95
Дегенмен, жасӛспірім үнемі кейіпкер болмысын тұтас, жан-жақты
саралап, оның іс-әрекетінің әртүрлі жағдаяттық қыры мен мотивін тани бер-
мейді. Оқушының кейіпкерді шынайы түсінікпен, ӛз санасындағы ӛлшеммен
қабылдауы заңды. Әсіресе, 5-7 сыныптарда ақ пен қара, жақсы–жаман,
жағымды-жағымсыз деп тану басымырақ болады. Жеткіншек тек 8-9 сынып-
тарда автор ӛрнектеп отырған кейіпкер болмысындағы реалистік мінез,
құбылыстарды, оған себепкер жағдай мен мотивтерді бағалай бастайды.
Жоғары сынып оқушылары кейіпкерлердің ішкі күрделі болмысын
тануға қызығып, автордың шығармашылық пайымын түсінуге талаптанады.
Сондай-ақ, адамның ӛміртанымдық кӛзқарасын түсінуге, моральдық қасие-
тін бағалауға деген талпынысы молаяды. Кӛп оқушылардың 10-11 сынып-
тарда ӛзінің эстетикалық талғамына сай туындының кӛркемдік маңызын
тануға қабілеті артады. Жалпы алғанда жоғары сынып оқушыларының
шығарманы тұтас құрылым ретінде қабылдап, одан алған әсерін жүйелеу
талабы басым болады.
Қабылдауда оқушылардың типтік ерекшеліктерін есепке алу.
Оқушының кӛркем шығарманы қабылдауының жас ерекшеліктерінен
ӛзге оқушылардың ӛзіндік ерекшеліктеріне де қатысты. Бұл кӛркем шығар-
маны қабылдауда аса мән беретін тағы бір нысан десе болады.
Әдетте сабақ үдерісінде сынып оқушыларының мінез-құлық, темпера-
мент сияқты ерекшелігін ескере бермейтініміз бар. Кӛбіне оқу материалын
тұтас сыныпқа бағыттап жататынымыз да кездеседі. Алайда сыныптың тұтас-
тықтан гӛрі жекелік ерекшелігі басым екенін есте тұтқан абзал. Сыныпты
құрайтын оқушылардың әрқайсысы – жеке тұлға. Оның бірі қиялға бейім,
қиял әлеміндегі заттар мен белгілерді кӛбірек есепке алады, бірі керісінше
кӛзбен кӛріп, қолмен ұстайтын дүниелерді ғана бағалайды. Одан ӛзге оқушы
мінезіндегі ӛзгешеліктер де маңызды. Оқушылардың бірі пайымды ойға
бейім, бірі эмоционалды қабылдауға жақын.
Пайымды саналатын типтегі оқушылар жоспарларды оңай құрастырып,
белсенді түрде қорытынды жұмыстарымен айналысады. Бірақ оларға мәтінге
байланысты тапсырмалармен жұмыс істеу қиынға түседі әрі кӛркемдік
сӛздерге онша мән бере бермейді. Эмоционалдық типті оқушылар мәтінмен
қызыға жұмыс жасап, авторға тән кӛркемдегіш құралдарды тез, жеңіл
анықтайды, бірақ оларға жоспарларды құру мен қорытынды жұмыстары
қиынырақ түседі.
Кӛркем шығарманы қабылдау үдерісінде оқушылардың осы ерекше-
ліктерін ескеріп, әр типтегі оқушының ӛзіндік ерекшеліктерін дамытуға күш
саламыз. Пайымды ойға бейім оқушының ойлау белсенділігін дамыта оты-
рып, эмоциялық қабілетін дамыту маңызды.
Оқытудағы мақсат – оқушыда осы сезімдерді ояту ғана емес, оқушы
эмоциясын тәрбиелеу. Л.С.Выготский ӛзінің ―Педагогическая психология‖
деген еңбегінде: «Почему-то нашем обществе сложился односторонний
взгляд на человеческую личность, все понимают одаренность и талантли-
вость только применительно к интелекту. Но можно не только талантливо
мыслить, но и талантливо чувствовать. Эмоциональная сторона личности
96
имеет не меньше значение, чем другие стороны, и составляет предмет и
заботу воспитания в токой же мере, как ум и воля»
1
деп атап кӛрсетеді. Бала
эмоциясын тәрбиелеуде кӛзделетіні — тұлғаның ақыл-ой дамуымен қатар
рухани болмысын да шыңдау, нақты мақсатқа, әрекетке қозғаушы болу.
Үлкен үміт арқалайтын келешекте, болашақ қоғамда осындай ізгіліктен
туындайтын әрекеттер ғана шешуші роль атқарары сӛзсіз.
«Жүректе айна жоқ болса, сӛз болмайды ӛзгесі»
2
–деп Абай айтқа-
нындай оқуды мазмұнды іске асырудың бір жолы — оқушы эмоциясына әсер
ету, игі ықпал жасау. Ӛлеңді оқығанда, талдағанда сабақты ерекше кӛңілге,
эмоцияға құру, қаламгер шығармасындағы кӛңіл-күйді сезіндіру арқылы
оқушыда күрделі эмоциялық күй қалыптастыруға күш салу. Берілетін
білімнің оқушы эмоциясымен астасуы оның ойлау қабілетіне және ми қызме-
тінің қабаттарында терең із қалдыруына кӛмектеседі. Кӛркем шығарманың
танымдық, дамытушылық маңыздылығымен қоса, эстетикалық, эмоциялық
әсері де басым. Осындай ерекшелігіне орай оқытуды эмпатиялық диалогқа
(бала эмоциясына бағытталған) құру ӛте тиімді. Оқушы кӛркем шығар-
малардың эстетикалық әсерін, кӛркем сӛз айшығын, сӛз қолдану шеберлігін,
сипатталып отырған кӛріністің әсерін сезінеді, сонымен қоса, баяндалып
отырған мазмұнға сезіммен араласады. Осы араласу бала жүрегіндегі басқа
қасиеттерге түрткі болуы маңызды. Кӛркем шығармалар оқытқанда аталған
әдіс-тәсіл оқушы эмоциясына ықпалдылықты арттырады.
Әр жағдайда жұмыс жасағанда оқушының жұмыстан ләззат ала білу,
оқушының білім, білігімен, оның эмционалдық, ӛнер туындыларын қабыл-
даудағы қажеттілігін аңғара білу маңызды.
Көркем шығарманы қабылдауды ұйымдастыру жолдары. Жеке
туындыларды қабылдауда оны бүтіннің бӛлшегі ретінде ойлап, оқушылардың
әдеби білімінің элементі ретінде, олардың ойының дамуына, қоғамдағы қа-
лыптасу мен эмоционалды-эстетикалық әсер алуы жайлы үнемі есте тұтқан
жӛн.
«Адам баласы... кӛзбен кӛріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен
татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» – дейді
3
Абай.
Баланың сыртқы ортаны тануы осындай жекелеген қасиеттерден, жеке
бӛліктерден тұрғанымен оқушы белгілі бір ұғым, түсінікті тұтастай
қабылдайды. Кӛркем шығарманы оқытқанда қабылдаудың осындай тұтастық
заңдылықтары мен даралық ерекшеліктерін дұрыс байланыстырғанда ғана
жақсы нәтижеге жетуге болады. Шығармадағы даралық ерекшеліктерді
ажыратып тани отырып, оқушы бірінен-бірі ажырамай тұрған тұтас әлемді,
шығарма табиғатын таниды. Осы ұғымның оқушы есінде берік орнығуының
бір шарты — ассоциациялық байланыстың дұрыс болуы. Іргелестік ассоциа-
циясын шақыра отырып, танымға қызмет етіп тұрған жекелеген сӛздер
тудырып тұрған ұғымдарды саралау, анализ жасау, сондай-ақ ұқсастық
1
Выготский Л. Педагогическая психология. М., Педогогика, 1991 -143
2
Абай шығармаларының толық жинағы, 1 том.– Алматы: Рауан, 1989.
3
Абай шығармаларының толық жинағы. 2- том.– Алматы: Рауан, 1989
Достарыңызбен бөлісу: |