Аңдатпа искаков Уалихан Кабибуллаевич «Тау-кен өндірісі электр жабдықтары үшін қолданатын тоқ қорғанысы құралдарының баптауларын бейімдеу жүйесін жасау»



Дата23.11.2018
өлшемі60 Kb.
#23988
түріДиссертация


6D071800 – «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша

PhD философия докторының ғылыми дәрежесiн iздену диссертациясына


АҢДАТПА
Искаков Уалихан Кабибуллаевич
«Тау-кен өндірісі электр жабдықтары үшін қолданатын тоқ қорғанысы құралдарының баптауларын бейімдеу жүйесін жасау»
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті


Диссертациялық жұмыс кернеу ауытқуларына баптаулары бейімді тоқ қорғанысы жүйелерін жасау қолданбалы ғылыми-техникалық мәселені шешуге бағытталған.

Жұмыс өзектілігі. Тау-кен өндірісі электр желілерін және электр жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін релелік қорғаныс құралдары және ағым тоқтарынан қорғау аппараттары кенінен пайдаланылады. Кен өндірісі электржелілерін пайдалану барысында тоқ қорғанысы құралдарының селективсіз әрекеттеріне әкелетін жағдайлар болады.

Басты төмендету электрстанцияларында кернеудің өзгеруінен және өңдірістің ауыспалы жұмыс режимдерінен тау-кен өндірісі электр желілерінің алыс тұтынушыларында қатты кернеу ауытқулары жиі болып тұрады. Кернеу ауытқуларының өлшемі номиналды шамадан – 30 % + 20% дейін ауытқиды.

Электр желі кернеуінің төмендеуі қорғалатын аумақта апаттар (қысқа тұйықталу) кезінде тоқ қорғанысы құралдарының жұмыс істемеуіне әкеліп соғады. Кернеудің көтерілуі қорғалатын аумақ сыртында болатын апаттар кезінде тоқ қорғанысы құралдарының селективсіз әрекеттеріне әкеліп соғады. Электр желі параметрлерінің бақылаусыз өзгеруі қорғау құралдарының нәтижелік деңгейін төмендетеді.

Тау-кен өндірісіндегі тоқ қорғанысы құралдарының баптауларын есептеу өңдірісті жобалау кезеңінде, максималды қуат есебімен атқарылады. Көп жағдайда жаңадан іске қосылған өңдірстің (толық қуатқа шығу уақыты бірнеше жылға созылу мүмкін) әрекеттегі электр қамтамасыз ету сұлбасы жобаланған сұлбадан өте қатты өзгешеленеді, бірақ тоқ қорғаныс баптаулары картасы өзгеріссіз қалады. Бұл жағдай тоқ қорғанысы құралдарының селективсіз әрекеттеріне әкеліп соғады.

Аталған факторлар диссертациядағы шешілген ғылыми-техникалық меселелердің өзектілігін растайды.

Жұмыстың мақсаты. Тау-кен өндірісі электр желілерін және электр жабдықтарын қорғау үшін пайдаланылатын тоқ қорғанысы құралдарының тиімділігін және сенімділігін арттыру.

Аталған жұмыс мақсаты келесі зерттеу міндеттерін анықтайды:



  • электр жабдықтардың жұмыс режимдерінің және пайдалану шарттарының қорғау құрадарынның тиімділігіне әсерін бағалау мақсатында қазіргі кезде қолданатын тоқ қорғанысы құрадарына талдау жасау;

  • дәл емес логика әдістері негізінде әр түрлі кернеу ауытқулар түрлеріне бейімді ағым тоқтарынан қорғау құралдарының жұмыс істеу алгоритімін жасау;

  • электрқозғалтқыштық жүктемесі бар және модельдеу барысында желі параметрлерін өзгерту мүмкіндігі бар оқшауландырылған нейтральді электр желі моделін жасау;

  • тоқ қорғанысы баптауларын бейімдеу жүйесінің жұмыс істеу принциптерін анықтау;

  • тоқ қорғанысы құралының имитациялық моделін жасау: максималды тоқ айыру (МТА), максималды тоқ қорғанысы (МТҚ), бір фазалы жерге тұйықталу қорғанысы (БЖТ);

  • тоқ қорғанысы баптауларын бейімдеу жүйесінің моделін және жұмыс істеу алгоритімін жасау, МТА, МТҚ, БЖТ қорғаныстарына арналған баптауларды бейімдеу жүйесінің жұмысын моделдеу;

  • тоқ қорғанысы баптауларын бейімдеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасау және сынақтан өткізу.

Жұмыстың идеясы. Ауыспалы эксплуатациялық параметрлеріне бейімдеу арқылы тау-кен өндірісі электр желілерін және электр жабдықтарын қорғау үшін пайдалнылатын тоқ қорғаныс құралдарының тиімділігін және сенімділігін арттыру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынған ғылыми тұжырымдамалар.

Диссертациялық жұмыста келесі жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:



  1. Оқшауландырылған нейтральді электр желінің, тоқ қорғанысы құралының және тоқ қорғанысы баптауларын бейімдеу жүйесінің математикалық модельдері жасалды;

  2. Кернеу ауытқуларына бейімді ағым тоқтарынан қорғау құралдарының жұмыс істеу алгоритімі және нақты емес лингвистикалық ережелер базасы жасалды;

  3. Тоқ қорғанысы баптауларын кернеу ауытқуларына сәйкес бейімдеу жүйесінің жұмыс істеу принциптері және жұмыс істеу алгоритімі жасалды;

Қорғауға ұсынған ғылыми тұжырымдамалары:

  • Оқшауландырылған нейтральді электр желінің, тоқ қорғанысы құралының және тоқ қорғанысы баптауларын бейімдеу жүйесінің математикалық модельдері;

  • Релелік тоқ қорғанысы мен ағым тоқтарынан қорғау құралдарының баптауларын бейімдеу жүйесінің жұмыс істеу алгоритімдері;

  • Әмбебап бейімдеу жүйелері бойынша бағдарлама-аппараттық техникалық шешімдер жиынтығы.

Ғылыми тұжырымдамалар мен қорытындылардың негізділігі және дәйектілігі. Барлық ғылыми тұжырымдамалар мен қорытындылар компьютерлік моделдеу нәтижелерінің тәжірибелік деректермен сәйкестігімен, эксперттік бағалау және өндірістік жабдықтарды қолдана өткізілген сынақ нәтижелерімен дәлелденеді.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы және зерттеу нәтижелерін еңгізу.

  • Тоқ қорғанысы баптауларын бейімдеу жүйесін қазіргі күнде қолданатын микропроцессорлы тоқ құралдарымен интеграциялау бойынша техникалық шешімдері жасалған және еңгізілген;

  • Тоқ қорғанысы баптауларын бейімдеу жүйесінің бағдарлама-аппараттық шешімі жүзеге асырылды. Ұсынылған теоретикалық шешімдер бейімді тоқ қорғанысы жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасалғанда қолданылды. Аталған тәжірибелік үлгі «KAZPROMAVTOMATIKA» компаниясының оқу центірінде жасалып жақсы нәтижемен сынақтан өтті;

  • Диссертациялық жұмыс нәтижелері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқу процессіне еңгізілді. «Электроэнергетика» бакалавриат мамандығы «Электрэнергетикадағы математикалық есептер және компьютерлік модельдеу» және «Релелік қорғаныс және автоматика» пәндері бойынша студенттерінің зертханалық сабақтарында диссертациялық зерттеу нәтижелері пайдаланылды (Е қосымшасындағы еңгізу актісін қараңыз);

  • Диссертациялық жұмыс нәтижелері «Корпорация Казахмыс» ЖШС-де еңгізілді. Бағдарламанатын логикалық контроллер негізіндегі тоқ қорғанысы баптауларын автоматты бейімдеу жүйесі Нұрқазған кенішінің «Водоотлив» үлестіргіш аралық станциясында орнатылған, және тоқ қорғанысы баптауларын кернеу ауытқуларына сәйкес қайта есептейді.

Ғылыми жарияланымдар. Дисертациялық жұмыстың негізгі мазмұны 17. ғылыми жұмыста жарияланды. Соның ішінде 10 ғылыми жұмыс халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар еңбектерінде, 4 мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (БҒББК) ұсынған журналдарда, 1 мақала Scopus базасындағы журналда, 1 жарияланым Scopus базасындағы шетелдік ғылыми конференциялар еңбектерінде, 1 жарияланым Thompson Reuters (Web of Science) базасындағы шетелдік ғылыми конференциялар еңбектерінде жарияланды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, 5 бөлімнен және де қорытындыдан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі баспа текстінде 105 беттен, 31 суреттен, 7 кестеден, 6 қосымшадан және де 125 атаулары бар әдебиеттер тізімінен құралады.



Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау