А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет55/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103

127 
 
– Білімнің  таза  ассоциативтік  моделінен  ой    әрекеттерінің  динамика-
лық-құрылымдық жүйесіне алмастырылып келеді
– Білім  беруді  орташа  деңгейдегі  оқушыға  бағыттаудан  сараланған 
және жекелеген оқыту бағдарламасына ауыстыру кӛзделуде; 
– Оқушының сыртқы мотивациясынан оның ішкі адамгершілік, қажыр, 
қайрат қабілетіне бағыттау қажеттігін тудыру. 
Қазіргі оқыту үдерісінде түрлі модель бойынша, оның ішінде авторлық 
модельдер  бойынша,  құруға    мейлінше  мүмкіндік  беру  кӛзделуде.  Осы 
бағытта  білімнің  дамуы  алға  басып  келеді:  түрлі  жүйелерді  әзірлеу,    білім 
құрылысының  тиімділігін  кӛтеру,  қазіргі  заман  талабына  сай  дидактикалық 
талаптарды  қолдану  мүмкіндігі,  ғылыми  жаңалықтар,  сонымен  қатар  жаңа 
идеялар  мен  технологиялардың  практикалық    жолмен  негізделуі  талап 
етілуде. 
Жоғарыда  айтылғандармен  қатар  түрлі  педагогикалық  жүйелер  мен  
оқыту  технологияларының  ұйымдастырылуы  маңызды  деуге  әбден  болады. 
Яғни  қазіргі  заман  жағдайында    ӛткен  педагогикалық  жүйелердің  орнына 
түрлі  жаңа  оқыту  формаларын  тәжірибеден  ӛткізу  практикада  қолдану 
қажеттілігі туындауда. 
Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  оқушыға  объект  ролі  берілетін  де 
мұғалім ӛз тәжірибесін ұсынатын. Ендігі оқу философиясында оқушыға ӛзін-
ӛзі  іске  асыруға  бағыт  алған  оқыту  қызметінің  субъектісі  ретінде  қарайды. 
«Осы  тұрғыдан  бала    толық  жеке  тұлға  ретінде    нені    білдіреді?»  «Оны 
субъектілік тұрғыдан қандай құрылымдар анықтайды? Қандай қасиеттерін 
дамыту қажет» деген  сұрақтарға жауап беру қажеттігі туындауда. : 
Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімін,  білігі  мен 
дағдысын  емес,  оның  тұлғасын,  білім  алу  арқылы  тұлғалық  дамуын  қойып 
отыр. 
 «Жеке  тұлға»  -  адамның  психикалық,  рухани  мәні,  ол  әртүрлі 
жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: 
– Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы
– Ӛзіне  және  ӛзімен-ӛзінің,  дүниеге  және  дүниемен  қатынастарының 
жүйесі; 
– Іс  жүзіне  асырылып  жүрген  әлеуметтік  рӛлдер    қызметінің  жүйесі, 
мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы; 
– Айналадағы қоршаған әлемді және ӛзін-ӛзі жете түсінуі; 
–  Қажеттілік жүйесі; 
– шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы; 
– сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.
1
   
Білім берудің жаңа жүйесінде осы аталғандар аса маңызды. Сондықтан 
соңғы  жылдардағы  педагогика  ғылымында  баланың  тұлғалық  дамуына 
бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  дамытуға  ұмтылыс  күшейіп 
келеді. 
                                                           
1
 Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., 1998. 
 


128 
 
Педагогикалық  жаңа  технологиялар  Б.Блумның  таксономиясын 
негізге  алады.  Америкалық  ғалым  Бенджамин  Блум  бір  топ  әріптестерімен 
бірге  1956  жылы  «таксономияның»  танымдық  саладағы  мақсаттарды  сипат-
тайтын  бірінші  бӛлімін  жарыққа  шығарады.  «Таксономия»  ұғымы  биоло-
гиядан  алынған.  Таксономия  –  (taxis-    грек  сӛзінен  шыққан,  «тәртіп, 
орналастыру,  құру»  және    homos  –  «заң»  дегенді  білдіреді).  Ӛсу  бағытында 
бірінен  соң  бірі  орналастырылған  және  ӛзара  тығыз  байланыстағы 
нысандарды жіктеу және жүйелеуді білдіреді. 
 Б.Блум таксономиясы  – танымдық саладағы мақсаттарды сипаттайтын жүйе. 
Таксономия  идеяларды  бүкіл  әлем  педагогикалық  жұртшылығында 
таным  және  ойлау  әрекеттерінің  деңгейлерін,  оқу  мақсаттарын  айқындауда 
кеңінен қолданыс тапты.  
1.Білім  –  ақпаратты,  оқу  материалын  (қажетті  деректерді,  нақты 
фактілерді  немесе  бүтін  теорияларды)  есте  сақтау  мен  қайталау 
(репродукция). 
2.Түсіну  –  оқу  материалын  бір  формадан  екінші  формадан,  бір  белгі 
жүйесінен  басқа  жүйеге  түрлендіру  (интерпретация),  ауыстыру,  оқу 
мәліметін ӛздігінше игеру, салдары мен нәтижелерінің қандай болатындығы 
туралы алдын-ала болжау, жорамалдау. 
3.Қолдану  –  оқу  материалын  жаңа  жағдайлар  мен  ситуацияларда 
қолдану.  Мәселен,  ережелерді,  түсініктерді,  заңдарды,  қағидаларды  қолдана 
отырып қандай да бір жағдаятты шешу.  
4.Талдау  (анализ)  –  оқу  материалын  құрамдас  бӛліктерге  жіктеп 
олардың 
арасындағы 
байланыстарды 
анықтау, 
бүтіннің 
қалайша 
құралатындығын түсіну және түсіндіре білу. 
5.Синтез  –  оқу  материалын  пайдалана  отырып,  шығармашылық 
тұрғыдан  жаңа  мазмұн  құрастыру.  Мәселен,  баяндама  немесе  эссе  жазу, 
жоспар немесе схема құрастыру. 
6.Бағалау  –  оқу  материалының  маңызын  бағалау:  салыстыру  және 
айырмашылықтарын айқындау, дәлелдеу арқылы шешім қабылдау. 
Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  оқу-танымдық  әрекеттер  кӛбіне  білім, 
түсіну,  талдау  деңгейінде  жүргізілгені  белгілі.  Ендігі  жерде  білімді  талдау 
мен  жинақтаудың,  түсіну  мен  қолдана  алудың,  ӛзінің  және  ӛзгенің    білім 
деңгейін  бағалай  алу  қабілеттерінің  маңыздылығы  танылады.  Енді  Б.Блум 
таксономиясының  алты  деңгейіндегі  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін 
сипаттап кӛрейік:   
1)  Білім  дайын  күйінде  кӛшірілмей,  тұжырымдар  нақты  талаптар 
тұрғысынан  болуы,  талап  оқушының  ӛмірлік  тәжірибесі  мен  ұстанған 
кӛзқарастарына  негізделетін  немесе  мұғалімнің  ұсынысынан  туындайтын 
болуы қажет етілуде.  
Білімнің  категориялық  мәні  кеңейе  түсті.  Мәселен,  білім  -  қайталау 
немесе тану арқылы мәліметтердің есте қалай сақталғанын тексеру, мағлұмат 
пен  деректерді  еске  түсіру  арқылы  жүзеге  асырылатын  категория.  Білім 
деңгейінде  тестілеу,  қалдырып  кеткен  белгілерді  орнына  қою,  анықтамалар 
мен атауларды жаттау немесе қайталау, процестердің ӛрбу немесе орын алу 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау