- Айнала шындықты эстетикалық игеру барысында объективті әлемнің субъективтік рухани-әлеуметтік тоғысуы жүзеге асады. Эстетикалық талғамға негізделіп, эстетикалық сезімге жетелейтін эстетикалық мұрат категориясы — шындықты сұлулық заңына байланысты игерудің субъективті жағын танытатын категориялардың бірі. Эстетикалық мұрат осы шындықты игеруші адам баласының рухани мәнін білдіреді. Рухпен қаруланған адам үшін кемелділік пен үйлесімділік өлшемі оның өзін қоршаған ортасын игеруге қажет талаптар болып табылады. Эстетикалық мұрат белгілі бір дәуірдің эстетикалық санасын, яғни нені қалап, нені қаламайтынын анықтайтын фактор.
- Эстетикалық мұрат — өнер арқылы көрініс табады. Өнер — таза эстетикалық іс-әрекет болып табылатындықтан, яғни сұлулықтың өзі үшін жасалатындықтан, өнерден біз сұлулық мұратын іздейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |