3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін жұмыс беруші
қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті,
ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етіледі.
4. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің
еңбек қызметін растайтын құжаттарды, жеке басының куəлігін
(төлқұжатын), əлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куəлігі,
зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы
туралы куəлігі, білімі немесе кəсіби даярлығы туралы құжатты
жəне заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы.
5. Қызметкердің бірнеше жұмыс берушімен жұмыс уақыты
ұзақтығының толық болмауы көзделетін жеке еңбек шартын
жасасуға құқығы бар.
6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның меншік
иесі немесе меншік иесі уəкілдік берген адам немесе орган
ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде
белгіленген мерзімге жасасады.
7. Жеке еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу оны
жасасу үшін көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
13 бап. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар
Еңбек кітапшасы (ол болған жағдайда), немесе жеке еңбек
шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы
бұйрықтардың көшірмелері қызметкердің еңбек қызметін
растайтын құжаттар бола алады.
14 бап. Жұмыс туралы жəне жалақы мөлшері туралы
құжаттар беру
Қызметкердің, оның ішінде бұрынғы қызметкердің өтініші
бойынша жұмыс беруші оған бес күн мерзімнен кешіктірмей оның
мамандығы, біліктілігі, қызметі, жұмыс уақыты мен жалақысының
мөлшері көрсетілген анықтаманы, қызметкердің біліктілігі мен
оның жұмысқа көзқарасы туралы мəліметтер жазылған мінездеме-
ұсынымды, сондай-ақ Заңда көзделген жұмыс туралы басқа да
құжаттарды беруге міндетті.
15 бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ
1. Жеке еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің оған
тапсырылатын
жұмысқа
сəйкестігін
тексеру
мақсатында
тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін.
2. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетілуге тиіс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз
қабылданды деп есептеледі.
3. Сынақ кезеңіндегі қызметкерлерге осы Заңның нормалары,
жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады.
4. Сынақ мерзімін үш айдан асыруға болмайды.
қызметкер дəлелді себептермен жұмыста болмаған кезең сынақ
мерзіміне есептелмейді.
16 бап. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақтың нəтижесі
1. Тараптардың біреуі сынақ мерзімі біткенге дейін жеке еңбек
шартын бұзуға құқылы, бұл орайда жеке еңбек шарты
хабарландырылған кезден бастап бұзылды деп есептеледі.
2. Жұмыс беруші қызметкерді сынақ мерзімі бітпей тұрып
жоғары қызметке тағайындаған жағдайда қызметкер жұмысқа
қабылдау кезіндегі сынақтан өткен болып есептеледі.
3. Егер сынақтың мерзімі бітіп, тараптардың ешқайсысы екінші
тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы хабарламаса, шарт одан
əрі қолданылады жəне оны жалпы негіздерде ғана тоқтатуға жол
беріледі.
17 бап. Басқа жұмысқа ауыстыру
Бір ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бірге басқа жерге
ауыстыруға, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке
еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіле отырып, қызметкердің
жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
18 бап. Қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыру
Қызметкерді сол ұйымдағы басқа жұмыс орнына, сол жердегі
басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстырған ретте, жеке еңбек
шартында келісілген мамандық, біліктілік немесе қызмет шегінде
басқа механимздегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға, егер
бұл жеке еңбек шартының талаптарын өзгертуге əкеп соқпаса,
қызметкердің келісімі талап етілмейді.
19 бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі
1. Ұйымдарда өндірістің өзгеруіне жəне жұмыс берушідегі
жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты сол кəсіп (мамандық),
біліктілік, қызмет бойынша жұмысты кезінде еңбек жағдайларын
өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы
қызметкер бір ай бұрын жазбаша хабардар етілуі тиіс.
2. Еңбек жағдайлары өзгертілген жағдайда жеке еңбек шартына
тиісінше толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Егер қызметкер
жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе, онымен
жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26 бабының 7
тармақшасына сəйкес бұзылады.
20 бап. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда басқа
жұмысқа уақытша ауыстыру
Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жұмыс берушінің
қызметкерді оның келісімінсіз бір айға дейінгі мерзімге, еңбегіне
атқаратын жұмыс бойынша, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа
айлық жалақысынан кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек
шартында келісілмеген жəне оның денсаулық жағдайына зақым
келтірмейтін сол жердегі, сол ұйымдағы басқа жұмысқа
ауыстыруға құқығы бар.
Мұндай ауыстыруға дүлей апаттың өндірістік аварияның алдын
алу немесе оларды жою немесе олардың зардаптарын дереу жою
үшін, жазатайым жағдайларды, іркілісті, мүліктің жойылуын
немесе бөлінуін болғызбау үшін жол беріледі.
21 бап. Іркіліске байланысты басқа жұмысқа уақытша
ауыстыру
Іркіліс жағдайында жұмыс берушінің қызметкерді мамандығын,
біліктілігін жəне оның денсаулық жағдайына зақым келтірмеуін
ескере отырып, оның келісімінсіз бір айдан аспайтын мерзімге
басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.
Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысын жалғастыруға
келіспесе, онымен жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26
бабының 7 тармақшасына сəйкес бұзылады.
22 бап. Біліктілікті керек етпейтін жұмысқа уақытша
ауыстыруда шектеу
Іркіліс кезінде жəне жұмыста болмаған қызметкерді ауыстырған
жағдайда білікті қызметкерді біліктілікті керек етпейтін жұмысқа
қызметкердің жазбаша келісімінсіз ауыстыруға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |