138 Нөлдеуді қолдану саласы:
Кернеуі 1000 В дейінгі нейтралі жерге тұйықталған үш фазалы желілер.
b) Кернеуі 1000 В дейінгі нейтралі оқшауланған үш фазалы желілер.
c) Ток көзінің жерге үлкен кедергі арқылы тұйықталған нейтралі бар үш фазалы төрт сымды желілер.
d) Ток қөзінің нейтралі жерге тұйықталған желілер
139 Кернеуі 1000 в дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде рұқсат беруші болып кімді тағайындалуы мүмкін?
a) Электр қауіпсіздігі бойынша IV төмен емес тобы бар жедел персонал қатарындағы қызметкерлер.
b) Электр қауіпсіздігі бойынша III төмен емес тобы бар әкімшілік-техникалық персонал қатарындағы қызметкерлер.
c) Электр қауіпсіздігі бойынша III төмен емес тобы бар әкімшілік-техникалық персонал қатарындағы қызметкерлер.
d) Электр қауіпсіздігі бойынша IІІ төмен емес тобы бар жедел персонал қатарындағы қызметкерлер.
140 Жұмыс күні ішінде жұмыстағы үзіліс кезінде қауіпсіздік техникасының қағидалары талаптары
a) Бригаданы жұмыс орнынан алып тастау қажет, бұл ретте жұмыс өндіруші (бақылаушы) жұмыс орнында қалады.
b) Бригада жұмыс орнында қалады.
c) Бригаданы жұмыс орнынан алып тастау керек. Бұл ретте наряд басшыда, жұмыс өндірушіде (бақылаушыда) қалады.
d) Жұмыстың уақытша аяқталуы ресімделеді
141 Қауіптілігі жоғары үй-жайларда қолданылатын тасымалды (қол) шамдарды қоректендіру үшін қандай кернеу қолданылуы тиіс?
a) 12 В жоғары емес.
b) 42 В жоғары емес.
c) 50 В жоғары емес.
d) 127 В жоғары емес.
142 Қандай қызметкерлер жедел қызметкерге жатады?
a) ) бекітілген электр қондырғыларына бекітілген көлемде жедел қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және дайындалған жөндеу қызметкерлер.
b) Электр қондырғыларын жедел басқаруды және оларға қызмет көрсетуді (қарап шығу, жедел ауыстырып қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істеушілерге рұқсат беру және қадағалау, ағымдағы пайдалану тәртібімен жұмыстарды орындау) жасайтын қызметкерлер.
c) электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, монтаждауды, реттеуді және сынауды қамтамасыз ететін қызметкерлер.
d) электр жабдықтарында техникалық және жедел қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жөндеу, монтаждау және баптау жұмыстарын жүргізу жөніндегі міндеттер жүктелген қызметкерлер.
Достарыңызбен бөлісу: |