Айналайын, Атажұртым



жүктеу 0,96 Mb.
бет3/4
Дата14.11.2017
өлшемі0,96 Mb.
#412
1   2   3   4

Сиқырлы саз аспабы


Халық етегілері бойынша әдеби мозаика

Ерте –ертеде, ұшы –қиырсыз қазақ даласында Кербұғы деген керемет домбырашы өмір сүріпті. Ол небір құлақ құрышын қандырар күйлер шығарып, оны өзі домбырада төгілдіре орындайды екен.

Күні бойғы күйбең тірліктен кейін ауыл адамдары домбырашыны ортаға алып, «құлақтан кіріп бойды алар» сиқырлы күйлерін сүйсіне тыңдайды екен. Қос ішектен құйқылжи төгілген күйдің құдіреттілігі сонша – асыр салған балалардың өзі ойынын ұмытып, сілтідей тынып құлақ түреді екен.

Ақсақ Құлан ертегісі.

Базардан барабан сатып ап.

Оралды Қоян да әлгі үйге.

Түлкіні енді ол қатырмақ,

Өстиді кектенсе әркім де.
Түлкінің үйіне жетті ол,

Қағылды гүрілдеп барабан.

Кезекпен ойнады екі қол:

«Бам- барам, бам – барам, бам – барам!»


Отырған меймандар шошынды,

Кенеттен тиылды күлкілер.

Аңшы ма деп қалды осыны,

Не істерін білмеді Түлкі – «ер».


Әлімқұлов Н. Барабаншы қоян. Ертегі.
Асан сегіз – тоғыз жасқа келгенде анасының арманды мұңын, зарлы жырын тыңдап, жаттап алып, кең далада қой бағып жүріп, күңірене толғайтын болыпты. Қайғылы қалың елдің қайғы арманын, мелшиіп жатқан сар даланың сағым бұлдыратқан мұнарымен үндестіріпті. Ханның қайырымсыз сарайының маңынан таппаған мұңлы сыр, мазмұнды жырды Асан сахараның кең де келісті табиғат көрінісінен тапқандай болыпты.

Сөйтіп жүріп ол тоғыз жасында асқан жыршы, айтқыш ақын, шебер сыбызғышы болған екен.



Қасиманов С. Сиқырлы сыбызғы. Аңыз ертегі.

Көзіне жас алқымына өксік тығылған Лосан щяньцзысын асынып, басы ауған жаққа жүріп кетеді. Жүре – жүре мұнарлана шалқыған көк теңіздің жағасына жетеді. Бір тасқа жамбас басып, жан шақырады. Көңілі құлазып, біраз отырған соң, щяньцзысын қолына алып, шерін тарқатпақ болып, әсерлі мұңға толы күй шерте бастайды.

Мамырлап «Жабайы өрік гүлдеді» әуені төгіледі, күмбірлеп «Иен таудың сулары» ағады. (щяньцзы – үш ішекті, сазген тектес шертпелі аспап)

Лосан (дүнген ертегісі)

Жігіт гуслиын тізесіне қойып, тыңқылдатып, би әуеніне басқанда, тамам қарақшы жапұр – жұпыр билеп кетеді. Тоқтайын десе, дәрмен жоқ, аяқ- қолдары ербеңдеп билей береді.



  • Ағатай , тоқта! Бір қап алтын берелік, - деп жалынады олар диірменшіге.

Жігіт күйін тоқтатып, қарақшылар қап толы алтын әкеп береді. Алтынын арқалаған жігіт көңілі тасып, үйіне келеді.

(гусли – жетіген тектес, шертпелі аспап)



Ғажайып гусли (украин ертегісі)
Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастан өнер қуып, күй қайырыпты. Өгіз жайып жүріп, қурайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, өгіздер күйсегенін тоқтатып, құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. Ормандағы құс қалғып, батпақтағы бақа тыншып қалса керек.

Кейде қыз – бозбалаға ілесіп, түнгі күзетке шығады. Түн тынық, жер- әлем бусана манаурайды. Қалжың – күлкі, ойын – сауық. Керемет.

Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу созылтып күй бастайды.

Қыз біткен, жігіт біткен тегіс ұйып қалады. Қай –қайсысы болмасын, жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім бір күш қағып алып, биікке, шырқау биікке, жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп бара жатқандай сезінуші еді.



Құдіретті күйші (белорус ертегісі)

Баяғыда бір бала болыпты. Әке –шешесі жоқ тұл жетім екен. Көрінгеннің есігінде қаңғып жүреді . Бір үзім нан үшін жұрттың шошқасы мен сиырының соңында салпаңдап, айтқан шаруасын екі етпей орындайды. Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның сиырын бағуға жалданыпты. Күздің қара суығы екен, төңірек тұманға бөгіп, ызғырық жел өңменнен өтеді. Жұрт жылы үйден шығуға әйенкенестенеді (жиіркенеді авт.). Ал жетім бозбала жалаң аяқ сыз басып, сиыр жаяды. Суықтан тіс – тісіне тимей жаурайды. Не істерін білмей, торығып, өксіп- өксіп жылайды.

Кенет қасына бір кішкентай шал келіп:


  • Әй, балам, неге жыладың? – деп сұрайды.

  • Жыламағанда не? – дейді бозбала. – Қожайын күн сайын далаға қуады, жалаң аяқ, жалаң баспын, суыққа ұшып өлерше болдым.

Шал жетімді аяйды,әйтсе де қолынан келер қайран жоқ, өзінің аяғында жыртық шақай. Әрі – бері ойланып, қалтасынан сыбызғысын алып, бозбалаға ұсынады.

  • Мә, осыдан басқа берерім жоқ, - дейді. – Бірақ бұл – жай сыбызғы емес, сиқырлы сыбызғы. Мүмкін, күндерде бір күн пайдасы тиіп қалар. Бұл сыбызғыны үрлеп жіберсең болды, естіген жұрт билеп кетеді.

Бозбала сыбызғыны алысымен, шал ғайып болады.

Сиқырлы сыбызғы (латыш ертегісі)

Ханшаның құлантаза айыққаны жайлы хабар төрт тарапқа түгел таралады. Алыстағы – жақындағы ханзадалар мен бекзадалар сұлу ханшаға үйленбек болып, толассыз шұбырады.

Алайда қыз өзін емдеген кернейші бозбаланы құлай сүйіп қалып еді.

Кернейші бозбала (өзбек ертегісі)

Гуслишы патшаның сөзіне құлақ асып, сарайда қалады. Күн сайын күй тартып, көңілін аулайды. Бірақ патшаның құмары тарқап, құлақ құрышы қанар болмайды. Шіркін, күй деп осыны айт! Қайғыны да, мұңды да қолмен сылығандай жоқ қылады.

(гусли – жетіген тектес, шертпелі аспап)

Гуслишы патшайым (орыс ертегісі)

Ертеде бір помещик өмір сүріпті, ол Аницзы атты бір бала бақташыны өзіне жалдап алыпты. Аницзны жұрттың бәрі де, әсіресе, сыбызғыны тамаша тартатындығы үшін жақсы көретін. Оның сыбызғысы кәдуілгі қарапайым бамбуктан жасалынған болса да, оның қолында ең нәзік музыкалық аспапқа айналатын.



Бала бақташы – Аницзы (ұйғыр ертегісі)
Скрипка үні естілісімен, сот бар, жендет бар, жиылған барша қауым бар – барлығы ұршықша үйіріліп, биге басады.

Саз да , би де толастамайды. Жігіт скрипкасын безілдете толғап тұрып:



  • Қалай , осындай күй үшін өлім жазасына кесуге болама? – деп сұрайды.

  • Жоқ , - дейді сот. – Бұндай өнерпазды өлтіруге болмайды.

Жалшы мен сиқырлы скрипка (поляк ертегісі)

Ұлы Жібек жолынының Қазақстан бөлігіндегі тарихи ескерткіштерге сырттай саяхат

Орта сынып оқушыларына арналған
Дайындық кезеңі: Кейінгі жылдары «Аруна баспасынан шыққан «Ежелгі Қазақстан», «Алтын Орда» қазақ балалар энциклопедисымен және осы баспадан шыққан «Аңызға айналған жерлер», «Ежелгі қалалар», «Ұлы жібек жолы» т.б. кітаптары бойынша көрме ұйымдастыру керек. Ұлы Жібек Жолының Қазақстан жерінен өтетін бөлігінің үлкейтілген картасы дайындалады. Балалар алдын ала осы көрмелермен танысады. Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалалар мен тарихи ескерткіштердің суреттері бойынша алдын-ала слайд жасап, шара болған күні қолдану керек. Балаларға шара өтерден біраз уақыт бұрын Қазақстанның ежелгі қалалары туралы аңыз, ертегі, өлеңдер оқып, жаттап келу тапсырылады. (Н.Тілендиевтің «Көш керуен» күйінің әуенімен бірге экраннан ежелгі қазақ сахарасында жатқан Жібек жолының бойындағы керуен тізбегінің бейнесі жылжып өтіп жатады)
Тарих ата: Байырғы заманда жердің түкпір – түкпірінде тұратын адамдар бір – бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық- түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда – саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір – бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты.

Бала (1): Ата, сонда бұрынғы кезде сауда жасау үшін түйемен ғана жүрген бе?

Тарих ата: Иә, балам, осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктерген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған. Мысалы, «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған.

«Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай- шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит тасымалданған.

Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы елдерге таралған.

Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір – бірімен қарым- қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктіреді.



Бала (2): Ата, неліктен бұл Жол «Жібек жолы» деп аталған?

Тарих ата: Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.

Бала (3): Жібек жолы біздің Қазақстан жерімен де өткен деседі. Сонда ол қай қалалар арқылы өтті?

(Экраннан Жібек Жолының картасы көрсетіледі)

Тарих ата: Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір – бірімен сауда – саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт – дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь – Шань тау етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр. Негізі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Испиджап, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Саудакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері зор.

Ортағасырлық шығыстың ұлы ақыны Фирдауси Ұлы Жібек жолын былай деп тамаша бейнелеген:

Сансыз қымбат жүк тиелген,

Мыңдаған алып түйелер.

Жүз сары нарға дихрем артса,

Қырық нарға динар жегілген.


Ең керемет мускус пен алойыны,

Ғажап жібек маталарды,

Иран мен Мысыр керуені артқан-

Тағы бар отыз түйесі.



Тарих ата: Балаларым, менімен бірге саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Олай болса, мен Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен ұзына жол бойындағы алғашқы Сауран қаласына тоқталамын. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Түркістанның солтүстік-батыс жағында, 30 шақырым жерде орналасқан. Араб тарихшысы «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. ХІІІ ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. ХVІІ ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған.

Тарих ата: Балалар, қараңдаршы, көк күмбезді мұнара маңындағы көрінісі қандай әсем! (Экраннан Түркістан қаласының сыртқы көрінісі жылжып өтіп, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің суреті көрсетіледі)

Бала (1):

Бір кезде қанды соғыстан,

Қаралы болған Түркістан.

Садақтан самсап оқ ұшқан,

Жаралы болған Түркістан.

Миы ашқан жердің қуырылған,

Танабы болған Түркістан.

Тұяқтан шаңның суырылған,

Алаңы болған Түркістан.

Сен үшін бабам алысқан

Аяулым менің Түркістан,

Алқынып жеткен алыстан.

Сарқырап қала жаздаған

Кешегі сағым Түркістан. (Т.Айбергенов)



Тарих ата: Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Оның 1500 жылдық тарихы бар. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Кесене- ғимараттың айналасында толып жатқан құрылыстар: солтүстік жағында биіктігі оншақты метрдей, ұзындығы да әудем жерді алып жатқан «Қамал қорғаны», кесененің қарсы алдында «Рабия сұлтан бегім» күмбезі, «Есім хан мазары», «Халуат жер асты мешіті» және ортағасырлық «Шығыс моншасы»- бәрі – бәрі үйлесімді бір ансамбль құрып тұрған.

Иасы қаласы XII ғасырда аса дәуірлеген: қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. Оның атағы бүкіл мұсылман қауымына жайылып, ол Меккемен теңестірілген, яғни Түркістанға үш рет барған адам Меккеге барып, қажы атанғанмен бірдей болған. Оған себеп- суфизмнің насихатшысы, ақын Қожа Ахметтің ықпалы еді. Оның қарапайым тілде жазылған адамгершілік, мейірімділік жайлы өлеңдері қажылық етушілерге қатты әсер етті. Ол соңғы 10 жыл өмірін жерасты хлеуетінде өткізіп, Құдайға құлшылық етудің шын берілгендік – нұсқасын көрсетіп кетті. Ол өлгеннен кейін де ел оның өлеңдерін жатқа айтып, есімін қасиеттеп жүрді. Сондықтан да Әмір Ақсақ Темір ол өлгеннен 233 жыл өткеннен кейін Қожа Ахмет Иассауи кесене ескерткіш күмбезін соқтыртты. Бұл ескерткішті әлемдегі жеті ғаламаттың бірі десе де болады.



Түсініктеме: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі-Түркістан қаласында ХІV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иассуи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Иассауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Мұны Әмір Темірге жүктеп, ол әлемдегі ең әдемі де үлкен кесене салдырып шығады. Кесене ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген.

Бала (2):

Әуелде үлкен қала Отырардан

Кейіннен кіші-гірім шоқы қалған

Өртеніп өзі күл боп кетсе-дағы

Қаланың көкіректе оты қалған.

Тартады күзгі желмен дала күйді,

Қалдырды өшпейтіндей баба сыйды.

Арада мыңдаған жыл өтсе дағы

Көтеріп келеді ол Фарабиді. (С.Мәуленов)
Тарих ата: Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді.Отырардың тарихи музейінің алдындағы тасқа: «Жиһанкез, сенің алдыңда Орта Азияға, Кавказға, орыстарға бет алған басқыншы Шыңғысханның сансыз әскерлерін жарты жыл ерлікпен ұстаған, сөйтіп барып өзі күйреген батыр қамалдың қалдығы жатыр. Бұл қамалдың қасиетін қадірлей біл», - деген сөздер қашалып жазылған.Мөлдір сулы Арыстың Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы Отырар....

Отырар – Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша орын алады. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл – Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Отырар 60 мыңдай жауынгері бар берік қамал болған. Алайда, қүмырсқадай қаптаған Шыңғысханның жауынгерлеріне 6 айдан артық төтеп бере алмады, бірақ бұл қала асқан батырлығымен тарихта қалды.

Түсініктеме: Арыстан баб-әулие. Діни аңыздар бойынша қожа Ахмет Иассауиге алғашқы ұстаз болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Арыстан баб кесенесі – ХІІ ғасырда салынған. Арыстан батың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында. Арыстан бабқа зиарат етушілер, соның басына барып түнейді.

(Экраннан ежелгі қазақ жерінің, Сырдария өңірінің бет-бейнесі жылжып өтіп жатады)

Тарих ата: Сол тұста Ұлы Жібек жолында ауызға іліккен тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады.

Тарихи деректер бойынша Испиджап IX- X ғасырларда әскери маңызы күшті бекіністі қала болған. Кезінде арабтардың шабуылына төтеп беріп, кейіннен Бағдат қаласына салық төлеп тұруымен тынған, бірақ тәуелсіздігін сақтап қалған. Сонымен, Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.

Сайрам Жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде 3 жылдай ерлікпен қорғанып, ақыры 1684 жылы құлаған, яғни қалмақтар қаланы өртеп, тұрғындарын түгелдей қырып жіберген. Испиджап атауы соғды тілінде «Ақ су» деген мағынаны береді.

Түсініктеме: Қарашаш ана күмбезі- ХІІІ-ХІV ғасырларда Қожа Ахмет Иассауидің анасы Қарашаштың басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауылында орналасқан.

Тарих ата: Сол тұста өмір сүрген қалалардың алғашқысы Тараз қаласына тоқталамын. Ұлы Жібек жолы өзінің өткен жерлерінде алдымен қалалардың, қыстақтардың, елді мекендердің бой көтеріп, одан кейін қолөнердің өркендеуіне, экономиканың дамуына тікелей әсер етті. Сондай қалалардың бірі Құлан еді (ол Кеңестер одағы тұсында Луговое атанып, қазір қайтадан тарихи атына көшті). Шамамен осыдан 1000 жыл бұрын ауыл шаруашылығы кең өркендеген, Құлан оазисі 50 шаршы шақырым жерді алып жатқан.

Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – цитаделі, мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар, құсханалар орналасқан. Тараздың бір ғажабы, оның керуен сарайына өз тауарлары мен белгілі адамдарын бүкіл ел жіберіп, тығыз қарым- қатынас жасап отырған. Тараздың даңқы базарымен ғана емес, алтын, күміс, мыс секілді түсті металдардан жасалған асыл бұйымдарымен де аты шыққан. Тараз өңірінен түсті металдардың өзге түрлері де өндіріліп отырған: балқытқан, құйған, әшекейленген. Мәселен, Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің кесенесіндегі диаметрі 2,2 метр, салмағы 2 тонна келетін тайқазан осы Тараз қаласында құйылған. Әрине, оны жай ғана адамдар емес, аса дарынды темір ұсталары мен түсті металл шеберлері жасаған.



Бала (3) : Тарих ата, Тараз-қаласы-қыпшақ даласының Отырардан кейінгі аса бай астанасы болғанын білемін.

Тарих ата: Дұрыс айтасың, ертедегі қалалардың дамуы екі жағдайға тікелей байланысты болған Оның бірі: қала үлкен керуен жолының бойында жатуы қажет, екіншісі суы мол өзеннің жағасында орын тепкені жөн. Тараз қаласында осының екеуі де бар. Тараз қаласының маңында бүгінгі ұрпаққа бүлінбей жеткен бірден бір тарихи ескерткіш – Айша бибі ғимараты.
(Экраннан «Айша бибі» тарихи ескерткішінің суреті көрсетіледі)

  • Түсініктеме: Айша бибі шамамен ХІ-ХІІ ғаырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда екеуі уәделескен уақытта кездесе алмаған соң, Айша бибі күйеу жігіт еліне жолға аттанады. Ел шетіне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қайғылы хабарды естіген Қарахан ең болмаса о дүниеде қосылайық деп, некесін қидырады. Содан кейін қарахан Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады.

  • Әулие ата күмбезі-Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орналасқан. Әулие ата күмбезі Қазақстан сәулет өнерінің үздік үлгілерінің бірі.

Тарих ата: Көне кітаптарда Саудакент шаһары Сугулхан бертін келе Сулхан деп аталған. Мұнаралы биік қорғанмен қоршалған шаһарды күмдезді әсем, көгілдір күмбез, сарайлар болған. Саудакент орта ғасырдың басында діни ағым-суфизмдінің орталығына айналған. Саудакент қазір елі қала күйінде жатыр. Оның орнына Жамбыл облысы, Сарысу ауданының орталығы Байқадам ауылы орын тепкен. Жібек жолындағы Суяб пен Баласағұн қалаларының да маңызы кем емес. Суяб 581 жылы бой көтеріп, Жетісу жеріндегі Батыс түрік қағанатының орталығына айналған сауда қаласы болған.

748 жылы қытай қолбасшысы Ван Чжинь- Сунь әскерімен қаланы ойрандап, қиратып кеткен. Жетісудың жаңа иелері атанған қарлуқтар Суябты 766 жылы басып алып, өздерінің тұрағына айналдырған. Шаһардың атын шығарған Баласағыни Жүсіп ақын болды.Оның әйгілі «Құтты білік» атты кітабы бар. «Құтты білік» біздің ұғымымызда «Білік шежіресі» немесе «Тіршілік тәжірибесі» дегенді білдіреді.



Баласағұн- орта ғасырдағы қарахан мемлекетінің астанасы. Тарихи деректерде Баласағұн Х ғасырдың өзінде гүлденген үлкен қала ретінде аталады. Атақты бабамыз, ұлы ғалым Махмұт Қашқари Баласағұн қаласының КүзҰлыс немесе Күз Орда деген басқа аттары болғанын айтқан. Балсағұн қаласының орны Оңтүстік Қазақстан өңірінің Шу өзенінің жағасында орналасқан. Баласағұн қаласы V-ХІІІ ғасырларда өркениет орталығы болған.

Жібек жолы бойындағы қалалардың орындарынан табылған бұйымдар мен алтын мен күмістен жасалған заттар, ыдыс – аяқтардың үлгілері Қытайда, Персияда, Византияда жасалған үлгілерге ұқсас келген, яғни шеберлер мен зергерлер солардан да үйреніп отырған.



Бала (1): Тарих ата, Ғалым ата деген қала туралы білесізбе?

Тарих ата: Ғалым –ата шаһары орналасқан Іле алқабы немесе Жетісу –аса көрнекті де өзгеше әрлі өңір. Ол бейне бір оңтүстігі мен оңтүстік шығысын Тянь-Шянның қарлы шыңдары көмкерген алып тостаған тәрізді. Ғалым ата шаһары бірнеше дүркін жоңғар шапқыншылығынан өртеніп, талауға түсті. Монғолстан ұйғырлары Ғалым атаны жаулап алуға әлде неше мәрте әрекет жасады, қорғандарды қиратып, жермен жексен етті. Ақырында Сібір генерал-губернаторының жарлығымен 1854 жылы көне шаһардың терістік шығысына орыс әскерінің Верный бекінісі орнады. Жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап жұрт оны Алматы деп атап кетті. Жез қоңыраулы Ұлы Жібек жолы бойындағы керуендер Қазақстан жерін басып өтіп, Қытай қорғанына жақындай береді. Керуеншілер осы жерде жазиралы қазақ даласымен қош айтысып, ары қарай жүріп кете барған. Міне, балалар біздің бүгінгі Қазақстанның ежелгі қалалары мен тарихи ескерткіштеріне жасаған саяхатымыз аяқталды.
Шараның соңында кітапханашы балаларды көрмемен таныстырады.

Сен еліңнің тарихын білесің бе?

Блиц турнир


  1. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі

(Тұмар (Томирис)

2.«Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр



(Құтылығұлы Күл -тегін)

3.Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым



(Әбу Насыр Әл -Фараби)

4.«Көмекей әулие» атанған қазақтың ұлы жырауы



(Бұқар жырау)

5. Қорқыт ата ескерткішінің қандай ерекшелігі бар?



(Ескерткіш жел соққанда қобыз

сарындас үн шығарады)

6.Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған ? (Қорқыт ата)


7.Штандарт дегеніміз не? (Мемлекеттің жоғары лауазым

иесінің ресми ажырату белгісі)

8.Ежелгі Баласағұн қаласында туған, Ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы?



(Жүсіп Баласағұн)

9.«Диуани лұғат ат -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің

авторы кім? (Махмұд Қашқари)
10. «Тарихи Рашиди» кітабының авторы кім? (Мұхаммед

Хайдар Дулат)

11. Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)

12. Қазақстандағы ең ыстық жер (Қызылқұм шөлі)
13.Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон» қандай қорықта кездеседі? (Үстірт қорығы)
14. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің қаншасы біздің еліміздің кен қойнауында бар? (99)
15. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)
16. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады? ( Ақсу – Жабағылы қорығы)
17. Төбесінен бірден төрт ел – Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия көрінетін тау жүйесі қалай аталады? (Қазақстандағы ең атақты тау – Алтайдағы Ақтау (Мұзтау, Белуха)

18.Қазақстанның қандай өзендері суға сіңіп жоғалып кетеді?



(Шу, Сарысу, Талас т.б.)
19.Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады?

(Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз. Тораңғының жуандығы соншалық, бір- бірінің қолынан ұстап, жеті адам құшақтарына сыйғыза алады)
20. Алматы апортының тұңғыш көшетін өсірген кім?

(Егор Васильевич Редько)

21. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгманы (Эверест) бағындырған (8848 м.) қазақ альпинисі кім? (Қазбек Уәлиев)


22. Аты да, мінезі де бұзық өзен қайда? (Талдықорған облысы,

Тентек өзені.)
23. Қазақстан қалаларынан тұңғыш рет алтын медальға ие болған қаланы білесіз бе?

(Ақтау қаласы (Шевченко) Патрик Амберкромби атындағы алтын медаль. Архитекторлардың Халықаралық ассоциациясының ең жоғарғы құрмет белгісі)
24. Тараз қаласының ерте ортағасырлық аты ? (Янги)

25. Тұңғыш мультфильм қашан жасалды, авторы кім? (Қазақ мультипикациялық киносының негізін қалаушы – суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров. Ол «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан», «Қожанасыр – сәулетші» атты фильмдер жасады.)


26. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)
27. Қазақстанда ең бірінші футбол командасы қай жылы ұйымдастырылды? (1914 жылы Семейде «Жарыс» атты футбол командасы ұйымдастырылды. Осы команда құрамында заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған.)

28. Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,

Басқан, Сарқант)

29. Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)

30. Қазақтардың ежелгі рулық белгісі (таңба)

31. «Қара сөздердің» авторы (Абай)

32. Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы? (Аттила)

33. Отрар қаласының әміршісі (Қайырхан)

34. Қазақ даласының музыкалық символы «Сарыарқа» күйінің авторы? (Кұрманғазы)

35. Қазақстандағы теңіздер? (Каспий, Арал)

36. Алтын жауынгердің (адам) аты? (Сүлей)

Ескерту: Блиц турнирде бұдан бұрын кітапхана қызметкерлері құрастырған «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры, шайқалмасын елдігімнің тұнығы», «Атамекен», «Қазақстанды таны» әдістемелік құралдарына енген сұрақтар қамтылмады. Сондықтан, кітапханалық шараларыңызға осы құралдарда берілген блиц-сұрақтарын да пайдалана аласыздар.

Өткен жылдар жемісі

Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері

1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.

1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.

16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп жариялады.



1992-қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады

4-маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.

Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.

Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы.

29-қыркүйек-Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының ашылуы.

1993- 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

1994- 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1995- 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды

ақыл ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны-Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды.



1996- Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

1997- «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

1998- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

маусым- Елордамыз Астана қаласына көшірілді.



1999- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

2000- «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде тойланды.



2001- Тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

2002- «Денсаулық» жылы болды.

8 тамыз Елімізде «Балалар құқығы туралы» Заң қабылданды



2003- Ресейдегі Қазақстан жылы.

2004- Қазақстандағы Ресей жылы.

2003-2005- Ауыл жылдары.


Қосымша 1
Отан

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Ту

Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған! Б.Бәмішұлы
Елтаңба

Дүние әлем көзіндей,

Дөңгеленген жамалы.

Еге елімнің қорғаны-

Кереге қанат қамалы.

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ-күн, уық-нұр.

Мәңгі сенбес күйінде,

Маңдайдан жұлдыз туып тұр.

Қуат отын қоздырған

Қос қанатты пыпағым.

Хас тұғырға қондырған

«Қазақстан» -Ұраным.

Тұлғасында түзілген

Ыстық қаным, діл, арым.

Төріме іліп,

Төсіме

Тағып жүрер Тұмарым!


Әнұран

Қаһарман қажыр, қайратым,

Шайлықпас текті айбатым.

Арман, абырой, толғаныс-

Айтылатын ар, затым.

Жұртымның мұң, мұратын

Құлқыма құйып тұратын

Сіңірген тұла бойыма,

Тәңірлік күштің қуатын.

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар.

Киелі сөз, сазды әуен

Шырқағанда, нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле

Жанып тұрар мың жанар.


Қазақ елі

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.


Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.


Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.


Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.


Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.



Шаймерген Әлдибекұлы

ҮШ БАҚЫТЫМ
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.


Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.


Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!



Мұқағали Мақатаев

ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.
Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным.
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмайын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала – Қазақстаным.


Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жан дала – Қазақстаным.
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным.

Күләш Ахметова

ТУҒАН ЕЛІМ
Менде сөйлер сөз болса –

Өзің берген сөзің ғой!

Менде көрер көз болса –

Өзің берген көзің ғой!


Шаттық құшқан шеруде,

Күйді өтерген өзің ғой!

Қиындықты жеңуге

Үйреткен де өзің ғой!


Толқығанда сезім –ой,

Әппақ арым, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!


Туған елім, өзіңнің,

Жазираңды кездірдің.

Жайма –шуақ кезімнің,

Рахатын сездірдің!


Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!



Бәкір Тәжібаев
ЕЛ

(Тоқсан ауыз сөз)
Қайтесің , дос, тамағыңды құр кенеп!

Қиналғанда

Жолдас емес,

Жыр керек.

Сөздің бәрі құдіретті,

Әйтсе де


ЕЛ деген бар,

Оның орны бір бөлек!


Сөз дейміз ғой,

Өз сөзіме иемін.

Осы сөзден сауыт тоқып киемін.

ЖЕР дегенде

Туған ауыл шетінде

Топырағын жатып алып сүйемін.


Мен – домбыра,

Сөзден жонған тиегім.

Ой дегенің осы сөздің жиені.

ЕР дегенде

Атып тұрып орнымнан,

Кішірейіп,

Ақ басымды иемін!
Тектен –текке жазылған жоқ осы өлең!

Өлең – қымыз беру емес кесемен.

АНА десе,

Бүктеуімнен жазылып,

Жолына оның кілем болып төселем!
Бағасы бар,

Орыны бар әр айдың.

Мен әр айға үмітпенен қараймын

БАТЫР десе,

Зиратының басына

Құлпытас боп тұруға ұзақ жараймын!


Шаттық емес,

Жаныңды жер уайыммын.

Бүйіріңе балта тиген қайыңмын.

АҚЫН десе,

Нөкері боп дарынның

Шашбауын, дос, көтеруге жараймын.


О, Ағайын, ажыраспа!

Ұйысқан!


Тымық,

Тынық тірлігі бол мүйістің!

КӨСЕМ десе,

Тосып мына кеудемді,

Оққағары болуға оның тиіспін!
Қайтесің ,дос, тамағыңды құр кенеп!

Қиналғанда

Жолдас емес,

Жыр керек.

Сөздің бәрі құдіретті,

Әйтсе де


ЕЛ деген бар,

Оның орны бір бөлек!


Сайран далам!

Қайран далам – кенішім!

Қақпақылдай қаға аласың мені шын.

Кемеңгердің

Даналардың өзі де

Көп ұлының бірі ғана Ел үшін!



Қадыр Мырза Әли

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚҰРДАСЫМ!...
Тарих –кесіп кіндігін,

Халық – ашқан түндігін:

ТӘУЕЛСІЗДІК-

Құрдасым,

Біз – төліміз бір күннің....
Жалғап нұрлы жолды алға,

Болам елге қорған да:

Еркіндікпен –

Егізбін,


Он жастамын,

Ол да – онда!...


Атам менің желпініп:

«Ер жігіттің – серті нық!...

Құрдасыңа сай болып,

Көрсет, - дейді, - өр қылық!...»


Биік болса мақсатты ой,

Құрдас... деген жақсы –ақ қой!

Асып –тасып кей –кейде,

Кеткім келер бастап той!...


Асқақтату ізгі әнді,

Өрлік дер ем бұл дағы:

Өйткені өмір – Ұлы той,

Тарқамайтын думанды...


Бойкүйездік жат маған,

Елім еркін,

Шат заман!...

Мен: Әлемге –

ТӘУЕЛСІЗ,

ҚАЗАҚПЫН, - деп мақтанам!...



Өтепберген Ақыпбекұлы

РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН, ЖАЙСАҢ ХАЛҚЫМ!

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
Нұрына шомылдырып алтын күннің,

Республикам ертеңге талпындырдың.

Өзінен шабыт алып ақын қиял,

Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.


Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.


Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

Алаштың ерлері бар асыл өткен.

Арманым болмас еді-ау туған елім,

Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.


Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім?


Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.

Республика күнімен құттықтаймын,

Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!



Ж. Ақылбайұлы

Отан- сенің, ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.
Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан- өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...


Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.



Б. Ысқақов
ҚАЗАҒЫМ – ЕЛІМ
Талайлы тағдыр, тәнтімін саған,

Осындай Отан сыйладың маған.

Осында туып, осында өскен

Әулие әжем, баһадүр бабам.


Жәннаттан артық ғажабым менің –

Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім.


Дариядай тасыр дәулетің ертең,

Шұғыладай жайнар сәулетің көркем....

Тебіренте жүрек терімді төгем,

Болардай ырза әулетің ертең!


Жәннаттан артық ғажабым менің –

Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім!



М. Әлімбай

Тілім – қазақ, тегім – түрік, ислам– дінім, иманым,

Ұлт едім мен ұлы едім, құл бол деп жат қинады....

Жоңғарға да, шүршітке де дес бермеп ем, орыстың,

Құшағына еніп кеттім, жел сөзіне иланып.
«Тілім – шұбар, тегім –күмән, имансызбын , дінсізбін,

Өз - өзімді алдарқаттым», - дедім, - елге мұңсызбын,

Халқымды да, салтымды да дайын болдым сатуға,

Жерім тозды, елім азды, күні осы ғой құнсыздың.

Өзегімде өкініш бар, баққа қалдым жарымай,

Өзімді өзім сыртқа тептім, қасиетімді танымай.

Хан Абылай ұмыт қалды, Қабанбай мен Бөгенбай,

Отаршылға оқ боп тиген Кенесары , Ағыбай.


Төл тарихтан бейхабармын, айтуға оны арландым,

Ажыратпай ғасыр озды, ақиқат пен жалғанды,

Көзайым боп таптым қайта Ахаң, Жахаң, Жүсіпбек,

Шер көңілді Шәкәрім мен ұлы ақын Мағжанды.


Кіл қаймағын қалқып алған, көк жасығын қалдырып,

Отызыншы жылғы ойраннан қауым қалды мәңгіріп.

Арманда өткен Бейімбеттің, Ілиястың, Сәкеннің,

Тым болмаса жатқан жерін табармыз деп жанды үміт.

Желтоқсанда еркіндігін мұрат тұтқан халықтың,

Жалын жастар, ерлік жолы жалғасқанын таныттың.

Қайрат сынды қайраттанған бауырларым мәңгілік.

Рух көтеріп тұрып қалды тұғырында даңқтың.


Ж. Игіман

Қосымша 2

Даналардан шыққан сөз

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады.

Қазыбек би.
Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат,

Мейірімді – анаң қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Төле би
Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.



Әйтеке би

Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.



Ғабит Мүсірепов
Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан – мекенің



М. Мақатаев
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп ер қайратыңа мін- дағы өрге бас.

Мұхтар Әуезов
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты бізде өлшеуге болмайды.

Баубек Бұлқышев
Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

Ахмет Байтұрсынұлы
Отан – адамның туып -өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы тіл, мәдениет, тұрмыс- салт, әдет –ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.

Бауыржан Момышұлы.

Отан – от басынан басталады, демек өз бесігің , өз үйің.



Бауыржан Момышұлы

Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.



Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды.

Д. Байрон.
Өтелмейтін қылмыс бар: ол – Отанға опасыздық жасау.

П.Буаст.
Отырар ойран болар ма,

Бір сатқын жығып бермесе ?!



О. Сүлейменов

«Отан » дегеніміз – төрт қана дыбыстан тұратын комплекс. Осыны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді



М. Арын


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау