А. С. Аманбаев мансап орталығының директоры


түлек магистратурада оқуларын жалғастыруда



жүктеу 0,74 Mb.
бет5/5
Дата15.04.2020
өлшемі0,74 Mb.
#29429
түріСабақ
1   2   3   4   5

33 түлек магистратурада оқуларын жалғастыруда

Мамандық: Математика - 1- Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Физика -1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Информатика - 1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Дене шынықтыру және спорт – 1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Педагогика және психология - 1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 2 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Экология – 1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Биология: 3 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті- 2 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті – 1 Магистрант, Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы пед.университеті

Мамандық: Шет тілі: екі шет тілі -3 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Шет тілі: екі шет тілі – 1 Магистрант,

2 Магистрант, КАЗИИТУ

1 Магистрант, Германия, Майнц қаласы

1 Магистрант, Абылай хан ҚазХҚӘТУ

Мамандық: Орыс тілі мен әдебиеті – 1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Тарих – 1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Құқық және экономика негіздері – 2 Магистрант, Қарағанды қаласы, «Болашақ» университеті

Мамандық: Тарих (ғылыми) – 1 Магистрант, БҚМУ

Мамандық: Құқықтану – 1 Магистрант, Қарағанды қаласы

1 Магистрант, Ресей федерациясы, Саратов қаласы

3 Магистрант, КазГЮА, Астана қаласы

Мамандық: Туризм – 1 Магистрант, Ресей Федерациясы, Самара қаласы

Мамандық: Музыкалық білім – 1 Магистрант, БҚМУ

3 түлек Ресей Федерациясына қоныс аударды

Мамандық: Дене шынықтыру және спорт (рус) -1 РФ азаматы

Мамандық: Бастапқы әскери дайындық (рус) - 1 РФ азаматы

Мамандық: Информатика -1 РФ
1 түлек Белоруссия мемлекетіне қоныс аударды

Мамандық: Педагогика және психология-1


Қаржы мамандығы бойынша 1 түлек ҚР ӘК қатарына шақырылды
«Жоғары білікті мамандардың дайындығына қатысты жұмыс берушілердің күтуі» атты жұмыс берушілер арасында жүргізілген сараптама сауалдарының қорытындысы.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің сапасы туралы жұмыс берушілердің пікірін, әртүрлі саладағы мамандардың нарықтағы қазіргі және перспективтік сұранысын, ЖОО кәсіпорындар мен ұжымдардың бірлесуінің механизмін зерттеу мақсатымен өткен оқу жылында Сараман, мансап және маркетинг бөлімі өткен оқу жылында сараптама сауалдарын жүргізді:

1.Батыс Қазақстан облысының 35 кәсіпорын мен ұйым басшыларына (2011 жылдың қыркүйегінен - 2012 жылдың мамырына дейін).

2. Орал қаласының 28 ЖОББМ-нің директорларына (2011 жылдың қыркүйегінен - 2012 жылдың мамырына дейін).

2011 жылдың қыркүйек және 2012 жылдың мамыр айларында Сараман, мансап және маркетинг бөлімі дайындау бағытына қарамастан университет түлектерінің дайындық сапасын анықтау мақсатымен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 63 кәсіпорын мен ұйым өкілдері қатысты:

1. Орал қаласының 28 ЖОББМ-нің директорларына

2. 35 кәсіпорын мен ұйым басшылары (Үкіметтік органдар, білім беру және мәдениет ұйымдары, жергілікті атқару органдары, шағын, орта және ірі бизнес және т.б.)



Сауалнама өткізілгеннен кейін сараптама сауалдарының қорытындысы бойынша келесі деректер анықталды:

  1. Университет түлектері дайындық сапасын бағалауын сараптағанда, жұмыс берушілердің 63% жақсы, респондентертердің 28 % ортадан жоғары, 4% - ортадан төмен, 5% - нашар деген баға бергені.




  1. Басқа ЖОО-мен салыстырғанда, біздің университет түлектерінің дайындық сапасын бағалауын сараптағанда, жұмыс берушілердің 77% бірдей, респонденттердің 23% БҚМУ түлектерінің кәсіби деңгейі жоғары деген баға берді.




  1. Жұмыс берушілер біздің түлектерге жоғары балдарды мынадай дағдылар мен мінездемелер бойынша қойды, «Компьютерлік дағдылар» - 4,1 балл, «Коммуникативтік» - 4,0 балл, «Кәсіби білімін жетілдіруі»-4,0 балл, «Кәсіби және этикалық жауапкершілігі»- 3,9 балл. Төмен көрсеткіштер – « Салалық спецификаны білуі» - 3,6 балл, «Жаңа технологиялар»-3,5 балл, «Шет тілдерін менгеруі»- 3,3 балл


Кәсіпорындарда және ұйымдарда жұмыс жасап жүрген БҚМУ түлектеріне берілген баға


Мінездемелер

Орта балл

Компьютерлік дағдылар

4,1

Коммуникативтік

4,0

Кәсіби білімін жетілдіруі

4,0

Кәсіби және этикалық жауапкершілігі

3,9

Салалық спецификаны білуі

3,6

Жаңа технологиялар

3,5

Шет тілдерін менгеруі

3,3

Осылайша, 2011-2012 оқу жылын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады.



  1. 2011-2012 оқу жылында бітірген 910 түлектің 712-сы жұмысқа орналасты (78%), соның ішінен 402 түлек педагогика мамандықтары бойынша, ал 310 түлек педагогикалық емес мамаңдықтар.

  2. 2012 жылы аяқтаған «Құқық және экономика негіздері» мамандығының түлектерін, педагогикалық мамандықтың иесі бола тұрса да, мектептерге жұмысқа орналастыруда қиыншылықтар туындады. Бұл пән бойынша мектептерде сағат саны аз, немесе «жоқ» деуге де болады. Осыған байланысты бұл мамандыққа қосымша мамандандыру енгізіп, білім беру ұйымдарынан басқа орындарға жұмысқа орналасуға мүмкіншік жасалса.

  3. Жыл сайын жұмысқа сұраныс көтеріліп келе жатқан ( физика, математика, химия т.с.с.) мамандықтар да бар, бірақ ауылдық жерге жіберілген студенттердің көбі қалаға қалуды жоспарлайды. Осы орайда «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен тереңірек жұмыстанса. Жұмысқа орналастыру мақсатында жүргізілген барлық шараларда ауылды көтеру тақырыптары жиірек көтерілсе.

  4. Шығарушы кафедраларда студенттерінің жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігіне талдау жасалып, бітіріп кеткен түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізіліп отырса.

  5. Әлеуметтік – гуманитарлық, экономикалық, экология бойынша жұмысқа орналасуы аз мамандықтар бойынша түлектерді жұмысқа орналасуына ықпал ететін жаңа әдістері қолданылмайды.

  6. Заман талабына сай қосымша дайындық үшін жұмыс берушілермен оқу бағдарламасын жасауда мекемелер және ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілсе.

Құрастырған:

Мансап орталығының директоры: А.С.Аманбаев



Қаулы:



  1. Университет түлектерінің электрондық каталогы құрылсын және веб-порталда жариялау шарасы жалғастырылып жетілдірілсін.

Жауаптылар: Мансап орталығыныңи жетекшісі

Орындалу мерзімі: 2013 жылдың қаңтары

Бақылау формасы: университет ішкі сайтына орналастырылған түлектердің электрондық каталогы; веб-порталдағы университет түлектері туралы жаңартылған материалдар


  1. Шағын кешенді мектептер үшін қосымша сертификацияланған курстардан өткен түлектер дайындау жұмысын ұйымдастыру жүзеге асырылсын.

Жауаптылар: Кафедра меңгерушілері, қосымша білім беру және біліктілікті арттыру бөлімінің жетекшісі, Мансап орталығының жетекшісі

Орындалу мерзімі: мамыр, 2013 жыл

Бақылау формасы: Сертификат алған түлектер тізімі


  1. Университетті бітіріп кеткен түлектермен кері байланыс орнатуды жетілдіру.

Жауаптылар: Мансап орталығының жетекшісі

Орындалу мерзімі: қаңтар, 2013 жыл

Бақылау формасы: Дөңгелек үстел хаттамалары.

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша сабақ кестесін жаңаша құру
Сабақ кестесі – бұл кез келген оқу орынындағы оқу үрдісін сапалы ұйымдастырудың негізі. Мамандарды сапалы дайындау белгілі бір дәрежеде әдістемелік тұрғыдан сабақ кестесін дұрыс әзірлеуге тәуелді. Сабақ кестесі апта күндері, мамандықтар (маманданулар), курстар, топтар (топшалар) және дәрісханалар бойынша университеттегі оқу үрдісін реттеу құжаты болып табылады.

Сабақ кестесі төмендегі міндеттерді шешеді:



  • оқу жоспары және жұмыс бағдарламаларын орындау;

  • сессияны ұйымдастыру мен өткізуде күні бойы, апта бойы студеттердің ұтымды жұмыс тәртібін құру;

  • университеттегі профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін орындауы үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру;

  • тәуліктегі оқу сабақтарының үздіксіздігі, оқу жүктемесін апта бойына теңдей бөлу;

  • дәрісхана қорын тең және тиімді пайдалану;

  • оқу үрдісінде оқытудың техникалық құралдарын қолдануды оңтайландыру;

Университетте сабақ кестесі күндізгі және сырттай оқу түрі, магистратура мен колледж бойынша әзірленеді.

Сабақ кестесін әзірлеу үшін диспетчерлік қызметке басқа бөлімдерден төмендегі құжаттар қажет:



  • арнайы кабинеттер көрсетілген дәрісхана қоры (деканат ұсынады);

  • күндізгі және сырттай оқу түрі, магистратура бойынша пәндердің өту кестесі (кафедра меңгерушілері ұсынады);

  • оқу түрі бойынша оқу үрдісінің кестесі (жоспарлау бөлімі ұсынады);

  • оқу түрі бойынша лектер тізімі (жоспарлау бөлімі ұсынады);

  • академиялық топтар тізімі (офис тіркеуші бөлімі ұсынады);

  • оқу түрі бойынша студенттер контингенті (статистика және контингент бөлімі ұсынады);

  • сабақ кестесіне өзгерістер енгізу туралы кафедра меңгерушілерінің қызметтік жазбасы;

Осы құжаттар негізінде университет бойынша лектер құрастыру және электронды қорды қалыптастыру бойынша алдын ала үлкен жұмыстар жүргізіледі.

Электронды қорға тегі, аты, әкесінің аты, оқытушының лауазымы, қазақ немесе орыс тілінде оқытатын пәні, оқу түрі, оқу тілі, дәрісхана, студенттер саны, топ нөмірі, мамандықтар енгізіледі. Бұл ақпараттар оқу түрі бойынша күндізгі, сырттай, магистратура, колледж болып жеке-жеке енгізіледі. Қор жасақталғаннан кейін электронды сабақ кестесі құрастырылады, сосын университет сайтына шығарылып, қағазға шығарылған нұсқасы факультеттерге ілінеді.

Лектерді қалыптастыру бөлімнің көп еңбекті қажет ететін үлкен жұмысының бір түрі болып табылады. Мұндағы қиыншылық көптеген академиялық топтарда студенттер санының аз болуында, соның нәтижесінде барлық сабақ кестесі шағын және үлкен лектерден тұрады, әрі олардың әрқайсысы сабақ кестесін дайындау үрдісін қиындата түсетін, оқу тілі, тілді меңгеру дәрежесі, студент саны, кредит саны, оқу материалының тепе-теңдігі және т.б. түрлі негізден қалыптасады. Расында, жұмыстың көлемділігі жағдайында кемшіліктердің болатыны белгілі, дегенмен олар сабақ кестесін жасау барысында түзетіліп отырды. Осыған байланысты мамандықтар бойынша лектерді қалыптастырумен қатар студенттерді пәндерге электронды жазудың өткір қажеттілігі туындайды.

Сабақ кестесіне қойылатын талаптың бірі – оның тұрақтылығы, алайда күнделікті өзгертулер әзірге мұны жасауға мүмкіндік бермей отыр.

Сағаттар есебі мен штаттық кесте бекітілгенге дейін қыркүйек айы бойына кафедралардан сабақ кестесіне өзгерістер енгізу туралы көптеген қызметтік жазбалар келіп түсті. Осы жағдай диспетчерлік қызмет жұмысын біршама қиындатты, өйткені сабақ кестесіне өзгеріс енгізу үшін алдымен қорға өзгерістер енгізу қажет. Сондықтан да диспетчерлік қызмет бір ай бойы штаттан тыс жағдайда қызмет жасады. Диспетчерлік қызметтің жұмысы кафедра меңгерушілерінің жылдам жұмыс жасауына тікелей байланысты: көбінесе пәннің қозғалыс кестесі, сабақ кестесіне өзгерістер енгізу туралы қызметтік жазбалар сабақ кестесі шығар алдында жұма, сенбі күндері берілді, сондықтан сабақ кестесіне енгізілетін өзгерістер келесі аптада ғана жасалды. Өкінішке орай, деканаттар кафедралардың кестелерді уақтылы тапсыруын қадағаламайды. Көптеген уақытымыз кафедра меңгерушілеріне кестені тапсыру керек екенін ескертумен өтеді.

Магистратура және сырттай бөлім бойынша кесте уақтылы тапсырылмады. Әсіресе педагогика және психология, физика және математика, химия кафедраларының жағдайы тіпті қиын, олар кестені уақтылы тапсырмады және әрі өзгерістері де көп.

Бұдан басқа сабақ кестесіне сағатты 1 кредитке бөлу де қиындық келтіреді. Бакалавриатта сағат сандары тең, сол себепті сабақ кестесін тақ және жұп деп бөле аламыз, біздің ойымызша, магистратурадағы МОӨЖ сағаттарын (10 және 20) қайта қарап, оны бакалавриаттағыдай (8 және 23) жасау қажет деп ойлаймыз.

Сабақ кестесі - бұл кафедралардың оқытушының оқу жүктемесін орынды жоспарлануының көрсеткіші. Ойланбай жоспарлау жағдайлары де кездесіп отырады. Топтағы барлық пәнді бір оқытушы жүргізуі мысалы, Булановада 3 пән (дәріс+ практикалық+СОӨЖ, Ақбарақова және т.б.) немесе бір пән бірнеше факультетте бір ғана оқытушыға 1,5 жүктеме көлемінде жоспарланған. Мұндай жағдайда оқытушының жүктемесі сабақ кестесіне мүлде симайды. Оқытушылардың жүктемесін семестрлерге дұрыс бөлінбейді. Осындай кемшіліктер сабақ кестесі шығарылғаннан кейін анықталады, сосын оқытушы жүктемесі қайта қаралып, сабақ кестесіне қайтадан өзгерістер енгізу керек болады.

Лектер мен сабақ кестесін жасақтаудың тағы бір қиыншылығы, топтағы студент санының аздығынан лектер әр факультеттің студенттерінен қалыптастырылады. Олар бір-бірінен алшақ, әр түрлі ғимаратта орналасқан, сабақтары да әр түрлі уақытта (8.00 және 8.30) басталады, бұның барлығы сабақ арасында «терезелердің» пайда болуына себепші болады.

ҚР БҒМ 17.06.2011 жылғы №261 бұйрығына сәйкес тұрақты сабақ кестесін жасау мақсатында сабақ кестесі мен СОӨЖ-ді бөлек құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Лектер мен сабақ кестесін құрудың барлық қиыншылықтарын қарастыра отырып, ОӘЖ проректордың келісімімен, кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудағы жұмыстарды жетілдіру үшін төмендегі шараларды ұсынамыз:

  1. бір мезгілде лектерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін пән мен оқытушыға студенттерді электронды жазуды енгізілсін (жауапты: офис тіркеуші);

  2. ЖОЖ бірнеше рет көшіру қателіктерге немесе пәннің қалып қоюына алып келетіндіктен семестрлік оқу жоспарын қолданыстан алып тастап, оны пәннің жылжу кестесімен біріктірілсін. Жылдық жоспар кредит саны, семестрге апта бойынша сағаттардың бөлінуі, оқытушылардың тегі көрсетіліп ЖОЖ негізінде жасақталсын (жауапты: жоспарлау бөлімі, кафедралар);

  3. 1 кредиттен тұратын ұсақ курстарға бөлгеннен гөрі жаңа буын ЖОЖ-ларында элективті пәндер ретінде емтихан санын азайтып, сабақ кестесін жеңілдететін 2-3 кредиттерден тұратын элективті пәндер қолданылсын (жауапты: жоспарлау бөлімі);

  4. магистратураның ЖОЖ-ында сабақ кестесін жасауға қолайлы МОӨЖ мен МӨЖ сағаттарының 1 кредитке қатынасы қайта қаралсын (8 дәріс, 7 практикалық, 8 МОӨЖ) (жауапты: жоспарлау бөлімі);

  5. шақырылған оқытушылар үшін модуль түрінде 3 кредитті бір пәннің алынып тасталу есебімен арнайы қосымша сабақ кестесі әзірленсін (деканат, диспетчерлік қызмет).


ЖжОҮҰ бөлімінің жетекшісі Латыпова Р.Х
жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау