Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет25/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   156

вассалының  орны  тағайындалғандығын  сезеді.  Сондықтан 

Әмірсана  көтеріліске  шығуға  бел  байлады.  Әмірсана  бұл 

антициндік  қозғалысқа  ойрат,  қазақ  және  қырғыз  күштерін 

біріктіргісі  келеді.  1755  жылдың  қыркүйегінде  Цин  әскерлерінің 

штабында  қазақ  елшісі  Амир  батыр  болады.  Бірақ  бұл  елшілік 

нәтижелері туралы мәліметтер жоқ. 1755 жылдың қыркүйегінде 

басталған Әмірсананың көтерілісіне байланысты жоңғар, қазақ 

және Цин жағының саясатында үлкен өзгерістер болады. Бұны 

Е.Карин былай түсіндіреді: 

 Жоңғарлар  жағы:  Әмірсана өзінің әлсіреген жоңағрлық 

күштерімен  Қытай  әскеріне  қарсы  тұра  алмайтыны  түсінді. 

Оның  осы  жолда  соңғы  үміті  қайтадан  қазақтар  болды.  Ол 

ойрат ханы болу үшін қазақтарға арқа сүйеуді ойлайды;

 Қазақтар  жағы:  Қазақтарға  қытайлардың  Орталық 

Азиядағы  белсенділігін  әлсірету  керек  болды.  Абылай, 

сонымен бірге, Жоңғар мемлекетін сақтауды, яғни оны қазақтар 

мен  қытайлар  арасындағы  буферлік  аймақ  ретінде  ұстап 

қалуды мақсат мақсат етті;

 Қытайлар  жағы:  Әмірсананың  сырттан  қолдау  табуы 

Пекинге  жаңа  қиындықтар  алып  келді.  Олар:  1.  Әмірсана 

қазақтар  көмегі  арқылы  Қытай  әскерін  қууға  мүмкіндік  алды.  2. 

Осы  қазақтардың  көмегі  арқылы  көтерілістің  ұзаққа  созылу 

мүмкіндігі  туды.  Бұл  қытайлардың  жоңғар  жеріне  орнығуын  да 

кешеуілдететін еді. 

1756  және  1757  жылдары  дипломатиялық  жолмен 

қазақтардың  жоңғарлармен  одақтаасуын  тежеуге  тырысқан 

Цин  елшіліктерінің  қымылдары  да  сәтсіз  аяқталды.  Қытай 

деректеріне қарағанда Әмірсана осы кезде 8 мың қазақ және 8 

мың ойрат әскеріне сүйенген. Дипломатиялық жолмен түсіндіру 

нәтиже  бермесін  түсінген  Цян  Лунь  1756  жылы  мамырда 

Қазақстанға,  Орта  жүзге  шабуылды  бастау  жөнінде  Цин 

әскеріне  бұйрық  берді  [6:  76-79].    Қытай  деректері  үш 

шайқастың  болғандығын  және  олардың  үшеуінде  де  қытай 

әскерінің жеңгендігін хабарлағанымен, Қытай жылнамашылары 

бұл  жерде  қазақтардың  қапыл  шабуылдап,  тез  шегініп  кететін 

соғыс тактикасын ескермеген секілді [7: 24-25]. Көп ұзамай осы 

жылдың  мамыр  айының  соңында  қытай  әскері  Қазақстаннан 

қайтарып  алынады.  Бұл  Қытайдың  саяси  қателігі, қазақтардың 

үлкен  жеңісі  еді.  Бірақ  Абылай  аз  ғана  қазақ-жоңғар  күшімен 

қытайларға қарсы тұру үлкен қателікке ұрындыратынын түсінді. 

1757  жылдан  бастап  бұрынғы  қателіктерді  қайталамауға 

тырысқан  Қытай  қайтадан  дипломатиялық  әдіске  көшеді.  1757 

жылы  мамырда  Ұлы  және  Орта  жүзге  елшілік  жіберу  туралы 

66



Цян-Луньның  жарлығы  шықты.  1757  жылдың  тамыз-қыркүйек 

айында  Абылай  ең  алғашқы  елшілігін  Пекинге  бейбіт  қатынас 

орнатуға  жібереді.  Абылай  осы  елшілік  арқылы  Қытай 

әкімшілігіне  Еренқабырға  мен  Үрімшіден  біріккен  сауда 

орталықтарын  ашуды  ұсынады  [8:  80].  Осы  жылы  Цин 

императоры  Абылайды  хандыққа  бекіткен  жарлық  жібереді. 

Бұл  құжаттар  Цин  патшалығы  мен  қазақтар  арасында  тікелей 

байланыстың  орнағанын  дәлелдейді.  Екі  елдің  аталған 

байланысы  сол  кезде-ақ  қытай  саясатында  «алыстағымен 

жұмсақ қатынас»,-деген атауға ие болды [9: 14-17]. Осылайша, 

Абылай сұлтанның мәмілегерлік саясатының нәтижесінде 1757 

жылдан 


бастап 

қазақ-қытай 

қатынасында 

мәселелерді 

дипломатиялық жолмен шешетін жаңа кезеңнің беті ашылды.

1855-1858 жылдары басталған қазақ-қытай қатынастарын 

қорытындылай 

келе, 


бұл  қатынастардың  қай  жағынан 

болмасын,  тең  мемлекеттер  арасындағы  қатынас  ретінде 

дамығандығын 

көреміз. 

Тек 

бұл 


жерде 

қазақ-қытай 

қатынастарының  дамуының  кейінгі  жағдайларына  тоқталып, 

түсініктеме беріп кетуге тура келеді. 

Жоңғар  хандығы  құлағаннан  кейін  бос  қалған  бұрынғы 

Жоңғар  мемлекетінің  жері  үшін  қазақтар  мен  қытайлардың 

саяси  көзқарастары  үнемі  қайшы  келіп  отырды.  Ал,  1860 

жылдардан  бастап  қазақтардың  сыртқы  саясатын  патшалық 

Ресей  жүргізе  бастағандығы  тарихтан  белгілі.  Қазақтардың 

саяси  билігінің  Ресей  империясының  құзырына  көшуіне 

байланысты 

бұрынғы 


шешілмей 

келе 


жатқан 

түйінді 


мәселелерді де шешу кезегі Ресейге көшеді. Екі ел арасындағы 

шекараны белгілеу үшін патшалық Ресей мен Қытай арасында 

ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап үш келісім-шарт (1860 ж. 

Пекин  келісімі,  1864ж.  Шәуешек  хаттамасы,  1881ж.  Санкт-

Петербург  келісімі)  жасалғанына  қарамастан,  қазақ-қытай 

халқы арасындағы жер мәселесі кейінгі ұрпаққа, яғни, КСРО-ға 

мұра 

ретінде 


қалып 

қойды. 


Бұл 

жер 


мәселесінің 

маңыздылығын  1869  жылғы  14-15  наурыздағы  Дамань 

аралындағы  және  сол  жылдың  13  тамызындағы  Қазақстанның 

оңтүстігіндегі 

Жалаңашкөл 

маңындағы 

кеңес-қытай 

арасындағы ірі әскери қақтығыстан байқауға болады.  

Қазіргі  таңда  еліміз  тәуелсіздік  алып,  қазақ-қытай 

шекарасын  мемлекеттік  тұрғыдан  белгілеуге  қол  жеткізді  және 

қазақ  елінің  жас  әрі  тәуелсіз  дипломатиясы  ХҮІІІ  ғасырдағы 

қазақ  жерінің  әйгілі  тұлғасы  Абылай  ханның  армандаған 

мақсат-мұратына қол жеткізді деп толық айта аламыз. 

67



Әдебиеттер: 

 Мойсеев  В.А.  Джунгарское  ханство  и  казахи.  Алма-

Ата., 1991.

 Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1994.

 Мойсеев  В.А.  Джунгарское  ханство  и  казахи.  Алма-

Ата., 1991.

 Карин  Е.  Динамика  казахско-китайских  отношений.  // 

Саясат., 1999., №3.

 Мендикулова  Г.М.  Исторические  судьбы  казахской 

диаспоры. Алма-Ата., 1997. 

 Карин Е. Динамика казахско-китайских отн....   

 Цинская  империя  и  казахские  ханства.  ІІ  пол.  18  –

первая треть 19 века. Алма-ата., 1989. Часть І. 

 Карин Е. Динамика казахско-китайских отн....  

 Алдабекова  Н.  Цин  империясының  қазақтар  жөніндегі 

саясаты. // Қазақ тарихы., 1998 ж. №3. 



ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫҚ ТҮСІНІК

Бекбаева Т.А.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қ.

T.A.Bekbaeva@mail.ru

Дүние  жүзінде  өмір  сүріп  отырған  жүздеген  халықтар 

тәрізді  қазақ  халқы  да  қоғамдық  дамудың  бірнеше  сатыларын 

басынан кешірді. Осы кезеңдер тұсында қазақ халқының да өз 

алдында  қоғамдық  –  философиялық  ой-пікірлері  қалыптасып, 

бай  рухани  мұралары  мен  ұлттық  сана  –  сезімі  жас  ұрпақ 

тәрбиесінде  ерекше  рөл  атқарды.  Бүгінгі  таңда  Қазақстан 

әртүрлі  діндердің  тоғысқан  жері  және  мұны  қалыпты  жағдай 

етіп  қабылдады,  оны  басқа  этностар  мен  халықтардың  қажеті 

үшін  деп  түсінді.  Егеменді  Қазақстан  үшін  толеранттық 

дегеніміз  саяси  мәдениеттің  нормасы  ғана  емес,  мемлекеттік 

саясаттың негізгі принципі болды. 

Қазақстандық  толеранттық  саясат  басынан  сыртқы 

өлшемдер  негізінде  айқындалады.  Осы  себепті  Қазақстанның 

саясаты  толеранттық  мәселеде  үлгілі,  түсінікті  және  ерікті 

68



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау