Абжанова А. К. 5В050900,050509 Қаржы мамандығы бойынша «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу»



жүктеу 265,08 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі265,08 Kb.
#383
түріНұсқаулар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экономика факультеті

Қаржы және банк ісі кафедрасы



Абжанова А.К.
5В050900,050509 - Қаржы мамандығы бойынша «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу»

пәнінен курстық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

Қостанай 2012


Автор: Абжанова Акбота Куанышовна

Пікір білдірушілер:

Сейтова Гульнар Токтаровна, экономика ғылымының кандидаты, қаржы және банк ісі кафедрасының доценті


5В050900,050509- Қаржы мамандығы бойынша «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» пәнінен курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

«Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу» пәнінен күндізгі және сырттай оқитын студенттерге Қаржы - 5В050900, 050509 мамандығы бойынша арналған.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған.


Хаттама № «____ » _________201

Мазмұны


Кіріспе……………………………………………………………...


4


1 Жалпы жағдайы…………………………………………………....

5

2 Мазмұны, құрылымы және жұмысты рәсімдеу………………….

7

3 Курстық жұмысты қорғау тәртібі…………………………….......

7

4 Курстық жұмыстың тақырыбы…………………………...............

8

5 Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………...........

11

Қосымша А……………………………………………………..........

12

Қосымша Ә…………………………………………………….........

13

Қосымша Б…………………………………………………….........

14

Қосымша В…………………………………………………….........

15

Қосымша Г…………………………………………………….........

16

Қосымша Д…………………………………………………….........

17


Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты студенттерді инвестиция түсінігін, оның негізгі түрлерін , практикалық проблемаларды өз бетінше талдау, зерттеу жұмыстарына тарту.

Әдістемелік нұсқауда «Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу курсының бағдарламасына сәйкес студенттерге курстық жұмыс тақырыптарының тізбесі берілген.

Оларды орындау студенттердің кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Курстық жұмысты талдау, зерттеу барысында студенттер инвестицияны талдау әдістерімен, жобаны талдаумен, инвестициялық цикл құрылымымен және оған қарсы мемлекеттік шаралармен терең танысады.

Қазіргі ақша нарықтарындағы операцияларды тиімді басқару бойынша білімді және әдістерді тыңдаушылардың терең ұғынуы берілген курстың мақсаты болып табылады. Курс бағдарламасында қарастырылатын көптеген сұрақтарды толық ұғыну экономикалық теориямен халықаралық экономикалық қатынастар жалпы курстары бойынша студенттер толық білімі болуын талап етеді.

Осы пәнді зерттеу мақсаты болып студенттерді курстың негізгі бөлімімен таныстыру болып табылады. Осы пәнді зерттеуде қойылған мақсатына жетуде келесі есептер анықталған:



  • инвестицияны экономикалық категория ретінде мазмұнын ашу;

  • макро және микро деңгейде мәнін және оның атқаратын рөлін үйрену;

  • инвестицияның топтасуын және оның құрылымын айқындау;

  • капитал жұмсалымын қаржыландыру қайнар көзін ашу;

  • капитал жұмсалымының экономикалық негіздемесінің әдістемесін зерттеу;

  • кәсіпорында инвестицияның үйлесімді портфелін қалыптастыруды үйрену.


1 Жалпы жағдайы

Курстық жұмыстың құрамына титулдық бет, мазмұны, кіріспе, негізгі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және егер болса қосымшалар (приложения) енгізіледі. Жұмыс компьютерлік баспа ретінде орындалады, өйткені оның электрондық нүсқасын дипломдық жұмыс жазғанда пайдалануға болады.

Курстық жұмыстың титулдық беті осы әдістемеде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес рәсімделеді. Мазмұнында тараулар тізбесі қаралатын тақырыптар және бет нөмірлері көрсетіледі.

Кіріспеде зерттелетін тақырып бойынша қысқаша мәселенің бүгінгі таңдағы жағдайы көрсетіледі, оның маңызы негізделеді.

Негізгі бөлімінде - курстық жұмыс тақырыбының мазмұнын толық ашылуға тиіс. Бұл бөлім әдетте үш тараудан тұрады (көлемі жағынан тең), ал әрбір тарау зерттелетін (талданатын) сұрақтардың атымен аталып екі - үш тармаққа бөлінеді. Мысалға: «Инвестициялық процестің экономикалық мәні» деген тақырып бойынша келесі тараулар және тармақшалар бөлінуі мүмкін:

1Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны



  1. Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы

  2. Инвестицияның экономикалық мәні

2. ҚР-ның инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау

2.1 Инвестициялық қызметті жетілдірудің негізгі жолдары

3.Инвестицияның даму болашағы

4. Қорытынды

5. Қолданған әдебиеттер тізімі

Бірінші тарау әдетте тақырыптың теориялық негіздерін талдауға арналады. Бұл тарау тақырыпты одан әрі дамытуға, мәселені жанжақты зерттеуге негіз болады. Тарауда тақырыптың қаншалықты зерттелгенін, бұл тақырыптан қандай проблемалар туындайтынын, ал қорытындысында қарастырылып отырған тақырыптың зерттелмеген бағыттарын ашып, әлі зерттеуді қажет екенін көрсету қажет.

Екінші тарауда осының алдындағы тарауда қаралған жалпы теориялық зерттеулерге сүйене отырып, тақырып бойынша талдау ұсынылады. Тараудың бірінші тармағында зерттеудің нақты әдістемесі беріледі, яғни зерттеу жұмысы қалай жүргізіледі, зерттеу объектісіне не жатады, қай жылғы деректер пайдаланылады т. б. Тараудың екінші - үшінші тармақтарында көрсетілген әдістеме бойынша талдау (зерттеу) жұмысы басталады. Бұл тарауда студенттің әдебиеттерден жинаған материалдары, статистикалық деректер, қолданыстағы нормативті құжаттар, банкілердің баланстары, жылдық есептері және ғылыми - практикалық басылымдарда (журналдарда) шыққан мақалалар, өндірістік практика кезінде жинаған материалдары, т. б. пайдаланылады.

Үшінші тарауда алдындағы екі тарауда көрсетілген проблемаларды шешу мүмкіншіліктері жазылады. Әр тараудың соңында ұсынылған сауалдың мәні бойынша қорытындылар жасалады

Курстық жұмыстың соңында тақырып бойынша негізгі қорытындылар шығарылады.

Қолданған әдебиеттер тізімі. Курстық жұмыста кемінде 15 - 20 әдебиеттер тізімі беріледі. Әдебиеттердің көпшілігі Қазақстан баспаларынан шыққан басылымдар болуға тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізімі келесі ретпен келтіріледі.

1.Зерттелетін тақырып бойынша ҚР заңнамалық және нормативтік актілері;

2.Негізгі және қосымша әдебиеттер;

З.Кезеңдік басылымдар тізімі;

4. Ғаламтор ресурстары;

Қосымшаларға (приложения) әдетте курстық жұмысты толықгыратын статистикалық деректер: кезеңдік есептері, статистикалық көрсеткіштері жатады.

Курстық жұмыстың мазмұнына қойылатын негізгі талаптар.

1. Әдебиеттерге шолу тақырып бойынша толық болуға тиіс. Ол үшін кезеңдік басылымдардағы мақалаларды, статистикалық деректерді, ғылыми монографияларды, деректі ақпараттарды пайдалану қажет.

2.Теориялық сұрақтарды бүгінгі таңдағы инвестиция саясатының тәжірибесімен, Қазақстандағы нарықтық процесстердің, инвестицияны қаржыландырудың нарықтық қайнар көздерімен толық байланыстыру қажет. Осы орайда сандық деректерді кесте, диаграмма және сызбалар түрінде келтірген дұрыс.

3. Қорытындыда берілетін ұсыныстар негізделіп, теориялық жағынан сипатталған болуға тиіс. Экономикалық, инвестициялық жобаларды несиелеу тиісті есептемелермен берілуі және дәлелденуі қажет.

4. Мәтіндік материалдар сауатгы, анық және логикалық тәртіппен әдебиет деректеріне сүйене отырып жазылуы керек.

5. Дайындалған курстық жұмыс университеттің бұрын бекітілген стандарттарына, оқу - әдістемелік кешенде (ОӘК) келтірілген талаптарға сәйкес рәсімделеді.

Тақырыпты таңдау. Курстық жұмысты орындау келесі тәртіппен жүргізіледі: а) жұмыс тақырыбын таңдау; б) тақырып бойынша әдебиеттермен танысу, жинау; в) жұмыс жоспарын жазу, оны ғылыми жетекшімен таныстыру.

Курстық жұмыстың тақырыбын студент әдістемеде көрсетілген тізімнен өзі таңдап алады. Сонымен қатар студент тиісті түрде негіздеп өзі де тақырып ұсынуға болады. Сырттан оқитын студенттерге курстық жұмыс тақырыбын қызметіне байланысты алуға болады.

Тақырыпты студент болашақ диплом жұмысына сәйкес алған дұрыс. Бұл жағдайда тақырыптың аты, жұмыс мазмүны болашақ диплом жетекшісімен таныстырылады, зерттеу нысандары анықгалады және жұмыс жоспары жазылады. Егер жұмыс мазмұны зерттеу тақырыбын ашпаса немесе студент жұмысты жазу барысында жеткілікті түрде өзіндік қабілетін көрсетпесе онда жұмыс студентке оны жетілдіруге қайта жіберіледі.



2 Мазмұны, құрылымы және жұмысты рәсімдеу

Курстық жұмыс жоғарыда айтылғандай титулдық беттен, мазмүны, кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, қолданған әдебиеттер, қосымшалардан тұрады. Барлық көрсетілген құрылымдар қарайтылған шрифтпен жазылады. Әрбір құрылым жаңа беттен басталуға тиіс. Нөмір беттің төменгі жағында орта жерінде орналасады.

Курстық жұмыста көптеген тәжірибелік материалдар, көрсеткіштер кесте, диаграмма және сызба түрінде беріледі. Бұларды рәсімдеу осы нұсқаулардың соңында (қосымшаларда) көрсетілген үлгілерге сай жасалуға тиіс. Мәтін мен кестенің (диаграмманың, сызбаның) арасында екі интервал бос орын қалдырылады.

Әдебиеттер тізімі, жұмыстың соңында берілетін қосымшалар (приложения) осы нұсқауларда көрсетілген тәртіппен келтіріледі. Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, белгілеу тәртібі алфавит бойынша бас әріппен беріледі. Қосымшалардың беттерінің нөмірлері курстық жұмыстың беттерін жалғастырады.

Курстық жүмыстың көлемі шамамен 20 -25 бет болу керек, мәтіні мына талаптарга сай жазылуға тиіс: сол жақ өрісі 3 см, оң жағы - 1,0 см, жоғарғы -2 см, төменгі - 2 см. Мәтін 1 интервалмен А4 форматында «Times New Roman» шрифтімен жазылады. Сөз басындағы абзацтық шегіну бес әріпке тең болуға тиіс.

3 Курстық жұмысты қорғау тәртібі

Орындалған курстық жұмыс кафедраға ұсынылып, тіркеледі, одан кейін жетекшіге тексеруге (рецензия жазуға) беріледі. Курстық жұмысқа рецензия жазу мерзімі кафедраға тапсырылған күннен бастап, 7-10 күнді құрайды.



Оң баға берілген рецензия жазылып, алдын-ала баға қойылған курстық жұмыс қорғауға жіберіледі. Курстық жұмыс көпшілік бұқара алдында қорғалады, оған кафедра қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қатысады. Қорғау кезіндегі баяндамада студент (3-5 минут) жұмыстың негізгі мазмұнын ашып, баяндалған мәселе бойынша өз ойын ортаға салуға тиіс. Одан кейін комиссия мүшелері зерттеу барысындағы мәселе төңірегінде сұрақтар қояды. Егер студент курстық жұмысты қорғауға жақсы дайындалып, жұмыс мәтініне рецензияда жасалған ескертулерге сай түзетулер мен толықтырулар жасаған болса, сұрақтарға толық жауап берсе, курстық жұмыстың ақырғы бағасы рецензияда алдын-ала қойылған бағадан жоғары болуы мүмкін. Ал, қорғау кезінде студенттің жеткілікті дайындалмағаны, материалды жақсы білмейтіндігі анықталса, студенттің ақырғы бағасы төмен де болуы мүмкін. Сөйтіп, курстық жұмысты қорғағаннан кейін емтихан ведомостына және студенттің сынақ кітапшасына қойылатын ақырғы баға анықталады.

Қорғаудың мақсаты курстық жұмыстың тақырыбын студент өз бетінше толық әзірлегенін және оны талдау немесе қорытындылау кезінде теориялық білімін қолдана алатын қабілетін байқау. Курстық жұмысты қорғау кезінде студент оның мазмүнын жете біліп, теориялық және практикалық сипаттағы сауалдарға жауап бере білуі керек.

Қорғау нәтижесі қалыптасқан баллдық рейтінгілік жүйесімен бағаланады.

4 Курстық жұмыстың тақырыбы

1. Инвестициялық процестің экономикалық мәні.

2. Нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясаты.

3. Инвестициялық процесс, мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жүйесі өсімінің қайнар көзі ретінде.

4. Өнеркәсіптегі инвестициялық процесті талдау.

5. Экономиканың нақты секторындағы инвестициялық ресурстарға сұранысты бағалау және талдау.

6. Инвестицияларды қаржыландырудың нарықтық қайнар көздерінің қалыптасуының талдауы.

7. Инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау әдістері.

8. Инвестициялық процесті экономико-математикалық модельдеу.

9. Инвестициялық процесс көрсеткіштерінің тәуекелдерін талдау және бағалау.

10. Өндірісті инвестициялауды мемлекеттік реттеуді белсендірудің экономикалық механизмі (ауылшаруашылығы, әлеуметтік салалар).

11. Өндірісті инвестициялаудың дәстүрлі емес қайнар көздерін қолданудың келешегі.

12. Шетел инвестицияларын тартудың және қолданудың экономикалық механизмін жетілдіру.

13. Инвестициялық процесті басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы.

14. Инвестициялық процесті басқаруды ақпараттық қамсыздандыру.

15. Инвестициялық процестердің тиімділігін арттыру резервтері.

19. Инвестициялық климат түсінігі, оның қажеттілігі.

20. Бизнес-жоспарды дайындау және қолдану (нақты инвестициялық жоба мысалында).

21.Инвестициялық операциялар есебі.

22. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары.

23. Инвестициялық жобаның даму кезеңдері.

24. Инвестициялық қызмет және Қазақстан экономикасындағы инвестициялардың рөлі.

25. Қазақстан Республикасының инвестицияларын талдау.

26. Банктің инвестициялық қызметі.

27. Инвестицияны мемлекеттік қолдау шаралары.

28. Инвестицияны жоспарлау.

29.Инвестициялық процесті басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы.

30. Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі.

31. Өмірлік цикл, инвестициялық жоюаларды ұйымдастыру және басқару.

32. Қаржылық талдаудың мәні мен мақсаттары. Жобалардың қаржылық талдауының негізгі аспектілері.

33. Қаржылық есеп беру, оның мазмұны.

34. Инвестициялық жобалардың классификациясы. Инвестициялық жобалардың қатысушылары.

35. Жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.

36. Жобаларды қаржыландырудың сызбасы.

37. Инвестициялық жобаларды несиелеудің сатылары.

38. Жобалық талдау түсінігі.

39 Жобалық талдау тәсілдері мен техникасы. «Уақыт ішіндегі ақша құны».

40. Инвестициялық қызмет үшін қайнар көздеріне сипаттама.

41. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық саясат ерекшеліктері.

42. Ұзақ мерзімді несиелеу жүйесі.

43. Банктің инвестициялық қызметінің негізгі бағыты

44.Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторлар инвестициясы

45. Халықаралық қаржылық институттары

46. ҚР-ғы инвестициялық қызметінің заңдылық негіздері.

47. Инвестициялық тәуекел.

48. Бағалы қағаз нарығындағы субьектілері және обьектілері.

49. Инвестициялар түрлері, жалпы түсінігі. Инвестициялардың классификациясы.

50. Инвестициялық тәуекелді басқару әдістері.

51. Инвестицияның белгілері бойынша топтасуы..

53. Инвестицияға әсерін тигізетін факторлар

54. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі

55. Инвестициялық құралдар

56. Жобалық несиелеу маңызы мен несиенің жіктелуі

57. Жобалық несиелеу принциптері, әдістері және нысандары

58. Инвестициялық жоба түрлері

59. Банктік институттардың қатысу формалары

60. Инвестициялық тәуекел түрлері және маңызы

61. Ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар

62. Инвестициялық жоба және оның құрылымдары

63. Инвестициялық цикл оның құрылымы

64. Инвестициялық жобаны қаржылық талдау

65. Инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтау

66. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау үрдістері

67. Ұзақ мерзімді несие бойынша инвестициялық операцияны жүзеге асырудың қажеттілігі мен мәні

68. Банктің ұзақ мерзімді инвестициялық жобасын несиелеу

69. Ұзақ мерзімді несиелеу шарттарының объектілері және субъектілері

70. Ұзақмерзімді инвестициялық жобаны қаржылық экономикалық талдау

71. Ұзақ мерзімді несиені дамытудың проблемалары мен оның даму келешегі

72. Халықаралық инвестиция түрлері



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 2009 ж. 01.09. ҚР білім және ғылым Министрлігімен енгізілген күн, «Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Жоғарғы оқу орнында курстық және дипломдық жұмысты (жобаны) орындау тәртібі» ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты 5.03.016-2009 МЖМБС.

2 2008 ж. 23.01 №26 ҚР білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бекітілген, «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты 5.04.019-2008 МЖМБС;

3 Игонина Л.Л. Инвестиции: учеб. Пособие/ Л.Л. Игонина, под ред. д.э.н., проф. В.А. Слепова. – М.: Экономист, 2005. – 478 с.

4 Инвестиции: Учебник/ Под ред. В.В. Ковалева, В.В. Иванова, В.А. Лялина. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2003. – 440 с.

5 Нешитой А.С. Инвестиции: Учебник. – 5-е изд., перераб. и испр. – М.: Дашков и К, 2007. – 372 с.

6 Иванов А.П. Финансовые инвестиции на рынке ценных бумаг. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2004. – 444 с.

7 Янковский К.П. Инвестиции. – СПб.: Питер. – 224 с.: ил. – (Серия «Краткий курс»)



Қосымша А
Курстық жұмыстың титулдық бетін рәсімдеу үлгісі

      1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

      2. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Қаржы және банк ісі кафедрасы




Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі»

Пән Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу

Мамандық Қаржы

      1. Орындаған: Жаканова Ж., 3 курс

      2. студенті 09-512-41


сырттай оқу нысаны
Жетекші: Абжанова А.К., аға оқытушы.,

_____________________


Курстық жұмысты қорғау

өткізілді ___ _______201_г.

бағасы_________________

Костанай, 2012


Қосымша Ә
Мазмұны



Кіріспе ....................................................................................................................

3

1.Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны.......................

4

1.1Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы .....................................

4

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары..............................................

7

2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен есебі.........................................

12

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.....................................................

12

2.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері...........................................

19

3 Қазақстан Республикасының  кәсіпорындарындағы инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары..................................................................................................................

26


Қорытынды ...........................................................................................................

31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

33


Қосымша Б

Ф.2-14


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Құжыра____Қаржы және банк ісі _____________________________________________________________________

Пән____Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу ________________________________________________________________________

Мамандығы_5В050900,050509 - Қаржы ____________________________________________________________________

Оқу нысаны және бағдарламасы__сырттай, қысқартылған білім беру бағдарламасы __________________________________________________

Курсы___3_______________________________________________________________________

Студент_________________________________________________________________________

Курстық жұмысты (жобаны) орындау үшін

ТАПСЫРМА

Тақырып________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мақсаты________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әзірлеуге (зерттеуге) арналған негізгі сұрақтар ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Негізгі әдебиет: (қосымшаға сәйкес)

Курстық жұмыстың көлемі__25-35____баспа-парақтан артық емес

Курстық жұмысты әзірлеу жолы туралы басқарушыға баяндама жасау мерзімі

1)___._______20___ж. дейін, курстық жұмысты әзірлеу жолы және жинаған материал туралы баяндама

2)___._______20___ж. дейін, курстық жұмысты жазу жолы туралы баяндама

___._______20___ж. дейін, курстық жұмысты тапсыру мерзімі

Құжыра меңгеруші _________ __________________

(қолы) (аты-жөні)

Курстық жұмыстың жетекшісі _________ ____________ ___.______20____ж.

(қолы) (аты-жөні)


Қосымша В

Ф.2-17


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Құжыра_________________________________________________________________________

Мамандығы_____________________________________________________________________

Оқу нысаны және бағдарламасы____________________________________________________

Курсы__________________________________________________________________________



Курстық жұмысқа (жобаға)

ПІКІР


Студент_________________________________________________________________________

Пән____________________________________________________________________________

Жұмыс (жоба) тақырыбы__________________________________________________________

Сын беруші _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сын беруші ____________________________ _____________________________

(қолы) (А.Т.)

Жұмыс (жоба) қорғауға жіберілді ___ ___________2011ж.
Қосымша Г
Қолданылған әдебиеттерді пайдалану тізімінің үлгісі
Негізгі:

1.Под ред. В.И. Колесникова, Банковское дело, М.: Финансы и статистика, 2001.

2. Под ред.. О.И. Лаврушина, Банковское дело, М.: Финансы и сатистика, 2003

3. Под ред..Г.С. Сейткасимова, Банковское дело, Алматы: Каржы-каражат, 1998.

4. Игонина Л. Л. Инвестиции: учеб. пособие. Под ред. д. э. н. проф. В. А. Слепова. – Москва: Экономисть, 2005 г. – 478 б.

5. Закон Республики Казахстан «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан», от 31 августа 1995 (с учетом изменений и дополнений)


Қосымша:

6.Закон РК «О рынке ценных бумаг», от 2 июля 2003г., №461-11

7. Закон РК «О государственной поддержке прямых инвестиций», от 28.02 1997г.

8.Закон РК « Об инвестициях» от 8.01.2003г.

9. «Стратегия индустриально- инновационного развития Казахстана до 2015 года».

10.Аньшин В,М, «Инвестиционный анализ». «Дело», 2000

11. «Банки Казахстана» // 2006-2009г.г.

12.Интернет-источники.

13.Статбюллетень НБРК 2006-2009 г.г.


Қосымша Д

Кестені толтыру үлгісі



Кесте 1

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелер қызметінің динамикасы (мың теңге)



№ р/н

Көрсеткіштер

2008

2009

Өзгерісі (+,-)


2010

Өзгерісі (+,-)


1

2

3

4

5

6

7

1

Кірістер

13716747

12839551

-877196

14393174

1553623

2

Өнімді жүзеге асыр-ғандағы өзіндік құн

-12047718

-11847331

-

-12755684

-

3

Жалпы табыс

1669029

992220

-676809

1637490

645270

4

Басқалай кірістер (шығыстар)

-95240

541942

637182

200089

-341853

5

Жүзеге асырудағы шығыстар

-416145

-431217

-

-596929

-

6

Әкімшілік шығыстары

-404564

-410489

-

-419890

-

7

Құнсызданудан зияндар

-15663

-57180

-

-133950

-

8

Инвестициялық мүлік құнының өзгерісінен кірістер

16330

-2464

-13866

7894

10358

9

Операциялық қызметінен кірістер

756747

632812

-12395

694704

161892

10

Қаржыландырудан кірістер

211904

123347

-88557

96197

-27150

11

Қаржыландыру бойынша шығыстар

-411028

-136761

-

-105431

-

12

Салық салуға дейінгі кірістер

557623

619398

61775

685470

66072

13

Табыс салығы бойынша үнемдеу

58638

-244950

19312

-168618

-

14

Мерзім ішіндегі кірістер

616261

374448

-241813

516852

142404





жүктеу 265,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау