Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге:
талап арызға қол қоюды;
істі аралық сотқа беруді;
талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді;
бітімгершілік келісім жасауды;
өкілеттікті басқа адамға беруді;
соттың қаулысына шағым беруді;
соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді;
берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді. Осылардың әрқайсысын жасауға өкілеттілік өкілдік беруші берген сенімхатта көрсетілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |