Қазіргі кезде университетте 112 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда. Олардың ішінде 6 ғылым докторлары мен профессорлар, 45-ке жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет iстейдi. Білім беру үрдісіне практикалық тәжірибесі бар ең үздік ғалымдар мен мамандар, жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде Ресейдің ғалымдары шақырылған. Осының нәтижесінде кадрлық потенциал күшейтіліп, ғылыми дәрежесі бар оқытушылар үлесі 70 %-ға жетті.
Университеттің материалдық-техникалық базасы өте бай, атап айтқанда қазіргі үлгідегі оқу ғимараттары – 5 , студенттер жатаханасы – 1, бір спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 3 виртуальды зертхана, 3 мультимедиялық зертхана, 1 оқу-тәжірибе, сауықтыру полигоны, 11 компьютерлік зертханалық класстармен жабдықталған. Оқу процессінде 500 компьютер, олардың жартысынан көбі – жаңа үлгідегі компьютерлер, 50 Интернет желісіне қосылған компьютерлер қолданылады.
«Болашақ» университетінде 42 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлері бойынша 5000 мыңға жуық студенттер оқиды. олардың ішінде 10 студент – мемелекеттік грант бойынша оқиды. Педагогика факультетіндегі мамандықтар: Мектепке дейінгі оқыту, Педагогика және психология, Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, Музыкалық білім, Дизайн, Хореография, Математика, Информатика, Кәсіптік білім, Тарих, География, Қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі: екі шет тілі, Аударма ісі, Кітапхана ісі, Бастапқы әскери дайындық, Дефектология, Бейнелеу өнері және сызу,Дене шынықтыру және спорт, Биология, Орыс тілінде оқытпайтын мектептердігі орыс тілі мен әдебиеті, Журналистика, Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы.
Техника, экономика және құқық факультетіндегі мамандықтар: Құқықтану, Кеден ісі, Экология, Ақпараттық жүйелер, Мұнай-газ ісі, Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика, Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, Менеджмент, Құқық және экономика негіздері, Құрылыс, Есеп және аудит, Есептей техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Органикалық заттардың химиялық технологиясы, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Бағалау.
Магистратура бойынша: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, Педагогика және психология, тарих, Қазақ тілі мен әдебиеті, Экономика, Экология.
Студенттер саны – 6873, оның ішінде:
- педагогика факультеті бойынша күндізгі бөлімде - 1067 студент,(1465 студен күндізгі қашықтықтан), сырттай бөлімде - 1961 студент;
- техника, экономика және құқық факультеті бойынша күндізгі бөлімде - 468 студент,(1475 студент күндізгі қашықтықтан), сырттай бөлімде – 437 студент.
Қазіргі кезде «Болашақ» университеті студенттерінің 70%-ға жуығы техникалық және педагогикалық мамандықтар бойынша білім алуда.
Оқу үрдісі студент білім беру бағдарламасы пәндерінің практикалық бөлігін меңгеру барысында практикалық дайындықтың негізгі бөлігін өндіріс жағдайындағы нақты жұмыс арқылы іске асыратындай етіп ұйымдастырылған.
Оқу үрдісіне білім берудің заманауи технологиялары енгізілген: кредиттік жүйе, кейс-технология, дәріс берудің интерактивті және инновациялық әдістері. Студенттердің үлгерімдігі 90-ға жетті, үздік студенттер үлесі 11-ға дейін артты.
Қазақстандағы ЖОО-лардың бірі ретінде «Болашақ» университетінде шет тілінде білім беру енгізілді. Студенттер мен оқытушыларға шет тілдерін тереңдете оқу мүмкіндігін беретін Лингвистикалық кабинет ашылды.
«Болашақ» университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады.
«Болашақ» университеті бүгінгі таңдағы миссиясы – отандық ғылымның алдыңғы қатарында болып, біздің егеменді еліміздің экономикасына ең жақсы кадрлар даярлау.
1.2. «Болашақ» университетіндегі ғылым
Университет профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстары іргелі зерттеулерді, ғылымның қолданбалы салаларын және білім беру проблемаларын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Физиканың, математиканың, механиканың және информатиканың іргелі мәселелері» ғылыми зерттеулер бағдарламасы грантының шеңберінде ф.-м.ғ.к. Ш.Ш. Ибраев және аға оқытушы Г.А. Төретаевалар «Ли алгебраларының когомологиялары мен деформациялары» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ш.Ш. Ибраевтың «Классикалық Ли алгебраларының жіктелмейтін кеңеюлері» тақырыбындағы зерттеу жұмыстары Швеция Корольдық ғылым академиясының 2000-2003 жылдардағы гранты қаражатымен жүзеге асты.
Профессор В.В.Свечниковтың жетекшілігімен Украина Ұлттық Авиация университетінің Аэрокосмостық институтымен арадағы ықпалдастық туралы келісім-шарт негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижелерін талқылау мақсатында 2007 жылдың 25 қыркүйегінде интернет конференция өткізілді.
Экология және география кафедрасының доценті а.-ш.ғ.к. М. Сәдуақасов профессор А. Нұрғизариновпен бірлесе отырып Әлемдік банктің және Израильдің «МАШАВ» бағдарламаларының жобасы бойынша және Өзбекстан республикасындағы әріптестерімен бірлесіп «Барсакелмес» қорығының өсімдіктер мен жануарлар әлемін ревизиялауға байланысты «Арал өңірінің экологиялық кризисі жағдайындағы құланның популяциялау динамикасы» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Университетте Білім беру мен Тестілеудің Мемлекеттік стандарттарының Ұлттық орталығының №70 Қызылорда филиалы жұмыс істейді. Онда облыс мектептері оқушыларының біріңғай ұлттық тестілеуге дайындалуына әдістемелік кеңестер мен білімдерін бақылауға көмектер көрсетіледі.
«Болашақ» университеті тарих ғылымдарының кандидаты.,докторы А.Ә. Еңсепов Қызылорда облысы білім департаменті аттестациялау және лицензиялау комиссиясының мүшесі ретінде облысымызда орта арнайы білім беру жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосып келеді.
7. Университетте білім сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру жұмыстары, оқу-әдістемелік тәжірибе алмасу семинарлары, конференциялары үздіксіз ұйымдастырылып тұрады. Университет профессорлары В.В.Свечников, Ш.Ш. Ибраев, доцент С.Б. Қуановалар және аға оқытушы Қ. Бегалиевалар Москва экономика, статистика және информатика университетінің курстарынан өтіп, қашықтан оқыту құқына ие профессор, доцент сертификаттары бойынша жұмыс жүргізуде.
Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемелекеттік университетімен, Үрімші қаласындағы WENFAN оқу орнымен оқу-әдістемелік және тәжірибе алмасу жұмыстары жолға қойылған
Украина Ғылым Академиясы Аэрокосмостық институтымен келісім-шарт негізінде «Анализ и улучшения характеристики вентильных генераторов» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
“Шетел тілі: екі шетел тілі,” “Аударма ісі” мамандықтарында оқу сапасын арттыру мақсатында “SHARE INTERNATIONAL” халықаралық коммерциялық ұйымымен (США) келісім-шарт жасалды.
Университеттегі білім сапасының жылдан-жылға өсуі халықаралық ұйымдардың тарапынан да өз бағасын алуда. 2005 және 2006 жылдары университет Қазақстан-Швейцария бизнес клубының алтын медальдарымен, 2006 жылы Халықаралық ғаламдық сапаға ұсыну бағдарламасының алтын сертификатымен марапатталды.
2008 жылдың ақпан айында университеттің 31 оқытушысы Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институтында “Оқыту барысында жаңа технологияны пайдалану” атты біліктілікті көтеру курсынан өтті.
Университетте 2006-2007 оқу жылында Информатика, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика, Экология, Ақпараттық жүйелер, Юриспруденция, Кеден ісі мамандықтары бойынша оқыту жаңа кредиттік жүйеге көшірілді.
Білім беру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қазіргі принциптері мен ұстанымдарының таратушысы ретінде Болашақ университеті қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы білім алу мүддесін қанағаттандыруды, жаңа формация мамандарын үздіксіз даярлаудың тиімді жүйесін жасауды өз қызметінің негізгі мақсаты деп санайды.
Бұған қол жеткізу үшін университет өзінің алдына мынадай мақсат-міндеттер қояды:
оқу мазмұнын, түрлері мен мерзімін талдауды студенттер мен оқытушыларға кең мүмкіншіліктер бере отырып, білім беруді жүзеге асыру;
оқылатын салаларда жаңа білімдерді, тенденциялар мен басымдықтарда және білімге деген қазіргі ұстанымдарды ескере отырып, білім беру процесінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру;
университет оқытушыларының кәсіби білімі мен машықтарын үздіксіз жаңартып, тереңдетіп отыруға ықпал ету;
оқытудың прогрессивті инновациялық формаларын, құралдары мен әдістерін қолдана отырып, оқытудың тиімділігін арттыру;
университет профессор-оқытушылар құрамының еңбек жағдайларын жақсарту;
студенттер мен оқушыларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, жағдайларын жақсартуға ықпал жасау;
Сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру және мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, сапа жүйесін жасау, қолдау көрсету және жетілдіру арқылы қамтамасыз ету.
1.3. Ақпараттық білім беру орталығы /кітапхана/
«Болашақ» университетіндегі Ақпараттық білім беру орталығы (АБО) кітап қорының саны екі миллион данаға жуықтайды, оған тек баспа өнімдері ғана емес, ақпаратты тасымалдаушы жаңа аудио- және видеокассета, компакт-дискі, оптикалық дискілерді қамтиды. Соңғы жылдары экономика, әлеуметтану, саясаттану, құқық т.б. салалар бойынша оқулық әдебиеттер қоры толықтай жаңартылды.
АБО анықтама-ақпараттық қор тек баспа түрінде ғана емес, электронды тасымалдағыш түрде де жинақталуда. Олар: энциклопедия, сөздік, анықтамалар, арнайы статистикалық жинақтар, ақпараттық басылымдар және жарияланбаған құжаттар, білім салалары бойынша библиографиялық көрсеткіштер.
АБО өз қызметінде пайдаланушылардың ақпаратқа тең және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді, дүниежүзілік және ұлттық мәдениет жетістіктерін пайдалануға жағдай жасайды, ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырып , өз бетінше білім алуға жәрдемін тигізеді.
Ресми құжаттарға заңдық, нормативті-құқықтық ақпарат, стандарттарға сай деректер қоры «ҚР Заңдары», «ҚР Казпатенттері» жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы еркін қол жеткізеді. Мұның барлығы ресми және құқықтық құжаттарды жедел іздеп табуға, пайдаланушыларға ыңғайлы формада (баспа мәтін, электронды құжат) түрінде жеткізуге мүмкіндік береді.
Абонементте АБО жазылу жүзеге асырылады. Пайдаланушылар кітапханаға жазылған кезде АБО пайдалану Ережесі, құрылымы, қоры, каталогтарымен алғашқы танысуы жүзеге асырылады. Алғашқы әңгіме барысында қай бөлімнен өзін қызықтыратын кітаптар мен журналдарды алуға болады, қандай анықтама-ізденіс аппараты жинақталғанын біледі.
Оқу залы мен абонементте жаңа түскен кітаптар көрмесі, тақырыптық кітап көрмелері өткізіліп отырады.
АБО пайдаланушыларына анықтама-ізденіс аппараты: алфавиттік каталог; жүйелік каталог; мақалалардың жүйелік картотекасы ұйымдастырылған. Дәстүрлі каталогтар мен картотекалар электронды деректер қорымен толықтырылған. 1996ж. АБО электронды каталогының деректер қоры құрылған. Каталогтар залында орналасқан 4 жеке компьютер электронды каталогтан (ЭК) пайдаланушылардың өз бетінше ақпарат іздеуіне жол ашады.
Электронды-ресурс орталығында (ЭРО) тегін Интернет жүйесін пайдалану арқылы дүниежүзілік ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы мен теңдессіз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, әлемдік ақпараттық жүйелерге жол ашылған. Мұнда студенттер жеке өз бетінше және кітапханашы көмегімен электронды оқулықтармен, ОҚМУ профессор-оқытушылар құрамы еңбектері мен лекцияларын пайдалана алады.
АБО қызметкерлері тұрақты мәдени-көпшілік іс-шаралар, экскурсия, кітап көрмелері, лекция, конференция, зерделі кеңес, «Ақпарат күні», «Кітапхана күні» өткізеді.
1.4. Студенттік өмір
«Болашақ» университеті – бұл, Қазақстанның 50 дамыған елдің қатарына қосылу мақсатында, республиканың өсіп-өркендеуіне әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы.
Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар студенттік Кеңес қызмет атқарады.
Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Студенттік Кеңестің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі.
Университет ректоры жүйелі түрде студенттермен кездесіп, әр ай сайын студент белсенділері мәжілістерінде оқу мәселелерін, студенттердің қоғамдық өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуын, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық потенциалдарын талқылап отырады. Студент белсенділері университеттегі оқу Кеңесімен ректораттың мүшелері болып табылады.
Әр айда университетте студенттік өзін-өзі басқару күні өтіп тұрады. Бұл күні университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері шешімге алынады. Әр сессия соңында тәуелсіз студенттік анкеталау жүргізіледі, студенттік «Сенім поштасы» қызмет көрсетеді.
Студенттер мен ректор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Студенттер Интернет желісі мен ректор e-mail поштасына жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулері мен идеяларын жазып жібере алады. Академиялық топтардың кураторларына, оқытушы-саясаттанушы-лардан, тарихшылардан, құқықтанушылардан, экономистерден, әлеумет-танушылардан, психологтар мен лекция циклын өңдеп, оқитын лекторлардан құралған студенттерді қоғамдық-саяси тәрбиелеу Кеңесі үлкен әдістемелік көмек көрсетеді. Кураторлар студенттермен және жатақхана тұрғындарымен саяси қоғамдық, патриоттық, интернационалдық, өнегелі-эстетикалық, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттау мақсатына бағытталған жалпы тәрбие үрдісін жүргізеді.
Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды. Университет институттарында дебаттар, дөңгелек үтелдер, нашақорлықтың алдын алу, жемқорлық пен құқықбұзушылық жөніндегі семинарлар, Еңбек және ҰОС ардагерлерімен, интернационал әскерлерімен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен, ҰҚК, СІД, наркодиспансер, СПИД, СӨС насихаттау орталықтарының қызметкерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұратын ұйымдар қызмет атқарады.
Бүгінгі таңда университеттің студент жастары республикалық және жергілікті ұйымдардың мүшелері ретінде, Қазақстанның өзін көрсете білу үрдісіндегі мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысады. 50 студент жастар «Жас Отан», 30 студент «Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты жастар қозғалысының мүшелері болып табылады. Университетте университет әкімшілігімен, ішкі саясат бөлімімен, қоғамдық мамандықтар факультетімен, университеттің ақпарат орталығымен (газет, телестудия), студенттік кеңеспен, жатақханалармен, спорт кешендерімен, университет қызметкерлерінің кәсіподақтық комитетімен тығыз қарым-қатынас жасайтын
Спорт, университет қызметінде ерекше орынға ие. Университетте жыл сайын күздік және көктемгі студенттік спартакиада, институтаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, профессор-оқытушылардан құралған спартакиада, сонымен қатар Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізіледі. Студенттер үшін күрес, бокс, жеңіл атлетика және волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шұғылдануға арналған залдармен қамтылған.
1.5. Университеттің әкімшілік бөлімдері туралы ақпараттар
Университет құрамына 3 факультет, 10 кафедра кіреді.
№
|
Қызметі
|
Аты жөні
|
Сымтетік
|
Университет басшылығы
|
1
|
Ректор
|
Махмұтов Болат Бижанұлы
Химия ғылымдарының кандидаты
|
23-45-15
|
2
|
Проректор
|
Досманбетов Динар Бақбергенұлы
PhD философия докторы
|
20-21-85
|
3
|
«Педагогика, филология және тарих» факультетінің деканаты
|
Исаева Жанар Аманжоловна
Фил.ғ.к.
|
20-22-80
|
4
|
«Құқық, бизнес және ақпараттық технологиялар»факультетінің деканаты
|
Сейсекеев Алмат Оразгалиевич
|
23-43-93
|
5
|
«Мұнай, құрылыс және жаратылыстану» факультетінің деканаты
|
Бурханов Бақытжан Жамбылұлы
|
20 - 22 - 92
|
6
|
Білім және ғылыми-зерттеу жұмыстары орталығының директоры
|
Досманбетова Зейнегүл Рамазанқызы
Phd философия докторы
|
23-92-81
|
7
|
Коммерциялық орталық
директоры
|
Досманбетова Салтанат Баянбайқызы
|
|
8
|
Бас бухгалтер
|
Смағанбетова Анаркуль Калабаевна
|
23-43-88
|
9
|
Бухгалтер
|
Жалекеева Ляля Жумабаевна
|
20 22 76
|
10
|
Оқу әдістемелік басқарма бастығы
|
Сейтжанов Алайдар Сануарович
|
|
11
|
Студенттік бөлім бастығы
|
Баядилова Дина Жүнісқызы
|
20-22-82
|
12
|
Кадр бөлімінің инспекторы
|
Нұрмаханова Мира
|
|
13
|
Касса
|
Жалекеева Ләйла
|
20-22-76
|
14
|
«Болашақ» университеті колледжі директоры
|
Досжанова Шара Абдулатифовна
|
23-46-53
|
15
|
«Болашақ» университеті колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
Рахметова Фарида Мурзахановна
|
23 49 80
|
2.1. Жалпы түсініктер
Оқудың кредиттік жүйесінде студенттердің орындайтын өзіндік жұмысының көлемі артады. Кредиттік оқу жүйесінің міндеті - студенттің бойында өзін-өзі шыңдау қабілетін дамыту болып табылады.
Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді - студенттің оқытушының жетекшілігі бойынша орындайтын өзіндік жұмысы (СРСП) және студенттің өз бетінше орындайтын өзіндік жұмысы (СРС).
Кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру кезінде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады.
академиялық күнтiзбек (Academic Calendar)– оқу жылындағы оқу барысын бақылау апталығы, сынақ емтихан, практика және демалыс күндерi көрсетiлген жалпы жоспары.
академиялық кезеңi (Term) – жоғары оқу орнымен белгiленген теориялық оқу периоды, семестр – 15 апта.
студенттiң академиялық рейтингi (Ratibg) – межелi бақылау негiзiнде анықталған оқу пәндерi бойынша материалды игеру қортындысы - (бақылау аптасы I,II, қортынды).
академиялық дәреже (Degree) – қортынды мемлекеттiк аттестация негiзiнде белгiлi жоғары мамандалған оқу бағдарламасын орындаған жағдайда берiлетiн атақ.
академиялық анықтама (Transcript) – оқу мерзiмiнде өтiлген пән мен бағасы көрсетiлген, бекiтiлген үлгiдегi студентке берiдетiн құжат.
ассистент, доцент, профессор (Aassist Professor Associate, Professor) – жоғары оқу орындарында сабақ берушi қызметкерлердiң аталуы.
бакалавр, магистр, доктор (Bachallor, Master, Doctor) - белгiлi бекiтiлген мамандандырылған бағдарламаны орындаған жағдайда, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасын орындаған жағдайда берiлетiн атақтар.
оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – қайсы пәндi оқып игеруге белгiленген тәртiп бойынша жазылу.
бiлiм алушының қортынды мемлекеттiк аттестациясы (Qualitication Examiniation) - мемлекеттiк бiлiм беру стандарты. Мемлекеттiк, жалпы бiлiм беру стандарты негiзiнде бiлiм анықтау процессi (диплом).
қортынды бақылау (Final Examination) – студенттiң бiлiм деңгейiн өтiлген сабақтар бойынша анықтау-қортынды бақылау түрiнде өтедi. Бiлiм алушының оқу жетiстiктерiн тексеру емтихандары жазба, ауызша, тест түрiнде өтуi мүмкiн.
кредиттiк оқыту жүйесi – жекелендiру, оқыту процессi тәртiбiнiң шеңберiнде бiлiм беру траекториясын таңдау және кредит алудың негiзiнде, өздiгiнен көлемiн алу және бiлiмдердi творчествалық меңгеру деңгейiн жоғарылататын оқыту жүйесi.
компонент - таңдау бойынша (Electves) - элективтi курс студент таңдаған оқу курсы, кез келген академиялық кезеңде өтуге болады.
Студенттiң бiлiм деңгейiн бақылау: Оқу бағдарламасында қарастырылған студенттiң бiлiмiне қойылатын бал (баға), практикалық, лекциялық, лабораториялық сабақтада межелi қортынды бақылау.
офис регистратор (Offic of-Registrator)– бiлiм алушының меңгерген бiлiмiн тіркеу мен оқу процессiн ұйымдастыратын қызметкер.
жалпы бiлiм беретiн пәндер (General Education Reguirament) (Ger)) – гуманитарлық және жаратылыстану пәндерi.
мiндеттi компонент (Core Subjects) – студенттер тарапынан мiндеттi түрде оқытылатын пәндер.
күндiзгi оқу түрi (Full Time Education) - оқу жоспарында қарастырылған сабақтарға оқу кестесi бойынша, бiлiм алушының қатнасуы тиiстi болған оқу формасы.
переквизит, постреквизит – (Prereguisite, Postreguister) берiлген пәндi оқуға дейiн және кейiн соған сәйкес мiндеттi түрде меңгерiлетiн пәндер.
студеттiң өзiндiк жұмысы (СӨЖ), өз бетiнше орындайтын тапсырмалары: СӨЖ бақылау жұмысы, рефарат, конспект жазу және есептер шығару арқылы бақыланады (белгiленген мөлшердегi балмен есептеледi).
оқытушымен өтетiн студенттiң өзiндiк жұмысы (Office Haurs) – сабақ кестесi бойынша өтетiн, СӨЖ қабылдауға және өтiлген теориялық материалды жетiлдiруге берiлген сабақ.
тьютер (Tutor) – кредиттiк оқыту жүйесiнде оқытатын-оқытушы.
Оқу жоспары – оқылатын пәндер мен оның көлемi оқу ретiн көрсететiн құжат.
бiлiм алушының жетiстiгi - әр-бiр бiлiм алушының бiлiм деңгейiн, бiлiктiлiгiн, оқу материалын игеру қабiлетiн көрсету.
Силлабус (Syllabus) –– пәндер бағдарламасы, оқудағы курс жазбасы, курстың қысқаша мазмұны; әрбiр сабақтың тақырыптары мен ұзақтығы; СӨЖ тапсырмалары; консультация уақыты; оқытушы талаптары; баға қоюдағы критериялар, емтихандар мен аралық тест кестесi, әдебиеттер тiзiмi.
Орта өлшеулi баға, (Crade Point Average) – таңдап алған бағдарлама бойынша бiлiмалушының оқу жетiстiктерiнiң деңгейi (пәндер бойынша кредиттердiң қорытынды баға баллдары сандық баламасына көбейтiндер қосындысын оқудың ағымдық мерзiмiндегi кредиттердiң жиынтық санына қатынасы).
Office Haus – оқытушының офисте немесе кафедрада болатын және студенттерге кеңес беру үшiн бөлiнген уақыты.
Эдвайзер (Advisor) –студенттерге бiлiм алу тракториясын таңдауға көмек беретiн оқытушы.
Академиялық қарыз болу – бiлiмдi бақылау түрлерiнiң бiреуi бойынша аттестациядан қалып қойған, пәндi тапсырмауы.
Академиялық мобильдiк – бiрдей бағдарлама мен қамтамасыз етiлген басқа жоғарғы оқу орнына ауысу мүмкiндiгi.
Мемлекеттiк аккредитация – куәлiкпен бекiтiлген жоғары орнының мәртебесiн мемлекеттiң тануы, мемлекеттiк үлгiдегi дипломды беру құқығы .
Аттестация (студенттi) - жоғары оқу орнында қабылданған шкала бойынша оның бiлiмiн бағалау. Шкала екi балдық болуы мүмкiн (сынақ
Профессор – жоғары аттестациялық комиссия беретiн ғылыми атақ, нақты жоғары оқу орнының профессор лауазымымен шатарстырмау керек. Бұл ғылыми атақ ереже бойынша докторы ғылыми дәрежесi бар тұлғаларға берiледi.
Доцент – жоғарғы аттестациялық комиссияның шешiмiмен берiлетiн ғылыми атақ. Бұл ғылыми атақ ереже бойынша, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар тұлғаларға берiледi.
Кафедра – жоғары оқу орнының негiзгi құрылымдық бiрлiгi, анықталған бағыттар бойынша оқу, ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру.
Мамандар даярлайтын кафедра – жоғары оқу орындағы нақты мамандықтар бойынша бiтiрушiлерге жауапты кафедра. Оқу барысында туындаған негiзгi сұрақтар оыс мамандар даярлайтын кафедраның меңгерушiлерiмен шешiледi.
Кеңес беру (Консультация)– аудиториядан тыс жұмыстар түрi, бұл жерде студент оқытушыға тыңғылықты сұрақтарды қоюға мүмкiндiгi болады.
Куратор – жоғары оқу орнының қызметкерi, оған студенттердi тәрбиелеу мiндеттелген.
Лаборатория – оқытушының басқаруымен лабораториялық жұмыстарды жүргiзу үшiн арнайы құралдармен жабдықталған оқу бөлмесi.
Лекция – тақырыб бойынша оқу материалдарының мазмұнымен таныстыруды (теориялық оқыту формасы).
Дайындық бағыты – кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасы. Дайындық бағыты бойынша оқу бакалавр дәрежесiн берумен аяқталады.
Өндiрiстiк тәжiрибе - кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасында көрсетiлген студенттiң аудиториядан тыс жұмыс түрi. Тәжiрибе жұмыстың мiндеттi түрi болып табылады.
Практикалық сабақтар – аудиториялық оқу жұмысының түрi, бұл жерде бағдарламада көрсетiлген пән бойынша бiлiмi мен тәжiрибесiн игеру, практикалық сабақ кезiнде ағымдағы бақылау бiлiмiн жүргiзу мүмкiндiгi бар.
Ректор – жоғары оқу орны (ғылыми) кеңесiнiң шешiмiн орындайтын жоғары оқу орнының басшысы, студенттердiң барлық ауыстырулары қабылданады ректордың бұйрығымен орындалады.
Проректор – қызметтiң нақты бағыттары бойынша ректордың орынбасары, жоғары оқу орындарының көпшiлiгiнде бұл оқу жұмысы бойынша проректор, ғылыми жұмыс бойынша проректор, әкiмшiлiк-шаруашылық жұмыс бойынша проректоры, сонымен бiрге жоғары оқу орнының жарлығында көрсетiлген басқа да түрлерi бойынша жұмыстар тағайындалады.
Декан – факультет басқарушысы, оның қызметiне оқуға қабылдау, оқудан шығару, ауыстыру, студенттiң академиялық демалысына және т.б. байланысты барлық мәселелердi шешу мiндеттерi жаады.
Деканның орынбасары – оқу процесiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтiң әр түрi бойынша тағайындалады.
2.2. Оқу үрдісін ұйымдастыру.
Жеке оқу жоспарының негізінде жаңа оқу жылының басында әр студент төмендегі мәселелермен қамтамасыз етіледі:
оқу-әдістемелік кешен, онда оқу бағдарламасы (Syllabus), белсенді қолданатын үлестірмелі материалдар, лекциялар тезистері, тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспарлары, СӨЖ және СОӨЖ жоспарлары, тесттік тапсырмалар, семестрлік тапсырмалар, емтихан сұрақтары т.б. материалдар қамтылады.
анықтамалық көрсеткіш; мұнда студенттің орташа балын есептеу көрсеткіші (GPA); оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері; студенттің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.
Оқу жылы және академиялық кезең.
«Болашақ» университетінде оқу үрдісі университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылған.
Оқу жылы – академиялық кезеңдерден тұрады (2 семестр), олар ағымдық аттестациялау, қорытынды бақылау, тәжірибеден өту және демалыс кезеңдерінен тұрады. Академиялық кезең – теориялық оқыту кезеңі, әр жоғарғы оқу орны өз бетінше үш форманың бірін қабылдайды:
«Болашақ» университетінде әрбір оқу жылы ұзақтығы 15 аптадан тұратын екі семестрден құралады.
Емтихан сессиясына ажыратылатын уақыт ұзақтығы екі аптадан кем болмауы тиіс.
Әрбір академиялық кезеңнен соң студенттерге демалыс беріледі. Бакалавриаттағы оқыту үрдісінің аяқталуының негізгі көрсеткіші ретінде әрбір студенттің теориялық оқудың 128 кредитін, кәсіби іс тәжірибенің 10 кредитін менгеруі болып табылады. Мұның ішінде студент 61-81 кредитті міндетті компоненттен жинап, ал 41-61 кредитті таңдау компоненті бойынша жинауы тиіс. Оқу жылы теориялық оқудың 30 аптасынан тұрады – (15 аптадан тұратын 2 семестр). Теориялық курстан соң қорытынды бақылау болады. Күндізгі бөлімнің студенттеріне жылына 2 рет демалыс беріледі. Аудиториялық сабақтың барлық түріне ұзақтығы 50 минуттан тұратын академиялық сағат беріледі.
Оқыту үрдісінің барлық оқу, бақылау шаралары, тәжірибенің ұзақтығы, демалыс және мереке күндері академиялық күнтізбеде алдын-ала көрсетіледі.
Оқу шаралары теориялық оқытудың барлық кезеңіндегі жұмыстарды, соның ішінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, практикалық және зертханалық жұмыстарды, курстық жұмыстар мен жобаларды түгел қамтиды.
Студенттердің басқа оқу орнынан немесе университет ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы барысында пайда болатын оқу бағдарламаларындағы пән айырмашылықтарын, студенттердің академиялық қарыздарын және олардың қосымша оқуға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен ұзақтығы 8 аптаға дейінгі жазғы семестр енгізіледі.
Сабақ таңертеңгі сағат 8.30-да басталады.
Сабақтың төмендегідей түрлері болады:
ереже бойынша лекциялар бірнеше топтарды біріктіріп өткізіледі;
зертханалық жұмыстар, академиялық топтар (топшалар) үшін өткізіледі;
практикалық сабақтар (практикум) академиялық топтар үшін өткізіледі.
Сабақ кестесі кезекті академиялық кезең басталудан 20 күн бұрын институт дирекциясында ілініп, сабақ басталуға 3 күн қалғанға дейін өзгерістер енгізіледі.
Студенттердің білім сапасын бақылау үшін Тіркеу Кеңсесі ұйымдастырылады.
Студенттердің білімін ағымдағы және қорытынды бақылауды Тіркеуші Кеңсесі өткізеді.
2.3. Тіркеу кеңсесі. Оқу пәндеріне жазылу тәртібі
Тіркеу кеңсесі студенттердің білім алудағы барлық жетістіктерінің тарихын, білім алудың барлық түрлері бойынша білімді бақылауды ұйымдастыру және студенттердің академиялық рейтингін есептеумен айналысады.
Студенттің оқу үрдісі Тіркеу кеңсесінде оның оқу пәндерін тіркеуден басталады.
Элективті пәндердің каталогы оқытудың кредиттік жүйесі барысында мамандықтың оқу-әдістемелік кешені элементтерінің міндетті бөлімдерінің бірі болып табылады және ол ЖОО-ның әдістемелік кеңесі тарапынан бекітіледі.
Мамандықтардың элективті пәндерінің каталогы оқу жоспарларының таңдау бөлімінің құрамына енетін пәндердің тізімі болып табылады және ол студенттің оқу траекториясын анықтауға қажетті жан-жақты жағдайлар жасау мақсатында жасалады.
Элективті пәндердің каталогы университеттің барлық мамандықтары үшін жасалады және ол мамандықтардың барлық мамандандыруларын, дайындау бағыттары мен білім берудің барлық түрлерін қамтиды. Элективті пәндердің каталогында мамандықтың пәндерінің бағдарламаларының қысқаша мазмұны беріледі.
Студенттер элективті пәндердің каталогын мамандықтардың эдвайзерлері мен институт администраторларының көмегімен, жеке оқу жоспарын жасау барысында, өздерінің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін, өсу мүмкіндіктерін, қоғам мен өндірістің қажеттіліктерін есере отырып пайдаланады. Студенттің жеке оқу жоспарындағы белгіленген пәндерді оқып-үйренудің бейімділігі мен икемділігі пререквизиттер мен постреквизиттер көмегімен түзету арқылы, қамтамасыз етіледі.
Элективті пәндердің каталогында барлық оқу циклдары (ЖББ, БП және КП), олардың кодтау туралы бірыңғай тәртібін сақтай отырып, көрсетіледі.
Студенттің жеке оқу жоспары әрбір білім алушының оқу траекториясын анықтайды. Студенттің жеке оқу жоспары студенттердің оқу пәндеріне, Тіркеушілер кеңсесінде белгіленген тәртіп негізінде, алдын-ала жазылуы нәтижесінде оқудың барлық кезеңіне қалыптастырылады және әрбір оқу жылы үшін, студент тарапынан эдвайзердің көмегімен түзетіліп отырады.
Студенттің жеке оқу жоспары директор тарапынан бекітіледі және ол үш дана етіп жасалады: бір данасы директоратта, оқытушылардың оқу жұмысының көлемін анықтау мен студенттер тарапынан оқу жоспарының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін,сақталады, екіншісі – Тіркеушінің кеңсесіне, қорытынды бақылау мен аттестацияны ұйымдастыру үшін, ал үшіншісі – студентке беріледі.
Студенттер оқу пәндерін таңдау мен пәндерге жазылуды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 6-желтоқсандағы №735 бұйрығымен бекітілген, Кредиттік оқыту жүйесі Ережелеріне сәйкес жүргізеді.
Студенттердің пәндерге жазылу процесін тіркеушілер кеңсесі директораттар мен эдвайзерлерді қатыстыра отырып жүргізеді.
Студенттер өздерінің жеке оқу жоспарларын қалыптастыру барысында жылына кем дегенде, міндетті компонент пәндерін қоса есептегенде және оқытудың оқу жоспарында қарастырылған, тиісті логикалық траекториясын сақтай отырып, 30 кредит жинауы керек
Институттар мен кафедралар ағымдавғы оқу жылының 15 наурызына дейін мамандықтардың, маманданулардың және пәндердің презентациясын, институт директорының бекіткен кестесіне сәйкес, ұйымдастыруы қажет.
Жалпы пәндерге жазылу барысы 2 кезеңнен тұрады. 1-кезеңде студенттер эдвайзерлер көмегімен келесі оқу жылында оқытылатын пәндердің тізімін жасайды. 2-кезеңде, сабақ кестесі бекітілгеннен соң, өздерінің жеке оқу жоспарларына, өздерінің бос уақыттары мен оқытушыларға байланысты, тиісті түзетулер енгізеді.
1 курс студенттері өздерінің жеке оқу жоспарларын ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін құрастырады. Әдетте, 1-курс студенттерінің оқу жоспарларына тек қана міндетті пәндер топтамасы ғана енгізіледі.
Оқу жылының барысында оқу жоспарларына өзгерістер енгізуге болмайды.
Студенттер келесі оқу жылына арналған жеке оқу жоспарларын арнайы кесте бойынша, 15-25 наурыз аралығында жасақтайды.
Студенттердің оқу жылына арналған пәндерге жазылуын ұйымдастыру жауапкершілігі эдвайзерлерге жүктеледі. Эдвайзерлер институт администраторы алдында, пәндерге жазылу барысы туралы есеп береді.
Өткен оқу жылына академиялық қарыздары бар студенттер емтихан сессиясы аяқталғаннан соң, 1-шілдеге дейін, өздерінің оқу жоспарларына түзетулер енгізеді.
Әрбір пән бойынша студенттердің топтардағы ең аз саны белгіленеді, ал оқытушылар үшін – академиялық ағындағы немесе топтағы студенттердің ең көп саны белгіленеді.
Ағымдағы жылдың 10-маусымына дейін белгілі бір пәнге белгіленген саннан аз студенттер жазылса, онда пән ашылмайды және ол пән кафедраның оқу жүктемесіне енгізілмейді. Бұл туралы тіркеушілер кеңсесі тиісті хабарламаны институттар жанындағы жарнама тақтасына және/ немесе университеттің білім беру порталына / сайтына / іледі.
Студенттер жекелеген пәндерді басқа оқу орындарында оқи алады, ол пәндер тізімі университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Студенттерді пәндерге жазу процесі келесі кезеңдерден тұрады:
мамандықтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен таныстыру, эдвайзерлерді таңдау;
таңдау пәндерінің, кафедралар тарапынан өткізілетін, таныстырылымына қатысу;
эдвайзерлермен кездесу және жеке оқу жоспарын, таңдау пәндерін талқылау;
тіркеушілер кеңсесі тарапынан берілетін, тіркеу өтініштерін толтыру;
таңдалған пәннен бас тарту тәртібімен танысу;
пәндерге тіркеуге келісім беруді растау.
1 курс студенттерін таңдау пәндеріне тіркеу процедурасы студенттерге кредиттік технологияның принциптерін, кадрларды дайындау жүйесінтүсіндіруден, университетпен танысудан және пәндерге жазылудан тұрады. Пәндерге тіркеуге берілетін рұқсат алдыңғы семестрдегі міндетті пәндерді оқып бітірген студенттерге беріледі. Соңғы курстардың студенттеріне пәндерге тіркелуге, тек қана алдыңғы семестрлердегі пәндерді нәтижелі түрде өтіп, тиісті кредиттерді жинаған және университет тарапынан белгіленген өту деңгейінің балы (GPA) барларына рұқсат беріледі.
Өзінің білім алу траекториясын жоспарлау барысында студенттер басқа академиялық топтар мен ағындардағы, мамандықтардағы студенттермен бірге қосымша 1-2 пәндерді немесе басқа оқу орнындағы 1-2 пәндерді ақылы түрде оқуға деген өтініштерін бере алады. Бұл ретте студенттер «Болашақ» университеті ректорының атына өтініш жазып, оған басқа оқу орнынының студентін пәндерге қосымша жазуға келісімін берген анықтамасын қоса тігеді. Анықтамаға таңдалған оқу орнының ректоры тарапынан қол қойылып мөр басылады. Курс аяқталғаннан кейін студент өз институтына оқыған оқу орнының мөрі басылған, сабақтың бағасы мен кредиттер саны көрсетілген емтихан кестесін өткізеді.
2.4. Ауысу, курсқа қайта келу, оқудан шығару туралы Ережелер.
GPA көшіру балдарын есептеу тәртібі.
Студенттің білімін бақылау жүйесі мен оқудағы жетістіктерін бағалау (қорытынды бақылауды өткізу тәртібі, (ағымдық аттестация, қорытынды аттестация, GPA есептеу әдістемесі) аралық бақылау мерзімдерін қамтып, ағымдық аттестация (сынақ – емтихан сессиясы), екінші курстан соң аралық мемлекеттік бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестациялаудан тұрады.
Курстан курсқа көшіру үшін ЖОО-ның ғылыми кеңесі өту баллын белгілейді.
«Болашақ» университеті курстан курсқа өту үшін келесі баллдар белгіленген:
1-курстан 2-курсқа – 1,33;
2-курстан 3-курсқа – 1,8;
3-курстан 4-курсқа – 2,1.
Курстан курсқа көшіру балы GPA төмендегі формула бойынша есептелінеді:
(кредит1 х балл 1)+(кредит 2 х балл 2)+(кредит n х балл n)
GPA = кредит1 + кредит2 + кредит n ................
Оқу жылы аяқталған соң Тіркеу кеңсесі әр студенттің көшіру балдарын GPA есептеп тіркейді және оны келесі курсқа көшіру туралы бұйрық шығарады. Студенттер үшін көшіру балы GPA университеттің ғылыми кеңесінде бекітіледі.
Белгіленген GPA көшіру балдарын жинай алмаған студенттерге осы оқу жылында және жазғы семестрде қосымша курс алу ұсынылады.
Белгіленген өту баллын жинаған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
Белгіленген өту баллын ала алмаған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылады. Қайта оқу курсына қалдырылған студент, бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға немесе белгіленген тәртіпке сай жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар.
Өту баллын жинаған және келесі курсқа көшірілген білім алушы, академиялық берешегі болған жағдайда тиісті пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.
Білім беру грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған болса, білім беру грантынан айырылады. Одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.
Өту баллын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешектері бар білім беру грантының иегер білім алушылары үшін білім беру гранты сақталады. Ал тапсырылмаған пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.
Студентті оқудан шығару
Студент академиялық қарыздары үшін жоғары оқу орнынан шығарылмайды. Егер студент курстан курсқа көшіру балын жинай алмаса, ол осы курста екінші жылға қалады. Бұл жағдайда студент бұрынғы жеке оқу жоспарын толық аяқтайды немесе белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын қалыптастырады.
Студенттер оқудан төмендегідей себептермен шығарылуы мүмкін:
университет ректоры атына жазылған өтінішпен студенттің өз қалауы бойынша;
келісі-шарт бойынша студенттің оқу төлемақысын уақытында төлемеу;
студенттің басқа жоғарғы оқу орнына ауысуы;
оқу ережелерін өрескел бұзу (сабаққа қатыспау);
жоғарғы оқу орнының Жарғысын өрескел бұзу (тәртіпті немесе студенттің моральдік кодексін бұзу).
Студентті оқудан шығару университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Оқудан шығарылған студентке, белгіленген тәртіппен академиялық анықтама беріледі.
Студент білімін бағалау
Университетте студент рейтингісін анықтаудың 100 балдық шкаласы қолданылады. Рейтингтік бақылау нәтижелері емтихан сессиясы барысында пәндер бойынша емтихан тапсырғанда есепке алынады.
Оқушының оқудағы жетістіктері (білімі, білігі, икем, дағдылары) әріптік жүйемен бағаланады (жақсы бағалар А мен D–дейін, қанағаттанарлықсыз - F)
бұлар сандық сәйкесті баламаға сәйкес 4 балдық жүйемен мына сызба бойынша бағаланады.
Бағаның пайыздық өлшемі
|
Бағаның әріптік белгіленуі
|
Бағаның сандық баламасы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
95-100
|
А
|
4,0
|
Өте жақсы
|
90-94
|
А-
|
3,67
|
85-89
|
В+
|
3,33
|
Жақсы
|
80-84
|
В
|
3,0
|
75-79
|
В-
|
2,67
|
70-74
|
С+
|
2,33
|
Қанағаттанарлық
|
65-69
|
С
|
2,0
|
60-64
|
С-
|
1,67
|
55-59
|
D+
|
1.33
|
50-54
|
D
|
1.0
|
0-49
|
F
|
0
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Егер емтиханда студент 20 баллдан аз жинаса, онда ағымдағы рейтинг баллдың нәтижесіне қарамастан оған «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
Оқушылардың оқу пәндері бойынша білімдері емтихан арқылы тексеріледі, ол семестр соңында өткізіледі. Емтихандардың өткізілу формасы:
компьютерлік тестілеу;
жазбаша емтихан;
ауызша емтихан.
Компьютерлік тестілеу студенттердің білімін бағалау және бақылау ережелеріне сәйкес өткізіледі. Емтихан тапсырушыға әр пән бойынша сұрақтар кешені беріледі. Дұрыс жауаптар нәтижесі бойынша компьютер сәйкес балл қояды.
Семестр нәтижесі бойынша лектор студенттің сынақ кітапшасына семестрлік балл қояды.
Емтихан нәтижелері емтихан тапсырған күні жариялануы тиіс.
Оқушылардың емтихан нәтижелеріне аппеляция беру құқығы бар. Емтиханға немесе толық емтихан сессиясына дәлелді себептермен келмей қалса студенттің емтихан тапсыру уақытын ұзарту құқығы бар. Ол туралы оқушы өтінішті институт директоры атына жазбаша түрде береді. Студенттің емделуі аяқталғаннан кейін 3 күн оқу (жұмыс) күні ішінде өтініші мен қоса медициналық анықтамасын да тапсыруы тиіс. Оқушының немесе оның заңды өкілдерінің бірі (егер өзі келуге мүмкіндігі болмаса ата-анасы, зайыбы) институқа сессияға келмеу себептерін жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Студент белгілі бір пән бойынша қорытынды бақылауға ағымдағы бақылау қорытындысы бойынша кемінде 30 балл жинағанда ғана жіберіледі. Қорытынды бақылауда студент 20 және одан да жоғары жинауы керек. Тапсырма түрлері, оларды орындау мерзімі, пән бойынша рейтингтік балдарды бөлу семестрдің алғашқы аптасында студенттер назарына ұсынылады.
Мемлекеттік қорытынды аттестация студенттердің оқу деңгейін қорытындылау болып табылып, бітірушілердің кәсіптік біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша бітірушілер жоғары білім туралы диплом және оқу кезеңіндегі академиялық көрсеткіш транскриптін қосымша алады.
Транскриптегі мәлімет әр семестр сайын жазылады. Мәліметтер компьютерге енгізіліп, әр студентке компьютерлік файл ұсынылады.
Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттерге аралық аттестацияның нәтижесі бойынша барлық емтихандарын «А», «А-», «В+», «В», «В-» деген бағаларға тапсырған жағдайда студенттік шәкіртақы төленеді.
Бітірушінің білім деңгейін ұйымдастыру барысында оқу кезеңіндегі барлық емтихандарын «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларына тапсырған және нәтижесінде орташа балы 3,5-тен төмен емес (оның ішінде 75% «А», «А-» бағасы болу керек), сонымен қатар дипломдық жобасын «А», «А-» бағасына қорғаған бітірушіге үздік белгімен диплом беріледі.
Академиялық қарыз
Академиялық қарыз студенттің сессияға келмеген немесе емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алғанда немесе пән бойынша рейтинг нәтижесі төмен жағдайда туындайды. Сессияның нәтижесі бойынша академиялық қарызы бар және ішкі тәртіптің Ережесін бұзған студенттерді институт директорының ұсынысы бойынша оқудан шығарады.
Оқытушы емтиханға бір күн қалғанда, пән бойынша студентке қосымша балл қойғанда (сессияны әртүрлі себептермен ұзарту кезінде), институт директорының қолымен тіркеу кеңсесіне «Рейтинг парағын» ұсынуға міндетті.
Студенттің рейтингтісін және оның оқу нәтижесін анықтауда мына келесі жағдайлар бойынша мәртебесі анықталады:
студент GPA балы жеткілікті болған жағдайда келесі курсқа көшіріледі;
студенттің академиялық қарызы жоқ болып, бірақ та GPA балы жеткіліксіз болса, онда ол қайта оқу курсына қалдырылады;
студенттің GPA балы жеткіліктілігі болғанымен, оның академиялық қарыздары болса, онда ол келесі курсқа шартты түрде көшіріледі, бірақ академиялық қарызын жабуы керек.
студент курсты қайта оқуға қалдырылады.
Егер мемлекеттік білім грантының иегері келесі курсқа өту балын жинаса, бірақ оның академиялық қарызы болса да, ол келесі курсқа шартты түрде көшіріледі, ал академиялық қарызын жабу үшін, аталған пән ақылы негізде қайтадан оқытылады.
Академиялық айырмашылықтарды жою
Академиялық айырмашылықтар төмендегідей жағдайларда туындайды:
студенттің басқа оқу орнынан ауысып келуіне байланысты;
студенттің басқа мамандыққа ауысуына байланысты;
студенттің академиялық демалыста болуына байланысты;
студенттің курсқа қайта қабылдануына байланысты;
Академиялық айырмашылықтарды жою оқу жылының жазғы семестрінде жүзеге асады. Жазғы семестрде студент:
көрсетілген курсты меңгеру мақсатымен сабаққа қатысуға;
балды – рейтінгілік жүйе бойынша барлық тапсырмаларды орындауға ;
- жоспарланған кредит мөлшерін алу мақсатында қарастырылған бақылау түрлерін тапсыруға міндетті;
Тіркеуші кеңсесі студенттің өтініші бойынша төмендегідей жағдайларды:
академиялық айырмашылықтарды құрайтын пәндер тізімін;
студент оқитын курсына академиялық айырмашылықтарын жою үшін жазғы семестрге оқу ақысын толық төленгеннен кейін жіберіледі;
академиялық айырмашылықтарды жоюға қатысқан оқытушыларды анықтайды.
Жазғы семестрді ұйымдастыру
Жазғы семестр академиялық қарыздар мен айырмашылықтарды жою үшін студенттердің бастамасымен ақылы түрде ұйымдастырылады .
Жазғы семестрде оқуға төмендегі студенттер жіберіледі:
- семестрлік рейтинг қорытындысы бойынша емтиханға жіберілмеген;
- басқа оқу орнынан ауысып немесе академиялық демалыстан қайта келгенде, академиялық айырмашылықтары анықталған, бірақ оларды белгілен-ген мерзімде тапсырмағандар;
- емтиханда «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған.
Жазғы семестрді рәсімдеу төменгі схема бойынша жүзеге асады:
- студент жазғы семестр басталмай тұрып, тіркеу кеңсесіне жазғы семестрге қатысу туралы негізделген өтініш береді;
- тіркеу кеңсесі топтың құрамын анықтайды;
- тіркеу кеңсесі мәселе оң шешілгенде және студент жазғы семестрдің ақысын төлегеннен кейін жазғы семестрдің кестесін жасайды, оны оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді.
Жазғы семестр кезінде студент 12 кредитке дейінгі мөлшердегі пәндерге жазыла алады.
Жазғы семестр баллды – рейтингілік жүйе бойынша өтеді.
3.1. Негізгі анықтамалар мен түсініктер
Студент – жоғарғы оқу орнының білім алушысы.
Намыс – жеке азаматтың адалдық, турашылдық, әділдік, шыншылдық сияқты жеке қасиеттерін бағалаумен байланысты кешендің моралдық-этикалық және әлеуметтік түсінік.
Интеллектуал – интелекті жоғары дамыған тұлға.
Миссия – жауапты тапсырма, рөл, жүктеме.
Кәсіби маман – қандай да бір істі өз мамандығында таңдаған адам, өз ісінің шебері.
3.2. Негізгі ережелер
Білім алу үшін өзіміз таңдаған жоғары оқу орынының, атап айтқанда «Болашақ» университетін құрметтей де сыйлай отырып, оқу орнының Жарғысының негізгі ережелерін бұлжытпай орындауға міндеттенеміз. Жоғары оқу орындарының студенттерінің отанымыз Қазақстан Республикасының интеллектуалды потенциалы екендігін және ата - бабаларымыздың жасап кеткен істерін ары қарай жалғастыруымыздың, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан көрсетілген және белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруымыздың керек екендігін түсіне отырып, біз өзімізге келесі міндеттемелерді қабылдаймыз:
оқуға - біздің негізгі міндетімізге- жауапкершілікпен қарау;
сапалы білім алуға ұмтылу, өзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды, қасиеттерді меңгеру;
ата бабаларымыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, өткенді білмей болашаққа бару мүмкін емес;
өз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру;
өз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына, өсіп өркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.
Жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында ЖОО студенттеріне жүктелген міндеттемелер мен құқықтарымызбен толық келісеміз:
1. Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жоғары білім алу;
2. Келісім шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;
3.Өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, өзінің жеке пікірлері мен түсініктерін еркін баяндауға;
4.ЖОО-ның барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен ЖОО басқару органдары арқылы, қатысуға;
5. ЖОО кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға;
6. Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен симпозиумдарға, мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;
7. Оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
8. Студенттік өзін өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;
9. Тиісті институттар мен кафедралар бойынша таңдау (аталған мамандық бойынша міндетті емес) және элективті (міндетті түрде таңдалатын) курстарын оқуға;
10. Институттар мен басқа да бөлімдердің басқару органдарына сайлануға және оларды сайлауға;
11. ЖОО қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру шеңберіндегі, шараларға еркін қатысуға;
12. Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;
13. Өздерінің мәдени және рухани деңгейлерін көтеруге, өздері оқитын ЖОО-ның мәртебесін арттыруға;
14. Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, ЖОО оқытушылары мен студенттердің жеке пікірлерімен санасуға;
15. ЖОО-ның мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру ережелерін сақтауға;
16. Студенттердің өз қылықтары мен қимылдарына өздерінің жауап бере алатындықтарын ескере отырып, өздерінің қимыл әрекеттерінен бөтендерге зәбір көрсету, оларға күш көрсету, өзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді (соның ішінде дөрекі сөйлеу мен қимылдау, айқайлау, түкіру және т.с.с.) болдырмау;
17. Студенттердің академиялық ар намысы мен абыройын сақтау, төмендегілерге жол бермеу:
академиялық жұмыстарды орындау мен аралық немесе қорытынды бақылау барысында өзіне көмектесу мен басқа біреуге көмектесу мақсатында мәліметтер алудың көшіру, заңсыз материалдарды пайдалану сияқты заңсыз әрекеттеріне бармау;
бөгде біреулердің идеялары мен ойларын ұрлау немесе оларды өзінің жұмыстарының нәтижелері ретінде көрсету немесе пайдалану;
тәртіп бұзудың басқа да заңсыз әрекеттеріне бармау: құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасау, өтірік сөйлеу, көшіру, мәліметтерді (соның ішінде компьютерлік), рұқсатсыз, өзгерту немесе пайдалану;
өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өздеріне берілген құқықтар шеңберінде студенттер, марапатталуы мүмкін. Ол үшін университетте марапаттаудың әртүрлі формалары мен түрлері, соның ішінде Қазақстан Республикасы президентінің шәкіртақысы тағайындалуы мүмкін;
өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерге әртүрлі шаралар да қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, ЖОО Жарғысын орындамағаны үшін университеттен шығару
3.3. Студенттердің міндеттері мен құқықтары
Студентің міндеттері:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының толық көлемін де кәсіптік білім алуға, біліктілік пен практикалық дағдыларды игеруге, оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай жүйелі түрде сабаққа қатысуға;
2. Дәлелді себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда, университетті өзі немесе туысқандары арқылы хабардар етуге;
3. Науқастануға байланысты сабақтарға қатыспаған жағдайда университетке дәлелді себептерді растайтын анықтама құжаттарын тапсыруға;
4. Көрсетілген уақытта және мөлшерде (инфляцияға байланысты өзгерістер енуі мүмкін) шартқа және 1 қосымшаға сәйкес оқу ақысын төлеуге. Қажет болса білім беруге жұмсалған қосымша шығындарды қоса төлеуге;
5. Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес ішкі оқу тәртібі мен міндет талаптарын сақтай отырып («Білім туралы» Заңының 47-бап, 14 тармағы, 2007 жылғы 27 шілде №319-III-ҚРЗ ) оқу ісін реттеу тәртіптері мен тазалық. Техникалық. өртті сөндіру қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңнамасында тікелей немесе жанама түрде көрсетілген талаптарды орындауға;
6. Университеттің іскерлігін және беделін құрметтеуге, университет туралы жағымсыз ақпарат таратпауға;
7. Кітапханадан алған әдебиеттерді уақытылы қайтаруға, егер уақытында қайтарылмаса, университеттің ішкі тәртіптік құжаттарына сәйкес өсім ақы төлеуге;
8. Бір оқудан басқа оқуға ауысқысы немесе қайтадан оқуға қабылданғысы келсе, оқуға қабылданғандығы туралы бұйрық шыққан күннен жеті күн ішінде пән айырмашылықтарын өтеуге байланысты шығынды төлеуге;
9. Университеттің қоғамдық өміріне, ғылыми жұмыстарға белсене қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында университеттің ішкі құжаттарына көрсетілген талаптарды орындауға;
10. Университеттің мүліктерін ұқыпты сақтауға, оны тиімді пайдалануға оқуға қолайлы жағдай жасауға белсенділік танытуға;
11. Университет мүлігіне толық немесе ішінара залал келтірсе мүлікті толық құнын төлеуге, оған қоса үстеме 10% айып ақысын төлеуде;
12. Университеттің оқытушылары мен қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
13. Әскери есепке тұру ережелерін сақтауға;
14. Отбасылық жағдайы, тұрған жері, телефоны өзгерсе, үш күн мерзім ішінде өзгерістер туралы хабардар етуге;
15. Университеттің өкімдері мен бұйрықтарын, жарғысымен ішкі тәртіп ережелерін осы шарттың талаптарын орындауға.
Студенттің құқықтары:
1. Оқудың бір түрінен екіншісіне бір оқу орнынан басқа оқу орнына ауысуға, сонымен қатар білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу түрінен мемлекеттік білім беру тапсырысы жолымен оқуға ауысуға;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен басқада тиісті мемлекеттік .ұйымдар белгілеген тәртіп бойынша денсаулығына байланысты академиялық демалыс алуға;
Қазақстан Республикасының Заңнамаларында қаралса, әскер қатарына шақырылуын кейінге қалдыруға;
Оқу ақысын бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық төлесе онда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады;
Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеуге. Онда төлем сомасы жалақының ұлғаю жағдайында және инфляция индексіне сай жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін;
Қосымша ақы төлеу арқылы мемлекеттік стандарттық білім беру қызметінен басқа қосымша білім алуына;
Университеттің шешімімен жеке оқу жоспарымен немесе жеделдетілген бағдарламамен шартқа қосымша тіркемемен белгіленіп қосымша білім алуға;
Кітапхана қорындағы және оқу залындағы ғылыми, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттерді, техникалық құралдарды еркін пайдалануға;
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен академиялық демалыстан кейін университетке кайта қабылдануға;
Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымына қатысуға.
Ақылы білім берудің тәртібі мен мөлшері
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының көлемінде ақылы негізінде оқыту төлем ақы теңгемен төленеді;
Төлемақы жалақының өсуіне, инфляциялық жағдайға байланысты әр жыл сайын бекітіліп отыруға;
Төлемақы бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлеуге болады;
Төлемақыны бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық төлесе, төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады. (Қ.Р, білім беру туралы Заңы 63-бап,6-тармақ);
Төлемақыны кезең-кезеңмен төлесе төлем жалақының ұлғаю жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін (Қ.Р, білім беру туралы Заңы
63-бап,6-тармақ);
Мемлекеттік өкілетті ұйымының Университетті қаржылық жағдайына кері әсер ететін актілерінің шығуына орай немесе инфляцияға байланысты баға күрт өссе, басқа да күтпеген жағдайлар қаржылық жағдайына кері әсер ететін болса тығырықтан шығу үшін университет төлемақыны оқу жылының ішінде бір жақты өзгертуі мүмкін;
Төлемақы өзгерген жағдайда осы шартқа қосымша жасалынады. Оқу ақысының өсу мөлшері жалақы мен инфляция индексінің өсуінен асуына тиіс;
Төлемақы университеттің есеп шотына аудару арқылы төленеді;
Басқа оқу орнынан ауысып келген студент оқу ақысын ректордың сабаққа қатысуына рұқсат бергені туралы бұйрығы шыққаннан кейін төленеді;
Кезекті төлемақы уақытында төленбесе, студент аралық, қорытынды бақылауға жіберілмейді, одан кейін оқудан шығарылады. Бұл жағдайда оқыған кезеңдерінде жиналып қалған оқу ақысының шығыны мен қосымша шығындарын төлеуге міндетті;
Студент басқа жоғары оқу орнынан ауысқан немесе қайта қабылданған жағдайда пән айырмашылығын тапсыруы кезіндегі шығындарды қосымша шығындарын төлеуге міндетті;
Студент төлемақыны төлемегені үшін немесе толық төлемегені үшін оқудан шығарылған болса, оқу ақысын толық мөлшерде төлеген жағдайда, оқу орнына кайта қабылдануға құқығы бар;
Студент сабақтан үлгірмесе қанағаттанарлықсыз баға алса, себепсіз курс жұмысын қорғауға уақытында қатыса алмаса, аралық бақылауды, сынақ емтиханды қайта тапсырса осыған кеткен қосымша шығындарды төлеуге міндетті;
Төлемақыны төлемесе, сессияға жіберілмейді, кейін оқудан шығарылады, төлемақыны төлемеген жағдайда жиналған қарызы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өндіріліп алынады;
Осы шартты орындамаса, не толық орындамаса жақтар Қазақстан Республикасының Заңнамалары талаптарына сай жауапкершілікке тартылады;
Төлемақыны төлеу туралы шарттың күші студенттің оқудан шығуы туралы бұйрық шыққан күнге дейін сақталады.
Студенттер өз міндеттерін бұзған жағдайда арнайы шаралар қолданылады.
3.4. Студенттердің университеттегі тәртіп ережелері
Университетте студенттердің тәртіп ережелері университеттің ішкі тәртіп ережелері аясында жасалынған.
Университетте сабаққа кешігу және келмеу Ережені дөрекі бұзу болып табылады. Белгілі себептермен сабаққа келмеу, қоғамдық іс шараларға қатыспау құжатты түрде расталуы керек.
Студенттер сабаққа қоңырау соғылғанға 1,5-2 минут қалғанға дейін оқу дәрісханасынан орын алып, оқу сабағына дайын болу керек. Әрбір студент берілген 50 минут оқу сабағын тиімді пайдалануы керек.
Топ старостасы әр күнге кезекшілер тағайындайды. Студенттерден кейін дәрісхана келесі сабаққа таза күйінде қалу керек.
Студенттер оқытушы дәрісханаға кіргенде, орындарынан тұрып амандасады, оның рұқсатымен ғана өз орындарына отырады. Студенттер университеттің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, темекі тартпауға, қатты сөйлемеуге, ішімдікті ішпеуге, мұғалімдерге, курстастарына жылы сөйлеуге, сабақ уақытында ұялы телефондарын ажыратып қоюға міндетті.
Студент асхана мен буфеттерде арнайы бекітілген тәртіп бойынша қызмет көрсетуші құрамдармен сыпайы болуға, жеке гигиенаны сақтауға және оның нормаларымен жүруге, тамақтану мәдениетінің талаптарын ұстануға міндетті.
Университетің ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттерді институт директоры оқудан шығаруға ұсыныс жасайды.
Басуға қол қойылды ___________
Подписано в печать ___________
Қағаз форматы ХхY 1/16
Формат бумаги ХхY 1/16
Типографиялық қағаз. Офсеттік баспа. Көлемі 2 б.б.
Бумага типографская. Печать офсетная. Объем 2 п.л.
Таралымы 100 дана. Тапсырыс №____
Тираж 100 экз. Заказ №____
© «Болашақ» университетінің баспасы
© Издание университета «Болашак»
«Болашақ» университеті баспа орталығы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 31А
Издательский центр университета «Болашак», г. Кызылорда, пр. Абая, 31 А
Достарыңызбен бөлісу: |