Айтимов мұрат жолдасбекович



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет14/47
Дата05.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11346
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47

42                                           
 
жеңіл  түрлене  алатындай  болуы  мүмкін.  Мұндай  түрлендіргіштер  ретінде 
қарапайым түрлендіргіш «кернеу-жиілік» болуы мүмкін [30]. 
БМЖ бірінші деңгейінде бақылау техникалық қызметтерді жетілдіру үшін 
біруақытта  бірнеше  параметрлерді  өлшеп,  (ON  -  LINE)  қашықтан  қатынауды 
қолданып  жұмыс  жасау  қабілеттілігі  бар  және  реттелген  энергия  қолданатын 
көпқызметті физикалық шамалар датчигі  болуы қажет. 
 
Бірінші бөлім бойынша тұжырым 
1.  Қоршаған  ортаны  бақылау  және  мониторинг  жүйелерінің  қазіргі 
уақыттағы жағдайы мен болашақтағы дамуы туралы талдау жүргізілген. 
2.  Қазіргі  кездегі  қолданыстағы  физикалық  шамалар датчиктерінің, оның 
ішінде жиілік датчиктерінің  зерттеулері жүргізілген. 
3.  Ерекше  маңызды  стратегиялық  объектілерді  жай  күйін  сымсыз 
қашықтықтан мониторингтеудің жүйелері талданған. 
4.  Қоршаған  орта  күйін  жинақталған  ON-LINE  бақылау  жүйелері  үшін 
көп параметрлі датчиктердің кешенін негіздеу және жобалау  жүргізілген. 
 
 


43                                           
 
2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
МЕН 
ЖИНАҚТАЛҒАН 
ON-LINE 
ЖҮЙЕЛЕРІН 
ҚҰРУ 
ЖӘНЕ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҚЫЗМЕТ ЕТУ ПРИНЦИПТЕРІН ӘЗІРЛЕУ  
 
2.1  Қоршаған  орта  мен  стратегиялық  нысандарды  бақылау  және 
мониторинг жасау жүйелерін құру концепциясы 
Қоршаған  орта  мен  стратегиялық  нысандарды  бақылау  және 
мониторингдің  автоматтандырылған  жүйесін  тұрғызу  концепциясы  мемлекет 
және  салалық  министрліктер  қабылдаған  тиісті  заңдар  мен  стандарттарға 
негізделеді және аймақтық аппараттық бағдарламалық құрылымнан тұрады. 
Қоршаған  ортаның  жағдайын  мониторингтеудің  автоматтандырылған 
жүйесін жасау және төтенше оқиғалардың шығуы концепциясы мемлекет және 
салалық министрліктер қабылдаған заңдар мен стандарттарға негізделуі қажет 
және  аймақтық  таратылған  аппараттық-бағдарламалық  құрылым  болып 
табылады, ол тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді және тұрғындарға төтенше 
оқиғалардың  шығуы  немесе  болу  қауіпі  туралы  сонымен  қатар  мұндай 
жағдайда  қорғану  тәсілдері  мен    адамның  қозғалыс  ережелері  туралы  жедел 
ақпаратты  уақытылы  жариялау  және  әрбір  адамға  сигналдың  жеткізілуіне 
кепілдікті қамтамасыз етеді. 
Атап  өткендей,  қоршаған  ортаның  жағдайын  мониторингтеу  жүйесінің 
дамуының  қазіргі  кезеңінде  бақылау  және  жариялау  ақпараттылығы  мен 
шұғылдылығын арттыру мынадай жолдармен қол жеткізіледі: 
-  Ақпараттық үдерістерді компьютерлендіру; 
-  Адамның әсер ету факторларын мейлінше азайту; 
-  Қолданылап  жүрген  және  жаңа  аппараттық-бағдарламалық  құралдар 
мен ақпараттық технологияларды бірыңғай жүйеге біріктіру және іске асыру. 
Бұндай 
концепция 
төмендегідей 
бағдарламалық-аппараттық 
элементтермен  жабдықталған  жағдайда  іске  асырылып  және  қалыптасуы 
мүмкін: 
- Бақыланатын аймақта немесе нысанда төтенше  оқиға пайда болуын және 
қалыптасуын сипаттайтын математикалық моделдер, оның ішінде динамикалық 
кешені; 
- Іс  жүзіндегі  табиғи  және  техногендік  төтенше    оқиға  көздерін 
диагностикалау 
және 
бақылаудың 
жергілікті 
жүйелері, 
таратылған 
телекоммуникациялық  желілер,  Интернет,  ұялы  байланыс,  көпқызметті 
датчиктер және өлшеу жүйелері, жоғары деңгейдегі апппаратты-бағдарламалық 
жүйелермен үйлесімді болуы; 
- Бақыланатын  нысан  көп  факторлы  жағдай  туралы  ақпаратты  қабылдау-
жөнелтудің автоматтандырылған жүйесі болуы; 
- Жұпсыз жиындардың математикалық аппараты және жасанды нейрондық 
желілер  технологиясын  қолдануға  негізделген  шешімді  қабылдайтын 
бағдарламалық аппараттық эксперттік жүйе болуы. 


44                                           
 
Келтірілген 
қоршаған 
ортаның 
жағдайын 
мониторингтеудің 
автоматтандырылған  көпдеңгейлі  жүйесінің  құрылымы  Қазақстанның  таулы 
және тау аймақтарына қолданылады және 2.1 суретте көрсетілген [3, c.38]. 
 
 
 
1-мониторинг  объектілері;  2-физикалық  шамалар  датчиктері;  3-  станционарлы 
радиостанция;  4-қозғалмалы  радиостанция;  5-  тасымалданатын  радиостанция;  6- 
радиомодем;  7-  радиоканал  арқылы  хабар  тарататын  видеокамера;  8-радиоканал;  9-УҚТ-
байланыстағы  базалық  станция;    10-  радиосигналдарды  таратушы  –  түрлендіргіш;  11-ТЖ 
мониторинг орталығының ақпаратты өңдеу бөлімдерінің мониторлары; 12- ішкі интерфейс; 
13 – берілгендер құрылымы; 14 – ішкі байланыс желісі. 
 
Сурет 2.1 - Мониторингтеу жүйесінің нысандық моделінің құрылымдық 
сызбасы 
 
2.1  суретте  көрсетілген  мониторингтеу  жүйесі  шартты  түрде  үш 
иерархиялық деңгейден тұрады: 
-  бірінші,  төменгі  деңгей  физикалық  шамалар  датчиктері  (қысым, 
температура, деңгей, ылғалдылық т.б.) орнатылған нақты бақыланатын нысан 
- екінші, антенналы радиоқабылдағыш және радиотаратқыш құрылғылары, 
төтенше  оқиғалар  туралы  ақпаратты  қабылдайтын  және  өңдейтін 
монитортнгтеу орталығы мен датчиктер арасында тұрақты ақпараттық арнаны 
ұйымдастыру функциясын орындайды; 
-  үшінші,  жоғарғы  деңгей,  мониторингтеу  орталығынан  түсетін  барлық 
ақпаратты қабылдайды, жинақтайды және талдау жасайды. 
Қоршаған  ортаның  жағдайын  бақылау  мен  мониторингтеу  аппараттық  –
бағдарламалық    жүйесінің  барлық  деңгейінің  ерекшеліктері  мен  функциясын 
көрсетілген  техникалық  талаптары  мен  іске  асу  мүмкіндіктері  бойынша 
қарастырайық [27]. 
Бірінші, төменгі жүйелік деңгей 
Бірінші деңгейден бүкіл жүйенің бүтіндей жұмысы өте көп тәуелді болады, 
яғни сол физикалық шамалар датчиктері (ФШД)  негізгі ролді орындайды – кез 
келген көптеген сыртқы факторлардың әсері кезіндегі мониторинг нысанының 


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау