Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет31/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43

«НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?» – деп сұрайсыз. Балаңыздың сезім-
деріне көбірек көңіл бөлуге тырысып көріңіз. Олардың 
туындау себебін анықтаңыз, балаға әртүрлі сезімдермен 
және олардың пайда болу жолдарымен танысуда көмек 
қолын созыңыз.
Егер есіріктік ересек 
адамның бас тартауына 
немесе тыйым салуына 
жауап ретінде басталса, 
ата-ата шешімін бірден 
өзгерте салмауы тиіс, одан 
да сенімді түрде «жоқ» деп 
айтқан дұрыс (әрине, егер 
тыйым шын мәнінде қажет 
болса).
Есіріктік кезінде баланы 
жалғыз қалдырмаған абзал. 
Ол қауіпті болуы мүмкін.
Бала ашуға булығып тұрған-
да оны жерден көтермеген 
және күштеп қолға алмаған 
жөн.
Егер бала өзі қолға сұранса, 
өтінішін орындаған дұрыс. 
Бірақ сол сәтте ақыл айту 
асығыстық болады.
Алайда, егер ересек өзі де 
қызбалыққа бой алдырған 
болса және өз әрекеттерін 
қадағалай алмаса, баладан 
аулақ тұрғаны жөн.
ЕСІРІКТІК ОРЫН АЛСА, КЕЛЕСІ ӘДІСТЕРДІ 
ҚОЛДАНУҒА КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ:
ОЙЫНШЫҚТАР
Кейбір жағдайларда балалардың теріс мінез көрсетуі фи-
зиологиялық және психологиялық даму нормалары болып 
табылады. Теріс мінез балалардың келесі даму кезеңдерінде 
пайда болатыны байқалған: екі-үш жас, бес жас, жеті-сегіз 
жас, жас өспірімдік жас. Осындай күрделі кезеңде балалар өз 
дербестігін мәлімдегісі келеді және өзі мен айналасындағылар 
арасында көзге көрінбес шекара белгілегісі келеді. Әдетте, 
күрделі жас кезеңдерінде балалардың тілінің дамуы олардың 
эмоционалдық дамуына сай келмейді. Бала бойында болып 
жатқан өзгерістерді түсінікті сөздермен айтып жеткізе алмай-
ды, сезімдері мен қалауларын білдіре алмайды. Оған қоса, 
осындай жас кезеңдерінде балалардың жүйке жүйесі басқа 
кездегіден әлдеқайда сезімтал, жараланғыш келеді, сондықтан, 
олар теріс мінез көрсетуге бейім тұрады.
129
КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚЫҢЫРЛЫҒЫ МЕН ЕСІРІКТІГІ
19


есіңізде болсын, эмоционалдық тұрғыдан дұрыс даму үшін 
және өз-өзіне сенімді болуы үшін балаға күніне ата-анасының 
мейрімге және достық ықыласқа толы 8-10 рет жанасуы және 
қолпаштауды білдіретін бірнеше көзқарасы қажет;
түсініңіз, есіріктік ұстамалары көбінесе өзіне назар аудартумен 
немесе аяушылық не есіркеу сезімін тудыртумен байланысты. 
Баланы еркіне қойып, қойылған талаптарды өзгертудің қажеті 
жоқ, одан да бала тынышталғанда неге басқаша емес, дәл солай 
еткеніңізді түсіндірген жақсы.
ЕГЕР, БАР ІСТЕГЕНІҢІЗГЕ
ҚАРАМАСТАН, ЕСІРІКТІК ЖИІ 
БОЛЫП ТҰРСА, МАМАН
КЕҢЕСІНЕ ЖҮГІНІҢІЗ.
өз мінез-құлқыңызбен үлгі болыңыз – сезімдеріңізді тізгінде 
ұстаңыз, бала өз мінез-құлқында сізге еліктейді;
балаға жеткілікті түрде 
көңіл бөліңіз, ол өзін ешқа-
шан ұмыт қалғандай сезін-
бесін, бірақ балаға сіздің 
басқа да жұмыстарыңыз бо-
латынын түсіндіріңіз, бала 
оны түсінуі және қабылдауы 
қажет;
шектен шығып кетпеңіз: ба-
лаға ойына келгенін жасауға 
рұқсат етуге болмайды, бірақ 
бәріне бірдей тыйым сала 
берген де дұрыс емес, ненің 
болатынын, ненің болмайты-
нын өзіңіз үшін нақты шешіп 
алыңыз, отбасы мүшелерімен 
кеңесіңіз; 
АЛ ЕНДІ ҚЫРСЫҚ МІНЕЗДІ БАЛАҢЫЗБЕН 
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ РЕТТЕУГЕ 
ҚАТЫСТЫ БІРНЕШЕ КЕҢЕС:
Көбінесе ата-аналар ашу-ызаға берілген күйде балаға айғай-
лайды немесе оны ұрады (кейде соққы күшін есепке алмай-
ды). Артынша кінәсін, өкінетінін сезінеді. Сондықтан, баладан 
сезімдерін тізгінде ұстауын талап еткенде, өзімізге де солай 
еткен дұрыс.
Есіріктіктің шарықтау шегінде бала ересектердің айтқанын 
тыңдамауы мүмкін, бірақ «эмоционалдық екпін» бәсеңдеген-
де баланың назарын басқа әрекетке немесе затқа аударып, 
көңілін аулауға болады.
130
КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚЫҢЫРЛЫҒЫ МЕН ЕСІРІКТІГІ
19


БАЛА БОЙЫН
БИЛЕЙТІН
ҚОРҚЫНЫШТАР
20
131


Нақты қорқыныш түрлеріне тоқталайық. Қорқыныш 
сезімін балалар шын мәнінде қауіпті деп санайтын белгілі 
бір заттар, мақұлықтар немесе жағдайлар тудырады. 2-3 
жаста ешбір абстракциялық (дерексіз) қорқыныш көрініс- 
тері жоқ. Тәуелділік бар: баланың ой-өрісі биіктеген сай-
ын, ол нақты бір қорқыныш сезімдерін басынан өткереді. 
Үйрену барысында нақты қорқыныштар қатары кеңейе 
түседі (мысалы, ақ халат киген дәрігермен байланыстыра 
отырып, бала шаштараздан да қорқа бастайды).
Мұнда қорқыныш пайда болуының екі механизмі іске 
қосылады:
біріншісі – «мен жалғыз қалдым» – баланың бауыр басып 
кеткен анасынан айырып қалу қорқынышы;
ал екіншісі– бейнелі ойлай білетін баланың қиялында 
бөлменің қараңғы бұрыштарында сан қилы қорқынышты 
ертегі кейіпкерлерінің бейнелері елестейді.
Шамамен 3 жаста бала символикалық (шартты) деп ата-
латын қорқыныштарды сезеді. Көбінесе қараңғылықтан 
қорқу жиі кездеседі. Қараңғылық бала үшін жалғыз-
дықпен тең жағдай тудырады, бұл ретте оның қиялына 
балаларға тән «Көзге көрінбесе, демек, ол жоқ» деген 
қисын із қалдырады.
Ә
рбір дені сау адамға қорқыныш сезімі тән, ал қорқуды 
білмейтін адам, шындығында, науқас адам, сәйкесінше, 
қорқыныштың мүлде болмауы – психопатология саласы-
на жататын сырқат белгілерінің бірі.
Балалардың қорқуының алғашқы көрінісін біз балаға 
бірнеше ай толғанда көреміз. Қорқыныш өзіне беймәлім 
құбылыстардан үрейі қашу түрінде орын алады. Бала тіпті 
бейтаныс адамды көріп-ақ қорқып кетуі мүмкін.
Кейінірек ата-анасы жоқ болғанда туындайтын «сепа-
рациялық» (айырылу) қорқынышы пайда болады, одан 
кейінгі екі жылда балалар бастан кешіретін қорқыныш 
түрлері молая береді.
132
БАЛА БОЙЫН БИЛЕЙТІН
ҚОРҚЫНЫШТАР
20


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау