А. С. Ниетова Кафедра: Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы кафедрасы



жүктеу 1,31 Mb.
бет4/4
Дата01.01.2018
өлшемі1,31 Mb.
#6842
1   2   3   4

Әдістемелік нұсқау: Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. З.С.Күзекова, Г.Ж.Қарақұсова «Қазақ тілі» Алматы 1997 ж. 140-153 бб.

2. В.Салагаев, Б.Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2002 ж .166-б.

3. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева,Э.Д.Сүлейменова «Ресми -іскери қазақ тілі» 1бөлім Алматы-2002 ж. 241-243-246-247-299-305-бб.

4. Д.Қ.Бекішева, Г.Ж.Дұрысбаева «Қазақ тілі» Алматы 2003 ж. 126-128 бб.

5. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Н.Х.Шадиева, Д.Ж.Құсайынова «Жаңа толқын» электронды оқулық ІІІ деңгей. Астана 2007 ж.

6. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Ж.Бектұрғанова «Жаңа толқын» аудио курс І, ІІ деңгей. Астана 2007 ж.

7. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 46-50 бб.


Апта 7

Кредит сағат 7

Сабақтың тақырыбы: Баяндамашы

Сабақтың мақсаты: Практикалық сабақта алған білім, білік дағдыларын тексеру

Өткізу түрі: ауызша баяндау, жазбаша тапсырма

Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Баяндамашы деген кім?

2. Баяндамаға қандай талаптар қойылады?

3. Баяндамаға әзірлік мақсатында берілген мәтінмен жұмыстаныңыз (Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Г.С.Қасбаева, А.С.Ибрашева «Қазақ тілінің

ресми стилін меңгертуге арналған кіші оқу-әдістемелік кешен» Астана 2008, 150-151 бб. 45-мәтін)



Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақ мазмұнына сүйене отырып берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева,Э.Д.Сүлейменова «Ресми -іскери қазақ тілі» 1бөлім Алматы-2002 ж. 374-б.

2. М.Балақаев, М.Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» Алматы-2006 ж. 49-59 бб.

3. Н.Ж.Құрманова, Б.Ж.Құрманова, Г.Қасбаева «Мемлекеттік тілді үйретуді жетілдіру бойынша үйлестіру-әдістемелік көмек көрсету бағытындағы бейімделген бағдарлама» Астана 2008 ж. 71-84 бб.

4. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Г.С.Қасбаева, А.С.Ибрашева «Қазақ тілінің ресми стилін меңгертуге арналған кіші оқу-әдістемелік кешен» Астана 2008,

5. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 51-59 бб.


Апта 8

Кредит сағат 8

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Өтілген материалдарды қайталай отырып, білім деңгейін тексеру.

Өткізу түрі: практикалық жұмыс, тест тапсырмалары

Тапсырмалар мен сұрақтар: Берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Тест

  1. Визит карточкасының анықтамасын көрсетіңіз.

А) іскер адамдардың қарым – қатынас жасауына арналған іскерлік құжат.

В) қолынан іс келетін кісі

С) бір нәрсеге құқық беретін қағаз

Д) тіркеу қағазы



  1. Иесінің аты – жөні, жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы т.б. мәліметтер көрсетілген арнайы бастырылған карточка қалай аталады?

А) визвит карточкасы

В) тіркеу карточкасы

С) чек кітапшасы

Д) жинақ кітапшасы



  1. Қолынан іс келетін , істің жөнін білетін адам деп кімді айтады?

А) іскер адам

В) қызметші

С)биші

Д) әріптесті



  1. Знающий дело, толковый, дельный человек – деген сөйлемнің қазақшасын табыңыз.

А) Қолынан іс келетін , істің жөнін білетін адам

В) іскер әріптес

С) озат жұмысшы

Д) бастықтың орынбасары



  1. Мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі деген не?

А) мемлекеттік тіл

В) ресми тіл

С) құжаттар тілі

Д) іс қағаздар тілі



  1. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің лексикалық – грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік білуді қажет ете ме?

А) иә

В) кейде

С) жоқ

Д) міндетті емес



  1. Ресімдеу сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А) оформление

В) заполнить

С) церемония

Д) управление



  1. Жаңа танысыңыздың мамандығын сұрап біліңіз. Кешіріңіз , сіз ...

А) дәрігерсіз бе?

В) заңгерсің бе?

С) МАИ қызметкері ме?

Д) инженер екен



  1. Тиісті қосымшаны қойып тіркесті аяқтаңыз. Ол банк қызмет...

А) -кері

В) -ші


С) -те

Д) -тес


  1. Жұмыс орнын сипаттаған сөйлемді көрсетіңіз.

А) жұмыс бөлмем кең, әрі жарық

В) бас маман болып істеймін

С) жұмыс аптасы аяқталды

Д) жылдық жоспар бекітілді





Әдістемелік нұсқау: Алған біліміңізге сүйене отырып, өз бетіңізбен жұмыстануға машықтаныңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. В.Салагаев, Б.Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2002 ж .28-б.

2. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева,Э.Д.Сүлейменова «Ресми -іскери қазақ тілі» 1бөлім Алматы-2002 ж. 191-192-271-272-282-бб.

3. Б.Б.Жахина, А.Қ.Құрманова, И.С.Қайырбекова «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы» Көкшетау -2003ж. 50-51-83-84-бб.

4. Д.Қ.Бекішева, Г.Ж.Дұрысбаева «Қазақ тілі» Алматы 2003 ж. 35-36 бб.

5. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Ж.Бектұрғанова «Жаңа толқын» аудио курс І, ІІ деңгей. Астана 2007 ж.

6. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 59-66 бб.
Апта 9

Кредит сағат 9

Сабақтың тақырыбы: Еңбек демалысы.

Сабақтың мақсаты: Материалды меңгерудегі практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Өткізу түрі: ауызша баяндау, жазбаша тапсырма.

Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Еңбек демалысы дегеніміз не?

2. Еңбек демалысының түрлері туралы айтып беріңіз?

3. Еңбек демалысынан шақырып алу жағдайлары туралы айтып беріңіз?

4. Топқа бөлініп берілген жағдаяттық тапсырмаларды орындаңыз?



Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта алған білім, білік дағдыңызды пайдалана отырып, туристік фирма қызметкері мен демалушының арасындағы әңгімені рөлдерге бөліп ойнаңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. ҚР 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-ІІІ «Еңбек кодексі» 8-тарау, 92-96, 100-109 баптар.

2. 1.В.Салагаев, Б.Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2002 ж 28-44-194-бб

3. В.И.Скала, Н.В.Скала, Б.В.Скала «ҚР іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2006 ж..

4. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Ж.Бектұрғанова «Жаңа толқын» аудио курс І, ІІ деңгей. Астана 2007 ж.

5. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 66-73 бб.


Апта 10

Кредит сағат 10

Сабақтың тақырыбы: Сақтандыру.

Сабақтың мақсаты: Практикалық сабақта алған білім, білік дағдыларын тексеру

Өткізу түрі: ауызша баяндау

Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Сақтандырушы деген кім?

2. Сақтандыру сомасы мен төлемі деген бір түсінік пе?.

3. Өндірістік факторлардың неше түрін білесіз, айырмашылығын атаңыз?

4. Сақтандыру полисі дегеніміз не?



Әдістемелік нұсқау: Сақтандыру агенті ретінде өз клиентіңізбен арадағы жайды рөлмен ойнап көрсетіңіз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. 3.И.Митина, Л.Петрова «Деловой английский» С-Петербург-2001 ж. 150-б.

2. В.Салагаев, Б.Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2002 ж 172-б

3. ҚР 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» заңы 1-6-7-11-16-18 баптар.

4. Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы. 1998 ж.

5. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 74-87 бб.


Апта 11

Кредит сағат 11

Сабақтың тақырыбы: Талапарыз.Шағымхат.

Сабақтың мақсаты: Өз құқығын қорғау үшін қажетті құжаттарды ресімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Өткізу түрі: ауызша баяндау, жазбаша тапсырма

Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Тақырыптың мазмұнын ауызша айтып бер.

2. Сотқа жіберілетін талапарыздағы тұрақты клишелерді жатта.

3. Серіктесіңізге өз міндеттемелерін орындамағаны жөнінде шағымхат жаз.

Әдістемелік нұсқау: Берілген деректемелерге сүйене отырып талапарыз үлгісін жазыңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева,Э.Д.Сүлейменова «Ресми -іскери қазақ тілі» 1бөлім Алматы-2002 ж. 206-207-бб.

2. В.И.Скала, Н.В.Скала, Б.В.Скала «ҚР іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2006 ж..

3. Ғ.Хасанов «Іс жүргізу» Орал -2001 ж. 88-89 бб.

4.С.Б.Бөрібаева «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2006 жыл. 23-б.

5. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 88-95 бб.


Апта 12

Кредит сағат 12

Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру. Алғысхат.

Сабақтың мақсаты: Практикалық сабақта алған білім, білік дағдыларын тексеру

Өткізу түрі: ауызша баяндау, жазбаша тапсырма

Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Хабарландырудың деректемелерін ата.

2. Бос лауазым орнына қабылдау туралы хабарландыру мәтіндерін жаз

3. Берілген жағдайға байланысты алғысхат мәтінін жаз

Әдістемелік нұсқау: Хабарландыру мен алғысхатты безендіріңіз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева,Э.Д.Сүлейменова «Ресми -іскери қазақ тілі» 1бөлім Алматы-2002 ж. 137-138-бб.

2. Ғ.Хасанов «Іс жүргізу» Орал -2001 ж. 5-15 бб.

3. К.Мұхаммадиева , А.Д.Чабаева «Іс қағаздарын оқыту» Алматы-1999 ж. 24-28 бб.

4.С.Б.Бөрібаева «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2006 жыл. 51-54-бб.

5. Б.Б.белғара, Н.Ж.Құрманова, Г.С.Қасбаева, А.С.Ибрашова «Астана» қазақ тілінің ресми стилін меңгертуге арналған кіші оқу-әдістемелік кешен Астана 2008 ж.121, 126-бб.

6. Н.Құрман, Қ.Қадашова, Б.Құрманова, К.Көпеш «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» электронды оқу құралы Астана 2009 ж.

7. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 95-101 бб.


Апта 13

Кредит сағат 13

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша практикалық сабақта алған білім, білік дағдыларын тексеру

Өткізу түрі: ауызша баяндау, практикалық тапсырмалар

Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. ҚР ең жоғарғы мемлекеттік наградасы?

2. «Даңқ» және «Айбын» ордендері қандай жағдайларда, кімдерге беріледі?

3. «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарының айырмашылығы

неде?


4. ҚР мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтарының жазылу емлесіне арналған

тапсырманы орында.



Әдістемелік нұсқау: ҚР мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтарының жазылу емлесін еске түсіріңіз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов, К.Юсупов, Ж.Әлмешев, Ә.Сапарбекова «Екі тілде іс жүргізу» Алматы 1994 ж. 187-196 бб.

2. ҚР 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Мемлекеттік наградалар туралы» № 2676 Жарлығы

3. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қада-шева,Э.Д.Сүлейменова «Ресми -іскери қазақ тілі» 1бөлім Алматы-2002 ж. 391-392-бб.

4. «Менің елім Қазақстан» энциклопедия Алматы -2003 ж. 20-б.

5. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Г.С.Қасбаева, А.С.Ибрашева «Қазақ тілінің ресми стилін меңгертуге арналған кіші оқу-әдістемелік кешен» Астана 2008, 121-б.

6. Е.Ш.Шаймерденов «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері» Алматы 2005 ж.19-25 бб.

7. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 101-108 бб.


Апта 14

Кредит сағат 14

Сабақтың тақырыбы: Жарнама

Сабақтың мақсаты: Практикалық сабақта алған білім, білік дағдыларын тексеру, ой ұшқырлығын арттыру

Өткізу түрі: ауызша баяндау, практикалық тапсырмалар

Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Жарнама дегеніміз не?

2. Жарнаманы қандай орган бақылап отырады?

3. Баспасөз беттерінде, теледидар, радиолардағы жарнамалардың қателігін тап.

4. Өзіңе ұнайтын өнімді немесе мамандығыңды жарнамала



Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілінің әдеби тілі нормаларын есіңе түсіріңіз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. ҚР «Жарнама» туралы заңы 2003 ж.

2. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 108-114 бб.
Апта 15

Кредит сағат 15

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Сабақтың мақсаты: Жыл бойы өткенді қайталай отырып, практикалық сабақта алған білім, білік дағдыларын тексеру, емтихан алды әзірлік

Тапсырмалар мен сұрақтар: Берілген тест тапсырмалары мен жағдаяттық тапсырмаларды орында

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақта алған білім, білік дағдыларыңызды еске түсіре отырып, тапсырмаларды орындаңыз.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева,Э.Д.Сүлейменова «Ресми -іскери қазақ тілі» 1бөлім Алматы-2002 ж. 45-352-370-бб.

2. К.Мұхаммадиева , А.Д.Чабаева «Іс қағаздарын оқыту» Алматы-1999 ж. 24-25 бб.

3. В.И.Скала, Н.В.Скала, Б.В.Скала «ҚР іс қағаздарын жүргізу» Алматы-2006 ж.

4. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Ж.Бектұрғанова «Жаңа толқын» аудио курс І, ІІ деңгей. Астана 2007 ж.

5. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Н.Х.Шадиева, Д.Ж.Құсайынова «Жаңа толқын» электронды оқулық І, ІІ, ІІІ деңгей. Астана 2007 ж.

6. А.Б.Қайыров, А.С.Ниетова «Іскери қазақ тілі» Орал 2011 ж. 114-127 бб.

Тест


  1. Жарнама қай тілден енген сөз?

А) латын

В)француз

С) грек

Д) неміс


  1. “Жарнама“ сөзі қай қатардағы сөздермен түбірлес?

А) Жар салу,жариялау,жарлық

В) жарқырау,жарық беру

С) жар жағасында,өзеннің жары

Д) сүйген жар,адал жар



  1. “Мақсат“ сөзінің жатыс септік тұлғасындағы көрінісін тап?

А) білімді арттыру мақсатында

В) білімді арттыру мақсатымен

С) жұмысқа тұру мақсаты

Д) пікір алмасу мақсатының



  1. “Политический деятель “ тіркесінің баламасы:

А) саяси қайраткер

В) саяси қызметкер

С) саясаткер

Д) мәжіліскер



  1. “Юридическая помощь“ баламасы:

А) заңгерлік көмек

В) заңгерлік іс

С) құқықтық жәрдем

Д) заңгерлік жәрдем



  1. Төмендегі тіркестерден синонимдік қатарды көрсет?

А) қызмет ету, еңбек ету

В) мақсат ету,еңбек ету

С) еңбек ету, талап ету

Д) қызмет ету, ниет ету



  1. «Сөйлеу мәдениеті» тіркесіне қандай жалғау жалғанып тұр?

А) тәуелдік жалғау

В) жіктік жалғау

С) көптік жалғау

Д) септік жалғау



  1. «Шағын кәсіпорын» тіркесіндегі «шағын» сөзінің антонимі қайсы?

А) үлкен

В) кіші


С) орташа

Д) ықшам


  1. «Ресми» сөзі арқылы жасалған мағынасы дұрыс тіркестерді көрсетіңіз?

А) ресми сөз, ресми стиль, ресми қағаз

В) ресми көше, ресми өнім, ресми аудан

С) ресми қала, ресми курс, ресми бөлім

Д) ресми мақсат, ресми тіркес, ресми аумақ



  1. «Іскерлік кездесу» тіркесіндегі «кездесу» сөзі қай сөз табынан?

А) зат есім

В) етістік

С) сын есім

Д) есімдік



  1. «Жарнама» сөзіндегі «нама» араб-парсы тілінде қандай мағынаны білдіреді?

А) жазылған сөз

В) айтылған сөз

С) әдіс

Д) қарым-қатынас



  1. «Әкім» сөзіне мына жұрнақтардың қайсысы жалғанады?

А) –шілік

В) –шылық

С) –ма

Д) –дық


  1. Қайсысы дұрыс жазылған?

А) қарым-қатынас

В) қарым қатынас

С) қарымғатынас

Д) қарым-ғатынас



  1. «Обмениваться мнениями» қазақша қай баламасы дұрыс?

А) өзара пікір алмасу

В) қарым-қатынас жасау

С) өзара байланыс жасау

Д) байланыс орнату



  1. Бүгін (объявление) мәтінін берсеңіз, газетте ертең жарияланады. «Объявление» - сөзінің қазақша баламасына қай жалғау дұрыс жалғанған?

А) хабарландырудың

В) хабарландырубен

С) хабарландыруден

Д) хабарландыруге



  1. Әскери және ғылыми атақтар, дәрежелер қалай жазылады?

А) кіші әріппен

В) бас әріппен

С) тырнақшаға алынып кіші әріппен

Д) тырнақшаға алынып бас әріппен



  1. Дұрыс жазылған түрін белгіле

А) ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

В) ҚР Мемлекеттік Сыйлығының иегері

С) ҚР Мемлекеттік Сыйлығының Иегері

Д) ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері



  1. Төмендегі сөздерден ресми іс қағаздар тіліне жататын атауды атаңыз.

А) азамат

В) ағай

С) сарбаз

Д) науқас



  1. Төмендегі сөздер қай құжат тіліне тән. Отбасы жағдайыма байланысты; беруіңізді өтінемін; кезектен тыс демалыс

А) өтініш

В) қолхат

С) визит карточкасы

Д) бұйрық



  1. Төмендегі сөздің баламасын тап. Жан-жақты талдайық

А) проанализируем всесторонне

В) переведи текст

С) об этом еще поговорим

Д) не возрожайте



  1. Шылау сөздің тиістісін қойыңыз. Іссапарда болуыма ... мәдени шараларға қатыспады.

А) байланысты

В) бойынша

С) туралы

Д) сәйкес



  1. Шикізат сөзіне қарсы мәнде жұмсалған сөзді көрсет.

А) өнім

В) қымбат

С) шетелдік

Д) қажетсіз



  1. Өз бетінше сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.

А) самостоятельно

В) самоуправление

С) между собой

Д) эгоист



  1. Объявление сөзінің қазақша баламасын тап.

А) хабарландыру

В) хабарлау

С) хабар

Д) хат-хабар



  1. Кәсіпкер сөзінің аудармасын табыңыз.

А) предприниматель

В) предприятие

С) профессия

Д) профессиональный



8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар бағдарламада қарастырылмаған.


9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. үй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.

Тапсырмалар


1 – тапсырма. Мына сәлемдесу, танысу үлгілеріне сүйене отырып, өзіңізді жаңа ортаға таныстырыңыз. Берілген үзінділердің қайсысында сырттай таныстыру үлгісі қолданылғанын көрсетіңіздер.


  • Сәлеметсіздер ме, ханымдар мен мырзалар! Менің аты – жөнім - Мақсат Қалиұлы. Мен облыстық қаржы басқармасында жұмыс істеймін. Ал сіздер ше?

  • Менің атым – Нұрбол. Мен салық комитетінде жұмыс істеймін.

  • Ал мен – Сәуле Аманқызымын, қалалық әкімшілікте жұмыс істеймін. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын.

  • Біз де сізбен танысқанымызға қуаныштымыз.

***


- Өзімді таныстырайын. Мен - Гүлсім Мәлікқызымын. Қазір Атырауда жұмыс істеймін. Мен қызметімді жақсы көремін. Бұл менің құрбым – Алма. Оның өз ісі, жеке пәтері бар.

***


  • Құрметті, әріптестер! Танысыңыздар: бұл - Әсет Асанұлы, жалпы бөлімнің бастығы, ал мына кісі – Ғали Төлегенұлы, бас экономист.

  • Танысқаныма қуаныштымын.

  • Мен де қуаныштымын.

***

  • Мөлдір мына кісі кім?

  • Ол мекеме басшысы. Аты – жөні – Махмұт Лұқпанұлы.

  • Ал ана кісі кім болады?

  • Ол – Ішкі істер басқармасында жұмыс істейді. Оның аты жөні – Ғабиден Маратұлы.

2 – тапсырма. Мына сөз тіркестерін аяқтаңыз.
Үлгі: Сіз сәлемдесе... бе? – Сіз сәлемдесесіз бе?
Мен қоштаса ... ; ... та жұмыс істеймін; мен... ат... ; сіздер әріптес... бе; ол банк қызмет...; министрлік... істейді.
3 – тапсырма. Сұрау есімдіктерін пайдаланып берілген мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз.

Сәлеметсіз бе? Менің атым - Ахмет. Мен - кәсіпкермін. Менің досым Шоқан баспада жұмыс істейді. Біздің хал – жағдайымыз жақсы. Сіздің атыңыз – Асылбек. Банкте жұмыс істейсіз. Бұл – Ғабит. Менің іскер серіктесім.


4 - тапсырма. Жаңа танысыңыздың мамандығын сұрап біліңіз.
Кешіріңіз, сіз (заңгер) ... ... ? Кешір, сен (дизайнер) ... ... ? Ғапу етіңіз, сіз (актер) ... ... ?

Кешірім өтінем, сен (есепші) ... ... ? Кешіріңіз, сіз (редактор) ... ... ? Ғапу ет, сен (бағдарламашы) ... ... ?


5 – тапсырма. Амандасу үлгілерін пайдаланып, екеуара сөйлесіңіздер.

А) - Сәлеметсіз бе, Әлия Асқарқызы ?

- Сәлеметсіз бе, Аманжол Кеңесұлы!

- Қалыңыз қалай?

- Жаман емес. Рақмет!

- Сау болыңыз!

- Сау болыңыз!
Ә) - Сәлеметсіз бе, Дархан?

- Сәлеметсіз бе, Гүлфия?

- Қал-жағдайыңыз қалай?

- Құдайға шүкір. Сіздің денсаулығыңыз қалай?

- Рахмет, жаман емес.
Б) - Амансыз ба, Гүлмира Ізтайқызы?

- Амансың ба, Қанат?

- Қал-жағдайыңыз жақсы ма?

- Рақмет, жаман емес.

- Денсаулығыңыз қалай?

- Құдайға шүкір. Сенің қалың қалай?

- Жақсы.
В) - Сәлеметсіз бе, Сәния? .......................... жақсы ма?

- Иә, ............................. жаман емес.

- Алмас Бектайұлының ...................... қалай?

- Оның да .............................. жақсы.


Г) - .............................. , Ибрагим Асхатұлы?

- Амансың ба, Қазбек?

- ....................... жақсы ма?

- Рақмет, ............................. .

- Денсаулығыңыз ....................... ?

- Құдайға шүкір.

- Сау болыңыз, Ибагим Асхатұлы!
6 - тапсырма. Төменде берілген кестеден өзіңіз қалаған қызметті таңдап алып, қолайлы

амандасу үлгілерін пайдаланып, көрсетілген лауазым иелерімен амандасып, қоштасып көріңіздер.






Сіз кімсіз?

Фирма президентімен

Мекеме бастығымен

Өз бөліміңіз-дің қызмет-керімен

Әріптесіңізбен

1

Бағдарламашы













2

Әкімшілік төрағасы













3

Ұжым мүшесі













4

Директордың орынбасары













5

Мекемеге келуші














7 - тапсырма. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Танысыңыз, таныс болайық, таныс болыңыздар, менің аты-жөнім, танысқаныма қуаныштымын.
8 - тапсырма. Қазақ тіліне аударып, бұйрық райдың болымды, болымсыз, жай және сыпайы түрін жасаңыздар.
Познакомиться, здороваться, прощаться, работать, говорить, читать, писать, извиниться.
9 - тапсырма. Диалогты қайталап оқып, дұрыс айтуға жаттығыңыз.
А) - Сәламатсыз ба, Еңлік? Таныс болыңыз. Бұл - Әсет.

- Аман – есенсің бе? Танысқаныма өте қуаныштымын.

- Ал менің аты – жөнім - Еркетаң Манарбекқызы.
Ә) - Танысайық! Менің есімім – Бекзат.

- Танысқаныма қуаныштымын. Менің атым – Жұлдызай.


Б) - Сәлеметсіз бе, Ахмеди? Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма? Отбасыңыз

аман ба? Мен сізді өзімнің досыммен таныстырайын. Оның аты – жөні Бағдат

Бақытбекұлы. Бағдат – іскер, білікті, ұқыпты қызметкер.
10 - тапсырма. Берілген үлгіге қарап өзіңіздің әріптестеріңізді, олардың лауазымын таныстырыңыз.
- Сәлеметсіз бе, Айбибі. Қал-жағдайыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма?

- Сәлеметсіз бе, Еркебұлан? Барлығы жақсы. Өзіңіздің қалыңыз қалай?

- Жаман емес. Айбибі, таныс болыңыздар. Бұлар - менің әріптестерім.

- Менің атым – Азамат. Мен банкте жұмыс істеймін. Танысқаныма қуаныштымын.

- Бұл менің досым – Дәулет. Ол да банкте жұмыс істейді.

- Ал менің аты – жөнім Айбибі Ахметқызы. Мен облыс әкімшілігінде жұмыс

істеймін. Мен де сіздермен танысқаныма қуаныштымын.
11 - тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
Сіздің мамандығыңыз кім? Сіз қызметкерсіз бе? Мәди бағдарламашы ма? Дәурен де, Гауһар да үйлестіруші ме? Ол бастық па? Айдана хатшы ма? Сіз есепшісіз бе? Оның мамандығы кім? Әсем кім? Құралай оқытушы ма? Жақсылық заңгер ме?
12 - тапсырма. Серігіңіздің мамандығын сұрап біліңіз.

Кешіріңіз, сіз (әкімгер) ... ... ? Кешір, сен (медбике) ... ... ? Ғапу етіңіз, сіз (бас есепші) ...? Кешір, сен (хатшы) ... ...? Кешіріңіз, сіз (редактор) ... ... ? Ғапу етіңіз, сіз (бастық) ... ... ?



13 - тапсырма.

Өзіңіз жұмыс істейтін мекеменің қаланың қай жерінде орналасқанын, айналасында қандай мекемелер бар екенін кестеге (схема) түсіріп, жолдасыңызға түсіндіріңіз.



14 – тапсырма Мәтін мазмұнымен танысып, өз жұмыс аптаңыз туралы айтып беріңіз.

Жұмыс дүйсенбіде басталып, жұмада (сенбіде) аяқталады. Таңертең ерте тұрамын. Таңғы салқынмен жүгіргенді ұнатамын. Жұмысқа сағат сегізде шығамын. Жұмыстан кейін саябақта қыдырамын. Сәрсенбі мен жұмада жұмыстан соң достарыммен бірге демаламын. Бейсенбіде түстен кейін жеке адамдарды қабылдаймын.

Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. Демалысымды отбасыммен өткізгенді ұнатамын. Сенбі күндері қала сыртына шығып серуендеп, таза ауада тынығамыз. Жексенбіде үйде демаламыз. Теледидар қараймын, кітап оқимын. Балалармен бірге бассейнге барамын.

15 – тапсырма Өзіңіздің бір жұмыс күніңіздің жоспарын жасап көріңіз. Үлгіге сүйеніп әр күніңізді жоспарлаңыз.

Үлгі:

Жұма


9.00- 10.00

Бөлім мәжілісіне әзірлік

10.00 – 11.30

Шетелдік әріптестермен кездесу

11.30-12.30

Әріптестерге, баспаға, әкімшілікке телефон соғу

12.30 - 14.00

Түскі үзіліс

14.00 – 15.30

Бөлім мәжілісін өткізу

15. 30 – 17.00

Қызметкерлерді жеке мәселелер бойынша қабылдау

17.00 – 18.00

Өткен күннің қоытындысын жасау, келесі күннің маңызды жұмыстарын жоспарлау


16 – тапсырма Берілген сұхбатты оқып, мазмұнына сүйеніп апталық жоспар жасаңыз.


  • Махамбет Талғатұлы, сізбен келісімшарт жөнінде кездесіп, кейбір мәселерді анықтайын деп едім. Сізге аптаның қай күні ыңғайлы?

  • Қазір Сәуле Азаматқызы, апталық жоспарымды қарайын. Дүйсенбіде департаменттің жылдық жұмысы жөнінде есеп беруге әзірленемін. Сейсенбіде қала әкімшілігінде департаменттің есебін тыңдайды. Сәрсенбіде түске дейін Ресейлік әріптестермен кездесу жоспарланған, түстен кейін келесі жылдың жұмыс жоспарын бекітемін. Бейсенбіде Зеленов ауданына іссапарға шығамын. Жұма күні түске дейін ардагерлерді қабылдаймын, ал түстен кейін сағат 14.30-дан 16.00 дейін бос уақытым бар. Осы уақытта кездесуге болады.

- Жарайды, жұма күні сағат 14.30 сіздің департаментте боламын. Сау болыңыз!

- Сау болыңыз!


17 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді жазбаша аударыңыз.

В понедельник я заполняю документы и сдаю в отдел регистрации. Во вторник мои документы рассмотрят и дадут ответ. В среду до обеда я буду на приеме у заместителя акима области. Буду говорит с ним о строительстве новой школы в нашем районе. В четверг после работы я пойду в бассейн, а в пятницу в «Бизнес клуб». В субботу и воскресенье я отдыхаю.



18-тапсырма. Сіз мекеме басшысысыз, төменде берілген лауазым иелерінің қызметтік міндеттерін жасаңыз.

1. Бас маман, жетекші маман. 2. Ғылыми қызметкер,жетекші ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер. 3.Аудармашы- хатшы, аудармашы. 4. Жаңғыртушы-шебер, әрлендіруші-суретші. 5. Бас есепші, финанс директоры.


19-тапсырма. Кім не білу керек? Кестені сәйкестендіріңіз.





Лауазымы

Қызметі

1.

Заңгер


Қаржы жөнінде жоспарлау, аудит

2.

Жүргізуші

Компьютерлік технологияларды меңгеруі

3.

Кәсіпкер

Қазіргі қолданып жүрген заңдарды білуі

4.

Бухгалтер

Көлікті жүргізу шеберлігі, техниканы меңгеруі

5.

Бағдарламашы

Нарықтық экономика талаптарына сай әрекет етуі

20-тапсырма. Сіз қаржыгер, кафедра меңгерушісі, дизайнер қызметіне лайықтысыз ба? Ойлап көріңіз, лайықтылығыңызды дәлелдеңіз.
Үлгі:

Іс жүргізушіге қойылатын талаптар: 1. Әйел адам – иә, мен әйел адаммын. 2.Жасы 25-ке дейін – иә, мен 23-темін. 3. Жоғары білімді – менің жоғары филологиялық білімім бар. 4. Тілдерді меңгеруі – иә, мен қазақ, орыс тілдерін жетік меңгергенмін. Әрі аудармашылар курсын бітіргенмін. Іс қағаздарымен жұмыс жасауда тәжірибем бар. Демек, мен бұл орынға лайықпын.
21 -тапсырма. Мәтінді оқып, өз пікіріңізбен толықтырыңыз.
Сіздің бейнеңіз

Сіз – басшысыз. Сіздің бейнеңіз (имидж) басшы ретіндегі қабілетіңіздің көрінісі болып табылады. Өзіңіз қалай сөйлейсіз, жауапты мәселелер бойынша шешімді қалай қабылдайсыз, жүріс-тұрысыңыз, сөз әдебіңіз, киім киісіңіз, іскерлік қабілетіңіз, араласатын ортаңыз, интеллектуалдық ой-өрісіңіз Сіздің бейнеңізді қалыптастырады.

Бұл - қазіргі заманның іскер адамына қойылатын талаптардың бірі. Бастаған ісіңіз өнімді болсын десеңіз бейнеңізді қалыптастыруды да ұмытпаңыз.
22 -тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
Еңбек міндеттерін ... , құпия мәліметтерді ... , еңбек тәртібін ..., мүліктік зиян ... , ережелердің талаптарын ... , қатер төндіретін ахуалды ... , лауазымдық жағдайын ... , сыпайы, әдепті ... , мемлекеттік тілді ... .
23 -тапсырма. Кәсіби міндеттілік тақырыбына екеуара әңгімелесіңіз.

1 -тапсырма. Төменде берілген мәтіннен коммерциялық ұсыныстарды жазып алыңыз.

Келіссөз жүргізейік

Біздің «Өрлеу» шаруа қожалығы сіздің акционерлік қоғаммен тамақ өнімдерін шығару үшін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі мәселені талқылағысы келеді.

Біз сіздердің өнеркәсіп жұмыстарыңызбен танысу үшін, әрі талаптарыңызды білу үшін келдік. Сондай-ақ біз сіздермен шикізат жеткізу туралы шарт жасасуға дайынбыз. Кейінірек валютамен де, теңгемен де сатуға болатын бірлескен дүкендер желісін ашуды ұсынамыз. Біз сіздермен 10 млн. доллар көлемінде ұзақ мерзімді келісімшарт жасамақпыз. Келісімшарт бойынша жеткізуді Халықаралық банк қаржыландырады. Сонымен қатар біздің қожалық бартерлік келісімшарт варианттарын талқылауға да дайын.



24-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
Чтобы продукция малого предприятия имела спрос, нужно хорошо использовать рекламу.

Нужно постоянно изучать рынок споса, всегда использовать новые методы работы.

Человек, желающий заниматься бизнесом, должен рассчитывать прежде всего на себя, поэтому он должен реально оценивать свои материальные возможности, компетентность, деловые качества, здоровье.
25 -тапсырма. Берілген мақалдардың қазақша баламасын табыңыз.

Времени не воротишь.

Время – деньги.

Время дороже золота.

Время не ждет.

Делу время, потехе час.


26 -тапсырма. Газетте берілген мақаланы оқып, әріптесіңізге айтып беріңіз.
27 -тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Семинарда қандай мәселе сөз болды? Семинардың басты мақсаты не? Бизнесті дамытуда оның атқаратын рөлі қандай? Қандай озық тәжірибе, жаңа технологиялар көрсетілді? Бірінші мәселе бойынша кім баяндама жасады? Өткізілген семинардың тиімділігі неде?


28 -тапсырма. Сіз мекеме басшысысыз, ұжымның жалпы жиналысын өткізіңіз.
29 -тапсырма. Берілген сөздерді сөздіксіз аударып, сөйлем құраңыз.

Маңызды мәселе, күрделі мәселе, көкейкесті мәселе, саяси мәселе, әлеуметтік мәселе, ұлттық мәселе.


30-тапсырма. Мәтін мазмұнымен танысып, өткен семинар жөнінде баспасөзге хабарлама (мақала) жасаңыз.

10 қараша 2008 жылы сағат 10.00-де Қазақстан баспасөз үйінде Қаржы министрлігінің компьютерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Бухгалтерлік есепке алудың компьютерлік бағдарламалары» атты семинар өтеді. Семинар жұмысына кәсіпорын басшылары, қаржы-есеп қызметкерлері, басқа да мүдделі адамдар қатыса алады.


Семинардың өту барысы:

1. Семинардың ашылуы. Қаржы министрлігінің компьютерлік бөлімінің бастығы

Ж.Қасымның құттықтау сөзі.

2. Т.С.Сәрсенов «Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алуды

реформалау»

3. Н.Е. Дүйсен «Қаржылық есеп жүргізуге арналған компьютерлік бағдарламалар және

олармен жұмыс жасау»

4. С.З.Қалиев «Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері»

5. Түрлі компаниялардың өздерінің компьютерлік-бағдарламалық өнімдерімен

таныстыруы.

6. Семинардың жабылуы.


10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса) бағдарламада қарастырылмаған.


11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)
Білімді бағалау схемасы


р/с

Бағалау өлшемі

Бағалау түрі

жұмыс үшін балл

орындалатын жұмыс саны

1

Семинар сабақтағы белсенділігі (практикалық сабақтағы)

100

15

2

СОӨЖ сабақтарындағы белсенділігі

100

15

3

СӨЖ тапсырмаларын орындауы

100

15

4

Жеке тапсырмалар

100

6

5

Жазба жұмыстары

100

2

6

Бақылаудың өзге де түрлері

100

N

7

Аралық бақылау

100

2




Аралық аттестаттау (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасы




Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2







Емтиханға жіберу рейтингі

Аралық бақылау *0,6







Қорытынды бақылау (емтихан)

100*0,4







Қорытынды

Емтиханға жіберу рейтингі + қорытынды бақылау






Бағалау саясаты:

Студенттердің білімін бағалауда практикалық сабақта белсенділігі үшін әр сабақ сайын максималды 100 балл қойылады. Егер студент сабақты толық меңгерген болса «100», жақсы деген бағаға меңгерсе «80», нашар үлгерімде болса «50» деген баллдық норма бойынша бағаланады.

Пән бойынша теориялық білім деңгейі (ОЖСӨЖ) әр сабақ сайын максималды 100 балл қойылады. Егер студент сабақты толық меңгерген болса «100», жақсы деген бағаға меңгерсе «80», нашар үлгерімде болса « 50» деген баллдық норма бойынша бағаланады.

Бақылау жұмысы бойынша әр сабақ сайын «100» балл қойылады. Егер студент сабақты толық меңгерген болса «100», жақсы деген бағаға меңгерсе «80», нашар үлгерімде болса «50» деген баллдық норма бойынша бағаланады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары үшін максималды баллдық көрсеткіш – 100. Егер студент сабақты толық меңгерген болса «100», жақсы деген бағаға меңгерсе «80», нашар үлгерімде болса «50» деген баллдық норма бойынша бағаланады.

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 8 және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Жазба жұмысы

1. «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді» эссе.

2. Мен хат жазғым келетін адам. Шығарма жазу.
Тест тапсырмалары


  1. “Простите пожалуйста” ұғымына сейкес келетін нұсқаны табыңыз

А) кешіріңізші

В) кешірші

С) кешірсін

Д) кешіріңдер



  1. Берілген нұсқалардың қайсысы дұрыс?

А)сіздің есіміңіз Әлия ма?

В) сіздің есімі Әлия ма?

С) сенің есім Әлия ма?

Д) сенде есім Әлия ма?



  1. Әріптесіңіздің мамандығы туралы дұрыс вариантты анықтаңыз

А) Арман-заңгер

В) Арман-заңгерлер

С) Арман-заңгерсіңдер

Д) Арман-заңгермін



  1. “Мамандық” ұғымына сәйкес келетін сөздерді белгілеңіз

А) Дәрігер, оқытушы

В) басқарма, әкімшілік

С) көше, даңғыл, Орал

Д) орналасқан, көрсетіңізші



  1. Апта күндері қай вариантта дұрыс белгіленген?

А) дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі

В) сәрсенбі,жұма, дүйсенбі, бейсенбі, сенбі, сейсенбі, жексенбі

С) сейсенбі, дүйсенбі, жұма, бейсенбі, жұма, сәрсенбі, жексенбі

Д) дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі



  1. “Внеочередной отпуск” тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз

А)кезектен тыс демалыс

В) мерзімсіз демалыс

С) уақытына демалыс

Д) кезексіз демалыс



  1. “Түбіртекқағаз” қандай мағынаны береді?

А)квитанция

В) долг


С) личный счет

Д) оплата



  1. Мына сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

А) өмірбаян, жеке іс парағы

В) өмірбайан, жеке іс іс парағы

С) өмір-баян, жекеіс-парағы

Д) өмір баяны, жеке іс-парақ



  1. “Мне 25 лет” тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.

А) Мен жиырма бес жастамын

В) Маған жиырма бес жаста

С) Менің жиырма беске

Д) Мен жиырма бесте



  1. “Казахским языком владею свободно, русский язык со словарем” тіркесі үшін төмендегі баламалардың қайсысы дұрыс?

А) Қазақ тілін еркін меңгергенмін, орыс тілі сөздікпен.

В) Қазақ тілінде жетік сөйлеймін, орыс тілін аздап білемін.

С) Қазақ тілін күшті, орыс тілін түсіне аламын.

Д) Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгергенмін.



  1. Нотариус қандай жұмыс атқарады?

А) Ресми құжатты куәландырады.

В) Ресми құжатты жазады.

С) Ресми құжатты береді.

Д) Ресми құжатты дауыстап оқиды.



  1. “Начальник организационного отдела”

А) ұйымдастыру бөлімінің бастығы.

В) Бастық ұйымдастыру бөлімінен

С) Ұйымдастыру бөлімінің бастығына

Д) Ұйымдастыру бөлімінің бастығының



  1. “Я работаю в редакции “Егемен Қазақстан” қазақша дұрыс баламасын табыңыз.

А) Мен “Егемен Қазақстан” редакциясында жұмыс істеймін.

В) Мен “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісімін.

С) Мен “Егемен Қазақстан” баспасында жұмыс істеймін.

Д) “Егемен Қазақстанның” меншікті тілшісімін.



  1. БҰҰ, ЖАҚ, БАҚ қысқарған сөздерінің дұрыс толық баламасын табыңыз.

А) Біріккен Ұлттар Ұйымы, Жабық акционерлік қоғам, Бұқаралық ақпарат құралдары.

В) Біріккен Ұлттық Ұйымы, Жабық акционерлік қоғамы, Барлық ақпарат құралдары.

С) Барлық Ұлттық Ұйым, Жалпы акционерлік қоғамы, бүкіл аймақтық қоғамдар.

Д) Біріккен Ұлт Ұйымдары, Жабық акционерлік қоғамдастығы, Бұқаралық аймақтық құралдары.



  1. “Департамент по экономике обсуждает проект закона” қазақша дұрыс баламасын табыңыз

А) экономика жөніндегі департамент заң жобасын талқылауда

В) заң жобасы экономика жөніндегі департаментте

С) экономика нуралы заң жобасы департаментта талқтануда

Д)) экономика жөніндегі заң жобасы



  1. Төмендегі сөздерден ресми іс қағаздар тіліне жататын атауларды анықтаңыз

А) науқас, абонент, тапсырыс беруші

В) ағай, нағашы, құдағи

С) жиен, әкен, әпке

Д) бала, іні, бөле



  1. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” деп қай бапта жазылған?

А) ҚР конституциясың 4- бабында

В) ҚР конституциясың 7- бабында

С) ҚР конституциясың 2- бабында

Д) ҚР конституциясың 9- бабында



  1. Тәуелді жалғаулы сөзді анықтап, сойлемді толықтырыңыз. Менің ... Арман

А) атым

В) атыңыз

С) аты

Д) атың


  1. Уақыт- 11.15. Сөзбен жазылған нұсқалардың дұрысын анықтаңыз

А) сағат он бірден он бес кетті

В) он бір және бес минут

С) он бір жарым

Д) он бірге он бес минут қалды



  1. “Кешіріңіз, сіз Олжас Керейұлын танисыз ба?” деген сұраққа таныс екеңізді айту үшін қай жауапты таңдайсыз?

А) Әрине, мен Олжас Керейұлын танимын, ол-менің әріптесім

В) Әрине, мен оны таниды

С) Әрине, мен Олжас Керейұлымен таныс емеспін

Д) Әрине, мен оны танымайды



  1. “Заместитель начальника отдела координации и контроля” қазақша дұрыс баламасын көрсетіңіз

А) үйлестіру және бақылау бөлімі бастығының орынбасары

В)үйлестіру және басқару бөлімі орынбасары

C) үйлестиру және бақтау бөлімі бастығы

Д) бастықтың орынбасары үйлестіру және бақтау бөлімінде



  1. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

А) көпшүлік

В) көпшүлүк

C) көпшілүк

Д) көпшілік



  1. –шылық, -шілік жұрнағы қай сөзге жалғана алады?

А) әлеумет

В) дүние жүзі

С) әлем

Д) кедей



  1. Шақырухатта кездесетін тіркес

А) Сізді ... шақырамыз.

В) Сізден ... сұраймын.

С) Сізге ... міндеттейміз.

Д) Сізбен ... жоспарлаймыз.



  1. Мағынасына қарай екінші жартысын табыңыз. Фирманы ... .

А) енгізу

В) ашу


С) түсіру

Д) өндіру



  1. Сөйлемді аяқта. Дүниежүзілік банк кедейшілікпен күресуге ... .

А) көмектеседі

В) алады

С) тура келді

Д) керек



  1. Керекті сөзді қойыңыз. Өнімді сатуға ... келіссөз қашан басталды?

А) керек

В) сәйкес

С) қазір

Д) байланысты



  1. Басқарма бастығына келушіге хатшының атқаратын міндеті

А) күте тұруын сұрау

В) өзін таныстыру

С) алғыс білдіру

Д) телефонын беру



  1. Сұраққа сәйкес келетін жауаптарды табыңыз. Бұл ұсынысты қолдайсыз ба?

А) толық қосыламын

В) менің пікірім бар

С) өз ойыңды айт

Д) бірнеше тілде толтырамын



  1. Берілген жауаптың сұрағын тап. Батыс Қазақстан облысынанмын.

А) қайдансыз?

В) қашан келдіңіз?

С) немен келдіңіз?

Д) кіммен келдіңіз?




Емтихан билеттерінің сұрақтары


1 – билет

  1. Баяндамашы, оған қойылатын талаптар.

  2. Өзіңіз жұмыс жасайтын бөлімнің айлық жұмыс жоспарын жасаңыз.


2 – билет

  1. Еңбек демалысы, түрлері, ұзақтығы. Қызметкердің демалыс құқығы.

  2. Мекеме басшысы ретінде қарауыңыздағы қызметкердің қызметтік міндетін жасаңыз.


3 – билет

  1. Қызметтік міндет.

  2. Сақтандыру агенті ретінде өз клиентіңізбен сұхбаттасыңыз.


4 – билет

  1. Іссапар куәлігі.

  2. Мекемеде ұзақ жыл қызмет атқарған ардагерге алғыс хат жолдаңыз.


5 – билет

  1. Сақтандыру салалары, сыныптары.

  2. Серіктесіңізбен іскерлік кездесу өткізіңіз.


6 – билет

  1. Жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алу жағдайлары.

  2. Мекемедегі бос лауазым орнына байқау жариялаңыз.


7 – билет

  1. Іскерлік кездесу. Іскерлік ас.

  2. Өз міндетін орындамаған серіктесіңізге шағымхат жазыңыз.


8 – билет

  1. ҚР мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары. «Барыс», Даңқ», «Айбын» ордендері

  2. Әріптестеріңізбен өткізетін ресми кездесудің жоспарын жасаңыз


9 – билет

  1. Хабарландыру. Алғысхат.

  2. Өткізілетін іскер топтар семинарының жоспарын құрыңыз.


10 – билет

  1. Жыл сайынғы еңбек демалысы, оны беру тәртібі.

  2. Өзіңіздің жұмыс орныңыз туралы айтып беріңіз.

11 – билет

  1. Талапарыз.Шағымхат.

  2. Бірнеше визит катрочкасының үлгісін жасаңыз.


12 – билет

    1. ҚР мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары. «Халық қаһарманы» атағы, «Алтын қыран», «Отан» ордендері.

    2. Кеңсе қызметкері ретінде іссапар куәлігін толтырыңыз.


13 – билет

  1. Іскер топтар семинары. Ресми және бейресми кездесу.

  2. Сыртқы жарнаманың бірнеше үлгісін жасаңыз.


14 – билет

  1. Жұмыс орны . Визит карточкасы.

  2. Өз қарауыңыздағы қызметкерді еңбек демалысынан қайтарып алу туралы құжат әзірлеңіз.


15 – билет

  1. Іссапар.

  2. Өз қорғалушыңыздың мүддесін қорғап талапарыз жазыңыз.


16 – билет

    1. ҚР мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары. «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері

    2. Өзіңіз жасайтын баяндаманың тезисін жасаңыз.


17 – билет

  1. Жұмыс аптасы.

  2. Мемлекеттік награда алған әріптесіңізді құттықтаңыз.


18 – билет

  1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі. Сақтандыру агенті.

  2. Іскер серіктестер арасындағы кездесудің сцанарийін жазыңыз.


19 – билет

  1. Келіссөз. Сөйлеу және мінез –құлық мәдениеті.

  2. Тұтынушылық құқығыңыздың бұзылғаны туралы шағымхат жазыңыз.


20 - билет

  1. Ресми сөйлеу тілі. Іскер адам.

  2. Берілген мәтінді аударыңыз


21 - билет

  1. Жарнама, оның түрлері.

  2. Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.


22 - билет

  1. ҚР мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары. «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары, құрметті атақтар

  2. Іссапарға келген әріптесіңізді өз ұжымыңызға таныстырыңыз.


23 – билет

  1. Тынығу уақыты, арнаулы үзілістер.

  2. Шетелдік серіктесіңізбен келіссөз жүргізіңіз.



24 - билет

    1. Жарнамаға қойылатын талаптар. Жарнаманың көркемделуі.

    2. Өткізілетін іскер топтар семинары туралы хабарландыру жазыңыз.


25 - билет

      1. ҚР мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары. «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, алқалар

      2. Қонақ үй әкімгерімен сұхбат құрыңыз.



Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Іскери қазақ тілі курсы мектепте алған білімді одан әрі жетілдіруді, мемлекеттік тілді терең меңгерте отырып, ресми қарым-қатынас тілін, мемлекеттік тілде іс жүргізуге үйретуді мақсат етеді. Курстың ерекшелігі, тұрмыстық тілден кәсіби пәндік тілге біртіндеп ұласады. Күнделікті сабақ күнде пысықталынып, бақылау жұмыстарын жүргізу немесе ауызша сұрау арқылы бағаланып отырады. Егер студент себепті түрде (ауырса, қайғылы жағдайға душар болса ғана) сабақ жіберсе өтілген тақырыптар бойынша жауап беріп, тиісті балын жинай алады.



Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)


1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Әрбір жіберілген сабақ үшін рейтингілік балдан 0,2 балл , әр кешіккені үшін 0,1 балл шегеріледі.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студентке сабақ үстінде өзге нәрсемен айналысуға, ұялы телефонмен сөйлесуге рұқсат етілмейді.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат, баяндама ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы бір оқу семестрінде 2 рет орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен диктант, аударма және тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.


12.

  1. «Ресми іс қағаздары» электронды оқулығы Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы Алматы 2002 ж.

  2. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Н.Х.Шадиева, Д.Ж.Құсайынова «Жаңа толқын» электронды оқулық Астана 2007 ж.

  3. Б.Б.Белғара, Н.Ж.Құрманова, Л.Т.Айтпанова, Ж.Бектұрғанова «Жаңа толқын» аудио курс Астана 2007 ж.

  4. Н.Құрман, Қ.Қадашова, Б.Құрманова, К.Көпеш «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» электрондық оқу құралы Астана 2009 ж.

  5. Н.Құрман, Қ.Қадашова, Б.Құрманова, К.Көпеш «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» бейне сабақтар Астана 2009 ж.

  6. Н.Құрман, Г.Нашанова «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» аудио оқу құралы Астана 2009 ж.

  7. Н.Құрман, Г.Нашанова «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» фонетикалық аудио курс оқу құралы Астана 2009 ж.

  8. Н.Құрман, Қ.Қадашова, Б.Құрманова, К.Көпеш «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» электрондық тест жинағы Астана 2009 ж.

13. 102, 121-дәрісханалар, 1- ғимарат.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:



  • материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;

  • материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;

  • дидактикалық материалдар, жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;

пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіc.

ГЛОССАРИЙ


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Қолхат

Расписка

Receipt

Қол қою

Расписать

Sign

Сенімхат

Довереннось

Warrant

Хаттама

Протокол

Report

Арыз

Заявление

Statement, declaration

Өтініш

Просьба

Application

Құттықтау

Поздравительное письмо

Gratulation

Телефонограмма

Телефонограмма

Telephone missage

Телеграмма

Телеграмма

Telegram

Нұсқаулық

Инструкция

Instruction, directions

Бұйрық

Приказ

Order

Қаулы

Постановление

Decision, resolution

Үндеу

Послание

Message

Мақала

Статья

Article

Іс жүргізуші

Делопроизводитель

Clerk

Компенсация

Компенсация

Compensation

Түйіндеме

Резюме

Resume

Түйіндеме

Резалюция

Resolution

Мекенжай

Адрес

Adress

Заң

Закон

Low, statute

Бәсекелес

Конкурент

Competitior

Іссапар

Командировка

Official trip

Жалақы

Заработная плата

Wages

Үстем ақы

Доплата

Pay rise

Мекеме

Организация

Organization

Жеке куәлік

Удостоверение личности

Indentiti card

Куәлік

Удостоверение

Certificate

Паспорт

Паспорт

Passport

Денсаулық парағы

Больничный лист

Sick – leave certificate,

Medical certificate






жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау