психология мен халықтың санасы қоғам дамуы мен тарих
заңдылығынан тыс қала алмайды. Рухани құндылықтар ел
санасына сіңіп, жаңғырған бүгінгі таңда өткенге үңіліп, ұлт
тәуелсіздігі жолындағы сал-серілердің қоғамда, қазақ халқының
тұрмыс-тіршілігінде өзіндік орны бар екенін айта аламыз. ХІХ
ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақтың сал-серілері
өзіндік өнернамасымен қазақ қоғамында қайталанбайтын
үрдісті көрсетті. Бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайталамайтын
әр кезеңде өмір сүрген қазақ сал-серілерінің тұрмыс-тіршілігі
әлеуметтік оқиғалар барысында халықтың тыныс-тіршілігімен
байланыста болды.
Сал-серілер тек әнші, күйші, биші ғана емес, өз
заманындағы
қоғам
қайраткері
рөлін
атқарып,
шыншылдығымен көзге түскен. Бай-манаптар мен өкімет
адамдары
бұларды
билікті
сынап,
халыққа
жақын
болғандықтан да қудалаған. Сол дәуірдегі тарихи оқиғаларды
қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдаяттардан бөліп алып қарау
мүмкін емес. Уақыт өткен сайын халқына қадірі мол ерек
тұлғаларға деген ықылас-ынтаның арта түсуі заңды құбылыс.
Әр халық, ұлт пен ұлыс өзінің атын шығарған ұлдары мен
қыздарын құрметтейді. Бұл құрметтің тәрбиелік мәні, келер
ұрпаққа мұра ретінде маңызы да ерекше. Қазақ сал-серілерінің
соңғы тұяғы аталған, ақын, әнші, композитор, сері, әрі батыр,
әрі шешен Мәди Бәпиұлының тарихты таразылаған, әдебиетке
жаңаша көзқараспен зерделеген ұрпақ үшін орны ерекше.
Ешкімге ұқсамайтын Мәдидің өр тұлғасы, өжеттігі, халық
ортасынан табылар тектілігі мен парасаттылығы жазушы
Ә.Әбішевтің «Найзағай», «Жаралы сұңқар» романдарында
сомдалған.
Мәди қай кезде де бұқара халыққа жақын, өз тектілігін
көрсетіп, қай істе болмасын кесіп айтып, нақты шешім
қабылдайды. Өзіне тағылған жалған жалаға ар-намысымен
қарсы шығып, күреседі, қол байлау болып отырған заманыма
налиды: «Мен әруақты бабаларымның әулеті болсам да,
кеудесін кек тескен сорлымын. Олар – көп, мен – жалғыз.
Намысыма сондайлардың оғы тиген мен бір жаралы жанмын».
Қазақ қоғамында сол кезеңде етек алған саясат туралы
М.Дулатов «Қазақ» газетінде былай деп жазады: «Степной
положениенің ІҮ-нші статиясы бойынша Дала уалаятының
генерал-губернаторына өкіметке сенімсіз (саяси) һәм мал
ұрлаушы қазақтарды бес жылға жер аударуға ерік берілген.
Сол себепті Ақмола, Семей облыстарында жер аудару деген
нәрсе соңғы жылдары өте күшейіп тұр. Сотқар адам
374
бұзықтыққа салынып, халыққа зиян келтіріп, шаруасын
күйзелтетін болса, лайықты жазасын тартпасын деп ешкім ара
түспейді. Бірақ, өсек байланған адамның ақ-қарасын жете
тексеріп, қара болса – кінәсін мойнына аударып, нахақ болса –
ақталуы үшін дәлелін көрсетуге жол беру - әділдіктің барып
тұрған маңдайы...
Жер аударылған қазақтар ақ болсын, қара болсын, бір-ақ
күні өзінің абақтыға жабылып қалғанын біліп қалады. Көбі не
үшін екенін де білмеді. Бұлардың біразы жұртқа белгілі, анық
болғанымен, көбі дұшпандарының астыртын шағымымен, яки
билеушілердің назарында қалумен бақытсыздыққа душар
болған нахақтар» [2].
Он жыл сергелдеңге түсіп, «жалған жала» жабылған
Мәдидің тағдырына қоғамдағы саяси жағдай әсерін тигізбей
қоймады. 1905 жылы қазақ жерінде де патшаға қарсы
наразылылық
күшейді.
«Заты
Мәдидің
«ісінің»
шұғыл
басталып, бері бірден теріс бұрылуына, әуелдегі бес жыл жер
аударудың он жыл қуғын-сүргінге айналып асқынуына Ресей
империясындағы саяси жағдайлар тікелей себеп болған.
Жалпыға мәлім, Жақып Ақбаевтар 1905 жылы, Ахмет
Байтұрсыновтар 1909 жылы ұсталып, қамалып, сотталып
жатқан аласапыранға Мәдидің «ісі» де дәл келіп қалған. Сол
жылдары қазақтың бүкіл көзі ашық, көкірегі ояу, оқыған, озық
азаматтары бір шеті Архангельскі, Якутия, ішкі Ресей
аудандарына жер аударылған болатын» [3: 159].
Қазақтың біртуар асыл тұлғаларына қара күйе жағылып,
азаттықты аңсаған азаматтар атылып, отаршылдық саясаттың
құрбанына айналды. «Кеңестік коммунистік жүйенің түсында
Ресейдің отаршылдық-озбырлық саясатының сыртқы сұлбасы
өзгергенімен,
ішкі-пиғыл
нитетінің
баяғы
жыртқыштық
қалпымен өзгермегені мәлім. Озбыр жұртыңыз қазақтың рухани
әлемін жасаған асыл перзенттері ұлт мақтанышына айналып
кетуден қауіптеніп, оларды құстаналаудан, қара күйе жағудан
танбады. Біржан сал, Ақан сері жынды, Шәкәрімді банды, Жаяу
Мұса, Балуан Шолақ пен Әсетті қашқын, Иманжүсіп пен Мәдиді
қарақшы-барымташы атандырған тексіз тобырды қолдап,
кейінгі ұрпаққа теріс ақпарат беруге тырысты» [4: 5].
Мәдиді
ашындырған,
намысына
тиген
ағайынның
алауыздығы, жалған жаласы, таныс-тамырлық етек алған
әділетсіздік. Мәди жасып, жаншылмады. Әділдік қашанда
жеңбейтініне көзі жеткен күрескер өмірінің соңына дейін өз
ұлтының рухани көсемі, серісі болды. Ертеңгі күнді алыстан
болжаған батыр іштен шыққан жауына сенген жоқ, аштық
375