17
Туынды
Ережелер (правила) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы қызметтің кейбір түрін ұйымдастыру және
жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық
актілер.
Қағида (жобылық қағида, типтік қағида – примерные
положения, типовые положения) - белгілі бір мемлекеттік
органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі
мен өкілеттігін, сонымен қатар, қызметтің нақты түрін
жүзеге асыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық
акт.
Нұскаулық (инструкции) - еңбекті қоғамдық ұйымдастыру
саласындағы еңбек заңнамасын қолдануды жіктеп көрсететін
нормативтік құқықтық акт.
18
3. Тақырып. Еңбек құқығының субъектілері
Еңбек құқығының субъектілері
Қызметкер (азаматтар, шетел
азаматтары мен азаматтығы жоқ
тұлғалар).
Жұмыс беруші
Еңбектегі құқықтық субъектілік - дегеніміз
еңбек құқығы субъектілерінің заңдық міндеттемелер
құқылы болу және оларды көтеру кабілеттігі, ягни
еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты
құқықтық қатынастарға қатысушы болу мүмкіндігін
(қабілетін) иемдену. Еңбек құқығының субъектілері
еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің
екеуіне де бірдей ие болады.
Кәсіптік одақтар
Жұмыскердің Еңбек кодексінің 22 бабында көзделген негізгі құқықтары:
1) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға
және бұзуға;
2) жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;
5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
6) бос тұрып қалу үшін Қылмыстық кодекске сәйкес ақы алуға;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына және т.б.
19
4. Тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт
Әлеуметтік әріптестік
Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер
(жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және
еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша
олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі (ҚР
ЕК 1-бабы).
Әлеуметтік әріптестік
органдары:
1) республикалық
деңгейде - әлеуметтік
әріптестік пен
әлеуметтік және еңбек
қатынастарын реттеу
жөніндегі
республикалық
үшжақты комиссия
(бұдан әрі -
республикалық
комиссия);
2) салалық деңгейде
- әлеуметтік
әріптестік пен
әлеуметтік және
еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі
салалық комиссиялар
(бұдан әрі - салалық
комиссия);
4) ұйымдар деңгейінде -
қызметкерлердің өкілдері мен
жұмыс берушінің арасында еңбек
саласындағы өзара нақты
міндеттемелерді белгілейтін
келісімдер немесе ұжымдық
шарттар нысанында қамтамасыз
етіледі, ал шет ел қатысатын
ұйымдарда оны Қазақстан
Республикасының резиденттері
халықаралық шарттардың
(келісімдердің) және Қазақстан
Республикасы заңнамасының
негізінде қамтамасыз етеді.
3) өңірлік деңгейде
(облыстық, қалалық,
аудандық) -
әлеуметтік әріптестік
пен әлеуметтік және
еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі
облыстық, қалалық,
аудандық
комиссиялар (бұдан
әрі - өңірлік комиссия)
арқылы тараптардың
өзара іс-қимыл
жасасуы нысанында;
20
Әлеуметтік әріптестік мынадай
нысандарда жүзеге асырылады:
Әлеуметтік әріптестік
1) ұжымдық шарттардың, келісімдердің
жобаларын әзірлеу және оларды жасасу
жөніндегі ұжымдық келіссөздер;
2) еңбек қатынастарын және олармен
тікелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу, қызметкерлердің еңбек
саласындағы құқықтарының кепілдіктерін
қамтамасыз ету және Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасын
жетілдіру мәселелері бойынша өзара
консультациялар (келіссөздер);
3) қызметкерлер мен жұмыс берушілер
өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін
шешуге қатысуы нысандарында жүзеге
асырылады.
Әлеуметтік әріптестіктің
міндеттері:
1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты
экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру
негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді
қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының
кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды
әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары
арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне
жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-
тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған.