ғасырдағы Цзубу көшпенділерінің конфедерациясы құрылғанға
дейінгі олардың тайпалар одағы болғандығы туралы мағлұмат
аз. Ғылымдағы барлық мағлұматтарды жанама және нақты
дәлелденбеген деп мойындауымызға тура келеді.
Қалмақ авторлары керейлердің көне тарихын монғолтілді
шығыс халқымен байланыстырады. С.К. Хойттың пікірінше
керейлер-қидандардың және қиыр шығыстағы шивэйдің бір
бұтағы [27].Г.О. Авляев керейлер ІХ ғасырдың екінші
жартысында оғыз-татар немесе шивэйден бөлініп шыққан
дейді. [28].
Керейлердің
ру-тайпалық
құрамына
талдау
жасағанымызда осы бір орта ғасырдағы этностың бір бөлігін
батыстағы түркітілдес халықпен байланыстыруға болады.
Деректерге сүйенсек, ХІІ ғасырда керейлер керейт
тайпасы, қарқын (харакин) жырқын (джиркин), конкайт (тункаит),
сакаит (сагат) тумаут (дубоут), албат болып бөлінген. «-Ат, -ит»
жалғаулары монғол тілінде көпше түрді білдіретіндіктен
жекеше түрде олар былай айтылады: Керей, Харакин
(Қарқын), Джиркин (Жырқын, Канка, Сага (сака), - Тума
(Туба), Албан.
Керей тайпасының атауын монғол дәуірі алдындағы бізге
белгілі тайпалармен қатар қоюға болады. Керей хандығындағы
тумаут ХІІ ғасырдағы тумаут және «Құпия шежіредегі»
біздіңше дербен-ойраттан ығыстырылған Сегіз-муренді
(Восьмиреье) мекен етуші хори-тумайтты еске салады.
Тайпаның сакаит атауы түрік этнониміндегі саха немесе
сахалар сөзінің сахаит деп айтылуынан, якуттардың өздерін
ұранхай-сахалар деп атауынан шыққан.
Харакин оғыз тайпасындағы қарқын - оғыз одағының оң
қанаты бозок бірлестігіне кіретін, Күн ханның үшінші ұлы Оғыз
ханның немересі Жұлдыз хан [29].
Л.Л. Викторов: «кереиты имели смешанный состав,
включающий наряду с тюрко-уйгурскими компонентами и
некоторые иные, связанные скиданьско-монгольскими» [30] -
деп үстірт белгілейді. Бірақ автор өзінің осы тұжырымын одан
әрі дәлелдемейді.
Оғыз тайпаларының ішінде қарқын тайпасының керейден
шыққандығы
жөніндегі
мәліметт
ерекше
бір
қызығушылығымызды туғызады. Ту Жидің керейлері оғыздың
ұрпағы екен деуі де кездейсоқ айтылмаған сияқты.
Қарқын есімі тарихта аңызға айналған түрік-оғыз ата-
бабаларының бірі. Ол Оғыз ханның үшінші ұлы. Оғыздың
басқа бір билеушісі Қарқын Қонақ-Алып атымен тарихта қалған
119
[31]. Қарқын есімі
«аш халықты тоқ етуші» немесе
«нан-
тұзды», ал оның киесі әулие құс яғни сұңқар немесе су бүркіті
деген мәлімет аңыздарда кедеседі. [32]. Бұны киелі жерге
немесе әулиеге табынған Бүркіт-Баба бейнесімен салыстыруға
болады. Түркі халқының мифтік түсінігі бойынша Бүркіт-Баба
бұлтты шақырып, найзағай жарқылдатып, жаңбыр жаудыру
қабілеті болған [33]. Түрікмен халқында осы күнге дейін
құрғақшылық жылдары жаңбырдың қолдаушысы Бүркіт атаға
арнап құрбандыққа лақ шалу дәстүрі бар.
Қазіргі түрікмендерде «қарқын» этнонимі (қазір «гаркын»
деп айтылады) арсары және алилы тайпаларының тегінің
атауы ретінде кездеседі. Гаркын топонимі Түрікменнің (Саят,
Керкін, Ахерден, Қарқаралы) және Қырым, Әзірбайжан және
Арменияның көптеген этнотопонимдерінде көрініс тапқан [34].
Түрікмен аңыздарындағы оғұз тайпаларының ата-бабасы,
оның ішінде Қарқын Жетісу және Орталық Қазақстан
аудандарында өмір сүрген деген мәлімет бар. «Түрікмен
шежіресінде» оларға ең жақын тайпалар хатан, қаңлы және
наймандар екендігі айтылады[36].
Белгілі қытай жылнамасындағы 15 ұйғыр тайпаларының
ішіндегі сыңзе және дубоның ортағасырдағы этникалық
құрылымы керей тарихына байланысты екендігі айтылады.
840 жылғы Ұйғыр қағанатының күйреуіне байланысты сол
жердекерей одағы құрылды, сондықтан ұйғыр тайпасының бір
бөлігі керейлердің құ-рамына кірген деген қисынды болжам
жасауға болады.Кейбір деректерге қарағандасаха
менсыцзенің арасында да этникалық жақындық бар шығар
деген ойға итермелейді.Сыцзе белгілі Қазақстан синологы Ю.
Зуеевтың пікірінше бұл хотан Сыгарі және сақ құжаттарындағы
Сыгар [38].
Біздің ұйғарымымыз бойынша Ұйғыр қағанаты құлағаннан
кейін
Толы
мен
Керулен
маңындағы
аңғарда
қалған
сығырлардың бір бөлігі кейін сыгы (р)-ит-сагы-ит-сакаит
аталған. Дәл осы айтқан сыцзе-сығырлар керейлер құрамына
кірген.
Керей тайпасының
дубо руы да ұйғырлардан шыққан
болып есептеледі. Ертедегі тарихи жылнамаларда дубо теле
тайпасына еніп кеткен болып айтылады, олар VI-VIII
ғасырларда Косогол немесе Хубсугул көлінің маңында және
Косоголдың батысындағы Енесейдің жоғарғы жағында өмір
сүрген.
Дубо
әулеті
ұрпақтарының
деректеріндегі
этнографиялық суреттеулерге қарасақ, мәдениеті мен тұрмысы
жағынан
өздері
тығыз
қарым-қатынаста
болған
мал
120