. Бұл тақырыптық топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, "Time is money" (c.c.a.: Уақыт — ақша); "Уақыт — білгенге қазына, білмегенге — быламық", "Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық". Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұғымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді. Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің казіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Theophrastus) жазбаларымен ұштастырады.
"There is a time for everything' (c.c.a.: Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен. Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " To everything there is a season, and a time to every purpose under the heaven", (c.c.a.: Аспан астында әр нәрсенің, өр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген.
Салыстыра алғанда, уақыт мағыналық өрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.
Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық "Тәрбие басы — тіл", орны мен орайын тауып қолданса, сөзден, яғни тілден асқан ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы:
Good words cost nothing and are worth much;
Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады.
Қатты-қатты сөйлесең, Пышақ қынынан шығады; Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мәні айтылса, қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді. Бір ауыз қатты сөзді қолға ірген тікенге теңей келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.
Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде: "Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me" (c.c a. Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы керісінше "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді қалыптастырады.
Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Зерделей қарасақ, мақал-мәтелдер адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы мақал-мәтелдер. Мұның сыры еңбектің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі болғандығында болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпақсыз еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады.
Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қонақжайлық - қазақ ұлтының сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы дәстүрдің бірі. Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялысы А.Янушкеевич "Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін аралап шығар едім",- деп қазақ халқының қонақжайлылығын риза көңілмен бағалаған екен. Қонаққа конақ болу үшін оның таныс болуы, міндес, тендес болуы шарт емес, қонақасыны "бөлінбеген еншім" деп тануының өзі кеңінен таралып, дәстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда, A constant guest is never welcome. Бір күнгі қонақ — күт, Екі күнгі қонақ- жұт тәрізді тұрақты тұлғалар жиі келген келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі ел мақал-мәтелдерін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы, әдет-ғұрпы, тілі-діні әр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сәйкес келіп жататындығы анықталды. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тәжірибесінде жатса керек.
Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, " Take care of pence and the pounds will take care of themselves" (c.c.a.: Пәнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.
Ағылшын, орыс және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингви сипаттары
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай белігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады./21/ Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқгалған істін бәрі жақсы), "Appearances are deceptive" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алқамшы),
"Better late than never" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақта тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осы "келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық
жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары
Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.
Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, үйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің түрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері түрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:
1. Бұйрық райлы сөйлемдер:
1)Make hay while the sun shines-
Темірді қызғанда соқ.
2)Let sleeping dogs lie –
Жатқан жыланның құйрығын баспа.
3)Cut your coat according to your cloth –
Көрпеңе қарай көсіл.
4)Catch the bear before you sell his skin –
Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.
5)First think, then speak –
Ойнасаң да ойлап сөйле.
2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;
1)Never say die - Салық сұра кетпесін.
2)Don't count your chickens before they are hatced -
Тігілмеген етігіңді мақтама,
орылмаған етігіңді ақтама.
1)Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.
2)Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып, құлдық деме.
3)Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы, бергенді білген
сыпайы.
4)Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның құйрығын
баспа.
3. Шартты райлы сөйлем түрінде:
1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.
2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.
4. Болымсыз жай сөйлемдер түрінде:
1)All are not friends that speak us fair - Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар.
2)All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның бәрі аңшы емес.
3)All are not thieves that dogs bark at - Ит үргеннің бәрі ұры емес.
Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: "No sweet with out some sweat" деген мақалда бастауыш та баяндауыш та, ал "Ақыл-жастан, асыл-тастан" дегенде "Шығады" сөзі қалып қойған.
Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.
Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.
Мысал:
Ағылшын баламасы
|
Қазақша баламасы
|
Орысша баламасы
|
No pains, no gains
|
Еңбексіз өнбек жоқ
|
Без труда нет плода
|
Two heads are better than one
|
Кеңесіп пішкен тон келте болмас
|
Ум хорошо, а два лучше
|
East or West, home is best
|
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
|
Нет земли лучше Родины, нет людей лучше чем на родине
|
Take a hair of the dog that bit you
|
Демі бардың емі бар
|
Чем ушибся, тем и лечись
|
Fortune favours the brave
|
Тәуекел тау жығады
|
Слипость сдвигает горы с места
|
Мақал-мәтел тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология «клише» деп атайды.
Қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған стандарт болса да, абсолюттік ұғым емес, ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне сөз саптау шеберлеріне байланысты ертүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпымазмунына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге бөленденуі сан келтіре қоймайды./25/
Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі өзгерістерге, түлғалық модификацияларға үшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз.
Инварианттық, өзгерістер авторлық тек өз еркіне, асыл тасты ер қырынан бір көрсетіп қүбылта білетін шебердей, мақал-мәтелдердің көркемдік өрнегін, образы мен бейнелеушілік әсерін, эмоция-экспрессивтік қуатын бойында сақтай отыра, пайдаланатын талантына байланысты.
Мақал-мәтел инварианттары бірде олардың компоненттеріне инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп, иллипсис түрінде айту арқылы, бірде дербес екі түрлі мақал-мәтелдердің элементтерін өзара шебер қиыстыру арқылы, т.б. жолдармен жасала береді.
1. Компоненттерін өзгертіп айтуға байланысты инварианттар: «Қырық жұт қырғын болса да ажалды өлер, Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз адам тірі қалар» деген... (М.Мағауин «Қияндағы қыстау», 37-бет)
«A living dog is better than a dead lion» (From the Bible)
"Haslit was unable to appreciate the writer till he was dead-that he thought a dead ass better than a living lion".
Мақал-мәтелдердің жеке элементтері ғана сақталатын инварианттар:
«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, Есеней оңай түсінді... Қазақ айласының құйрығы бір-ақ түтам (Ғ.Мүсірепов Ш.Ж, 5-том, 400-бет)
"The last straw breaks the camel's back" "He can't stand to the last straw" (Martin Eden, p 45)
Компоненттерінің орнын ауыстыруына байланысты инварианттар: Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
- Уай, жарандар! Бұл түстен кейін маңырайтын ақсақ қой дейсіңдер ғой. (М.Әуезов, Абай жолы 1-том, 82-бет)
"All is not gold that glitters"
It will be an age not, perhaps, of gold but at least of glitter (Arnold "The English Word)
Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, наным-сенімін, т.б. туралы бай информация табамыз.
Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.
Мысалы:
Ағылшын
|
Орысша баламасы
|
Қазақша баламасы
|
The rotten apple injures its nature
|
Паршивая овца всё стадо портит
|
Бір құмалақ бір қарын майды
шірітеді
|
All is not gold that glitters
|
Не все то золото, что блестит
|
Жылтырағанның бәрі алтын емес
|
Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа көз болса бірте-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналады. Шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тауып жатады: Brevity is the soul ofwit- Аз сөз-алтын.
Rieh gifts are poor when givers prove unkind –
Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаңы жақсы жат артық.
Ағылшын
|
Мағынасы
|
Қазақша баламасы
|
A little learing is
dangerous
To err is human
Who shall deeide
When doetors disagree
|
Шала оқу қауіпті
|
Жол білмеген
адастырады,
Жөн білмеген
шатастырады.
Жаңылмас тұяқ Жоқ.
Ауру азайса, тәуіп
ауырады.
|
деген сөздерде де дәл аударылады.
Тілі бар халық, халық,
Тілі жоқ халық-балық. (Шерхан)
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс, білсеңіз. (Абай) /43/
Адасқанның алды-жөн,
Арты-соқпақ. (Абай)
Ағылшын ауыз әдебиетінде көп кездесетін кейіпкерлер мақал-мәтелдерден де өз орындарын тапқан.
Ағылшын
|
Мағынасы
|
Қазақша баламасы
|
A good Jack makes a good Jill
|
Женская догадка обладает большей точностью,чем мужская уверенность.
Женщина не только способна понять самопожертвование: она сама умеет пожертвовать собой.
|
Жақсы әйел жігітке
біткен бақ,
Жақсы жер, жайлы
қамыс алтын таң.
Жақсы әйел теңі жоқ
жолдас, түбі жоқ сырлас.
|
Қай халық болмасын, билік пен байлыққа сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдың атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай-болыстарды мысалға келіп еді.
Ceaser`s wife is above suspicion
|
Богатого, хоть дурака, всяк почитает
|
Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
|
Әр халықтың тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері сол халықтың менталитетінен хабар береді.
Ағылшын
|
Орысша баламасы
|
Қазақша баламасы
|
Leopard can not change his spots
|
Сколько волка не корми, он все равно в лес смотрт
|
Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді не Қара киізді қанша жусаң да ағармайды
|
ҚОРЫТЫНДЫ
"Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты" деп аталған тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды. Этнолингвистика ғылымының бастау алуы, қалыптасу кезендері, қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалды.
Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады:
- мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым, қорытынды пікір жасалмайды;
- ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады;
- мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады;
- мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан "дайын" материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді;
- этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың жалпы тіл білімінде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердің тілдік сипатын сараптап қана қою жеткіліксіз, олардың ұлттық ерекшеліктерін, этнолингвистикалық сипатын ашу — бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі;
- мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық табиғатын айқындауда Табиғат - Адам - Қоғам" деп аталған үш бірлестікгі қамтитын идеографикалық классификация тиімді;
- бірқатар қазақ және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды, абсолютті эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі;
- ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі, не бірнеше тармақты болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады;
- кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің күндерегі қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен, яғни Майқы, Төле, Әйтеке есімдерімен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б. шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгілерімен, қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен, жұмбақтар және діни мазмұндағы шармалармен, тығыз байланысты;
- ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі;
- туыс емес тілдердегі бірқатар мақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің, көзі жетіп, кекейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен, астастығымен байланысты;
- тіл-тілдегі макал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғүрпы, салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі, яғни дүниненің тілдік бейнесі болып табылады;
- әртектес тілдердің мақал-мәтелдерін салғастырмалы түрде зерттеу жұмыстары жалпы тіл білімін теориялық тұрғыдан соны тұжырымдармен толықтыра түседі және кейбір практикалық мәселелердің шешімін табуына септігін тигізеді.
ГЛОССАРИЙ
1.A good name is better than riches – Добрая слава лучше богатства – Жақсы сөз – жарым ырыс.
2.Twoheadsbetterone – Одна голова хорошо, две лучше – Екі кісі бір кісінің тәңірісі. Похожая
3.East or west home is best – Вгостях хорошо, дома лучше - Өз үйім өлең төсегім.
4.If you run after two hares, you will catch neither - За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь - Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. 5.There is no smoke without fire – Нет дыма без огня – Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды.
6.There is no place like home – В гостях хорошо, а дома лучше – Айхай өз үйім, кең сарайым боз үйім.
7.There are spots even on the sun – Конь о четырех ногах, и тот спотыкается – Төрт аяқты мал да сүрінеді.
8.Tastesdiffer – На вкус и цвет товаришей нет – Әркімнің өз талғамы бар. 9.All is well that ends well – Все хорошо, что хорошо кончается – Басы қатты болса, аяғы тәтті болады.
10.Badnewsfliesfast – Худые вести не лежат на месте – Жамандық жерде жатпайды.
11.We shall see what we shall see – Поживем – увидим – Көргеніңнен көрмегенің көп
12.Who keeps company with the wolves will learn to howl – С кем поведешься от того и наберешься – Жолдасына қарап, кісіні білерсің.
Достарыңызбен бөлісу: |