Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет120/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   156

іс-әрекеттерге барғанын байқауға болады. Мұның бір мысалы 

қазақ  халқында  күні  бүгінге  дейін  сақталып  қалған  жеті  атаға 

дейін бір рудан қыз алыспау дәстүрінен де, біз дені сау, алғыр 

да  ақылды  жастар  өсіп-өнуі  үшін  бабаларымыздың  даналық 

шешімдер  жасап  отырғанына  еріксіз  бас  иеміз.  Қазіргі 

медицина  туыстық  жақындығы  бар  адамдардың  қандарының 

араласуы  ұрпақтарының  денсаулығына  кері  әсерін  тигізетінін 

анықтаған.  Мұның  өзі  сақтарда  сол  заманда  медицина 

ғылымының да айтарлықтай өркендегенінен хабар беретіндей. 

Скифтік  «аң  стилі»  -  әлемдік  мәдениеттегі  қызықты  құбылыс. 

Көрші  халықтардың  мәдениетіннің  дамуына  зор  ықпал  етіп, 

батыс  елдеріне  тараған,  еуропалық  өнерде,  фольклорда, 

әдебиетте  көрініс  тапқан.  «Аң  стилінің»  басты  жұмбағы  –

мифтік  аңдар,  грифондар,  құс  басты  арыстандар,  қанатты 

бұғылар,  ақылды  сфинкстер,  яғни  Эдип  патшаға  және 

қарапайым  халыққа  сұрақтар  қоятын  ақылды  сфинкстер. 

Табиғатта  жоқ  осынау  құпия  алтын  мен  қоладан  жасалған 

мифтік 


мақұлықтар 

нені 


меңзейді? 

Ғалымдардың 

пайымдауынша,  қанатты  арыстандар  мен  қабыландардың 

бұғылармен жылқыларды талап жатуы скиф-сақ тайпаларының 

өзара ішкі алауыздығын, бір-бірімен тайпалық күресін білдіреді 

деген  болжамның  мәні  бар  сияқты.  Дегенмен,  онда  неге  ол 

қытай жылнамаларында, Күлтегін мен Тоныкөк жазбаларында, 

басқа 


да 

жазушылардың 

жазбаларында 

бірде-бір 

рет 

көрсетілмеген  -  деген  ғалымдардың  сұрағы  орынды  болып 



келеді.  Сондықтан  сақтар  тарихы әлі де зерттеуді қажет етеді. 

Жоғарыда 

көрсетілген 

аңыздардың 

барлығы 

да 


сақ 

даласындағы  қиял-ғажайыпқа  толы  әңгімелер  желісінен 

алынған,  қиялы  жүйрік  дана  халқымыздың  ауыз  әдебиеті 

творчествосының жемісі [4, 252 б.].

Сонымен, 

сақ, 


сармат, 

массагеттер 

көшпенділер 

өркениетінің  дамуына  қажетті  үлесін  қосқан  тайпалар.  Киіз 

үймен  қапталған  арбаларға  әйел-балаларын  салып  көшіп-

қонып  жүрген  халықтар  тілі  мен  дінін,  мәдениеті  мен  тарихын 

сақтай  білген.  Бүкіл  Скифиядағы  қазба  жұмыстары  да  мұны 

дәлелдейді.  Запорож  облысындағы  Тас  қалашықта  Дала 

табындарының түрлері көрсетілген: мүйізді ірі қара мен жылқы 

бірінші  орында,  олар  сексен  пайызды  құраса,  ұсақ мүйізді мал 

он  сегіз  пайызды  құраған.  Қалғаны  иттер  және  кәсіптік  бұғы, 

киік,  құндыз  сүйектері  кездеседі.  Көшпенді  халықта  жылқы 

малы  ең  құрметті  іс  болып  табылды.  Жылқының  тек  етін  ғана 

пайдаланбады,  терісі  мен  жүнін  ерекше  технологияны  дамыта 

отырып, толық пайдалана білді. Балаларын да үйретіп отырды. 

304



Еңбек  тәрбиесі  эстетика  тәрбиесімен  ұласып,  баланың 

дүниетанымын  кеңейтуге  ықпалын  тигізді  деп  қорытынды 

жасауға  болады.  Көшпенді  халықтардың  тіккен  тұлыптары, 

терішалбарлар,  бас  киімдер  мен  аяқ  киімдер,  белбеулер 

суықтан  сақтайтын,  ал  киіз  үйге  дайындаған  туырлықтары, 

сәнді  киіздері,  дулыға,  қаптаған  қалқандары,  сүйектер  мен 

мүйіздерден  ат  әбзелдерін  аң  стилінде  безендіру  нағыз 

сұлулықтың,  әдеміліктің  көрінісі  болған.  Мұндай  өнер  түрлері 

сақтармен  бірге  даланы  мекенденген  сарматтар,  массагеттер, 

т.б.  тайпаларында  дамыған.  Бұл  олардың  жоғары  дәрежеде 

дамыған 

экономикасын 

және 

әлеуметтік 



жағдайының 

көрсеткіштері.  Ежелгі  ру-тайпаларда  дамыған  кәсіп  түрлері 

тәлім-тәрбие  үрдісінің  дамуына  көп  ықпалын  тигізді.  Өйткені 

арнайы бір кәсіпке үйрету үшін шеберлер жаттығу, кеңес беру, 

мадақтау, көрсету т.б. көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаланды. 

Қорыта  айтқанда  сақтар  немесе  ертедегі  қазақ  халқы 

салауатты  өмір  салтын  сақтай  отырып,  сонымен  бірге  ұрпақ 

тәрбиесінде  эстетикалық  тәрбиені  жоғары  орынға  қоя білгенін, 

жас  ұрпақты  әсемдікті  сезініп,  танып,  оны  өз  мінез 

ерекшеліктерінің 

бірі 

ретінде 


қабылдап, 

жан-жақты 

кемелденген  тұлғаның  тамаша  қасиеттерінің  бірегейі  ретінде 

баулығанын аңғаруға болады. 



Әдебиеттер тізімі:

1.  Сейдімбек  А.  Қазақ  әлемі.  Этномәдени  пайымдау:  оқу 

құралы. − Алматы: Санат, 1997. −Б.64-26. 

2.  Страбон  (География)  Тарих  адамзат  ақыл-ойының 

қазынасы: Он томдық Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы.  

–Астана: Фолиант. −2005. −т-2. − 416 б.

3.  Геродот.  История  в  девяти  книгах.  Перевод  и 

примечания        Г.И.Стратановского,  Л.  1972:  Известия  древних 

писателей  греческих  и  латинских  о  Скифии  и  Кавказе  /пер. 

Латышева В.В. − ВДИ, 1949. − №1-4.

4.  Жанайдаров  О.  Мифы  Древнего  Казахстана.  Детская 

Энциклопедия Казахстана. − Алматы: Аруна, 2006. −252 с.



ЖАС ҰРПАҚТЫ ӘСЕМДІККЕ, САЛАУАТТЫЛЫҚҚА 

ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҒАРТУШЫЛАРЫ 

ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ

305



Әліпбек А.З., Малдыбаева А.О.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, 

Шымкент қ.

alipbek_ardak@mail.ru

XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  қазақ  халқындағы  рухани 

жаңару 


кезеңі 

болып 


табылады. 

Бұл 


кезеңде 

қазақ 


ағартушылары  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаевтың 

ғылыми және педагогикалық шығармаларында жас ұрпақтарды 

әсемдікке,  салауаттылыққа  тәрбиелеуге  байланысты  көптеген 

құнды пікірлер қалдырды. Қазақтың тұңғыш этнограф-ғалымы –

Ш.Уәлиханов  еңбектерінде  халық  шығармашылығын  жинап 

зерттеу  арқылы  қазақтардың  эстетикалық  талғам  деңгейі 

болмысқа  деген  эстетикалық  көзқарасын  көрсете  білу  және 

эстетикалық  тәрбиеге  байланысты  көптеген  құнды  пікірлер 

айтты. 

Шоқан  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  ішінде  эстетикалық 



тәрбиенің таптырмас құралы – ертегілер жайлы құнды пікірлер 

айтады. Ертегілердің мазмұнының бай екенін ескертеді, ондағы 

батыр, жезтырнақ, алып секілді көптеген кейіпкерлерді көрсету 

арқылы  адам  баласының  жағымды-жағымсыз  моральдық 

қасиеттерін  ажырата  білуге,  әдемілікті  сезіне,  қабылдап-тани 

білуге  шақырады.  Мұндағы  ғалымның  негізгі  мақсаты  –

болашақ  ұрпаққа  халықтың  өткендегі  өмірінің  ақиқатын 

толығырақ, 

тереңірек 

түсіндіруге 

көмектесу, 

көрнекті 

адамдардың  іс-әрекетімен  таныстыру,  мәдени  мәнін  ашып 

көрсетуге бағытталғандығын көруімізге болады [1, 168-169 б]. 

Ыбырай  Алтынсарин  еңбектері  жас  жеткіншектерді 

ауызекі  шығармашылығын  қадірлеуге,  ондағы  халықтың 

басынан  өткен  килы-қилы  тарихи  кезеңдерге  әділ  баға  бере 

білуге  үйретті  және  оны  ерекше  әсермен,  жоғары  эстетикалық 

сезіммен  қабылдауға  баулыды.  Оның  «Қазақ  хрестоматиясы» 

атты  еңбегі  танымдық,  адамгершілік,  өнегелік  және  ақылгөйлік 

сипатқа  ғана  емес,  ол  сондай-ақ,  балалардың  жоғары 

эстетикалық  талғамның  жан-жақты  қалыптасып  дамуына, 

әдемілікті 

түсіне 


білуге, 

нағыз 


сұлулықты 

сыртқы 


жылтырақтардан  ажырата  білуге  тәрбиелейтін  ықпалымен  де 

құнды. 


Хрестоматияда 

Ыбырай 


халықтың 

ауызекі 


шығармашылығының негізгі салаларын (ертегі, эпос, шешендік 

сөздер,  аңыз-әңгімелер,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  өлеңдер 

т.б.)  қамтиды.  Мысалы,  эпикалық  туындылардан  «Қобыланды 

жырының  үзіндісі  «Қобыланды  батыр  мен  Тайбурыл  деген 

атпен  енгізілген.  Мұнда  Қобыландының  Тайбурылмен  алыс 

306



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау