Бүкіл әлем, аймақтар
Тұрғындар саны, млн адам.
Бүкіл әлем
7825
Экономикалық дамыған елдер
1215
Дамушы елдер Развивающиеся
6610
ТМД елдері
290
Шет Европа
505
Шет Азия
4630
Африка
1300
Солтүстік Америка
365
Латын Америка
695
Австралия
40
Бақылау сұрақтары:
1. «Урбанизации» түсінігі.
2. Қалалық ортаның химиялық ластанудың негізгі көздері.
3. Қалалардың биологиялық ластануы және оның эпидемиологиялық
қауіптілігі.
4. Қоршаған ортаның ауылдық елді мекендерге тән ластану көздері.
5. Негізгі ластағыштар және судың, топырақтың және атмосфералық ауаның
ластануына әкелетін жағдайлар.
6. Ауылдағы экологиялық жағдайды анықтайтын факторлар.
8 Қоршаған орта жағдайын мониторингілеу және болжамдау
Мониторинг жіктелуінің бірнеше түрлері бар: шешілетін міндеттер
сипаты бойынша, ұйымдастыру деңгейлері бойынша, қадағаланатын табиғи
орталар және т.т. бойынша. И.П. Герсимовтың классификациясын
қарастырайық, ол мониторингтің үш сатысын ажыратады.
1 кесте - Мониторинг деңгейлері
Мониторинг сатылары
Мониторинг нысандары
Мониторингтің
сипатталатын
көрсеткіштері
Биоэкологиялық
(санитарлық-гигиеналық)
Ауаның жер беткі қабаты
Улы заттардың ШРЕК
Беткі және грунттық сулар,
өнеркәсіптік
және
тұрмыстық іркінді сулар
және түрлі шығарыстар
Физикалық
және
биологиялық
тітіркендіргіштер
«шу,
аллергендер және т.б.)
Радиактивті сәулеленулер
Радиосәулеленудің
шекті
дәрежесі
Геожүйелік
(табиғи-шаруашылық)
Жануарлар
мен
өсімдіктердің жойылып бара
жатқан түрлері
Түрлердің
популяциялық
жағдайы
Табиғи экожүйелер
Олардың құрылымы және
бұзылыстары
45
Агроэкожүйелер
Ауылшаруашылық
дақылдардың
шығымдылығы
Орман экожүйелері
Жас
шыбықтардың
өнімділігі
Биосфералық
(жаһандық)
Атмосфера
Радиациялық баланс, қызу,
құрамы және шаңдану
Гидросфера
Өзендер
мен
су
қоймаларының
ластануы,
континенттегі су айналымы
Өсімдік
және
топырақ
жамылғысы,
жануарлар
әлемі
Топырақтың,
өсімдіктер
жамылғысының
және
жануарлардың
жаһандық
сипаты
Биоэкологиялық мониторинг
(синоним – локальді) дегеніміз нақты
ластау көздерінің (өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс, кен орындары,
мелиоративтік жүйелер, энергетика кәсіпорындары, т.б.) әсеріне ұшыраған
атмосферадағы, табиғи сулардағы, өсімдіктердегі, топырақтағы адам үшін улы
химиялық заттардың мөлшерін бақылауды айтамыз. Яғни ластаушы көздерін
және табиғи орталардың ластану дәрежесін анықтайды.
Қоршаған ортаның жағдайы маңызды, ауқымды және кешенді көрсеткіш
болатын адамның денсаулығы тұрғысынан бағаланады. Гидрометеорология-
лық, су-шаруашылық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер
жергілікті мониторинг жүргізеді.
Көптеген авторлар
импа
ктты мониторингті
бөледі. Импактты
мониторинг – аса қауіпті аймақтар мен мекендердің қоршаған ортасына
антропогендік әсерлерді аймақтық және жергілікті мониторингілеу. Негізінен
бұл шығарыстар, апаттар, катастрофаларды мониторингілеу болып табылады.
Оның мақсаты қоршаған табиғи ортаға және адамға зияндылық дәрежесін
анықтау.
Геожүйелік
мониторинг
(синонимдері – геоэкологиялық, аймақтық,
табиғи-шаруашылық) адамның табиғатпен тығыз байланыста болатын
шаруашылық әрекеті ағымында табиғи ортаға антропогендік әсерді бағалау
(қала құрылыс, ауыл шаруашылғы, өнеркәсіп, энергетика, орман
шаруашылығы, коммуналдық-тұрмыстық әрекет және т.б.). Бұл мониторинг
түрі адам мен табиғат арасындағы қарым қатынастарын бағалау және
табиғаттың қайтымды және қайтымсыз алынатын заттары мен энергиясына
сипаттама беру жүргізіледі. Аймақтық мониторингті агроқызмет, гид-
роклиматтық, сейсмологиялық және басқа қызметтер жүргізеді.
Биосфералық
мониторинг
(синонимдері – фондық, жаһандық) – адам іс-
әрекетімен байланысты биосферадағы жалпыпланеталық өзгерістерді
бақылау. Фондық мониторинг қоршаған ортаны мониторингілеудің
Жаһандық жүйесіне, «Планетаны бақылау» Халықаралық бағдарамасына,
«Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасына, қоршаған ортаны қорғау
ЮНЕП БҰҰ бағдараламасына сәйкес жүргізіледі.
46
Биосфералық мониторингтің басты міндеттері «Адам және биосфера»
Халықаралық бағдарамасында («Man and Biosphere») анықталды:
1.
Ластану
мен
экожүйелердің,
олардың
буындарының,
популяциялардың немесе жеке ағзалардың арасында өзара байланыс жасау
2.
Экожүйені бақылау және оның жағдайын бағалау және оны
болашақта болжамдау үшін қажетті көрсеткіштер мен өлшемдерді анықтау
3.
Экожүйедегі ластаушы заттардың қайта түрлену жолдары мен
жылдамдығын саралау
4.
Қоршаған орта көрсеткіштері деңгейлерінің критерийлерін анықтау.
1975 ж. БҰҰ қарамағында Қоршаған ортаны мониторингілеудің
жаһандық жүйесі (ҚОМЖЖ) ұйымдастырылған болатын, бірақ оның тиімді
жұмыс жасай бастаған соңғы уақыттарда ғана. Оның бірінші кезектегі міндеті
қоршаған табиғи ортаның ластануын және оған әсер ететін факторларды
мониторингілеуді ұйымдастыру деп танылды. ҚОМЖЖ бағдарламасы аясында
Бүкіләлемдік теңіз ұйымы әлемдік мұхитты жаһандық мониторингілеуді
қамтамасыз етеді. 1990 ж. ғылыми мәдениеттің Халықаралық орталығы
(Бүкіләлемдік зертхана) әскери спутниктік технологияларды пайдалану
арқылы «Жаһандық экологиялық мониторинг» жобасын ұсынды. 1992 ж. осы
жобаға Ресей Федерациясы АҚШ, Украина қатысады; Қазақстан, Литва және
Қытай – бақылаушылар ретінде қатысады.
Мониторинг жүйесін ұйымдастыруда басымшылықтарды анықтау нақты
бағдарламалардың мақсаты мен міндеттеріне байланысты болады:
территориалдық деңгейде мемлекеттік бақылау жүйелерінің негізгі
басымдылығы қалаларға, ауыз су көздеріне және балықтардың уылдырық
шашу жерлеріне анықталған;
бақылау орталары бойынша бірінші кезек атмосфералық ауаға және
тұщы су көздеріне беріледі.
Құрамдас бөліктерінің басымшылығы ластаушы заттардың токсикалық
әсерін, қоршаған ортаға түсу көлемін, олардың транформациялану
ерекшеліктерін, адамға және биотаға әсер ету жиілігі мен мөлшерін, өлшеуді
ұйымдастыру
мүмкіндіктерін және басқа факторларды көрсететін
критерийлерін
ескере
отырып
анықтайды
және
ол
аймақтың
экономикасымен, жергілікті әсер ету көздерімен тығыз байланысты болады.
Фондық
мониторинг
станцияларының
бағдарламасы
бойынша
сынамалар алынып келесідей көрсеткіштер анықталады:
1.
атмосферада – қалқымалы заттар, бұлыңғырлығы, көміртегі диоксиді,
күкірт диоксиді, азот оксидтері, көмірсулар, сульфаттар, 3,4- бензпирен,
ДДТ.
2.
атмосфералық жауын-шашындарда – қорғасын, сынап, кадмий,
мышьяк, 3,4-бензпирен, рН.
3.
жер үсті, жер асты суларында, су түбі шөгінділерінде – қорғасын,
сынап, метил сынап, кадмий, күшән, ДДТ, 3,4-бензпирен, биогенді
элементтер.
4.
топырақта – қорғасын, сынап, кадмий, күшән, ДДТ, 3,4-бензпирен,
47
биогенді элементтер.
Ресей территориясында фондық (биосфералық) мониторинг қорықтарда
жұмыс
істейді:
Березинский,
Приокско-Террасный,
Кавказский,
Астраханский,
Баргузинский,
Сихо-тэ-Алинский,
Сары-Челекский,
Чаткальский, Репетекский, Кроноцкий, Боровое, Абрамов мұздығы.
Пункттерде – Сыктывкар, Ново-Пятигорск, Туруханск, Курган, Иркутск.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды
мониторингілеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру және оның қызметі
ҚР Экологиялық Кодексімен бекітілген.
Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды мониторингілеудің бірыңғай
мемлекеттік жүйесі – қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жағдайына
бақылау жүргізетін және экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды
қорғауды, оларды жаңғырту мен ұтымды пайдалануды және халықтың
саниталық-эпидемиологиялық жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында
басқармалық және шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін олардың нақты
жағдайын саралайтын көпсалалы және ақпараттық жүйе. Оның принциптері:
-
Бірыңғай ұйымдастыру, методологиялық, метрологиялық және
ақпараттық негізде қызмет ету;
-
Мемлекеттік және басқа мониторинг жүйелерінің мүмкіндіктерін
максималды пайдалану;
Міндеттері:
-
Қоршаған ортаның жағдайы, биотүрлілік және экожүйелер туралы,
антропогендік әсер ету көздері, тұрғындар дженсаулығын әсер ететін
тіршілік ету ортасының факторлар туралы дәл және салыртылымалы ақпарат
алу:
-
Қоршаған ортаның жағдайын, антропогендік әсер деңгейлерін,
биосфера жағдайының көрсеткіштерін, экожүйелердің функционалдық
тұтастығын бағалау және болжау;
-
Қабылданатын
басқармалық
шешімдердің
және
экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігіне талдау
жүргізу үшін қажет мәліметтермен жабдықтау.
Мониторингтің бақылау нысандары бойынша жіктемесі:
-
атмосфералық мониторинг
-
ауа мониторинг
-
су мониторинг
-
топырақ мониторинг
-
климат мониторинг
-
өсімдік мониторингі
-
жануарлар әлемі мониторингі
-
халық денсаулығының мониторингі
Әсер ету факторы бойынша:
-
әсер ету факторының мониторингі
– түрлі химиялық ластаушылардың
(ингредиенттік мониторинг) және әртүрлі табиғи және физикалық әсер етуші
факторлардың мониторингі (электромагниттік сәулелену, радиактивті
48
сәулелену, күн радиациясы, акустикалық шу, діріл).
-
Ластау көздерінің мониторингі
– нүктелі стационарлық көздер (зауыт
мұржалары), нүктелі жылжымалы (транспорт), кеңістіктік (енгізілген
химиялық заттарымен қала, дала) мониторинг.
Әсер ету масштабы бойынша: кеңістіктік және уақыттық
Ақпаратты жиынақтау сипаты бойынша:
-
жаһандық
– Жер биосферасындағы жалпы әлемдік құбылыстарды
бақылау, барлық экологиялық компоненттерді бақылау және туындаған
шұғыл жағдайларды ескерту.
-
базалық (фондық)
– жалпыбиосфералық құбылыстарды, негізінен
табиғи, аймақтық антропогендік әсерлерге қатыссыз бақылау.
-
ұлттық
- ел масштабындағы мониторинг
-
аймақтық
– белгілі бір аймақ шегіндегі құбылыстар мен процестерді
бақылау. Бұл құбылыстар табиғи сипаты бойынша, антропогендік әсер
бойынша ажыратылуы мүмкін.
-
жергілікті
– нақты антропогендік көздің әсерін мониторингілеу
-
импактты
– аса қауіпті аймақтар мен мекендерде және жергілікті
антропогендік әсерді мониторингілеу.
Бақылау әдістеріне байланысты:
Химиялық мониторинг –
атмосфераның, жауын-шашынның, беткі және
жер асты суларының, мұхит, теңіз суларының, топырақтың, өсімдіктердің,
жануарлардың химиялық құрамын (табиғи және антропогендік) бақылау,
сонымен қатар химиялық ластаушылардың таралу динамикасын да қадағалау.
Физикалық мониторинг
– қоршаған ортаға физикалық процестердің
әсерін бақылау жүйесі (электрмагниттік сәулелену, радиация, акустикалық шу
және т.т.).
Биологиялық мониторинг
– биоиндикаторлар (олардың болуы, жағдайы
және мінез-құлқы ортаның өзгерісі туралы мағлұмат беретін ағзалар)
көмегімен жүргізілетін мониторинг.
Экобиохимиялық мониторинг
– қоршаған ортаны екі құрамы бойынша
(химиялық және биологиялық) бағалауға негізделген мониторинг.
Дистанциондық (арақашықтық) мониторинг
– негізінен авиациялық,
космостық мониторинг, зерттелетін нысандарды белсенді тексеретін және
мәліметтерді тіркейтін радиометриялық апппаратпен жабдықталған ұшатын
аппараттар.
2 кесте - Мониторинг жүйелерінің жіктелуі:
Достарыңызбен бөлісу: |