Ерекше бөлімі
еңбекті қоғамдық
ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және
еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық
субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды.
Тиісінше, еңбек құқығы жүйесінде құқықтық институттар,
еңбек қатынастарын құрайтын бөліктерді реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы өзінше бөлек алынады.
Ерекше бөлімге еңбек құқығының мына негізгі
институттары кіреді: жұмысқа орналастыру, еңбек шарты,
ұжымдық шарттар мен келісімдер, жұмыс уақыты және
демалыс уақыты, еңбек ақы, еңбек шартына
отырушылардың материалдық жауаптылығы, еңбек тәртібі,
еңбекті қорғау, кәсіби даярлау, кадрлардың біліктілігін
көтеру, еңбек даулары.
|