Көрініс «Әжесі мен немересі»
Ән: Менің әжем осындай.
Би. Әзіл би Әжелер
Ата-анамен ойын: «Гүл сыйлаймын Анама!»
(балалар мамаларымен вальс билейді, музыка тоқтағанда сол үстіндегі гүлді мамаларына бірінші апарып беру керек)
Ойын «Кір жаю»
Шарты: Балалар шелектен жуылған бет орамалдарды алып беріп тұрады, ал аналар жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып орындыққа отырады.
Би: Испан
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналар, аяулы әжелер, мейрамдарыңыз құтты болсын!Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет! (балалар өз сыйлықтарын тарту етеді)
Аналар – асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Тақпақтар:
Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Апам үшін»
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Құрметті әжелер ұлдарымыздың сіздерге арналған биін қабыл алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |