыс береді.  

Академиялық демалыстың берілу себептері:  

1) 


амбулаторлық-емханалық  мекемелерде  6  айдан  12  айға  дейін 

созылған ауруына берілген дәрігерлік - консультациялық комиссияның (ары 

қарай ДКК) қорытындысы берілгенде; 

2) 


туберкулезге  қарсы  мекемелерде  36  айдан  көп  уақытқа  созылған 

жағдайда 

туберкулез 

ауруына 


орталықтандырылған 

дәрігерлік-

консультациялық комиссияның (ары қарай ОДКК) шешімі шыққанда;  

3) 


әскери қызметке шақыру алғанда;  

42 


 


4) 

бала  туылғанда,  бала  немесе  қызды  асырап  алғанда  үш  жасқа 

жеткенше;  

19.2 


Академиялық  демалыс  беру  кезінде  мемлекеттік  білім  беру 

тапсырысы  негізінде  білім  алушы  тұлғаның,  мемлекеттік  білім  беру 

тапсырысы негізінде оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру 

(дәрігерлік-консультациялық 

комиссияның 

негізінде 

академиялық 

демалыстағы  білім  беру  гранттарының  иегерлеріне  белгіленген  тәртіппен 

стипендиялар  төлеу  үшін  қарастырылатын  шығыстарды  қаржыландырудан 

басқа)  берілген  академиялық  демалыс  кезеңі  бойында  тоқтатылып,  осы 

демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.   

Ақылы  түрде  білім  алатын  білім  алушыға  академиялық  демалыс 

берілген жағдайда академиялық демалыс кезеңінде оқу ақысы тоқтатылады.   

19.3 


Білім  алушы  академиялық  демалыстан  оралғанда  демалысты 

рәсімдеген курсынан (және академиялық кезеңінен) оқуды жалғастырады. 

Егер  академиялық  демалыстан  шығу  немесе  академиялық  демалысқа 

кету  уақыты  академиялық  кезеңнің  басталуына  немесе  аяқталуына  сәйкес 

келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша рейтингке рұқсат алу үшін барлық 

оқу  тапсырмаларын  орындап,  қажетті  балдарды  жинауы  тиіс  немесе  пайда 

болған  айырмашылықтар  бойынша  пәндерге  жазғы  семестрде  жазылуы 

қажет.  


19.4 

Факультет  деканы  ұсынылған  құжаттардың  негізінде  оқу  жұмыс 

жоспарындағы  пәндердің  айырмашылығын,  оқу  курсын  анықтайды  және 

офис  регистратордың  (білім  алушылардың  барлық  оқу  жетістіктерінің 

тарихын  тіркеп  және  білімнің  барлық  бақылау  түрін  және  академиялық 

рейтингті есептеуді қамтамасыз ететін академиялық қызметкер) келісімімен 

білім алушылардың жеке оқу жоспарын бекітеді.  

Оқу  жоспарындағы  пәндердің  айырмашылығын  жою  үшін  білім 

алушылардың  оқу  жоспарларындағы  пән  айырмашылығы  білім 

алушылардың  аралық  аттестаттауы  кезеңінде  немесе  жазғы  семестрде 

белгіленген  тәртіппен  тапсырылады.  Туберкулезбен  ауырып,  академиялық 

демалыстан  оралған  білім  алушылар  семестр  ішінде  оқу  жоспарларындағы 

айырмашылықтарды  меңгереді  және  төлеу  нысанынан  еркін  түрде  тегін 

тапсырады.  



20.  

Мемлекеттік шәкіртақыны төлеу тәртібі  

20.1. 


Мемлекеттік  шәкіртақы  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы 

бойынша  білім  алатын  студенттерге,  магистранттарға,  PhD  докторанттарға, 

сонымен  қатар  емтихан  сессиясының  нәтижесі  немесе  білім  алушының 

аралық аттестациядағы «өте жақсы», «жақсы» деген балама бағасына сәйкес 

мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  оқуына  ауысқан  білім  алушыларға 

тағайындалады.  

20.2 

Мемлекеттік  шәкіртақы  «Тұран»  университетіндегі  білім 



алушыларға  БжҒМ  және  ҚР  «Білім  туралы»  заңына,  ҚР  нормативті 

құжаттарына сәйкес толық жүргізіледі.  

43 

 



20.3. 

«Тұран» университеті университеттегі білім алушыларға жергілікті 

басқару  органдарының,  бизнес-қоғамдастық  өкілдерінің,  әртүрлі  қоғамдық 

және  қайырымдылық  мекемелерінің  талантты  жастарды  қолдау  мақсатында 

тағайындайтын шәкіртақыларын қолдайды.  

21.  

Оқу ақысы 

«Тұран»  университетіндегі  оқу  ақысы  толық  білім  беру,  ғылым  мен 

тәрбие  процестерін    қамтамасыз  етуге  кеткен  нақты  шығыстардан 

қалыптасады. Оқу ақысы «Тұран» университеті мекемесіндегі студенттердің, 

магистранттардың,  PhD  докторанттардың  оқу  ақысы  ережесіне  сәйкес,  ал 

«Тұран»  университетіндегі  жеңілдіктер  жүйесінің  қолданылуы  мен  ректор 

грантын  тағайындау  ережесі  оқу  қызметін  көрсету  келісімшартымен  және 

университеттің  қаржы-экономикалық  басқаруының  құзыреттілігімен 

реттеледі. 

22.  

Академиялық адалдық 

22.1 


«Тұран»  университетінің  басты  құндылықтарының  бірі  – 

академиялық адалдық. «Тұран» университеті барлық студенттерден оқу және 

ғылым қызметіне деген талпынысты, алаяқтық пен жалған сөйлеуден аулақ 

болуды  күтеді.  Университеттің  әкімшілік  қызметкерлері  мен  барлық 

оқытушылары академиялық адалдықтың қатаң стандарттарын ұстанады. Бұл 

стандарттардан  ауытқыған  кез  келген  жағдайлар  академиялық  опасыздық 

актісі  тұрғысында  түсіндіріледі  және  академиялық  адалдық  Кодексі  мен 

студенттің ары Кодексіне сәйкес қарастырылады.  

Академиялық  адалдық  ашықтық,  айқындық,  әділдік  және  этикалық 

қағида принципіне негізделген білім беру ортасын нығайтуға шақырады.  

«Тұран»  университетінде  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  қарым-

қатынасын  реттеп  отыратын  әдеп  жөніндегі  Тәртіп  кеңесі  жұмыс  жасайды. 

Оқытушылар  мен  білім  алушылардың  тарапынан  бұзушылық  байқалғанда 

немесе  академиялық  адалдыққа  қатысты  сұрақтар  туындаса,  аталған  орган 

сұрақтардың шешімін табу мақсатында модератор болады.  

Сонымен  қатар  университет  студенттерін  өз  мансап  жолында 

құндылықтарын  дағдыландырғанына,  тәртіп  стандарттарына  және 

ынталандыруға жауапкершілігін мойындайды.  

22.2 

«Тұран»  университеті  студенттерінен  академиялық  адалдықтың 



стандарттарын  ұстануды  күтеді.  Университет  талаптар  орындалмаған 

жағдайда  Саясатпен  анықталғандай,  оқудан  шығару  тәртіптік  жазасын 

қолдануға құқығы бар.   

Білім алушыларға төмендегілерді жасауға рұқсат етілмейді: 

− 

алаяқтық; 



− 

емтихан  тапсыру  кезінде  тыйым  салынған  материалдарды  қолдануға 

және емтиханға рұқсат етілмеген заттарға қол жеткізуге немесе алуға; 

44 


 


− 

жалған  немесе  қандай-да  бір  жағдайлармен  өзгертілген  тіркелу 

деректерін (логинді, құпиясөзді) жіберуге; 

− 

плагиатқа  (дереккөзді  көрсетпей,  ғаламтордан  материалдарды 



көшіруге, басқа біреудің жұмысын толық немесе бөлігін өзімдікі деп ұрлап 

ұсынуға ); 

− 

опасыз  жандардың  көмектесу  актісі  (соның  ішінде  тікелей,  сайттар 



арқылы құжатпен алмасу немесе басқа да дереккөздер арқылы тест орындау, 

курс  тапсырмалары,  басқа  студенттерге  арналған  курстық  және  дипломдық 

жұмыстар). 

22.3 


Университетте  кез  келген  кемсітушіліктің  түріне,  соның  ішінде 

әлеуметтік, гендерлік, нәсілдік, этникалық, діни кемсітушілікке жол жоқ!   



23.  

Білім алушыларды әлеуметтік қолдау 

Білім  алушыларды  ынталандыру  және  әлеуметтік  қолдау  төменде 

көрсетілген:  

− 

университет қабырғасындағы медициналық-сауықтыру орталығынан 



тегін медициналық қызмет; 

− 

тегін психологиялық көмек; 



− 

университеттегі студенттік заң клиникасынан құқықтық сұрақтарына 

тегін көмек; 

− 

академиялық кеңесшілерден тегін көмек (эдвайзерлер); 



− 

академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған жағдайда 

визалық қолдау; 

− 

ғаламторға тегін кіру мүмкіндігі; 



− 

университеттің кітапхана қорын және оқу залын тегін пайдалану; 

− 

дипломдық/ магистрлік жобалар немесе басқа да кафедра мақұлдаған 



ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін  зертханаларды  тегін 

қолдану; 

− 

университеттегі үйірмелер мен клубтарға тегін қатысу;  



− 

спорт залдарды қолдану және спорттық үйірмелерге тегін қатысу;  

− 

білім заңына сәйкес стипендияның тағайындалуы; 



− 

Студенттер үйіне орналасу; 

− 

«Тау-Тұран» ЖСК –не жеңілдіктердің берілуі; 



− 

ректор грантын алу; 

− 

интеллектуалды  және  шығармашылық  байқауларға  қатысқанда 



студенттік қолдау көрсету; 

− 

«Ректор  грантын  тағайындау  ережесі  мен  университеттің  жеңілдік 



беру жүйесін қолдануға» сәйкес, оқу ақысына жеңілдік алу;   

− 

«Жылдың  үздік  студенті»  байқауының  жеңімпазына  ректордың 



атаулы стипендиясының берілуі.  

24.  

Білім алушылардың жоғары оқу орнын басқаруға қатысуы  

− 

Университеттің алқалы басқару органындағы студенттердің өкілдігі 



45 

 



− 

Университеттің студенттік кеңесі  

− 

Жас ғалымдардың кеңесі 



− 

Студенттерден «Пікірлер мен ұсыныстар жәшігінің» жұмыс істеуі  

− 

Білім  беру  мен  әлеуметтік  қызмет  жағдайына  қанағаттанушылық 



ретінде ұсынылатын жыл сайынғы мониторингі  

− 

Студенттердің  білім  беру  бағдарламасының  жоспарын  құруға 



қатысуы 

− 

Студенттердің университеттегі тәрбие ісі жөніндегі және әлеуметтік 



жұмыстарды жоспарлауға қатысуы. 

46 


 

Document Outline

  • «ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
  • Алғы сөз
  • 2. Белгілер мен қысқартулар
  • 3. Жалпы ережелер
  • 4. Инновациялық-кәсіпкерлік типтес университет
  • 5. Білім берудің траекториясын таңдау. Білім алушыларды тіркеу тәртібі
  • 6. Білім алушының өзіндік жұмысы
  • 7. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу/экспериментті-зерттеу жұмысы
  • 8.  Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау
  • 9. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау
  • 11. "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан өткізудің тәртібі.
  • 13.  Магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау
  • 14.  Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу
  • 15.  ECTS кредитте қайта есептеудің қазақстандық жүйесі
  • 16.  Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы
  • 17.  Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау.
  • 18.  Білім алушының оқудан шығуы
  • 19. Академиялық демалыстың берілуі
  • 20.  Мемлекеттік шәкіртақыны төлеу тәртібі
  • 21.  Оқу ақысы
  • 22.  Академиялық адалдық
  • 23.  Білім алушыларды әлеуметтік қолдау
  • 24.  Білім алушылардың жоғары оқу орнын басқаруға қатысуы

жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау