РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
Қызылорда-2013
Студенттерге арналған жөнсілтер анықтама. Кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша анықтамалық-ақпараттық басылым. - Қызылорда, «Болашақ» университеті , 2013. - 33 б.
Бұл ақпараттық-анықтамалық басылымда университет, оның құрылымдық бөлімдері туралы мәліметтер берілген. Кредиттік білім беру жүйесін ұйымдастырудың негізгі ережелері келтірілген. Студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың университеттегі тәртіптері туралы ережелер берілген.
Жөнсілтер-анықтама 1 курс студенттеріне арналған.
«Болашақ» университеті Әдістемелік кеңесі тарапынан баспадан шығаруға ұсынылған (№ 1 хаттама, «29» тамыз 2013 ж.)
© «Болашақ» университеті, 2013
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ ..........................................................................................................
|
5
|
|
|
|
1.
|
«Болашақ» университетінің тарихы мен қазіргі жағдайы .....................................................................................................
|
7
|
1.1
|
Жалпы мәліметтер .........................................................................................
|
8
|
1.2.
|
«Болашақ» университетіндегі ғылым .......................................................................................
|
9
|
1.3.
|
Ақпараттық білім беру орталығы /кітапхана/ ............................................
|
11
|
1.4.
|
Студенттік өмір ..............................................................................................
|
12
|
1.5.
|
Университеттің әкімшілік және құрылымдық бөлімдері ..........................
|
14
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
Оқу процесін ұйымдастырудың академиялық ережесі
|
15
|
2.1.
|
Жалпы түсініктер ...........................................................................................
|
15
|
2.2.
|
Оқу үрдісін ұйымдастыру .............................................................................
|
18
|
2.3.
|
Тіркеу кеңсесі. Оқу пәндеріне жазылу тәртібі ............................................
|
19
|
2.4.
|
Студенттерді оқуға ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару ережелері ........................................................................................................
|
21
|
|
|
|
3.
|
Студенттің ар-намыс кодексі .......................................................
|
27
|
3.1
|
Негізгі анықтамалар мен түсініктер .............................................................
|
27
|
3.2.
|
Негізгі ережелер .............................................................................................
|
28
|
3.3.
|
Студенттердің міндеттері ..............................................................................
|
29
|
3.4.
|
Студенттердің университеттегі тәртіп ережелері .......................................
|
31
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгеніндей, ұлттың білімділік деңгейін көтеру мақсаты оның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы ретінде қарастырылып отыр. Сондықтан да, бұл құжатта заманауи талаптар мен әлемдік стандарттарға сәйкес келетін білім берудің ұлттық жүйесін жасаудың басты мәселесі қойылып отыр.
ХХI-ғасырдың басты міндеті, миллиондаған, миллиардтаған адамдардың ұмтылысы өмір сүру сапасын арттыруға, соның ішінде, жеке азаматтың өсу-өркендеу шарттарын анықтайтын, білімнің сапасын арттыруға бағытталған.Сол үшін де, білім беру мен ғылым жүйесін қайта құру мен жетілдіру мәселесі жахандану кезіндегі көптеген проблемаларды шешудің шешуші факторы болып табылады.
Білім беру әлемдегі көптеген мемлекеттердің негізгі басымдықтарының қатарына еніп отыр.Олардың көпшілігі бүгінгі таңда жаһандық бәсекелестік жағдайларындағы талаптарға жауап беретін жоғары білім беру жүйесін жасақтау жолындағы күрделі өзгерістерге кірісіп те кеттті. Бұл жағдайда басты мақсат болып есептелетін – ЖОО мен мамандарды дайындау бағдарламаларының бейімделу потенциалын арттыруға – академиялық және ұйымдық құрылымдарды қайта құру, инфрақұрылымдарды , білім беру әдістері мен технология-ларын жаңарту, педагогикалық үрдісті жетілдіру және оқытушылар құрамының сапасын жақсарту арқылы қол жеткізу жрспарланып отыр.
Экономика мен азаматтық институттардың дамуындағы артта қалу қаупі әсіресе, үздіксіз білім берудің тиімді үлгісі жасалынбаған мемлекеттер үшін аса маңызды екендігі белгілі. Жоғарғы деңгейлі білімге, сервистік-технологиялық бағыттағы экономикаға негізделген ашық, азаматтық қоғам құру жолын мақсат етіп алған біздің мемлекетіміз, ең алдымен білім беру жүйесін жетілдіруге көп көңіл бөлуі тиіс.
Қазақстан Республикасы тарапынан Лиссабон Конвенциясына қол қою, оны Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Қаулысы біздің мемлекетімізді автоматты түрде «Европейская конвенция об эквивалентности дипломов, ведущих к доступу в университеты (1953ж.)», «Европейская конвенция об академическом признании университетских квалификаций (1959ж.)», «Европейская конвенция об общей эквивалентности периодов университетского образования (1990ж.)» сияқты көптеген халықаралық жобалардың, бағдарламалардың және келісімдердің толық мүшесі екендігін көрсетеді.
1999 жылы Болонье қаласында 29 мемлекеттің өкілдері біртұтас білім беру кеңістігін құру процесінде өздерінің қатынасатындықтары туралы Декларацияға қолдарын қойды. Сол Декларацияға сәйкес Европада жоғары білім берудің бірыңғай құрылымы жасалуы, барлық еуропалық менмлекеттердегі курстарды академиялық және кәсіптік тануға мүмкіндік беретін, ғылыми дәрежелердің сәйкестендіру жүйесі қабылдануы тиіс. Бүгінгі таңда Болон Декларациясына 40-тан астам мемлекеттер қосылып отыр. Болон Декларациясына қол қойып оған қосылып отырған мемлекеттер жоғары білім берудің екі сатылы жүйесіне өтуі тиіс. Бірінші деңгейдің оқу мерзімі 3-4 жыл. Ол аяқталғаннан соң бітірушіге, белгілі бір салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, бакалавр дәрежесі беріледі. Екінші деңгейдің бағдарламаларын оқып-үйрену барысында магистр (1-2 жыл) немесе доктор (3-4 жыл) дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған Концепциясы бүкіл білім беру жүйесін қайта жаңғырту процесінің негізгі құжаттарының бірі болып табылады және осы заманғы басым бағыттарды ескереді. Қазақстанның білім беру жүйесінің еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастық жағдайында қалыптастырылып отырғандығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында аса анық түрде атап өтілген.
Білім берудің кредиттік жүйесін енгізу Қазақстан Республикасының білім беру саласының деңгейлерін, сатыларын және академиялық дәрежелерін нақты әрі әділ салыстыруға мүмкіндік береді және оларды ашық, танитын және есепке алынатын ете алады. Ал бұл өз кезегінде әлемдік білім беру кеңістігіне енудің негізгі шарттарының бірі болып есептеледі.
1.1 Жалпы мәліметтер
«Болашақ» университеті – Қазақстан Республикасының аймақтың білім және мәдениет орталығы. «Болашақ» университеті 1995 жылы Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің Қызылорда филиалы ретінде Сыр бойы өңірінде ақпараттық технологиялар мамандарын, экономист-қаржыгер және заңгерлер даярлау мақсатында құрылды. 1999 жылы дербес Қызылорда экономика, статистика және информатика университеті болып қайта құрылды. 2001 жылы қоғамымыздағы жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге сәйкес жастардың мамандық таңдауындағы ұстанымдарына байланысты техникалық, педагогикалық және өнер мамандықтарына лицензия алынып, университет аты «Болашақ» болып өзгертілді.
«Болашақ» университетінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Мемлекеттік лицензиясының № 0137438 сериясы АБ, мерзімі шектелмеген. Лицензияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым саласындағы бақылау комитеті 2010 жылы 03 ақпанда Астана қаласында берілген.
Университетте білім беру ісі 42 бакалавриат, 6 магистратура және 29 орта кәсіптік білім мамандықтары бойынша 2 факультетте, 7 кафедрада және колледжде жүргізіледі. Қазіргі кезде жоғарғы оқу орнында 6000-нан астам студент білім алуда. Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында университетте сапа менеджменті, кредиттік оқу жүйесі және оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Университет қызметі үздіксіз білім беру мен оның сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Университетте және колледж жанында жұмысшы кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы жұмыс жүргізуде.
Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының, ғылым мен мәдениетінің барлық салаларына арналған мамандар даярланады.
Университеттің құрамында – 2 факультет: «Техника, экономика және құқық», «Педагогика» және 7 кафедра: «Тарих, филология және журналистика», «Шетел тілдері», «Математика, информатика және ақпараттық технологиялар», «Педагогика, психология және өнер», «Экономика, қаржы және бизнес», «Құқықтану және қоғамдық пәндер», «Мұнай-газ, жаратылыстану әне техникалық пәндер» кафедрасы және колледж және қоғамдық кәсіби оқыту орталығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |