Экономика және басқару факультетінің жұмыспен қамтылу қорытындысы
Түлектер тарату шарасы кезінде экономика және басқару факультетінің түлектері ұйымдар тарапынан сұраныс болмағандықтан еркін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды және бұл мамандық түлектері көп жағдайда диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасады. 2012 жылдың қазан айының аталған факультетің түлектерінің 213 нің 129-і (61%) жұмысқа орналасқан, оның 6 мемлекеттік тапсырыс бойынша, 123 ақылы негізде оқығандар. Егер 2010 жылы түлектердің жұмыспен қамтылуының көрсеткіші 71,4% болса, 2009 жылы- 60%.
Биылғы оқу жылында сұранысқа ие мамандықтардың қатарында «Қаржы» (71%), «Ақпараттық жүйелер» (100%), «Есеп және аудит» (79%). Бұл жағдай мамандықтардың әмбебаптылығымен түсіндіріледі. «Туризм» (26%), «Экономика» (60%). «Мемлекеттік жергілікті басқару» (55%), «Менеджмент» (50%) мамандықтары жұмыспен қамтылудың төмен деңгейін көрсетті.
4-диаграмма
Тарих және құқық факультеті бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы:
Тарих және құқық факультеті түлектерінің жалпы саны 186. «Тарих» (педагогикалық) -44 адам, «Тарих» (ғылыми) -22 адам, «Әлеуметтану»-20 адам, «Аймақтану»-9 адам, «Халықаралық қатынастар»-11 адам, «Экономика және құқық негіздері»-37 адам, «Құқықтану»-54 адам.
5-диаграмма
Тарих және құқық факультетінің жұмысқа орналасу көрсеткіші мынадай: «Әлеуметтану» мамандығы бойынша бітірген 20 түлектің қазіргі уақытта 11-еуі немесе 55% жұмысқа орналасты. Оның 3-еуі мемлекеттік грант иегерлері.
«Аймақтану» мамандығы бойынша білім алған 9 түлектің 3-і немесе 33% жұмысқа орналасты. Оның 1-еуі мемлекеттік грант иегерлері.
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген 31 түлектің 3-і (27%) жұмысқа орналасты.
«Тарих» (педагогикалық) мамандығы бойынша 44 түлектің 33-сі (75%) жұмысқа орналасты, оның 32 түлегі мемлекеттік грант иегерлері болды.
«Тарих» (ғылыми) мамандығы бойынша бітірген 22 түлектің 15 -сі (68%) жұмысқа орналасты. Осы түлектердің 8-і мемлекеттік грант иегерлері болды.
«Құқықтану» мамандығы бойынша 54 түлектің 19-і (35%) жұмысқа орналасты, оны ішінде 1-і мемлекеттік грант иегері болды.
«Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша бітірген 37 түлектің 15 -сі (40%) жұмысқа орналасты. Осы түлектердің 15-і мемлекеттік грант иегерлері болды.
Сонымен, жалпы факультет бойынша 186 түлектің 99-і жұмысқа орналасқан. Грант негізінде білім алған 59 түлек, барлығыда жұмысқа орналасқан. Педагогикалық мамандықтарға сұраныс бар, сондықтан кәсіби бағдар жұмысын артыру қажет.
Кафедра меңгерушілерінің айтуынша, «Құқықтану» мамандығын бітірушілердің жұмысқа орналасуының төмен болуына 1)мемлекеттік қызметтердің қысқартылуы; 2) мемлекеттік қызметте білімі мен квалификациясы сәйкес келмейтін мамандардың отыруы; 3) жас мамандардың жұмыс өтілінің болмауы бірден-бір себеп болып табылады.
Сонымен қатар, «Құқықтану» мамандығының түлектері тәжірибесінің жоқтығына байланысты жұмысқа алынбау проблемасын шешу жолы ретінде кафедра жанындағы «Заң клиникасын» пайдалану мүмкіндігі бар. Онда тәжірибе жинақтаған студенттер бітіргенде арнайы құжат беруді қарастыруға болады.
2011-2012 оқу жылында «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген көптеген түлектер «Жол картасы» бойынша тәжірибеден өтуде. Бітіруші түлектер өз ауыл, аудандарына барып басқа сала бойынша да жұмысқа орналасуда.
Жаратылыстану-математика факультеті бойынша жұмысқа орналасу қорытындысы:
Түлектердің жалпы саны -156 түлек.
Қазіргі таңда «Математика» мамандығын бітірген 17 түлектің 14-сы (82%) жұмысқа орналасты. Мемлекеттік грант иегерлері- 14 адам,
«Физика» мамандығы бойынша – 19 түлектің 12 (63%) жұмысқа орналасты, оның 12-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Информатика мамандығы бойынша бітірген 42 түлектің 31-і немесе 73% жұмысқа орналасты, оның 24-і мемлекеттік грант иегерлері.
«География» мамандығы бойынша -25 түлектің 8 (32%) жұмысқа орналасты, оның 4-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Экология» мамандығы бойынша 13 түлек бітірді және жұмысқа орналасқандар саны -76 1-і мемлекеттік грант иегері немесе 53%
«Биология» мамандығын тәмамдаған 17 студенттің 12-і немесе (70%) жұмысқа орналасты, 6-і мемлекеттік грант иегерлері.
«Химия» мамандығы бойынша бітірген 23 түлектің 9-і немесе (39%) жұмысқа орналасты.
6-диаграмма
Достарыңызбен бөлісу: |