Айыртау ауданының 2019 жылдың қаңтар айына арналған әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты



жүктеу 144 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі144 Kb.
#29489

Айыртау ауданының 2019 жылдың

қаңтар айына арналған

әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты

Аудан әкімі – Исманов Бейбіт Қайыркешұлы.

Айыртау ауданы 1928 жылы құрылды, 1997 жылы атын өзгертті.

Аймағы – 9,6 мың шаршы км (960,0 мың га), облыс аймағының салыстырма салмағы 9,8 % құрайды.


Әкімшілік-аймақтық бөлінуі:

аудан орталығы Саумалкөл а.

облыс орталығына дейін ара қашықтығы 235 км

барлық әкімшілік-аймақтың бірлігі 78

соның ішінде қала

ауылдық округтер 14


Тұрғындардың саны 2019 жылғы 1 қаңтарына 36944 адамды құрады немесе бұл облыс тұрғындарының 6,7%. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы тұрғындардың миграциялық айырмасы – -342 адамды құрайды (келгені 1606 адам, кеткені 1948 адам). Туғандардың саны – 440 адам, қайтыс болғандардың саны – 428 адам, табиғи өсім – 12 адам.
Ұлттық құрам бойынша келесі сипатта:

қазақтар - 14 445 адам немесе 38,8 %

орыстар - 17 594 адам немесе 47,2 %

украиндар - 1 510 адам немесе 4,1 %

немістер - 1 485 адам немесе 4,0 %

татарлар - 662 адам немесе 1,8 %

белорустар - 541 адам немесе 1,5 %

басқа ұлттар- 1 037 адам немесе 2,6 %


Табиғи ресурстар

Пайдалы қазбалар. уран кені, қалайы, вольфрам, әрлеу граниті, құрылыс материалдары.

Су ресурстары. Аудан аймағында Имантау көлі - 5492 г, Жақсы- Жалғызтау көлі - 4724 г, Баян - 2500 г, Құспек - 300 г, Логовое - 320 г, Шалқар - 3300 г, Белое - 1560 г, Байсары - 350 г, Лобаново - 400 г және т.б., сондай-ақ Иман-Борлық, Бабық- Борлық өзендері, Есіл өзенінің тармақтары орналасқан.

Қорғалатын аймақ. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 3 филиалы (Арықбалық, Шалқар, Айыртау) - 134198 г., орман мен жануарлар әлемін қорғайтын 2 мемлекеттік мекеме (Орлиногор, Борлық) орманды қорғау бойынша - 20954 г, 9 мемлекеттік табиғи ескерткіштер - 63,1 г.


Ауыл шаруашылығы

2019 жылдың 1 ақпанындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің айналымдық көлемі 818,7 млн. теңге немесе 100,3 % 2018 жылдың сәйкес кезеңіне.



2019 жылдың егістік аумағы 373,0 мың гектарды құрады, соның ішінде дәнді-дақылдар –249,6 мың гектар, майлы дақылдар – 77,2 мың гектар, мал азығы дақылдары –39,3 мың гектар, картоп – 2,9 мың гектар, көкөністер – 0,6 мың гектар.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша дәнді дақылдардың егістік алаңы 425,9 мың гектарды құрады, оның ішінде айналысатын ҰШ және ҚШ – 57,0 мың га немесе 13,4%.

Ауданда ауыл шаруашылығы техникасы 4756 бірлік, соның ішінде астық жинайтын комбайндар 581 бірлік.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ауданның шаруашылықтарымен сомасы 37,9 млн. теңге 9 бірлік техника мен жабдықтарды сатып алынды, соның ішінде «ҚазагроҚаржы» АҚ сомасы 5,6 млн. теңге 1 бірлік.



Дақылдар

2017 ж

2018 ж

2019 ж

Көлемі

мың г

Өнімділігіц/г

Көлемі

мың г

Өнімділігі ц/г

Көлемі

мың г

Өнімділігі ц/г

Астық

269,5

18,0

249,6

16,9

248,1




Майлы

64,0

10,7

77,2

8,8

80,0




Картоп

2,7

198,8

2,9

194,0

3,1




Көкөніс

0,5

381,0

0,6

318,0

0,6




2019 жылы қаңтарға өндірілген ет (тірідей салмағы) 0,1 мың тоннаны құрайды, 2018 жылдың кезеңіне сәйкес 100,6 пайыз, сүт 1,5 мың тонна немесе 97,8 пайыз, жұмыртқа – 448,8 мың дана немесе 100,0 пайыз.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, мың тонна

2019 жылдың

қаңтар айына

2018 жылдың сәйкес күніне пайыз

Мал және құстың тірідей салмағы тонна

975,99

100,6

Сүт, тонна

1503,6

97,8

Жұмыртқа, мың дана

448,8

100,0

Ірі қара малдың басы 42,5 мың бас құрайды, қой –43,9 мың бас, ешкі - 1,0 мың бас, жылқылар – 16,0 мың бас, шошқалар –15,8 мың бас, құстар – 248,0 мың бас.

Мал басы

2019 жылдың

қаңтар айына

2018 жылдың сәйкес күніне %

Ірі қара мал

42519

104,0

Соның ішінде: сиырлар

21152

100,7

жылқы

16002

109,5

шошқа

15768

101,3

қой

43856

101,9

ешкі

990

115,7

құс

248010

100,1


Инвестициялар

2019 жылғы қаңтарға негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 159,1 млн.теңгені құрады немесе 113,1 пайыз 2018 жылдың сәйкес кезеңіне.

Инвестициялық қаржыландыру көздері кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнің 92,0%), банктегі несиелер 6,9 пайыз, бюджет қаражаты (1,1%) болып табылады.
Индустриалдық-инновациялық даму

2019 жылдың 1 ақпандағы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 248,2 млн. теңгені немесе 2018 жылдың деңгейіне физикалық көлемнің индексі 91,2 % құрады.

Өнеркәсіп өндірісі құрамында ең үлкен үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (66,1%), 164,0 млн теңге өнім өндірілді немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 97,3 пайыз.

Ауданда азық-түлік тағамдарының өнімімен 33 кәсіпорын айналысады, соның ішінде 1 диірмен, макарон өндірісі бойынша 1 цех, жартылайфабрикат ет өндірісі бойынша 4 цех, 3 кондитер цехы, 3 сүт өңдеу кәсіпорны және 21 наубайхана.

Ауданда Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлікті қолдау картасын қолдау аясында «Сырымбет» АҚ - тау-кен кешенінің құрылысы іске асырылады. Өндірістің жоспарланған көлемі – 6 050 тонна металл қалайы. Жобаның жалпы құны 10 571 млн. теңге, құрылыс кезеңінде 100 жұмыс орны ашылады, өндіру кезеңінде-700. Жобаны іске асыру мерзімі 2021 жыл.

2016 жылы СҚО кәсіпкерлікті қолдау картасына 2016-2021 ж.ж. «Северный строитель» ЖШС енгізілген, 120 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 12,8 млрд. теңгеге майлы дақылдарды қайта өңдеу және сақтау бойынша кешеннің құрылысы, аралас жем цехын ашу жоспарланған.


Кәсіпкерлік

2019 жылғы қаңтарға тауар айналымының бөлшек көлемі 300,4 млн. тенге немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінее 102,1 % құрады.

2019 жылдың 1 ақпанда 340 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде шағын – 316, орта – 23 және 1 ірі.

Аудан бойынша 1393 тіркелген шағын және орташа кәсіпкерлік немесе 2018 жылдың сәйкес кезеніне 111,5 %, соның ішінде заңды тұлғалар-155, ЖК-962, ШФШ-276.



Бюджет

Жергілікті бюджет барлық кіріс көздері бойынша (облыс бюджетінің трансферттерін есептеумен) 103,6 % пайызға орындалды немесе 382,5 млн. теңге келіп түсті. Өз кірістерінің түсімдері 28,1 млн. теңге немесе жоспарға 154,4 %.

2019 жылдың 1 ақпандағы жағдайы бойынша жергілікті бюджетке жиналған салық және басқа міндетті төлемдердің сомасы 77,8 млн. теңге жоспар бойынша 54,9 млн. теңге, нақтыланған жоспардан 141,7 % құрайды өсу қарқыны 60,8 пайыз.

Облыстық бюджет 135,5 % орындалды, жоспар бойынша 36,6 млн. теңге, түскені 49,6 млн. теңге.

Аудандық бюджетке жоспардағы 16,2 млн. теңге, нақты түскені 17,9 млн. теңге немесе 110,7 % жоспарға.

ЖӨБ бюджеті жоспар бойынша 2,0 млн.теңге, наңты түскені 10,2 млн. теңге немесе жоспарға 498,6 %.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,1 % орындалды, нақтыланған жоспар бойынша 361,3 млн. теңге, кассалық орындалуы 358,2 млн. теңге құрайды, ЖӨБ бюджеті есепті кезеңдегі жоспар 9,9 млн.теңге, орындалғаны 9,6 млн теңге немесе 97,0 %.

Құрылыс және жолдар

Халықтың қаржысына 130 ш.метр тұрғын үй берілді (1 пәтер) немесе 130,0 пайыз өткен жылға қарағанда.

Тұрғын үй құрылысына 8,5 млн.теңге жолданды немесе 161,0 пайыз өткен жылға қарағанда.

Облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының жөндеуі мен қамтылуына 1739,4 млн. теңге, соның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарына 439,2 млн .теңге, орташа жөндеуге 1300,1 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізуге 1398,2 млн. теңге сомасында қаражат көзделген, оның ішінде:

- «Солнечный ВИП ауылына кіреберіс» автомобиль жолын орташа жөндеу 140,6 млн. теңге;

- автомобиль жолын орташа жөндеу (Саумалкөл-Новоукраинка-Қаратал-Казанка)-100,0 млн. теңге;

- автомобиль жолын орташа жөндеу (Лобаново-Зеренді)-1157,6 млн.теңге.

Аудандық бюджет есебінен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 112,0 млн.теңге бөлінді, 2019 жылдың 1 ақпанына 5,0 млн. теңге игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдық округтерге кент ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу сомасы 33,0 млн. теңге қаражат бөлінді және игерілді.

Облыстық бюджет есебінен 2019 жылы Саумалкөл с. МКР №6 80 пәтерглі тұрғын үйді қайта жаңартуға 84,4 млн. теңге қарастырылды.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Ауданның 78 ауылдық елді мекендерінің (әрі қарай АЕМ) орталықтандырылған сумен халықтың 71,4% немесе 29 АЕМ қамтамасыз етілген, 49 АЕМ немесе халықтың 28,6% орталықсыздандырылмаған сумен қамтылған.

Тұрғындарды ауыз сумен және тұрмыстық-шаруашылық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын су нысандарының жалпы саны 214 нысан, оның ішінде 146 ұңғыма және 68 құдық.

Саумалкөл ауылында сумен жабдықтау жүйелерін салуға 2019 жылға 500,0 млн. теңге қарастырылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылы 11 елді мекенді 3,7 млн теңге абаттандыруға қаражат бөлінді, 7 елді мекенге балалар аула алаңын орнату 3,5 млн.теңгеге қарастырылған.

Ауданның электр жылуымен қамтылуы

Елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыздығы 100% құрайды.

Ауданда 44 қазандық, оның ішінде 3 орталық, 2 жергілікті және 39 автономды, білім, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерін жылытады. Көп қабатты тұрғын үйлерді 3 қазандықпен жылытады, барлық жылытатын 36 көп қабатты үйлер бар.
Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2019 жылдың 1 ақпанда ресми түрде 265 жұмыссыз тіркелді, экономикалық белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,1 % құрайды.

98 адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде тұрақты жаңа жұмыс орнына – 32 адам. Қоғамдық жұмыстарға 39 жұмыссыздар қатысты.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мұқтаж азаматтардың саны 349 адам. Кедейлік деңгейі 0,9 % құрайды.


«2017-2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру

2019 жылы қаңтарда «2017-2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасында 78 адам қатысты.

Дерекқор шеңберінде бос жұмыс орындарына 32 адам бар барлығы жұмысқа орналастырылды.



Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Қатысушылардың техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» кәсіби оқытуға және қайта оқытуға жоспарға сәйкес 87 адам жолданды, аумақты дамыту бағдарламасы бойынша -22 адам, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша-65 адам, бұл мақсатқа 29,4 млн.теңге қаражат қарастырылған.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 87 адам жіберу жоспарлануда.



Екінші бағыт бойынша бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2019 жылы шағын несиелеуге 210,0 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылды. Жыл басынан жалпы сомасы 120 млн. теңгеге шағын несие алуға 37 өтінім қабылданды.

2019 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 185 адамға 22,0 млн.теңге қаражат қарастырылған.



Үшінші бағыт бойынша бағдарламаның «Мобильді еңбек ресурстары және халықты жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын дамыту» 2019 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына: қаражат 5,9 млн. теңге, жоспар бойынша-42 адам қамтылғаны 8 адам.

2019 жылы жастар тәжірибесіне 20 адам жіберу жоспарлануда. Осы мақсаттарға 7,6 млн. теңге бюджеттік қаржы қарастырылған.

2018 жылы ауданға жұмыс күші мол аймақтардан 42 отбасы қабылдау жоспарлануда, қоныс аударушылардың құрамында 172 адам және 2 оралман отбасы құрамында 6 адам.

2019 жылға субсидия қаражат төлеу үшін көшуге суммасы 20,2 млн теңге қарастырылған, тұрғын үйді жалға алуға субсидия -13,7 млн теңге.



Орта айлық еңбекақы аудан бойынша 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен 2,7 пайызға артты және 86080 теңгені құрады соның ішінде ауыл шаруашылығында – 85198 теңге немесе 91,4 пайыз, былтырғы жылдың кезеңіне сәйкес.
Білім беру

Ауданда жалпы білім беретін 45 мектеп жұмыс істейді, оның ішінен: бастауыш-9, негізгі-9 және орта 27 мектептер. Оқушылардың контингенті 4521 адам құрайды.

Жалпы білім мектептерінен басқа ауданда жұмыс істейді: 3 мектеп-балабақша кешені (305 адам оқушылар саны және 108 адам мектепке дейінгі балалар саны), 2 балабақшасы және 41 шағын-орталық (соның ішінде 47 орындық 1 жеке шағын орталық) 1189 баланы қамтумен.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылғаны – 100%

Білім беру 1046 педагогикалық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі. Жоғары білімі бар ұстаздар-84,5 пайыз, орта арнаулы білімі бар-15,5 пайыз. Бірінші санатты және жоғары санатты ұстаздар-50,2 пайыз.

Ауданның барлық мектептері Ғаламтор жүйесіне қосылған, 27 мектеп кең жолақты интернетке қосылды.

Ауданының жалпы білім беру мектептерінде аз қамтылған отбасылардың ішінен 555 оқушы оқытылады,барлығы ыстық тамақпен қамтылды.

Кітаптарды сатып алуға және жеткізуге ағымдағы жылға 57,6 млн. теңге игерілді.


Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі медициналық мекеменің жүйесімен ұсынылады, 115 орынды аудандық орталық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 54 медициналық пункт, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт.

Тұрғындарға 50 дәрігер және 270 орта білікті медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Дәрігерлердің тапшылығы 4 бірлік құрайды ( травмотолог дәрігері, 3 жалпы тәжірибедегі дәрігер).

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішінің 100 000 тұрғынға шаққанда 15,9 – ден 8,1-ге дейін 49,1% азайғаны байқалады (2018 жылы-6 жағдай, 2019 жылы-3 жағдай).

Ауданда онкологиялық аурушаңдық көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 21,6-дан 10,7-ге дейін (8-ден 4 жағдайға дейін) 50,5% азайды.

Мәдениет

Ауданда 59 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 30 клуб (мемлекеттік - 15), 27 кітапхана (мемлекеттік - 27), 2 мемлекеттік мұражай.

Ауданның аймағында 6 қала құрылысы және сәулет ескерткіш, 12 тарихи ескерткіш орналасқан, 34 археология ескерткіші және Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға 75 ескерткіш, Ботай қонысы және тарихи ескерткіш: «Қарасай-Ағынтай» мемориалды кешені Қазақстан жалпыұлттық сакларьдық география карта тізімінде, «Айғаным» қонысы СҚО сакларьдық география карта тізімінде.

Ауданның клуб мекемелерімен 86 іс-шара өткізілді, оған 6020 адам қатысты; мұражайлармен 1 іс-шара, 7 экскурсия, 1 көрме, 1 дәріс өткізілді, оған 54 адам қатысты; кітапханалармен 66 іс-шара өткізілді, оған 1068 адам қатысты.

Кітап қоры 272041 дана құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 66825 дана.
Спорт

Ауданда 245 спорт мекемесі бар. Жылдың басынан 25 спорт іс -шаралары ұйымдастырылып 1520 адам қатыстырылып өткізілген.

Дене шынықтыру және спорттың барлық тұрғындарынан системалы орын алатын саны 12237 адам неменсе 33,1 пайыз құрайды.

Қоғамдық және діни бірлестік

Діни бірлестік

Ауданда 9 діни бірлестік жұмыс істейді, соның ішінде:

- ислам бағыттағы 6 (ДУМК филиалы аудандық мешіт Саумалкөл а., ДУМК филиалы «Арықбалық» ауылдық мешіт Арықбалық а., ДУМК филиалы «Ықылас» ауылдық мешіт Карасевка а., ДУМК филиалы «Имантау» ауылдық мешіт Имантау а., ДУМК филиалы «Антоновка» ауылдық мешіт Антоновка а., ДУМК филиалы «Атығай» ауылдық мешіт Сырымбет а.);

- 2 православты христианды бағыт (жергілікті православты діни бірлестік «Приход храма Введения во храм Пресвятой Богородицы Саумалколь а. Петропавловской и Булаевской Епархии» Саумалкөл а., жергілікті православты діни бірлестік «Приход Божия Ильи Петропавловской и Булаевской Епархии» Имантау а.);



- 1 католицизм – жергілікті діни бірлестік «Римско-католическая архиепархия Святой Марии» Саумалкөл а.

Қоғамдық бірлестіктің саны – 4, соның ішінде:

  • қоғамдық қор «НПО Панацея»;

  • аудандық әйелдер Кеңесінің мекемесі;

  • аудандық ардагерлер Кеңесі;

  • СҚО іскер әйелдер Ассоциациясының аудандық өкілдігі.

Мұражайлар:

  1. Мемориалды кешен «Қарасай-Ағынтай батыр» (Қарасай Батыр

ауылы);

  1. Ш.Уалиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражай

(Сырымбет а.).

Саяси партиялардың саны – 3, соның ішінде:

  • «Нұр Отан» партиясы;

  • Қазақстандық әлеуметтік-демократиялық партия «Ауыл»;

  • Қазақстанның коммунистік халық партиясы.

жүктеу 144 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау