Төртінші бөлімде М-150-2 орау машинасының экспериментальді зерттеу кезіндегі нәтижелері баяндалады.
Эксперименттік зерттеудің неізгі мақсаты теориялық зерттеудегі негізгі ұсыныстарды, формулаларды, шешімдердің дұрыстығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу болды. Ораманың тығыздығын, жіптің керілу күшін тұрақтандыру үшін, қолданылған автореттегіштің өміршеңдігін, жіптің керілуін тұрақтандыратын компенсаторлық реттегіштің мүмкіндігін тексеруге байланысты экспериментік зерттеулер орындалды.
М-150-2 машинасында орау жылдамдығы және орама диаметрі әртүрлі мәндерінде, орама собығы мен орау барабаншасының арасындағы серіппелі және геометриалық сырғу коэффициентері анықталынды. Бұл үшін арнайы М-150-2 машинасыда өлшеу қондырғысы жасалынды (сурет 3).
Сурет 3 - Қайта орау машинасының біліктерінің айналуларын белгілеудің принципиалды нобайы
Серіппелі геометриалық сырғуды анықтау үшін құрылған қондырғыда (Сурет 3) оралушы тікиіршік өсіне 1 және орама барабанының өсінде 2 біліктердің жұмыс кезінде белгілеуші сезбелер орнатылған 3, 4. Сезбелер осцилограммаға біліктердің айналуын белгілеп отырады. Осы осцилограммаларды салыстыру арқылы орау кезіндегі біліктердің өзара сырғуын бақылауға мүмкіндік береді.
Барлық көрсеткіштерді тіркеу Н-117 түріндегі шлейфті осциллограф көмегімен жүргізіледі. Біліктер ұшына бекітілген айналуды өлшегіш сезбелердің (3 және 4) құрлысы 4-суретте келтірілген.
Білік басына орналастырылған дискіде 1 шеңбер бойыменен өзара арақашықтықтары бірдей мыс тиіспелер тақтайшалары бекітілген 2. Жалпы жағдайда тақтайшалар саны 24 болады. Бұлардың ішіндегі біреуі жалпақырақ орындалған, ол біліктің әрбір айналуының бергілейді. Дисктің бетіне екі тиіспе сезбелер 3 жанастырылған. Тиіспе тақтайшаның 5 тесігіне бекітілген, және олар серіппемен 4 диске қысылады.
С езбенің электр нобайы 4. б суретінде көрсетілген. Мұнда электір тізбекке кернеуі 4-5 В болатын тұрақты ток көзі А жалғанған. Байланыстың мыс тақтайшаға жанасқан кезінде осциллографтағы шлейфке ток барып, сәуленің ауытқуын туғызады. Ол осцилографта белгіленеді.
б)
Сурет 4 - Орау машинасының біліктерінің орынжайын өлшеу сезбесінің нобайы
А рнайы экспериментік қондырғының (сурет 5) көмегімен орағыш машинасының орау зонасында жіптің керілу күші анықталынды. Осының нәтижесінде орамада радиалды және өстік бағытта ораудың тығыздығын анықтау орындалды. Зерттеу нәтижесінде М-150-2 машинасында орама тығыздығы кең көлемде, 12 пайызға дейін өзгетінін көрсетті.
Сурет 5 – Тензометрлік өлшеудің принципиалды нобайы
Жіптің периодты түрде керілуін талдау үшін бір циклға арнап регрессия теңдеу құрылды. Бұл үшін шаблондар тәсілі қоданылылды. Регессиялық теңдеуді құру үшін тригонометриялық қатар қолданылыды, өйткені бұл функция жеткілікті дәлдікте фурье қатарының алғашқы мүшелерінің қосындысымен айқындалады. Ререссиялық теңдеудің коэффициентері табылып, жіптің керілуінің өрнегі тұрғызылды. Жалпы жағдайда жіптің керілуінің регрессиялық теңдеуін келесі түрде аламыз:
Жіптің керілу функциясын жуықтап, тригонометриялық полиноммен өрнектегеннен соң, жіптегі кернеуі келесі өрнекпен табылды (в кг/мм2):
(1)
Қабылдаған жіптің кернеуін беретін өрнекті Бейли формуласына қойып, жіпті қайта ораудағы бүліну коэффициенті анықталынды:
(2)
Мұндағы T - температура (Кельвина шкаласы бойынша);
R – Больцман тұрақтысы;
τo – қатты заттағы атомдардың тепе-тендік жағдай төңірегінде, жылу тербелісінің периоды;
uo – жіптің бүлінуіндегі активация энергиясы;
j – структуралық коэффициент;
τ – жіптің бүліну уақыты;
σ – жіп кернеуі.
Полиномның ak, bk коэффициентерін ЭЕМ-ге арнайы орындалған бағдарламамен есептеп анықталынды. Есептелініп алынған коэфициентерді регрессиялық теңдеуге қою арқылы қайта орау машинасында жіптің керілуінің өрнегін аламыз:
Жоғарыда келтірілген Бейли (2) формуласын қолданып, орау машинасында қайта орау кезінде жіптің бүліну дәрежесі есептелінді.
Есептеу кезінде келесі бастапқы берілгендер мен тұрақтылары ескерілді:
T= 295 K; RT= 0,59 ккал/моль; τo =10-12 c;
j = 0,404 ккал x мм2 / моль x кг; uo = 21,579;
S ( T= 80 текс құрама жіп үшін) = 0,091 мм .
ЭЕМ есептеу нәтижесінде жіптің қайта орау кезінде бүліну коэффициенті η = 0,136 болды. Бұл коэффициент мәні, жіпті конустық бобинаға жанасып қайта орау кезінде, жіп шамалы керілу нәтижесінде онша көп бүлінбейтінін көрсетеді. Бұл жағдайда жіптің физика механикалық қасиеті өзгермейді.
Конустық тікиршікте жіпті орауда тығыздықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету жолының бірі ретінде екі қабатты конус патронды қолдану болғандықтан, осы тұжырымды дәлелдеу үшін арнайы экспериментік зерттеу орындалды. Экспериментті зерттеу нәтижесінде эластикалық қабаты бар патрондаға жанастырып орындаған собықтан жіпті тарқату кезінде жіптің үзілуі патроны қатты собыққа қарағанда 33 пайызға төмен боланыны дәлелденді. Қатты патронды конустық собықты өңдегенде, жіптің керілуіне собықтағы тарқату зонасының орынжайы және тарқату жылдамдығының мәндерінің үлкен әсері бар екен. Бұл жағдайда жіптің тартылуының бірқалыпсыздығы 77,6 % жетеді екен. Эластикалық патронды конустық собықты тарқату кезінде жіптің керілуі іс жүзінде барлық тарқату кезеңінде тұрақты болады (керілудің өзгеру шамасы 4 – 8 % болады) олай болса тарқату күші тарқау зонасына және тарқату жылдамдығына тәуелді емес. Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйеніп, конусты түтік, патронында эластикалық қабаты бар, жанаса оралған собықты өндірісте қолдану, керілудің және үзілудің ұлғайуын болдырмай, машинаның жылдамығын өсіруге, өндіріс өнімділігін арттыруға болады.
Өндіріске еңгізуге ұсынылған эластикалық қабаты бар конустық патронға орау кезінде ораманың радиусы және өсі бағытында тығыздығы тұрақтанып, жіптің үзілуі сиректейтіні дәләлденді.
Эластикалық қабатты конустық патронда жіпті орауда оның кернеуін тұрақандыру үшін пішінді компенсатор қолдану қажеттігі және оның пішіні анықталды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертациалық жұмыста орындалған теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша келесідей қорытындылар және тәжрибелік ұсыныстарды жасауға болады:
Қолданыстағы орау машинасында өңделетін өнімнің сапасы тұтынушыны толыққанды қанағатандыра алмай отыр, өйткені қайта оралған тікиіршіктердегі ораманың тығыздығы бірқалыпты болмай отыр. Бұл жағдай оларды келесі операциаларда қолдану кезінде жіптің үзілуінің саны көбейуіне, орамның орамадан төгілуіне, жіптің шатасуына, жіпте өрім, түйін пайда болуына және де басқа ақауларға әкеледі, ал бұлар өндіріс өнімділігін төмендетеді. Қазіргі уақытта кең қолданысқа ие болып отырған М–150–2 типті орау машинасының орамалау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес еместігін жұмыста орындалған зерттеулер көрсетті. Айтатын болсақ, машинада жіпті орау кезінде орау бұрышының тұрақты болмауы, орауға келетін жіптің оралу нүктесіне сәйкес ұзындығының тұрақты болмауы, жіпбағыттағыштың бобина шет жағында жылдамдығының бәсеңсіуі орам тығыздығының тұрақтануына мүмкіндік бермейді. Бұлардың себебінен конусты бобинада жіптің оралу тығыздығы тұрақты болмайды.
Жұмыста орау машинасында иірім жіпті орамалау процессін тұрақтандыру мақсатында ғылыми – негізделген техникалық және технологиялық шешімдер жасалынуы қажеттігі дәлелденді. Қайта ораудың жылдамдығын тұрақтандыру үшін, жіптің керілу бірқалыпты болуы үшін, орау машиналарын жобалауда ораманың айнымалы инерциалық параметрлерін ескеру қажеттігі де келтірілді.
Машинаның сапасын аттыру мақсатында орау процессіне қатысатын механизмдер мен құрылымдар теориалық тұрғыдан зерттелінді. М-150-2 машинасында орау моделі, инерциалық параметрлері қарастырылып, оларды сандық жолмен талдап, бұл параметрлердің жіптің керілуіне, орамның тығыздығына әсері анықталынды. Инерциалық жүктемелердің орау кезінде тұрақты болмауы жіптің керілуінің,оралу тығыздығының айнымалы өзгеретіні көрсетілді.
М-150-2 машинасындағы орау собығындағы оралатын жіптердің керілу күшін анықтауға арнайы өрнек тұрғызылды. Осы өрнекті талдау жіпті орау зонасында керілу күшінің тұрақты болмауын көрсетті. Жіптің керілу күшінің тұрақты болуы үшін керуді реттегіш прибор мен орамды орнықтыру арасындағы ара қашықтық ораудың барық уақытында бірдей болуы шарт. Бұл жағдайды қамтамсыз ету үшін жұмыста пішінді компенсаторды қолдану ұсынылады. Ұсынылған компенсатор жіптің ұзындығын реттеу арқылы керілу күшін тұрақтандырады. Пішіні симметриалы парабола түрінде, компенсаторды өзгертуді реттегіш шыбық ретінде орындап, оны бақылаушы тазалау приборынан кейін керуді реттегіш приборға қарсы орнатылу керектігі дәлелденді. Бұл жағдайда компенсаторлық шыбықтың пішінінің парабола түрінде болуына байланысты орауға баратын жіптердің орау зонасындағы ұзындықтары бірдей болуын қамтамсыз етеді.
Орау машинасының орағыш құрылымының динамикасын зерттеу үшін конустық орамға эквивалетті цилиндір орамын алу қажетті. Бұл жағдайда ору машинасыдағы фрикционды беріліс цилиндр және конусты орама арасындағы серпінділі сырғанау процесін зерттеу қарапайым орындалатыны дәлелденді. Орау машинасындағы қайта орау жылдамдығының тұрақтылығын серіпінділі сырғу және геометриалық сырғумен бірге ескеріп қамтамсыз етуге болатыны теориялық тұрғыда қаралды.
М-150-2 машинасында орамның оралу тығыздығының тұрақты болмауы жіпті орамнан тарқатуда да жіптегі керілуді, осыған сәйкес кернеудің көбейіп, азайуына әкелетіні көрсетілді. Бұл жағдайда конустық бобина шеттеріндегі орау тығыздығы ортадағысына қарағанда 1,5...2 есе көп болуыа әсер ететінін теориалық жолмен келтірілді. Орау орамасының меншікті тығыздығы радиус және биіктігі бағытында сызықты заңдылықпен өзгереді, осыған орай, орау тығыздығын тұрақтандыру үшін радиусы және биіктігі бойынша реттеуді қамтамасыз ету қажетті екені ұсынылды.
Орау орамасының тығыздығын тұрақтандыру үшін конус патронды екі қабатты жасау ұсынылған. Мұндай конустың үстіңгі қабаты майысқақ, эластикалық материалдан жасалуы қажетті. Сонымен қатар, үстінгі қабаттың пішіні, өстік бағытта, парабола түрінде жасалуы қажетті. Бұл жағдайда орау тығыздығы тұрақтандырылатыны дәлелденді.
Теориалық зерттеулер нәтижесінде жасалған тұжырымдар эксперименталды зерттеулермен дәлелденілді. Арнайы орындалған қондырғыда орама собығы мен орау барабаншасының арасындағы серіппелі және геометриалық сырғу коэффициентері анықталынды. Орау зонасында жіптің керілу күші анықталынды. Осының нәтижесінде орамада радиалды және өстік бағытта ораудың тығыздығын экспериметті жолмен анықтау орындалды. Зерттеу нәтижесінде М-150-2 машинасында орама тығыздығы 12 пайызға дейін өзгеретіні көрсетілді. Экспериментті зертеу орау кезінде жіптің керілуі пероидты өзгеретінін, бұл заңдылыққа Фурье қатарын қолданып, регрессиалық теңдеуін алу жолы орындалды. Бұл керілудің айнымалылығының жіптің бүлінуіне әсері эксперименталды зерттелінді.
Экспериментті зерттеу нәтижесінде эластикалық қабаты бар патрондаға жанастырып орындаған собықтан жіпті тарқату кезінде жіптің үзілуі, патроны қатты собыққа қарағанда 33 пайызға төмен болатыны, жіпті тарқату кезінде жіптің керілуі іс жүзінде, барлық тарқату кезеңінде тұрақты болатыны, эластикалық қабаты бар конусты патронынды өндірісте қолдану, машинаның жылдамығын өсіруге, өндіріс өнімділігін арттыруға болатыны дәлелденді.
Эластикалық қабатты конустық патронда жіпті орауда, жіптің керілуін тұрақандыру үшін пішінді компенсатор қолдану қажеттігі және оның пішіні анықталды.
Қойылған мәселенің толық шешілуін бағалау
Диссертациялық жұмыстың жаңа нәтижелері ғылыми еңбекте, оның ішіндегі ҚР БҒМ ғылым және білім шеңберінде бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрген.
Нәтижелерін нақты қолдануға арналған ұсыныстар мен бастапқы берілгендері
Жұмыста орындалған конустық патронда жанастыра орау кезінде ораманың тығыздығын тұрақтандырудың тәсілдерін тоқыма өндіріс орындарында қолдану ұсынылған. Жұмыстағы теориалық зерттеу нәтижелері, экспериментік құрылғылар ғылыми - зерттеу, жобалау - құрамдау мекемелерінде машина тоқыма өндірісінің жабдықтарын жобалау тәжірибесінде және техникалық бағыттағы университеттердің оқу процестерінде қолданылуы ұсынылған.
Өндіріске еңгізудің техника – экономикалық тимділігін бағалау.
Диссертациялық жұмыстң нәтижелері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-де оқу процесінде және Шымкент қаласындағы «Меланж» өндіріс орнында қолданылған. Өндірісте қолдану нәтижесіндегі экономикалық тимділігі жылына 940800 теңгені құрайды.
Осы бағыттағы жоғарғы жетістіктермен салыстырғандағы орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау.
Жұмыста тоқыма өндірісінің дайындау бөліміндегі маңызды технологиялық процесті дамытуға бағытталған. Тоқыма өндірісінің дайындау бөлігіндегі жіпті тікиіршіктерде қайта орау процесі өнімділікке әсері жоғары процесс болады, өйткені ораудың тығыздығының тұрақтылығы жіптің үзілуін азайтып, өнімділікті жоғарылатады. Жұмыста бұл мәселе шешіліп, осы бағытта орындалған маңызды жұмыс қатарына жатады.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалардың тізімі
1. Абдикеримов С.Ж., Мырхалыков Ж.У., Джаманкулов А.К., Кайранбеков Г.Д. Орау барабаны мен собықтың арасындағы тербелу үйкеліс коэффициентін анықтау. // Пищевая технология и сервис «Тамақ технологиясы және сервис», АТУ.:-Алматы, 2009г. №2, с.25-30.
2. Абдикеримов С.Ж., Мырхалыков Ж.У., Кайранбеков Г.Д. Некоторые вопросы силового равновесия конической бобины на мотальном барабанчике. // Пищевая технология и сервис «Тамақ технологиясы және сервис», АТУ.:-Алматы, 2009г. №3, с.33-34.
3. Абдикеримов С.Ж. Некоторые аспекты определения технологического сопротивления при наматывании нити на коническую паковку. // «Индустрия дизайна и технологии» Академия бизнеса Моды «Сымбат» Алматы 2009г. №3, с.42-44.
4. Абдикеримов С.Ж., Мырхалыков Ж.У., Кайранбеков Г.Д. Основные принципы расчета годового экономического эффекта внедрения конического патрона с податливым основанием мотальной машины в производство. // «Индустрия дизайна и технологии» Академия бизнеса Моды «Сымбат» Алматы 2009г. №3, с.105-107.
5. Абдикеримов С.Ж., Мырхалыков Ж.У., Нурмаханова А.Н., Кайранбеков Г.Д. Қайта орау барабаны мен собықтың тербелу үйкеліс коэффициентімен собықтың ω2 – бұрыштық жылдамдылығы арасындағы байланыстылығы. // «Промышленность Казахстана». - Алматы; 2009 г., №12, с.92-94.
6. Абдикеримов С.Ж., Қойланова А.А. Орау тікиіршігіндегі ораманың сапасын жоғарылату және олармен иірім жіпті тізіп орау барысындағы процесстерді жақсарту жолдары. // «Әуезов оқулары-8 ғылыми жетістіктер - өркениеттің мәдени және экономикалық дамуының негіздері » атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері Шымкент-2009ж №8 3-5.б.
7. Абдикеримов С.Ж., Мырхалыков Ж.У. Жіпті қайта орау процесінің параметрлерін жобалау мәселесіне қатысты. // Ғылым мен білімдегі инновациялық дамудың мәселелері атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Академиялық инновациялық университет 15-16 сәуір 2010ж. II-том, 222-228 б. Шымкент-2010ж.
8. Абдикеримов С.Ж., Мырхалыков Ж.У., Мырхалыкова Л.Ж Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінде оқитын мамандардың сапасын жоғарлату факторы ретінде кредиттік технологияны енгізу. // Ғылым мен білімдегі инновациялық дамудың мәселелері атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.
Академиялық инновациялық университет 15-16 сәуір 2010ж. III-том, 3-6 б. Шымкент-2010ж.
9. Абдикеримов С.Ж. Силовое равновесие конической бобины на мотальном барабанчике. // ВЕСТНИК 4 (26), том1, с. 130-131. 17.11.2009г Кыргызского государственного университета строительства, транспорта и архитектуры им. Н.Исанова.
10. Мырхалыков Ж.У., Абдикеримов С.Ж. Намотка конических бобин с постоянной плотностью. // ВЕСТНИК 4 (26), том1, с. 131-132. 17.11.2009г Кыргызского государственного университета строительства, транспорта и архитектуры им. Н.Исанова.
11. Абдикеримов С.Ж., Мырхалыков Ж.У. Орау машинасының өнімділігіне жіп жүргізгіштің әсері. // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі Республикалық ғылыми журнал №1 (80) 2010ж. 3-5 б.
Абдикеримов Серик Жумабаевич
«Совершенствования стабильности процесса намотки паковок на мотальной машине» диссертация на соискание ученой степени кандидата технических наук по специальности 05.02.13 – Машины, агрегаты и процессы легкой промышленности.
Аннотация
Объект исследования. Объектом исследования являются процесс перематывания пряжи в мотальных машинах.
Цель работы. Целью настоящей работы является стабилизация плотности намотки мотальной конической паковки и натяжения нити при перемотке для улучшения качества пряжи и, соответственно, - ткани, что имеет важное народнохозяйственное значение.
Методы исследования. В работе для решения комплекса вопросов использовано сочетание теоретических и экспериментальных методов исследования. В теоретических исследованиях использованы методы дифференциального и интегрального исчисления, методы теоретической механики, основы динамики механизмов с переменной массой звеньев, основы конструирования узлов и деталей машин. Расчеты проведены с использованием ЭВМ.
В экспериментальных исследованиях использованы электротензометрический метод измерения усилий, импульсные способы измерения угловой скорости звеньев.
Контроль плотности намотки производился для образцов серийно выпускаемых мотальных машин.
Результаты исследования
1. Предлагается методика, по которой аналитически определен параболический профиль двухслойного конического патрона с податливым основанием мотальной машины, который обеспечивает повышение стабилизации плотности намотки в радиальном направлении и по высоте бобины.
2. Для нестационарных режимов предлагается аналитическая зависимость для определения дуги проскальзывания во фрикционной передаче мотальный барабанчик – конусный патрон мотальной машины.
Исходя из вышеизложенного, можно констатировать, что решение проблемы улучшения качества пряжи при перематывании не производится обособленно, требует комплексного подхода для решения поставленной задачи. В связи с этим в настоящей работе предпринята попытка решения некоторых вопросов данной проблемы.
Практическая реализация результатов работы. На основании полученных результатов исследований предложена методика расчета авторегулятора плотности намотки. Основные научные результаты доведены до степени, пригодной для практического использования при конструировании авторегуляторов плотности намотки.
Научные результаты использованы в рамках договоров и тематических работ промышленностью.
Разработанная методика расчета решением технического совещания Шымкентского ткацкого производства (АО «Меланж») принят для изготовления и оснащения уплотнительных систем серийно выпускаемых мотальных машин. Экономический анализ подтверждает целесообразность модернизации намоточных систем мотальных машин М-150-2.
Ожидаемый годовой экономический эффект от внедрения на одной машине составит 940800 тенге.
Научно-практическая и теоретическая значимость работы. Разработаный в диссертации стаблизация плотности намотки инатяжения нити при перемотке, позволяет повысить качество продукции и производительность текстильной промышленности. Методы аналитического и экспериментального исследования может быть припенены при исследовании других типов перемоточных сновальных шлихтовальных оборудовании.
Область применения. Разработанные методы стаблизации плотности намотки могут быть применены в подготовирельноп пройзводстве текстильной промышленности использовать на швейных предприятиях выпускающих изделия из натуральной кожи и композиционных материалов. Разработанные методы исследования рычажных механизмов с позиции их точности и надежности рекомендуется использовать в практической работе научно-исследовательских и проектно-конструкторских организаций при проектировании механизмов машин и автоматов, а также в учебном процессе технических университетов.
Abdikerimov Serik Zhumabayevich
«Improve the stability of the process of winding packages on the winder» а thesis for the degree of candidate of technical sciences in the field 05.02.13 - Machines, units and processes of light industry
SUMMARY
The object of study. The object of research is the process of rewinding yarn winding machines.
Objective. The aim of this work is to stabilize the density of the winding winding conical compression and tension in the string while seeking to improve the quality of yarn and, accordingly, - tissue that has great economic importance.
Research methods. In this paper for solving complex problems used a combination of theoretical and experimental research methods. The theoretical studies used the methods of differential and integral calculus, methods of theoretical mechanics, the basics of the dynamics of mechanisms with variable mass units, the foundations of designing parts and components of machines. Calculations were performed using a computer.
In experimental studies used elektrotenzometrichesky method of measuring effort, pulse methods of measuring the angular velocity of links.
Density control winding was performed for samples of normal production winders.
Results of the study
1. The technique, in which the analytically determined parabolic profile double layer cone holder with a pliable base winding machine, which enhances the stabilization of the winding density in a radial direction and vertical bobbin.
2. For unsteady regimes proposed analytical dependence for determining the arc of frictional sliding in the transfer of winding drum - cone winding machine cartridge.
Based on the foregoing, we can conclude that the solution to improving the quality of the yarn in rewinding is not done in isolation, requires an integrated approach to the task. In this regard, this paper attempts to address some of the problem.
Practical implementation of the results. Based on the results of studies proposed method of calculating density avtoregulyatora winding. The main scientific results communicated to the degree that is suitable for practical use in designing avtoregulyatorov density of winding.
Research results are used in the case of works contracts and industry.
A method for calculating the solution of a technical meeting of Shymkent weaving (JSC "Melange") is adopted for the construction and equipping of sealing systems commercially available winders. Economic analysis confirms the feasibility of upgrading systems winding winders M-150-2.
Expected annual economic effect of the introduction of a machine will make 940800 thousand tenge.
Scientific-practical and theoretical importance of the work. Devepoled in the thesis stablizatsiya density inatyazheniya winding yarn in the winding, can improve product quality and productivity of the textile industry. Methods of analytical and experimental studies may be pripeneny in studies of other types of rewinding warping sizing equipment.
Scope. Developed methods stablizatsii winding density can be applied in podgotovirelnop proyzvodstve textile industry to use in garment factories manufacturing products of leather and composite materials. Developed methods for studying linkage with the position of their accuracy and reliability recommended for use in the practical work of research and design organizations in designing mechanisms machines and machines, as well as in the training process of technical universities.
Достарыңызбен бөлісу: |