А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет44/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103

101 
 
бӛліктеріне  қатысты  оқу  мәтінді  оқушының  тұтас,  түсініп  қабылдауына  игі 
ықпалын тигізеді.  
Алтыншыдан,  мәтіндегі    дауыс  толқынының  дұрыс  қойылуы  мәтінді 
тыңдап  қабылдауда    үлкен  рӛл  атқарады.  Егер  мәтін  бірсыдырғы  оқылса, 
тыңдаушыны  тез  жалықтырады.  Дауыс  ырғағын,  сазын,  дыбыс  толқынын 
ӛзгертіп  отыру  тыңдаушыға  жағымды  әсер  етеді.  Дауыс  толқыны  дегенде 
кӛбіне  сӛздердің  арасындағы  ырғақтық  ӛзгерістер  деп  қабылдау  басым. 
Негізінде дауыс толқындары  сӛздің буын ішінде де құбылып қолданылады. 
Мысалы,  
«Ӛлең – сӛздің  патшасы, сӛз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы...» деген тармақтарда  «сӛз

 дің» деген 
екі  буынның  ортасындағы    толқын  ӛлеңнің  басқа  емес  дәл  осы  сӛздің 
патшасы екендігін нақтылай, естірте айтылуына кӛмектеседі. Келтіріп отыр-
ған  екі тармақтағы дәл осылай  ырғақ түсіріле оқылатын сӛздерге «сӛз сара-
сы» дегендегі «сӛз», «қиыстырар» деген дауыс толқынында құбыла оқылатын 
сӛздерді  келтіруге болады.  
  Мәселен,    М.Жұмабаевтың    6  сыныптағы  «Мен  кім?»  ӛлеңінің  бір 
шумағын  интерактивті тақтадан кӛрсетейік. Бұл мәтін тыңдаушылардың ал-
дына  таратылған. Алғашқы тапсырма  мәтінді оқу барысында дауыс кідіріс-
терін  ажыратып белгілеу.    
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 
Кӛкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,  
Жер еркесі – желдің жӛнін кім сұрар?
1
 
Осы бір шумақ ӛлеңнің ӛзінде дауыс екпіні мен кідірістері кӛп. Дауыс 
екпіні  әр  сӛздің  айтылу  мақсаты  мен  ішкі  мәніне  байланысты  ӛзгеріп 
отырады.  Ақынның  бұл  ӛлеңі  жеке  кейіпкердің  ӛзі  туралы  ойы  ғана  десек 
қателесер  едік.  Ақын  даралық  және  жалпылық  мағынаны  қатар  қолданады. 
Лирикалық кейіпкер үнінде қайсар рухты, ӛр мінезді халықтың ӛкілі ретінде 
дара тіл қату да бар, сол халықтың ӛзі атынан жалпы тіл қату да байқалады. 
Сондықтан  алғашқы  «арыстанмын»  сӛзіне  екпін  түседі  әрі  қазақ  тіліндегі 
екпін ерекшелігі сәл құбылып, сӛздің үшінші буынына түседі. Келесі «айба-
тыма»  сӛзіндегі    екпін  соңғы  буынға  түседі  де  сәл  соғыла  оқылады.  Келесі 
бунақтағы  сұрау  есімдігі  кӛтеріңкі  айтылады.  Әдетте  сұраулы  сӛйлемдерде 
дауыс  екпіні  соңғы  сӛзге  түсіп,  кӛтеріле  айтылады  дейтін  қағида  мәнерлеп 
оқу  барысында  әр  мақсатқа  қарай  ӛзгеруі  мүмкін.  Мына  жағдайда  дауыс 
екпінін арқалап тұрған соңғы «шыдар» сӛзі емес, сұраулы мәндегі «кім» сӛзі. 
Ал келесі тармақтағы бірінші «Жолбарыспын» сӛзіндегі екпін соңғы буынға 
түседі. Бұлай дауысты құбылту тыңдарманға әр сӛзді жақын таныту, естірте 
оқу мақсатынан туындайды. Дәл осы сияқты шумақ соңындағы буында екпін 
сұраулық  есімдікке  емес  соңғы  сӛзге  түседі.  Тыңдаушы  осы  ерекшеліктерді 
ажырата білуі керек.   
                                                           
1
 Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептердің 6 сыныбына арналған оқулық. А., 
Атамұра, 2013.- 91 б. 


102 
 
Келесі  кезекте  осы  кідірістердің  ұзақты-қысқалы  мӛлшерін  айқындау 
тапсырылды.  Қысқа  кідірістер  бір  таяқша,  ұзақ  кідірістер  екі  таяқша  қою 
арқылы  белгіленеді.  
Ендігі  кезекте    мән  берілетіні  –  екпін.  Екпін  түскен  сӛздерді  белгілеу 
тапсырылады.  Екпін  түскен  сӛзді  бағыттаушы  белгімен  кӛрсету  керек. 
Екпінде  дауыстың  кӛтерілуі  мен  бәсеңдеуіне    байланысты  бағыттаушы 
таяқшаны  тӛмен  қаратып  немесе  жоғары  қарата  бағыттауға  болады.  Ал 
логикалық кідіріс жасалған сӛздің асты сызылады.  
Арыстанмын, //

  айбатыма /

кім шыдар? 
Жолбарыспын, /

  маған  қарсы кім тұрар? 
 Кӛкте – бұлт,//  жерде – желмін гулеген,  
Жер еркесі/ - желдің жӛнін кім сұрар? 

 
Мәнерлеп  оқуда  ескеретін  бір  мәселе  мәтіндегі  кідірістер  мен  екпін 
оқушы  адамның  мақсатына  қарай  ӛзгеріп  отыруы  да  мүмкін.  Мысалы 
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» ӛлеңін алайық:  
Арыстандай айбатты/, 
Жолбарыстай қайратты/, 
Қырандай /күшті қанатты //— 
Мен жастарға //сенемін! 
 
Кӛздерінде/ от ойнар, 
Сӛздерінде /жалын бар. 
Жаннан қымбат /оларға ар, 
Мен //жастарға сенемін! 
 
Жас қырандар/ — балапан, 
Жайып қанат,  ұмтылған./ 
Кӛздегені /кӛк аспан,/ 
Мен жастарға //сенемін!  
Ӛлеңдегі әр шумақта қайталанып тұрған «Мен жастарға сенемін» деген 
үш  сӛз  үш    шумақта  әрқилы  оқылуы  мүмкін.  Сӛзге  екпін  түсіру  сол  сӛзді 
айшықтап  кӛрсетуді  білдіреді.  Ал  осы  үш  сӛзге  де  ӛзгесінен  дербес    жеке 
екпін  түсіру  арқылы  мәнін  ерекшелеуге  болады.  «Мен  жастарға  сенемін» 
бірінші  шумақта  ақынның  жастарға  сенімі  туралы  баса  айтылса,  келесі 
шумақта  «Мен  жастарға  сенемін»    сӛзіне  екпін  түсіру  арқылы  жеке 
сенімділігін  нықтай  түседі.  Ал  үшінші  шумақта  «Мен  жастарға  сенемін»  
сенімді шегелей айту басым.  
Мысалға алып отырған екі ӛлеңде де ақынның  отаншылдық сезімі мен 
асқақ рухы сезіледі.   
Кӛркем  шығарма  табиғаты  әралуан.    Шығарманың  тақырыбы  мен 
идеялық  қабатында  ӛмірдегі  әртүрлі  ұғым-түсінік,  кӛрініс,  кӛңіл-күй,  сезім 
болуы  заңды.  Мәнерлеп  оқудағы  мақсат  –  шығарманың  осындай  дара 
ерекшелігін тыңдарманға жеткізу, терең таныту. Шығармадағы әр сӛз таным 
дүниесінде  жеке  таңба.    Ол  сол  таңбалардың  тағылымдық  мәнін  жарқырата 
кӛрсету үшін шебер оқуды қажет етеді.  


103 
 
Мәнерлеп  оқу  шығармадағы  сӛздердің  мән-мағынасын  айқындаумен 
қатар, тұтас шығарманың композициялық құрылымын тануға да ықпал етеді. 
Абайдың «Жаздыкүн шілде болғанда» ӛлеңін оқу барысында композициялық 
бӛліктерін дауыс ырғағымен ерекшелей оқып кӛреміз.  
 
Жаздыкүн шілде болғанда,   
Кӛкорай шалғын, бәйшешек  
      бәйшешек образы 
Ұзарып ӛсіп толғанда;  
 
Күркіреп жатқан ӛзенге                     кӛшкен ауыл образы 
Кӛшіп ауыл қонғанда: 
 
 
Шұрқырап жатқан жылқының   
Шалғыннан жоны қылтылдап,  
Ат, айғырлар, биелер  
Бүйірі шығып, ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап,  
Құйрығымен шылпылдап,                ауыл  малының бейнесі 
Арасында құлын-тай  
Айнала шауып бұлтылдап,  
 
Жоғары-тӛмен үйрек, қаз                     құстар  
Ұшып тұрса сымпылдап.  
 
Қыз-келіншек үй тігер,  
Бұрала басып былқылдап,                 қыз-келіншек образы 
Ақ білегін сыбанып,  
Әзілдесіп сыңқылдап.  
 
Мал ішінен айналып,  
Кӛңiлі жақсы жайланып,                 бай образы 
Бай да келер ауылға,  
Аяңшылы жылпылдап.  
 
Сабадан қымыз құйдырып, 
Ортасына қойдырып                     ауыл ақсақалдары  
Жасы үлкендер бір бӛлек  
Әзілдесіп сылқылдап.  
 
Жалшы алдаған жас бала  
Жағалайды шешесін:              қазан-ошақ басындағы  
Ет әпер деп қыңқылдап....      кӛрініс 
 
 
 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау