Академиялық саясат



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата20.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#14295
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

12.6 

МАК  жұмысының  кестесін  офис  регистратор  құрады,  жұмыс 

кестесін университет ректоры бекітеді және МАК жұмысы басталуына дейін 

екі аптадан кешіктірілмей көпшіліктің назарына жеткізіледі. 

12.7 

Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшісі  ЖОО-ның 



ғылыми  кеңесінің  шешімі  негізінде  университет  ректорының  бұйрығымен 

тақырыптың  атауы  оқу  мерзімінің  басында  көрсетіле  отырып,  әр  білім 

алушыға  дербес  бекітіледі.  Дипломдық  жұмыстардың  (жобалардың) 

рецензенттері оқу мерзімінің басында, университет ректорының бұйрығымен 

жұмыс  орны,  лауазымы  және  білімі  (мамандығы  бойынша  ғылыми  немесе 

академиялық  дәрежесі,  жоғары  білім  туралы  дипломы  бойынша  базалық 

білімі)  көрсетіліп,  тиісті  құрылымдық  бөлімше  басшысының  ұсынысы 

бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.  

12.8 

Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын 



жұмыс  бейініне  сәйкес  келетін  ұйымдардың  мамандары  тарапынан  жүзеге 

асырылады.  

12.9 

Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  ЖОО  пәндердің  оқу 



бағдарламалары  негізінде  әзірлеген  бағдарлама  бойынша  жүргізіледі. 

Мамандық бойынша  мемлекеттік  емтихан  бағдарламасы ЖОО-ның  ғылыми 

кеңесінің шешімімен бекітіледі.  

12.10 


МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан 

аспайды. 

12.11 

Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  дипломдық  жұмысты 



(жобаны) жазу мен қорғау рәсімдерін қамтиды. Бұл ретте дипломдық жұмыс 

(жоба) бітірушінің талдау  және  зерттеу  қабілеттерін  анықтау  мен  бағалауға 

бағытталған.  Дипломдық  жұмыстар  (жобалар)  ЖОО-лар  дербес 

ұйымдастыратын  плагиаттық  мәніне  қатысты  тексеруден  өтуі  тиіс. 

Дипломдық жұмысты қорғау МАК-тің ашық отырысында өткізіледі.  

12.12 


Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс 

бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда білім алушы 

диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғауға  шыға  алады.  Егер  ғылыми  жетекші 

"қорғауға жіберілмейді" деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім 

алушы  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғауға  жіберілмейді.  Білім  алушы 

рецензенттің  оң  қорытындысы  сияқты,  жағымсыз  қорытындысы  болған 

жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.  

12.13 


Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың 

нәтижелері бойынша білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық 

дайындықтарын,  сондай-ақ  ғылыми  жетекшісі  мен  рецензенттің  пікірлерін 

назарға  ала  отырып,  білім  алушылардың  білімін  бағалаудың  балдық-

рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады.  

12.14 


Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) 

қорғаудың  нәтижелері  олар өткізілген күні  МАК отырысының  хаттамасына 

қол қойылған соң жарияланады.  

12.15 


МАК-тың  барлық  отырыстары  хаттамамен  ресімделеді.  МАК 

отырысының  хаттамалары  әр  бітірушіге  жеке  толтырылады.  Мемлекеттік 

29 

 



емтихан  тест  түрінде  өткізілген  жағдайда  хаттама  толтыруға  емтихан 

ведомосы  негіз  болады.  Хаттаманы  комиссия  құрамына  бекітілген  және 

дауыс беру құқығы жоқ МАК хатшысы толтырады.  

12.16 


Мемлекеттік  емтихан,  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғау 

бағалары туралы сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік 

беру  және  мемлекеттік  үлгідегі  (үздік  емес,  үздік)  диплом  беру  туралы 

шешім МАК отырысына қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен жабық 

отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған 

жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.  

12.17 

Қазақстан  Республикасының  1998  жылғы  22  желтоқсандағы 



"Ұлттық  мұрағат  қоры  және  мұрағаттар  туралы"  заңына  сәйкес  МАК-тың 

хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.  

12.18 

Қорытынды аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген білім алушы 



МАК  төрағасының  атына  еркін  нысанда  өтініш  жазады,  дәлелді  себепті 

растайтын  құжатты  ұсынады  және  оның  рұқсатымен  МАК-тың  басқа 

отырысы  болған  күні  емтихан  тапсырады  немесе  дипломдық  жұмысты 

(жобаны) қорғайды.  

12.19 

Білім алушы қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, 



аттестаттау  өткізілгеннен  кейінгі  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  апелляция 

беруіне  болады.  Апелляция  өткізу  үшін  университет  басшысының 

бұйрығымен  біліктілігі  аталған  мамандықтың  бейініне  сәйкес  келетін 

тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.  

12.20 

Қанағаттанарлықсыз  баға  алғаннан  кейін  МАК-қа  ұсынылған 



денсаулық жағдайы туралы құжаттар қарастырылмайды.  

12.21 


Бағаны  жоғарылату  мақсатында  мемлекеттік  емтиханды  қайта 

тапсыруға  және  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қайта  қорғауға  рұқсат 

берілмейді. 

12.22 


"Қанағаттанарлықсыз"  деген  баға  алған  тұлғаларға  мемлекеттік 

емтихандарды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын) қайта 

қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді. 

12.23 


Диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғау  барысында  диплом  жұмысы 

"қанағаттанарлықсыз"  деп  есептелгенде,  МАК  сол  жұмысты  пысықтап 

қайтадан  қорғауға  ұсынуға  немесе  жұмысты  (жобаны)  жаңа  тақырыппен 

әзірлеуге  мүмкіндік  береді.  МАК-тың  бұл  шешімі  мәжіліс  хаттамасына 

жазылады.  

12.24 


Білім  беру  бағдарламаларының  талаптарын  орындамаған  білім 

алушыға  №  289  бұйрықпен  бекітілген  нысан  бойынша  білімі  аяқталмаған 

азаматтарға  берілетін  анықтама  беріле  отырып,  университет  басшысының 

бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады. 

12.25 

Білім алушыны қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды 



аттестаттаудан  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  нысандар  бойынша  ғана 

өткізіледі.  Осы  емтихандарды  тапсырмаған  тұлғалар  үшін  мемлекеттік 

емтихандар  қатарына  енетін  пәндер  тізбесі  білім  алушы  теориялық  курсты 

аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді. 

30 

 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау