шаруашылығымен айналысатын көшпенді теле мен тюкю
тайпасынан ерекшелене түседі.
Жылнаманың құрастырылған уақытына қарамастан біз
келтірген үзінділерде дубо ұзақ уақыт бойы теле тайпасымен
қарым-қатынас жасағаны сияқты түркімендермен де қарым-
қатынас жасады, нәтижесінде дуболардың байларында да
жылқы пайда болды, салт-дәстүрлері де, аң аулаулары да
таулы тайгадағыдай болды. Олар әрине таулы-тайга жерінің
байырғы тұрғындары болған.
Дуболардың шығу тегі мен тіліне келсек, біздің
қолымыздағы мардымсыз мәліметтерге қарағанда оларды
түркі тілдес тайпалардың қатарына қосу қиындық туғызады. Л.
Потапов оларды солтүстікті мекндейтін халықтардың бірінің
тілінде сөйлеген деп есептейді [39]. Бұл пікірдіИ. Георги [40],
М.А. Кастрен және В.В. Радловтар да растады [41]. Біздің
заманымызда этнограф-лингвист Г.Н Прокофьеев Тубо-
Дубоның этнонимі жөніндегі ойы да ескерусіз қалмауы тиіс. [42].
840 жылы Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін дуболар керейлер
одағының құрамына кірді.
Біздің пайымдауымызша керей тайпасы конкаит (канка)
қанғар-қаңлыға жақындайды. Қаңлылар Түрік қағанатына
кіретін ертедегі руно жазуында кенгерес деп жазылған көне
қаңлы мемлекетінің ұрпағы. Кенгер тұрғындарының бірқатар
топтары шығыс-түрік қағанатының құрамында болған. Мұны
кенгер
ақсүйектерінің
түрік-туцзо
мемлекетінде
жоғары
лауазымды иеленгені айқындай түседі. 618 жылы шығыс түрік
қағаны Шиби Қытайға елші жібергенде осы істің басында Кан-
хэ-ли тегін деген есімі кездеседі. Ю.А. Зуевтың пікірінше елші
басшысының есімі «кангарлыг» деп оқылады, оған қоса ІХ
ғасырда «Танхуйяю» еңбегіндегі «Вассаль княздігінен шыққан
тамғы жылқылары» деген бөлімде кан-хэ-ли халқы қаңлы деп
қарастырылған [43]. Шығыс тюгу-түрік вассалдық тайпаларға
жатқандықтан Орхон аумағындағы қаған тайпаларына жақын
көшіп жүрген. Қаңлылардың ертедегі ұйғыр тайпаларымен
байланысы туралы аңыз қытайдың «Юань ши» (XIVғ)
жылнамасында А. Ш. Қадырбаев: «Канглы (Канли) это есть то,
что в эпоху Хань (206 г. до н.э. - 220 г. н.э.) называлось Гаочэ-
го - страна высоких повозок»-дейді [44].
ІХ ғасырда қанғарлар қыпшақтың қол астында болды.
Содан соң Қыпшақ тайпаларының одағына ұжымдаса бастады.
Дәл сол уақыттан яғни ХІ ғасырдың ортасынан бастап бірте-
бірте оларға сіңіп кету процесі басталады. Қыпшақтардың
қаңлымен қанғарлармен (печенектермен) байланысын алғаш
121
рет С.П. Толстов атап көрсетті.
Ол қанғарларды қаңлы деп көрсету үшін қыпшақтарға
сіңіп кеткен оғұз-печенек тайпаларының бір бөлігі деген
қорытындыға келді [45].Бұл түрік тілінің білгірі Махмуд
Қашқаридың «Қаңлы-қыпшақтардың ұлыадамдарының бірі»-
деуіне әсер етті [46]. ХІІ ғасырдың басы мен ХІІІ ғасырдағы
мұсылман авторлары мағыналық жағынан қыпшақты қаңлының
синонимі ретінде қолданады [47].
Біздің көзқарасымызша дәл осы кезеңде қаңлы тобы
керей одағына кірген. Қаңлының атақты адамдары туралы
мысалы «Юань-шиде» Қайранбай дегеннің керей хандығында
қызмет еткені туралы айтылса, қытайдың «Меннуэр-шицзы»
шығармасында олардың шығу тегі туралы: «Керейлер
қаңлылардың
ата-бабасы.
Батыстағылары
қаңлы,
шығыстағылары керейлер деп аталған»-деп жазады [48].
Қытайдың Юань-ши немесе басқа деректерде бұл трибоним
түрік дыбысталуында «қаңлы» болып, ал Рашид-ад-инде ол
«монғолша»- «қонқайт» болып айтылады.
Өкінішке қарай, бізде керейдің басқа тайпаларының шығу
тегі туралы мәлімет жоқ, керейдің өзі, жырқын және албат
туралы ішінара ғана мәлімет бар. Әдетте жырқындарды
зерттеушілер ұйғыр тайпасына жатқызады, алайда бұл
тұжырым әзірге дәлелдене қойған жоқ. Керейдің өзі, оның
мемлекеттілігінің
этнонимі
туралы қазақ ғалымдарының
еңбектерінде де бар. Н. Мыңжан ХІХ ғасырдағы шежіре авторы
Мәмидің негізіне сүйене отырып, керейлердің ата-бабалары
телінің шеп, сеп, байлау, қойлау, изен, жусан рулары деп
есептейді [49]. Осы тайпалар Шығыс түрік қағанатының
үстемдігіне қарсы көтеріліс жасап, 607 жылы шеп тайпасының
көсемі Керін Еркінді хан көтеріп, «Изен Бағақан» деп атаған.
Осы Керіннің баласы Хылей (Керей) қаған атанған. Керейге
біріккен теле тайпалары кейін керей деген атпен белгілі
болды.
Осылайша біз керей тайпасының ең аз дегенде жетеуінің
төртеуі ұйғырдан шыққандығына көз жеткізе аламыз.
Жырқын,
сахиат, тобарытшығыс-оғыз (ұйғыр), қарақын, батыс-
оғыз
тайпаларының
ұрпақтары
болып
табылады.
Тобарыттардың ата-бабалары самодий тайпасы болуы
мүмкін, алайда керей одағына кірген кезде олар түріктеніп
қойған. Қонқаит тайпасы батыс, қыпшақ-печенектен шыққан.
Жоғарыда келтірген деректердің негізінде мынандай
қоытынды жасауға болады. Керейдің арғы аталары батыс
хұнның
теле тайпасының ортасында қалыптасқан. Ол
122