Ахметова Э. Б. 1, Капышева. Ж. В



жүктеу 48,48 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі48,48 Kb.
#13469


212 

 

 



 

Ахметова Э.Б.

1

, Капышева. Ж.В.

2

 

1. Ғылыми жетекшісі, география магистрі, аға оқытушы, 

2. Студент 4 курста, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, мамандықтың 

«География» 

 

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУ ҚЫЗМЕТ ФОРМАСЫНДАҒЫ 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Өзіндік жұмыс – оқу үрдісінің бір бөлігі, оқытудың əдісі, оқу-танымдық 

əрекеттің тəсілі, сипаты, бірізділігі, типі, тексеру формасы жоспарланған 

кешенді, мақсатты оқу əрекеті.Өздігінен білім алудың негізгі жолы - оқушыны 

таным процесіне үйрету. Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен 

жұмыс істеуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра əдіскер - ұстаздардың пікірінше, 

оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пəніне 

ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі бір педагогикалық мақсат 

қоюдың рөлі мен мəні зор. Өйткені практикада оқушы еңбек етіп, өздігінен 

алған білімін жоғары бағалайды, оған өзі риза болады. Сондықтанда оқушының 

танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне бірден-бір тікелей 

байланысты.[1] 

География сабақтарында оқушылардың таным белсенділігін арттыруға 

мүмкіндіктер мол. Себебі, бұл ғылымдар табиғат, туған өлке, туған жер, 

адамзат дамуымен тығыз байланыста болады. 

 Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі - 

өзіндік жұмыс жүйесін ұйымдастыру. Өзіндік жұмыстың мақсаты – 

географиялық білімді меңгерту ғана емес, оқушының өз ой-пікірін жүйелеп 

ұсынуға баулу, өз ізденісіне жол ашып, танымдық көзқарасын арттыру. 

Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді 

тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық 

əрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің əдіс-тəсілдерін игеруге, 

танымдық қабілетінің дамуына, шығармашылықпен жұмыс істеуге жəне 

ғылыми жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасайды. 

Өзіндік жұмыстың тəрбиелік жағдайы басым. Ол адамның жеке басының 

қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу) қалыптасуына əсер 

етеді.[5] 

Өзіндік жұмысты берерде оқушының бастапқы білімі мен іскерлік 

деңгейіне, материалдық түсініктілігіне, бірізділігіне, пəннің мазмұнын 

қамтитындай дəрежеде берілуіне үлкен мəн беріледі. 

 Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының 

артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп,жүйелі қалыптасуына 

өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып,құрастырылуына байланысты 

болады. Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, 

алдымен, екіге бөліп қарастыру керек. 



213 

 

x  Сабақтаорындалатынөзіндікжұмыстар; 



x  Сабақтантысорындалатынөзіндікжұмыстар. 

1) Сабақтаорындалатынөзіндікжұмыстарғатақырыптық, тəжірибелік жəне 

зертханалық сабақтар кіреді. 

2) 


Сабақтантысорындалатынөзіндікжұмыстарғаоқуматериалдарынтолықтыру, 

семинар сабақтарынадайындалу, реферат жазу, үйтапсырмасынорындау.[1] 

Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен жəне дидактикалық 

материалдармен,түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-

журналдармен,интернетпен жұмыс  істеуге үйрене бастайды.Өздігінен жұмыс 

істеуге талпынады.Жұмысы нəтижелі болса,оқушының пəнге деген 

қызығушылығы артады. Өз бетіндік жұмыстар жаңа материалды түсіндіру 

кезінде (сұрақтар, іздену үшін тапсырмалар), бекіту жəне қайталау (картамен 

жұмыс), білімдерін тексеру (мəтінмен жұмыс)кезінде орындалады. Өз бетіндік 

жұмыстарға қойылатын талаптар: оқушылар мүмкіндіктеріне сай келетін, алған 

білім, іскерлік, дағдыларын шығармашылықпен қолдануға бағытталған, ойлау 

қабілеттерін дамытуға бағытталған болуы керек, өз бетіндік жұмыстар жүйесі 

біртіндеп қиындайтын болуы керек, түрлендіріп отыру керек жəне жұмыс 

тексеріліп бағалануы керек. 



Өздік жұмыстар ұйымдастырылуда мынадай талаптар орындалуы 

қажет: 

1.  Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сəйкес 

келуі керек. 

2.  Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті. 

3.  Өздік жұмыстар түрі жəне мазмұны жағынан əр түрлі болуы керек. 

4.  Əрбір өздік жұмыс тексеріледі жəне бағаланады. 

5.  Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей,сабақтың барлық 

кезеңдерінде,орынды жерінде өткізу керек.[2] 

География сабағында өзіндік жұмыстың мақсаты – географиялық білімді 

меңгерту ғана емес, оқушының өз ой-пікірін жүйелеп ұсынуға баулу, өз 

ізденісіне жол ашып, танымдық көзқарасын арттыру. 

География сабағында  оқу қызметінің формасы ретінде оқушылардың 

өзіндік  жұмыстары мен жаңа материалды түсіндіру кезінде (сұрақтар, іздену 

үшін тапсырмалар), бекіту жəне қайталау (картамен жұмыс), білімдерін тексеру 

(мəтінмен жұмыс)кезінде орындалады.  

Өздік жұмыстарды жеке оқушымен,топтарға бөлу арқылы,барлық 

оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады. 

Өздік 


 жұмыстардың түрлері:оқулықпен жұмыс,əр түрлі 

жаттығулар,практикалық жəне зертханалық жұмыстар,тəжірибелер,бақылау 

жұмыстары,тест тапсырмалары,  рефераттар,баяндамалар,ғылыми жоба т.б. 

Өздік жұмыстар əр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет. 

Бұл жеке, топтық жəне түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі. 

 1.Топпен өздік жұмыс жүргізілгенде, əр топқа жеке тапсырмалар беру 

керек. Əр топтың бір басшысы болады-үлгерімі жақсы оқушылар. Ол 



214 

 

білмегендерге кеңесін беріп, көмектеседі. Əр топ келесі топқа өз сұрақтарын 



қояды. Мұнда оқушылар өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, 

плакаттар, суреттер дайындап əкеледі. 

2.Оқушыларға өздік жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, 

рефераттар жасауды тапсыруға болады. 

3.Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен 

жұмыс жасап, қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар 

бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға 

тапсырма беремін. Оқушы өз қатесін тауып алады. 

4.Сəйкестік тест жүргізгенде, əр оқушыға жеке карточка жасап таратылып, 

тексеріледі. География курсында оқушылар өзіндік жұмыс арқылы – жаңа 

білімдер жинақтайды, картаны оқиды жəне мəліметтерге сараптама береді.[3] 

 География сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды 

былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен жəне басқа анықтама 

əдебиеттермен жұмыс істеудің, есеп шығаруға арналған жұмыстардың əр алуан 

түрі; үлестірмелі материалмен жұмыс істеу, сабақта өздерінің жолдастары 

берген жауапты толықтыру; конференцяларда жасаған баяндамаларға немесе 

хабарламаларға пікір айту; жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау; 

рефераттар жазу; кейбір көрнекі құралдарды (плакаттар, схемелер, альбомдар) 

жасау; экскурсия кезінде өлшеуге немесе практикалық жұмыстар орындау. 

Негізгі дидактикалық мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар: 1) білім 

алу жəне оны одан əрі тереңдету, 2) іскерлік пен машықтарды қолдануға 

бағытталған. 

Географиялық білімнің сапасын арттырудағы ең маңыздысы география 

мұғалімінің біліктілігінде, ол дегеніміз оқушылардың теориялық алған 

білімдерін практикада қолдана білуде жəне талқыға салуында. Қазіргі оқыту 

үрдісі  оқу-əрекетін дұрыс ұйымдастыру жəне  алға қойған мақсаттарының  

шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеру барысында жеке 

тұлғаны құзыреттілікке бағыттап оқытуды талап етуде 

Мектептегі географияны оқыту үрдісінде бəсекеге қабілетті, өмірге 

белсенді жеке тұлғаның бойына    жаратылыстану-ғылымы жəне əлеуметтік-

экономикалық білімнің жалпы жүйесінен тұратын білім, білік, дағдыны 

қалыптастырып, өмірге дағдыландыру жəне алған білімін қолдана алуға 

дайындау.  

Оқушылармен жүргізілген əр түрлі өздік жұмыстар нəтижесінде 

оқушылардың пəнге деген қызығушылықтары артады, өз бетімен ізденуге, 

жұмыстануға дағдыланды. Картаны түсініп, оқып, білуге деген 

қызығушылықтары арта түсті. Өзіндік жұмыстар оқушылардың тəрбиелік 

жағдайына да əсер етті. Оқушылардың жеке басының қасиеттерінің, яғни 

мақсат қоюшылық, ізденушілік, сөйлеу, ойлау, қызығушылық қабілеттерінің 

қалыптасуына əсер етеді..[5]  

География пəнінен тəжірибие барысында оқу формасы ретінде өздік 

жұмыстардың түрлерін қолдандым. Өздік жұмыстар арқылы оқушылардың 

пəнге деген қызығушылықтарын, білім сапасынартыру, өз бетімен жұмыс 



215 

 

жасай білу дағдыларын қалыптастыру, тек кітаппен ғана жұмыс жасамай 



қосымша материалдармен жұмыс жасай білу іскерліктерін қалыптастыруға 

бағытталды.  Өздік жұмыстар 8 «а» сыныбында өткізілді, сыныптағы 28 

оқушымен əр түрлі өзіндік географиялық тапсырмалармен жеті сабақ  

ұйымдастырылды. 

1 диаграмма 

Оқушылардың  өздіндік  жұмыстарының нəтижелері 

 

 

 



1 сабақта  оқушыларға  кластер құру ,  өзендерді алаптар бойынша 

топтастыру жəне кескін картаға өзен мен көлдерді түсіру жұмысы, анықтама 

жазып, ауызша ұғымдарды түсіндіру, қосымша оқулықпен жұмыс жасап 

терминдерге анықтама беріп, жаттау болды.Сыныптың білім сапасы бастапқы 

өзіндік жұмыстан кейін 17 %-ды құрады. Яғни бірінші өткізілген өзіндік 

жұмыстың нəтижесіне сүйенсек оқушылардың  өздігінен жұмыс жасау 

қасиеттерінің төмендігі, мұғалімнің көмегісіз тақырыпты аша алмауы, берілген 

тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың тапсырмаларды дұрыс 

түсінбеуі байқалды. 

Екінші  өздік жұмыста оқушыларға венн диаграммасын толтыру, реферат 

жазу, 5 – жолдық өлен құрау жəне тақырыпты бекіту үшін 2 – бақылау жұмысы 

алынды.Нəтижесінде білім сапасы бірінші өзіндік жұмыспен салыстырғанда 5% 

артты, екінші өткізілген өзіндік жұмыстың сапасы 21 %-ды құрады. Оқушылар 

өздігінен білім алуға, оқулықпен жұмыс жасауға, картаны оқып білуге тырыса 

бастады.Яғни пəнге деген қызығушылығы, өзін бағалауға бағытталған жұмыс 

нəтижесі көріне бастады.

 

Үшінші өзіндік жұмыс  «Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастыру» 



тақырыбына байланысты өткізілдіҮшінші өзіндік жұмыстың нəтижесі – 25 % 

құрады. өзіндік жұмысты орындаған сайын оқушылар тек қана оқулықты ғана 

емес қосымша мəліметтермен де жұмыс жасай бастады, яғни оқушылар 

тапсырмаларды ізденіспен, қызығушылықпен, мəліметтерді саралап дұрыс 

нəтиже шығару жұмыстарымен айналыса бастады.

 

17%



21%

25%


32%

39%


42%

46%


0%

5%

10%



15%

20%


25%

30%


35%

40%


45%

50%


1

2

3



4

5

6



7


216 

 

Төртінші, бесінші жəне алтыншы өзіндік жұмыстарды орындау барысында 



оқушылар 32 %, 39  %, 42 % білім сапасын көрсетті.  Бұл кезде оқушылар 

Қазақстанның физикалық аудандастыру тақырыбын өтіп, модульдік оқыту 

технологиясы қолданды. Оқушылар аудандарды  жеке қарастырып, топ болып 

өзіндік жұмыстарды орындады. Бағалау түрлері: топтық бағалау, яғни 

бармақпен бағалау, смайликтермен бағалау қолданылды.Соңғы жетінші өзіндік 

жұмыс өздігінен алған білімдерін тексеру мақсатында орындалды. 

Қорытындысына келетін болсақ білім сапасы 46  % құрады. Яғни ең біріншіде 

алған білім сапасымен салыстырғанда оқушылардың өздігінен алған білім 

нəтижесінде  29%артқанын көруге болады. 

 Тəжірібие барысында оқушылардың өзіндік жұмысты орындау барысында 

қызығушылықтарының артуы, сабақтың сапасының жəне нəтижесінің 

жоғарылауы байқалды. 

 

Тəжірбие нəтижесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындау 



барысында өз бетімен жұмыс жасай отырып берілген тапсырмаларды толықтай 

қарастыруы,  ізденушілік қасиеттері, проблемалық тапсырмаларды жаңа тиімді 

жолдармен шешу əдістері, жұппен жұмыс жасай отырып əділ бағалау, қосымша 

материалдарды пайдалану дəрежесінің жоғарлауы, өз бетінше іздену, өздік 

жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасқаны анықталды. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

 1.Абдуахитова 

Озатгүл. 

«Оқушылардың өзіндік жұмыстарын 

ұйымдастыру». //Қазақстан мектебі.№11-12.2005ж. 

2. Бейсембаева Зəмзия. «Өзіндік жұмыс- кəсіби біліктіліктің көзі». 2002, 

№5,  


3.Р.Есеева «Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылардың ойлау қабілеттерін 

дамытудағы ролі». // Қазақстан мектебі., 2005, №5, 

 

4. Т.Қоқымбаева. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. // 2001, №3,  



5.Б.Асубаев, Г.Сүлейменова, К.Ысқақова, С.Көбенқұлова «Қазақстанның 

физикалық географиясы» /Оқыту əдістемесі/ А., 2004 ж. 

 

 

Баубекова Г.К.¹, Куроченко А.А.² 



1.Научный руководитель, магистр педагогики, старший преподаватель 

2.Студент 4 курса, кафедра естественных наук, специальность «География» 

 

РАЗВИТИЕ РАСТЕНИЕВОДСТВА ДЕНИСОВСКОГО РАЙОНА ЗА 

ПЕРИОД С 2006 ПО 2015 ГОДЫ 

 

Денисовский район  расположен на западе Костанайской области. На 

севере и  западе граничит с Челябинской областью Российской Федерации, на 

востоке с Тарановским районом, на юго-востоке с Камыстинским, на юге с 



Житикаринским районом Костанайской области.  

жүктеу 48,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау