Айдосов С. Б. Қыдырова Л.Қ. Әлеуметтану Қорлар Орталығы



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет13/23
Дата14.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#19465
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

34

еңбекке деген қатынасы (еңбек дағдыларының болуы іскерлігі еңбектің бір түріне 



қызығуы, қоғамға пайдалы еңбекке  араласуы; үйдегі еңбек міндетін орындауы)

белгілі бір іс-әрекетке қызығуы (белгілі бір секция, үйірме, клуб мүшесі)



кәсіптік бағдарлама алуы (бағдарлануы, болашақ мамандығын тандауына не әсер 

етеді ) 

8. Мінез-құлқында ауытқушылық болуының себептері:

Денсаулық жағдайының нормадан ауытқуы(денсаулығының  дене және жүйкесінің 



бұзылуы,   дене   дамуының   сәйкессіздігі,   ойының   дұрыс   өспеуі,   невроз;   есте

сақтауындағы, ойлауындағы кемшіліктер).

Мұғалімдердің қателігі (педагогикалық билікті асыра пайдалануы;  баланы жазалау,



ұсынған   талабының   қайшылығы,   оқушының   ерекшелігі   туралы   білімінің

таяздығына   баланың   ата-анасымен   мұғалім   арасындағы   және   бала   мен   мұғалім

арасындағы дау-дамай және т.б.)

Отбасындағы   тәрбие   қателіктері;   «асыра   еркелету»,   «асыра   жазалау»,   «балалық



шақтағы   жалғыздық»;   қарапайым   психологиялық-   педагогикалық   білімінің

болмауы,   бала   тәрбиесін  мектепке   аудару,   дене   еңбегініен   баланы   алыстату;

отбасындағы кикілжің және т.б.)

әлеуметтік себептер (қоғамдағы, кіші ортадағы қайшылықтар)



баланың жүйесіне әсер ететін жағдайлар:

      Тұлғаны қайта бағыттаудың мақсаты, әдісі, түрі оның жеке – психологиялық, жас және

жыныстық   ерекшелігін,   мінез-құлқы   мен   дамуындағы   ерекшеліктерін   ескере   отырып

анықталады.

       Әлеуметтік   педагог   әр-бір   тәрбиеленуші   үшін   оның   қызығушылығын   мүмкіндігін

ескере   отырып   жұмыс   жүргізеді.   Оның   ересек   адамдар   мен   достары   мен   қарым-

қатынасын болжамдау арқылы жас өспірімді басқару қызметін анықтайды.



IX. Әлеуметтік педагогтың тәрбие тәртібінде ауытқушылығы бар балалар мен жас

өспірімдер мен жұмысы.

Кәзіргі заманғы ғылыми педагогикалық-әдебиеттерді талдай келе «проблемалық немесе

қиын» оқушы ұғымын құрайтын маңызды үш  белгіні атауға болады.

Бірінші   белгісі:   ол   баланың   мінезінде   ауытқышылықтың   болуы.   Бұл   сөзді   ғылымдар

«делинквенттік»   және   «девианттық»   деген   арнайы   терминмен   атайды.   Делинквенттік

мінез – құлық – қылмыстық жазаланбайтын ұсақ құқық бұзушылық, іс - әрекетке әкеп

соғатын   мінез-құлық.   Девианттық   мінез-құлық-   дегеніміз   қоғамда   қабылданған

нормалардан   ауытқушылыққа   әкеліп   соғатын   мінез-құлық.   Бұл   ұғымға   делинквенттік

және   мінез-құлқындағы   т.б.   басқа   ауытқушылықтарда   кіреді.   (ерте   бастан   ішімдікке

салынудан суицидке дейін)

Екіншіден, проблемалық балалар қатарына мінез-құлқын түзеуге қиын соғатын балаларды

жатқызуға болады.




35

Үшіншіден   проблемалық   балалар   мәселесі   сынып   жетекшісі   тарапынан,   сипаттағы

оқушылар тарапынан жеке көңіл бөлуді  талап етеді. Себебі , проблемалық балалардың

барлығыда «қиын бала» емес Олардың ішінен (проблемалық балалар) қиын  кезде көмекке

келуге дайын болыып тұратын балалар да көптеп кездеседі.

    Сонымен проблемалық  оқушы  ол бала  мінезінде  нормадан ауытқушылығы  бар бала,

түзеуге қиын, бүкіл мектеп, сынып ұжымынан жеке көңіл бөлуді талап ететін оқушы.

    Бала бойында ауытқушылықтың пайда болуына әсер ететін себептер:

әлеуметтік   –педагогикалық   қараусыздық   білімге   деген   ынтаның,   дағдыларының



болмауы.

Отбасындағы   қолайсыз   психологиялық   микроклиматқа   білімдегі   сәтсіздіктерге,



сыныптастарымен қарым-қатынастағы проблемаларға ата-ана мұғалім   тарапынан

әділетсіз   қатынасқа   байланысты   оқушы   бойында   терең   психологиялық

дискомфорттың   болуы.   Психикалық   және   физиологиялық   денсаулығы   мен

дамуындағы   ауытқушылықтар,   жас   ерекшеліктеріндегі   дағдарыстар;   Өзін   өзі

көрсетуге   жағдайдың   болмауы,   баланың   ішкі   және   сыртқы   белсенділігін

мүмкіндігін   көрсете   алмауы,   пайдалы  іспен   айцналысуы,   өзіндік   мақсаты   мен 

өмірлік   жоспарының   бомауы;   баланың   бақылаусыз,   қараусыз   қалуы,   баланы

қоршаған ортаның жағымсыз әсер етуі  мен әлеуметтік психологиялық бейімделе

алмауы;   әлеуметке   қарсы   мінез-құлық   көрсетуі,   оның   негізіне   әлеуметтену

процесінің бұзылуы жатады.

          Бұл себептердің ішінен әсіресе ата  анасы мен достарының және мұғалімдердің

немқұрайлы қарым-қатынасының негізінде пайда болған бала мен жас өспірімдердің

әлеуметтік  педагогикалық бақылаусыздағы үлкен рөл атқарады. Нәтижесінде бала өзін

жалғыз   ешкімге   керек   емес   қорғаусыз   қалғандай   сезінеді.   Баланың   бойындағы

қарсылық,   оқшаулану   ересек   адамдарға   деген   араздық   жеккөрушілік,   баланың

бойындағы тағдыры, психологиясы өзіне ұқсас өзі сияқты  балалармен бірігуіне алып

келеді.

      Әлеуметтік   жағымды   тәжірибенің  жеткіліксіздігі,   дүние   танымының,   құндылық



бағдарының,   этикалық   бағдарының   қалыптаспағандығы   оқушының   тұлғалық

дамуында, әлеуметтік кейпіне жағымсыз әсер етеді. Бұл мәселеде маңызды рөлді дер

кезінде   ата-ана   мен   психологиялық-педагогикалық   қолдаудың   болмауы   әсер   етеді.

Қазіргі кездегі оқушының қоршаған ортасы (социум) баланың дамуы, тәрбиесі үшін

өте қолайсыз болып отырғандығы белгілі. Ол күнделікті отбасында, қоғамдық орында

мінез-құлықтың   әртүрлі   ауытқуларымен   пайда   болуына   қалалық   жағдай,   ондағы

жағымсыз әсер ететін экономикалық әлеуметтік және мәдени факторлар әсер етеді.

Оқушылардың мінез-құлқының ауытқушылығын туғызатын факторлар.

дәрігерлік   биологиялық   (денсаулық   жағдайы,   тұқым   қуалаушылық,   психикалық



және дене дамуының іштен туа біткен кемістіктер);

әлеуметтік экономикалық  (жанұяның материялдық проблемалары, салты, қоғамда



өмір сүруге бейімделмеу т.б.)

психологиялық (өзін өзі ұнатпауы, ашушандық, көңіл-күйінің жиі бұзылуы, қарым-



қатынастағы, құрдастарымен, үлкендерімен өзара іс-әрекеттегі қиындықтар т.б.;)


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау