А. М. Жарылкасынова, Н. Р. Изденова



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет39/42
Дата08.04.2022
өлшемі0,8 Mb.
#38061
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
ЖАРЫЛҚАСЫН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Басымдылық 

класы 

Ластаушы заттар 

Орта 

Өлшеу 

бағдарламасының 

типі 

Күкірт  диоксиді  және  қалқымалы 



заттар 

ауа 


И, А, Б, Ж 

Радионуклидті (Sr-90, Cs-197) 

тағам 

И, А 


II 

Озон 


ауа 

И, Б (стратосфера) 

ДЦТ  және  басқа  хлорорганикалық 

қосылыстар 

биота, 

адам 


И, А 

Кадмий және оның қосындылары 

тағам, 

адам, су 

И 

III 


Нитраттар, нитриттер 

ауыз  су, 

тағам 

И 

азот оксидтері 



ауа 

И 

IV 



Сынап және оның қосындылары 

ауа, 


тағам 

И, Р 


Қорғасын 

ауа, 


тағам 

И 

Көміртек диоксиді 



ауа 

Б 



Көміртек оксиді 

ауа 


И 

Мұнай көміртегі 

теңіз суы 

А, Б 


VI 

Фторлы қосындылар 

ауыз су 

И 

VII 



Асбест 

ауа 


И 

Күшала (Мышьяк) 

ауыз су 

И 

VIII 



Микротоксиндер 

тағам 


И, А 

Микробиологиялық зақымдалу 

тағам 

И, А 


Реактивтік көмірсутектер 

ауа 


И 

е с к е р т у .   И - импактілі, А - аймақтық, Б - базалы, Ж - жаһандық. 



 

 

 


51 

 

9  Радиациялық ластанулар және олардан қорғану 

 

Қоршаған  ортаның  адам  ағзасына  теріс  әсер  ететін  факторларының  бірі 



радиация 

болып  табылады.  Радиация  адамның  жасушалары  мен 

органдарының  түрлі  функцияларына  зиянды  әсер  етеді. 

Радиация 

әсер 


еткенде жасушалардың тез бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. 

Радиациялық  сәулелену  тұқым  қуалаушылық  аппаратын  өзгертуге,  яғни 

мутацияға  душар  етуі  мүмкін.  Соңғы  он  жыл  ішінде  радиациялық 

сәулеленудің  табиғи  сипаты  көтерілді.  Бұл  кейбір  елдерде  ядролық 

қарулардың  өндірілуіне,  ядролық  энергетиканы  пайдалануға,  уран  өндіруді 

көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмауына байланысты болып 

отыр.  Осыған  байланысты  барлық  тіршілік  иелеріне  -  өсімдіктерге, 

жануарларға,  адамдарға  нақты  қауіп  төнді.  Мутация  көлемі  ұлғайды,  тұқым 

қуалайтын  әр  түрлі  аурулар,  дамуында  түрлі  кемістіктері  бар  (қатерлі 

аурулары,  сәлелік  аурулары  және  тағы  басқа)  ауру  балалар  мен  адамдардың 

саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиабелсенді сәулелері 

болады.  Барлық  тірі  организмдер  сияқты  адамға  да  табиғи  сәулелердің  әсері 

тиеді.  Сәулелердің  артық мөлшері  адам  ағзасында  ауытқуларды  және  әртүрлі 

ауруларды  туғызады.  Сондықтан  адам  радиосәулелердің  мүмкіндік  мөлшерін 

анықтай  алуы  тиіс.  Оны  дозиметр  деп  аталатын  арнайы  құралмен  өлшейді. 

Сәулелердің  артық  мөлшері  организмнің  ауруға  қарсы  мүмкіндігін 

төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады. 

Радиациялық  ластану  -  қазіргі  кезеңнің  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып 

қалып  отыр.  Радиактивті  ластанумен  күресу  тек  алдын  алу  сипатында  ғана 

болады.  Себебі  табиғи  ортаның  мұндай  ластануын  нейтралдайтын 

биологиялық  ыдырату  әдістері  де,  басқа  да  механизмдері  де  жоқ.  Қоректік 

тізбек  бойынша  тарала  отырып  (өсімдіктерден  жануарларға),  радиоактивті 

заттар  азық-түлік  өңімдерімен  бірге  адам  ағзасына  түсіп,  адам  денсаулығына 

зиянды  мөлшерге  дейін  жиналуы  мүмкін.  Радиоактивті  ластану  –  қоршаған 

ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам 

денсаулығы  мен  тірі  организмдерге  радиациялық  сәулелену  арқылы  зиянды 

әсер  жасайды.  Қазіргі  уақытта  дамыған  елдерде  ядролық  энергетиканың 

дамуына  байланысты  қоршаған  ортаның  радиациялық  ластануы  үлкен  қауіп 

тудыруда.  Ластанудың  бұл  түрі  химиялық  кейін  екінші  ортаға  шықты. 

Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі: 1) Радиоактивті заттардың 

бөлінуінің  нәтижесінде  пайда  болатын  альфа  -  (гелий  ядросы),  бетта  – 

(жылдам  электрондар)  бөлшектердің  және  гамма  –  сәулеленулердің  әсерінен 

болатын  радиациялық  ластану  (физикалық  ластану  түрі);  2)  Қоршаған 

ортадағы  радиоактивті  заттардың  мөлшерінің  көбеюіне  байланысты  болатын 

ластану  (химиялық  ластану  түрі).  Ортаның  радиациялық  ластануына  атом 

қаруын  сынау  аз  үлесін  қосқан  жоқ,  ол  радионуклидті  жауын-шашынның 

түсуіне  әкелді.  Радионуклидтер  –  бұл  элементтердің  электрондарды 

атомдардан  шығарып,  оларды  басқа  атомдарға  оң  және  теріс  йондар  жұбын 

түзуімен  қосаға  қабілетті  радиобелсенді  сәулелену  шығаратын  изотоптары. 

Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар 




52 

 

радиобелсенді  болып  табылады.  Атап  айтқанда,  оларға  технеций,  прометий, 



сондай-ақ 

Д.И.Менделеев 

кестесінің 

полонийден 

басталып 

трансурандылармен  бітетін  барлық  элементтері  жатады.  Гелий  ядроларының 

(альфа  –  сәулелену)  немесе  жылдам  электрондардан  (бетта  –  сәулелену) 

тұратын  бөлшектер  ағынын  корпускулалық  сәулелену  деп  атайды. 

Электромагнитті  иондаушы  сәулелену  –  бұл  гамма  -  сәулелену  мен  оған 

жақын  рентгендік  сәулелену.  Альфа  және  бетта-сәулелену  ағзадан  тысқары 

тұрып та оған әсер ете алады. Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, 

бірінші  кезекте  –  адамға  аса  күшті  әсер  етеді.  Оған  микроағзалар  төзімдірек 

келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма 

сәулеленудің  (кобальт-60,  цезий-137)  қуатты  көздерінің  қасында  жоғарғы 

топтағы  бірде-бір  өсімдік  немесе  жануар  тірі  қалмайтындығын  көрсеткен. 

Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшеленеді, 

әйтсе  де  жалпы  алғанда,  оларға  мутагенді  және  бластомогенді  әсер  тән. 

Мысалы,  131-иодтың  аз  мөлшерінде  қалқанша  бездің  қызметі  бұзылады,  ал 

көп  мөлшерінде  –  зиянды  ісіктер  түзіледі.  Радиациялық  ластанудың  көздері. 

Радиациялық  қауіптердің  әсерлері  шыққан  тегі  бойынша  табиғи  және 

антропогенді  болып  бөлінеді.  Табиғи  факторларға  қазба  рудалары,  жер 

қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі  кезіндегі сәулелену  және 

т.б. жатады. Радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге 

және  ядер  қаруын  сынауға  байланысты  жұмыстар  жатады.  Сонымен  адам 

өміріне  өте  қауіпті  радиациялық  антропогендік  әсерлер  адамзаттың  мына  іс-

әрекетімен  тығыз  байланысты:  Атом  өнеткәсібі;  Ядролық  жарылыстар, 

Ядролық  энергетика  -  бұлар  қоршаған  ортаны  радиоактивті  элементтермен 

және  радияциялық  сәулелермен  ластайды.  Бұдан  басқа  атом  өнеркәсібі 

радиоактивті  қалдықтардың  көзі  болып,  адамзатқа  жаңа  үлкен  қауіп және  әлі 

шешімін  таппаған  мәселені  –  оларды  көму  мен  жою  мәселелерін  алып  келді. 

Келесі  бір  қауіпті  радинуклид  –  стронций-90,  ол  ядролық  сынақтардың 

нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-

ішек  трактісі,  өкпе,  тері  жабыны  арқылы  түсіп,  қаңқа  мен  жұмсақ  ұлпаларға 

жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның 

құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң 

ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін. 

Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мәселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды 

және  қауіпті  факторларын  анықтау  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  халық 

денсаулығына  тигізетін  қауіп-қатерін  бағалай  білу  болып  табылады.  Қауіп-

қатер  туғызатын  әртүрлі  факторлар  нақты  елдің,  аймақтың  жағдайларына  да 

тәуелді екенін ескеру қажет. 

Радиоактивті  заттардан  қорғану.  Радиоактивті  заттардан  қорғаудың 

бірнеше жолдары бар.  

Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. 

Физикалық  тәсіл.

 

Бұл  тәсілдің  ұйғаруы  бойынша,  дер  кезінде  қол-аяқты 

денені  жылы  су  мен  жуып  отыру  керек.  Қолға  арнаулы  түрде  дайындалған 

перчаткаларды  кию  керек.  Қатты  радиоактивті  элементтердің  бөлшектерінің 

кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек. 



53 

 

Егер кішкентай бөлшектер  ішкі  органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға 



қоймайды.  Әсіресе  радий,  уран,  плутоний,  стронций,  иттрий  және  цирконий 

бөлшектері  ағзаларға  өтсе  қауіпті  ісіктер  туғызуы  мүмкін.  Олар  радиоактивті 

сәулелер  таратады.  Цезий  тез  еритін  тұздарды  түзеді.  Сөйтіп  адам 

ағзаларының  жұмсақ  тіндерінде  жиналады  да  үнемі  иондалған  сәулеленуді 

таратады.  Радиоактивті  стронцийдің  бөлшектерін  адам  ағзаларынан  шығару 

оңай  емес.  Стронцийді  кальциймен  ығыстырып  шығаруға  болады.  Тез  еритің 

цезий  –  137  бөлшектерін  ағзалардан  ығыстырып  шығару  үшін  көп  мөлшерде 

су  ішу  керек.  Радиоактивті  элементтерді  ағзалардан  шығару  үшін  қымыздық 

сірке  қышқылы  мен  лимон  қышқылынкөп  мөлшерде  пайдалану  керек.  С,  Д 

дәрумендерін  ішу  өте  пайдалы  (сәбіз,  редис).  Арақ-шарап  ішуге  болмайды. 

Олар  радияцияның  әрекетін  күшейтіп  жіберуі  мүмкін.  Бірақ  кейбір  адамдар 

Уран  өндіретін  шахталарда  істеп  жүріп  күніне  азды-  көпті  арақ  ішіп  жүрген. 

Ол адам күні бүгінге тірі.  Ал арақ  ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен 

баяғыда  қоштасқаның  ол  жіпке  тізгендей  айтып  беріп  отырады.  Біздіңше, 

азды-көпті  арақ-шарап  ішіп  отырған  жөн  болғаны.  Радиациядан  қорғанудың 

химиялық  және  биологиялық  жолдары.  Радиацияға  қарсы  қолданатын 

препараттарды  радиопротекторлар  деп  аталады.  Олар  радиоактивті 

элементтердің  бөлшектері  ағзалардан  шығару  үшін  неше  түрлі  химиялық 

препараттарды  пайдаланады.  Олар  ағзаларды  радияциядан  сақтап  қалады. 

Иондалған  сәулеленуді  ем-дом  ретінде  пайдалануға  болады.  Дерттерге 

диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле терапиясы 

мен  қан,  ауруларын  емдеуге  болады.  Қауіпті  ісіктерді  де  емдеу  үшін  бета-

сәулесін 

пайдаланады. 

Адамдарды 

радиациядан 

қорғау 

Қазақстан 

Республикасының  алдында  тұрған  аса  күрделі  мәселе.  Қазақстан 

Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе 

экологиялық  апатқа  ұшыраған  аймақтарда  да  тұратын  халықтардың 

денсаулығы  қатаң  бақылауға  алынған.  Осы  айтылғандарды  қорыта  келе, 

радияция  (сәуле)  дертіне  шалдықпау  үшін  халыққа,  әсіресе,  жеткіншіктерге 

радиоэкологиядан  жан-жақты  білім  және  тәрбие  беру  екенін  естен 

шығармауымыз  керек.  Адамзат  баласы  осы  кезде  бұрын  –  сонды  болып 

көрмеген  орасан  көп  ғылыми  табыстарға  жетіп,  техника  мен  технологияны 

дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей 

байланысты.  Ол  жаратылыстану  ғылымдарының  көрнекті  салаларының  бірі. 

Оның  басты  міндеттері  жер  бетіндегі  тіршіліктің  пайда  болуын,  оның 

эволюциялық  жолмен  дамуын  зерттеу.  Биология  жердің  тіршілік  иелері 

адамдар  мен  жануарлар  өсімдіктер  мен  неше  түрлі  көзге  көрінбейтін 

микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал 

хабарды  дәл  тіркейтін  сезімтал  машиналар  мен  механизмдер  шығару 

жұмыстарын  жүргізеді.  Кейінгі  кезде  биологиялық  ғылымдар  орасан  зор 

ілгерлеп,  алға  басты.  Осы  уақыттың  ішінде  тіршілік  дүниесі  адамдар,  жан-

жануарлар,  өсімдіктер  әлемі  туралы  көптеген  түсінігіміз  бар.  Тірі 

организмдердің  пайда  болу  жолдарын,  биохимиялық  процестерін  білеміз. 

Бірақ  көптеген  биологиялық  көріністердің  құпия  сырлары  әлі  күнге  дейін  өз 

шешімін тапқан жоқ. 


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау