«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет10/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

әдеби мұрасы арқылы тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз. Бұл айтылғандарға 

абайтанушы  ғалым  М.Мырзахметовтың:  «Қазақ  халқының  ой-санасының, 

дүниетанымының  шыңы  Абайдың  әдеби  мұрасында  жатыр.  Жастардың 

адамгершілік  мінез-құлқын,  адами  қалпын  қалыптастыруда  Абайтану  ілімі 

іргетасқа  айналып  отыр.  Осы  себепті,  ең  алдымен,  Абай  мұрасын  меңгеру, 

терең  танып  білу  -  бүгінгі  күннің  аса қажетті  мәселесі»,-  деген  ойлары  дәлел 

[35].  

Қолданыстағы негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-



сыныптары  үшін  «Абайтану»  курсының  типтік  оқу  бағдарламасында  Абай 

мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылған 

және  ақынның  өмір  жолынан,  туып-өскен  ортасы  мен  әдеби  мектебі,  тәлім-

тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға 

қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып 

берілген.  Абай  шығармашылығындағы  тұлға  болмысы,  толық  адам 

танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты 

бағдарлауға  назар  аударыла  отырып,  Абайдың  талантты  ақын  шәкірттерінің 

шығармашылығына көңіл бөлінген. 

«Абайтану»  курсының  мазмұны  Абай  Құнанбайұлының  қазақ  әдебиетінің 

көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын; ақындық әлемін, өлең өнеріндегі 

қайталанбас  өзгешелігі  мен  шеберлігін;  шығыс  пен  еуропа,  орыс  әдебиеті 

классиктерінің  туындыларымен  жете  танысуын  және  оның  шығармашылық, 

ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз 

дүниелер  тудырғандығын;  Абайдың  әдеби  мұрасының  аударма  арқылы 

дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар 

екендігін;  Абай  шығармашылығының  ұлттық  әдебиетіміздің  өркендеуіне 

жасаған  идеялық-көркемдік  ықпалын;  Абайтану  ілімін  қалыптастырған 

М.Әуезовтің  Абайдың  ақындық  дәстүрінің  негізгі  арналарын  сараптап, 

Абайдың  ақындық  мектебін  айқындап,  оның  ақындық  айналасын  ғылыми 

жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және 

тарихи,  ғылыми  құнды  нәтижелерін  терең  танып,  білуіне;  курстың  соңына 

қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, 

кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған. 

«Абайтану»  курсының  типтік  оқу  бағдарламасының  мақсаты  «ұлы  ақын 

шығармаларын  терең  де,  жан-жақты  таныту  арқылы  елжанды,  халқымыздың 

әдебиетін,  өнерін,  салт-дәстүрін,  мәдениетін,  тілін  ұлттық  құндылық  ретінде 

бағалайтын,  эстетикалық  талғамы  жоғары,  білім,  білік,  дағдылармен 

қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-

сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын 

дара тұлға қалыптастыру» деп айқындалып, курсты оқытудың міндеттері: 

1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай 

шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – 

қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру; 

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, 

өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы 

20

 

 




оқушылардың  ұлттық  танымын  қалыптастыру,  шығармашылық  қиялын 

дамыту,  автордың  ұстанымын  түсінуге  баулу,  көркем  туындының  тілдік 

ерекшеліктерін,  идеялық  мәнін  талдауға,  пікір  алмасуға  үйрету,  жастардың 

өмірден өз орнын табуға бағыттау; 

3)  Абайдың  ақындық  мектебі,  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық 

ұғымының  мәні  мен  маңызын  рухани  кемелдік  танымы  тұрғысынан  таныту, 

ақынның  көркем-әдеби  туындыларындағы  ұлттық  таным  мен  рухани-мәдени 

құндылықтарды  оқушылардың  бойына  дарыту,  ақын  идеяларын  күнделікті 

тұрмыста  басшылыққа  алуға  тәрбиелеу,  шығармаларының  адамгершілікті, 

имандылықты,  махаббатты,  достықты,  әділеттілікті,  татулықты,  бірлікті 

жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету; 

4)  абайтанудың  кезеңдерін  саралап,  шығармашылығындағы  тұлға,  толық 

адам  концепциясына  қатысты  өзекті  мәселелерді  айқындау.  Ұлы  ақынның 

өмірбаяндық  тың  деректеріне  сүйене  отырып,  қазақ  әдебиетіндегі 

көшбасшылық орнын көрсету; 

5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын 

ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, 

тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы 

көзқарастарымен таныстыру; 

6)  ақынның  шетел  ақындарының  шығармаларын  аударудағы  шеберлігі, 

қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік 

идеяларын таныту; 

7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде 

пайымдау.  Қазіргі  абайтанушы  ғалымдардың  ақын  шығармаларын  зерттеу, 

жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету деп 

тұжырымдалған [36]. 

Абайды  тану,  оның  шығармаларын  меңгеру  арқылы  өмірде  өз  қажетіне 

дұрыс  қолдана  білу  –  әрбір  азаматтың  парызы  десек,  оны  оқып-үйрену,  жан-

жақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу де бүгінгі ел болашағының міндеті 

болмақ.  Әр  адамның  іздегенін  табатын,  оны  өміріне  тірек  ете  алатын,  бағыт-

бағдарын айқындай алатын қуат күші де осы Абай шығармаларында. Уақыт та, 

қоғам  да  ұлы  Абай  философиясын  қажет  етіп  отырған  шақта  ұрпаққа  ақын 

тағылымын үлгі ету, үйрету, өміріне азық етерлік білім беру  –  қазақ әдебиеті 

пәні мұғалімдерінің мақсаты мен мұраты. 

«Абайтану»  курсы  әдістемесі  мұғалімдерді  оқушылардың  адамгершілік 

сезімдері  мен  бағдарларын  Абай  шығармалары  арқылы  дамыту  жұмыстарын 

жүзеге  асыру  кілттерін,  тетіктерін  табуға  бағыттайды.  Ол  өз  негізінде  жас 

ұрпақты Отанды сүю, елжандылық, азаматтық рухтарында тәрбиелеу құралы да 

болып  саналады.  Абай  мұрасы  –  Адамды  адам  етіп  тәрбиелеудің,  жан-жақты 

дамыған тұлға қалыптастырудың қайнар бұлағы.  

Мектепте «Абайтану» курсын оқыту мәселесі бойынша мұғалімдерге көмек 

ретінде  ұзақ  жылдар  бойы  Абай  мұраларын  мектепте  оқытуда  өзіндік  іс-

тәжірибесі  жүйелі  түрде  жинақталған,  осы  істе  айтарлықтай  нәтижелерге  қол 

жеткізген  ұлағатты  ұстаз  –  Астана  қаласы  №8  орта  мектептің  қазақ  тілі  мен 

21

 

 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау