Мақсаты:
Шығармашылық белсенділігіне қарай, ерекшелігіне байланысты жеке тұлға қалыптастыра отырып, ізденіс, ғылыми жұмыстарына баулу
Міндеті:
Оқушының табиғи дарыны мен қабілетін кеңейту
Ғылым, білімге тұрақты ізденісін қалыптастыру
Өздігінен білім ала білуге үйрету
Ғылыми жұмыспен айналысудың тәсілін үйрету
Күтілетін нәтиже:
Осы мақсат міндеттер орындалған жағдайда, білімді, талапты, ойын жүзеге асыра алатын жеке тұлға қалыптасады
Қабілеті жоғары балалардың
тұлғалық типтері:
Психологтар қабілеті жоғары балаларға тән тұлғаның алты типін анықтаған. Баланың қандай типке жататындығына байланысты, біз оның мінезін түсініп, оған қажетті жағдай жасай аламыз
Бірінші тип. Шамамен алғанда қабілеті жоғары балалардың 90 пайызы осы типке жатады. Олар құлшына оқып, өте жақсы бағалар алады. Бұл балалардың бойында өзімшілдік, менмендік сияқты жағымсыз мінездер де кездеседі. Бұндай балаларды сыныптастары да жақсы көрмейді. Достары аз болады.
Екінші тип. Бұл топтағы балалар қиялшыл болады. Олардың қиялында шек болмайды. Олар өзгені тыңдағысы келмегендіктен, кейде керемет қабілеттері байқалмай да қалады.
Үшінші тип. Бұл типтегі балаға өз пікірінен гөрі өзгенің пікірі маңыздырақ көрінеді. Ол да барлық бала сияқты болғысы келеді. Мысалы, оны мазақ қылмас үшін, нашар бала болып көрінгісі келеді. Мұндай қылықты ұл балалардан гөрі, қыз балалар жиірек қолданады.
Төртінші тип. Бұл типке көбінесе ұл балалар жатады. Олар сабақтан қашуды әдетке айналдырып, сабақ үстінде де енжарлық таныта бастайды. Олардың барлық ойы сыныптан тыс. Егер мұғалім бұндай балалармен жақсы қарым-қатынас орнатып, тіл табыса білсе, олар ең күрделі деген тапсырманы да орындай алады.
Бесінші тип. Бұл балалар бір ғана саладан керемет болып, жетістікке жетсе, басқа салалардан еш қабілеті болмайды.
Алтыншы тип. Осы типке жататын балалар білімді игеру процесі қызықты болғандықтан оқиды. Ол үшін кедергі, тосқауыл деген ұғым жоқ. Оған басқаларға қарағанда өмір сүру оңайырақ болып көрінеді.
Қабілеті жоғары балаларды анықтау
түрлері:
Қызмет түрі: - практикалық
танымдық
эстетикалық
қарым-қатынастық
Қабілеті жоғары оқушыға берілетін диагностика:
Оң және сол жартышардың басымдылығы
Қабілеті жоғары оқушының бойындағы
ерекше қабілеттер
шапшаң тез
ойлайды
есінде ұзақ білімді кең көлемде
сақтайды меңгереді
сезімтал үздік
үлгерім көрсетеді
Жасынан зеректігі білінеді
Достарыңызбен бөлісу: |