61
Сарбаев маусымдық қызметкер болып табыла ма?
Есеп 5
Қабдрашев пен Төлебаевты «Красный мак» АҚ әкімшілігі экономист
және кассир ретінде жұмысқа қабылдау барысында келесі құжаттарды талап
етті: жеке басын куәландыратын құжат; еңбек кітапшасын; Жоғары оқу
орнын бітіргені туралы дипломын; мендициналық анықтамасын; бұрынғы
жұмыс орнынынан мінездеме.
Әкімшіліктің Қабдрашев пен Төлебаевтан талап еткен құжаттары
заңды ма?
Жауап беру барысында ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сілтеме
жасаңыз.
Есеп 6
Арманова А. аудандық 11 жылдық отра мектепте - 1989 жылдан
аудандық оқу бөлімінің жіберуімен келіп, ауырғанша үзбей жұмыс істеді.
Ауырған себебі - мектеп өте суық, кабинетінде қыста 5 - 8 градусқа дейін
барады. Арманова жұмыстан босатыңыз деп өтініш жазбаған, бірнеше ай
ауырып ІІ топ мүгедегі тағайындалды. Оны дәлелдейтін МӘС -тің
анықтамасы бар. Мектептің бұрынғы директорына мүгедектік анықтамасы
берілген.
Осы ауру - аллергиялық бронх демікпесі – кәсіптік ауруға жата ма?
Мектеп директоры (басқа адам) оған қайта жұмысқа қабылдағандай
қарап, жұмысқа алғысы келмейді. Осы заңға сәйкес пе?
Мәселені шешіңіз. Қандай органга жүгіну керек?
Есеп 7
Темір өңдеу зауытына жұмысқа тұруға мынадай азаматтар өтініш
білдірді: 9 сынып бітірген 14 жасар жасөспірім, официер, бұрын колхозда
істеген қызметкер, жоғары оқу орнын бітіріп, инженер-технолог
лауазымына жіберілген жас маман. Олардың барлығы, бұған дейін жай
жұмысшы болып қызмет атқармаған.
Жоғарыда аталған тұлғалар жұмысқа қабылдану барысында қандай
құжаттар әкелуі тиіс.
Оларды жұмысқа қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?
Бірінші рет жұмысқа қабылданып отырған қызметкерге еңбек
кітапшасы қанша күнде толтырылуы тиіс, және ол қайда сақталуы тиіс.
Сонымен қатар, еңбек кітапшасында қандай мәліметтер жазылады?
62
Есеп 8
Арқалық қалалық Прокуратурасы ұйымдарды кезекті тексеру
барысында мынадай фактілерді анықтады:
а) «Калибр» зауытында ерлі-зайыты Мамыровтар жұмыс істейді: ері -
цехтың бастығы, зайыбы - медпункттің меңгерушісі;
б) «Қазақстан» концерт залында ерлі-зайыты Сарбаевтар жұмыс
істейді: ері - дирежер, зайыбы – бас администратор;
в) дәріханада ерлі-зайыты Адамовтар жұмыс істейді: ері - басқарушы,
зайыбы – дайын препараттар бөлімінің фармоцевті;
г) Университтің органикалық химия кафедрасында профессор
Литвинов меңгерушілік етеді, осы кафеданың оның апасы Лимонова доцент
ретінде қызмет істейді
Аталған жағдайларда, аталған тұлғалар арасында туыстық
қатынас негізінде жұмыс істеуге жол беріледі ма?
Есеп 9
Маман болып қызмет істеп жүрген Арыкбаев 2009 жылы 20 маусымда
Әскер қатарына шақырылады. Оның орнына Галымов жұмысқа
қабылданады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Арыкбаев 2009
жылы 10 тамызда қайтып келуіне байланысты, бұрынғы жұмыс орнына
қайтып алуын талап етеді. Мекеме әкімшілігі Галымов өзіне жүктелген
еңбек міндеттерін жақсы меңгеретіндігін басшылыққа алып, Арыкбаевты
жұмысқа қайта алудан бас тартады. Арыкбаев бұрынғы жұмысына қайта
алуын талап етіп, прокурорға жүгінеді.
Дауды шешіңіз.
Есеп 10
№ 5 автопаркіне Тимофеев жеңіл автокөліктің жүргізушісі болып
жұмысқа қабылданады. Автопарктің бұйрығымен автобус жүргізушісі
ретінде қызметке ауыстырылады. Тимофеев автобус жүргізушісі болудан
бас тартады.
Тимофеевтің ұсынылған бас тартуы заңды ма?
Тимофеевті басқа жұмысқа ауыстыру заңды ма?
4.2 Есептер шығару 11-ден 20
Есеп 11
Қалалық тұрмыстық қызмет көрсету орталығы директорының
бұйрығымен 20 қаңтарда №29 шаштаразының ерлер жас үлгісінің мастері
63
Омарова қаланың басқа ауданында орналасқан №15 шаштаразына
ауыстырылды. Омарова басқа жұмысқа ауысудан бас тартып, қалалық сотқа
бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыруды талап етіп сотқа жүгінеді.
Талап арызында ол №15 шаштаразға баруға көп уақыт кететіндігімен
түсіндіреді.
Басқа жұмысқа ауыстыру қаншалықты заңды?
Есеп 12
Елесеева қалалық көгалдандыру ұйымында аграном болып қызмет
атқарады. Ұйым әкімшілігі өзінің бұйрығымен Елесееваны қалалық
көгалдандырылған алаңды жинау жұмысына ауыстырады. Бұрақ, Елесеева
ол жұмыстан бас тартқаны үшін, жұмыстан шығарылады.
Әкімшіліктің шешімімен келіспеген ол қалалық сотқа жұмысқа қайта
алуын талап етіп жүгінеді?
Басқа жұмысқа ауыстыру заңда ма?
Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
Есеп 13
Университеттің
оқытушысы
Скляров
жұмыс
орнында
бір
қызметкермен туындаған даудың салдарынан, жұмыстан босатуын талап
етіп жұмыс әкімшілігіне жүгінеді. Сол күні Скляровті жұмыстан өз еркімен
босату туралы бұйрық шығарады. Бұйрық шығарылғаннан кейін, 2 күннен
кейін Скляров арызын қайтып алуын өтінеді. Бірақ оған университет
әкімшілігі қарсы болады.
Кімнің әрекеті заңды?
Дауды шешіңіз.
Есеп 14
Жеке кәсіпорын жұмысқа ӘЖК, СТН-і, шетелдік паспорты бар,
Қазақстан азаматтығына өтініш жазып тапсырған, Қазақстанға есептен
шығып, көшіп келген азаматты жұмысқа қабылдай ала ма?
Жұмысқа қабылдау ресімі қалай жүзеге асырылады?
Шетел азаматтарын жұмысқа қабылдаудың қандай ерекшеліктері
бар?
Есеп 15
Жарнамалық агенттікте жұмыс істеймін Анастасия Сидрованың еңбек
шартында жұмысқа кешіккені үшін қаржылай тәртіптік жаза қолдану
көзделген.
Осы норма қаншалықты заңды?