3.Адвокаттар алқасының төралқасы
1. Адвокаттар алқасының төралқасы мен төралқа жасырын дауыспен төрт жыл мерзiмге сайланады.
2. Адвокаттар алқасының төралқасы:
1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiн көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;
3) адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;
4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;
5) адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;
7) адвокаттарды аттестациялауды өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
8) осы Заңда (12-бап) көзделген реттерде адвокатты лицензиясынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне өтiнiш жасайды;
9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;
10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, дербес немесе Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;
11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;
13) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;
14) адвокаттар есептi, қаржы және статистикалық есептiлiктi және iс жүргiзудi ұйымдастырады;
15) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.
Достарыңызбен бөлісу: |