«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару қызметінің бас маманы, «Е-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қала әкімдігінің құрылымдық және салалық бөлімшелерінің қызметкерлеріне олардың құқықтық ережелерінің мәселелері бойынша кеңес беру, олардың мемлекеттік қызметке келуіне байланысты шектеулердің сақталуын бақылау. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаментіне ұсыну үшін лауазымдық бос орындар тізімін, лауазымдық бос орындарды толтыру бойынша өтініштер және өзге де қажетті мәліметтерді дайындау.
Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметке өту және тоқтату, қызметтік тексерулер жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйе).
Қала әкімдігі бөлімдерінің мамандарын оқыту, қайта даярлау (қайта мамандандыру) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Бос әкімшілік лауазымдарға үміткерлермен әңгімелесуді ұйымдастыру. Қала әкімі аппаратының және қала әкімдігі бөлімдерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстар өткізу. Сапалы құрам және кадрлар ауысымдығы бойынша аналитикалық ақпарат дайындау, бос лауазымдар жөнінде басшыларды хабардар ету. Қала әкімдігі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант қабылдауын ұйымдастыру.
Кадрлармен жұмыс мәселелері бойынша қала әкімі шешімдерінің, өкімдерінің орындалу барысы туралы бөлім басшыларынан ақпарат сұрауды жүзеге асыру. Кадр мәселелері бойынша аппараттық оқу ұйымдастыру. Әкім аппараты мен қала әкімдігі бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу. Аппарат қызметкерлерінің еңбек өтілін қарау. Аппарат қызметшілерінің әскери есебін жүргізу. Қала әкімдігінің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының жұмысын ұйымдастыру. Кадр мәселесі бойынша қала әкімі аппаратының басшылығымен жүктелген өзге де өкілеттікті орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «құқық» немесе «білім» немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби: «құқық» немесе «білім» немесе «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білім барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасында «Е-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттерін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) бекітілген нысан бойынша өтініш;
2) бекітілген нысан бойынша 3х4 үлгідегі суретпен толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде Petropavlovsk@sko.kz электрондық поштасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктермей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Петропавл қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға: 150008, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 23, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» КММ, персоналды басқару қызметі, 426-кабинет немесе Petropavlovsk@sko.kz электронды поштасы арқылы немесе құжаттарды қабылдау мерзімінде «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы. Анықтамаларды телефон, факс 8(7152) 50-30-09 арқылы ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |