32
Ш.Кәрібаевтың 5-сыныпқа арналған бұл оқулығы 1941-1960 жылдар
аралығында қайта бастырылған
1
. Тек бағдарламадағы ӛзгерістерге сәйкес
оқулықта кейбір авторлар алынып, кей тұстары толықтырылып отырған.
Ал 1989 жылы оқулық жаңа автордың қосылуымен ӛңделіп, толықты-
рылғаны (құрастырушылар: Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиева)
2
.
1989-90 жылдардағы Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігінің
бекітуімен мектептер он бір жылдық болып, орта буын сыныптар 5 - сынып-
тан басталуына сәйкес, аталған Ш.Кәрібаев, С.Тілешова, К.Назарғалиеваның
авторлығындағы оқулық енді 6-сыныптікі делініп қайта бастырылған.
Осы тұста тоқталуға тиісті тағы бір оқулық 4-сыныптікі. 1967 жылғы
мұғалімдер конференциясының шешімдеріне сай бастауыш сыныптар 1,2,3
болып, орта буын сыныптар 4,5,6,7 болып белгіленуіне байланысты 1971-
1972-оқу жылындағы бағдарламаға орай осы жылы 4-сыныпқа «Әдебиеттік
оқу» кітабы Т.Әбдірахманов пен Ә.Дайырованың авторлығымен жарық кӛрді.
Аталған оқулық 1989 жылға дейін ӛзгеріссіз он тоғыз рет басылым
кӛрген. 1989-90 оқу жылында орта буынның ендігі жерде 5-сыныптан
басталуына қатысты бұрынғы авторлар (Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова) жаңа
автормен толықтырылып (Қ.Айтқалиев), оқулық қайта бастырылған
3
. 5-
сыныпқа арналған оқулықтың жаңа нұсқасында негізгі оқу материалы
ӛзгеріссіз басылғанымен әдістемелік құрылымы (методикалық аппарат) бұ-
рынғы оқулықтан жетілдіріле түскені аңғарылады. Атап айтқанда мәтінге
қатысты берілген сұрақ-тапсырмалар біршама жетілдірілген. Олардың маз-
мұны тӛмендегідей болып келеді: 1) Ӛлеңнен теңеу және балама мағына-
сында қолданған сӛздерді табыңдар. 2) Теңеу (салыстыру) ретінде қолданыл-
ған сӛздерден балама мағынасын беретін сӛздердің бір-бірінен қандай
айырмашылығы болатынын мұғалімнің кӛмегімен анықтап беріңдер.
4
т.б.
Оқулықта әдебиет теориясынан эпитет туралы ұғым қалыптастыру кӛзделген.
Т.Әбдірахманов, Ә.Дайырова, Қ.Айтқалиевтің авторлығында бұл оқулық
1995 жылға дейін ӛзгеріссіз беріліп келді.
6-сыныпқа арналған Қ.Бекхожиннің құрастыруындағы әдебиеттік оқу
кітабы 1941 жылы жарық кӛрді
5
. Оқулық — оқушының басты білім алатын
құралы. Сондықтан оқулықта оқушы орындайтын тапсырмалардың дұрыс
құралуында үлкен мән бар. Сұрау-тапсырмалар арқылы оқушы білімін,
білігін, сӛйлеу тілін дамытады. Әдебиеттік оқу курсы ретінде орта буында
оқушылардың кітаппен тығыз қарым-қатынаста болуы керек-ақ. Оқулықта
осы мәселелерді жаттығулар арқылы ұтымды шешуге талаптанған. Кітапта
1
Кәрібаев Ш. Абай Құнанбаев // Әдебиеттік оқу кітабы: 5 - класқа арналған. Алматы,
1960. Б 3-4.
2
Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1956. Б
149-152.
3
Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы, 1957. Б
150-153.
4
Сонда 94-95 б.
5
Бекхожин Қ. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы: 1941. Б 110-111.
33
сондай-ақ шығармаларда кездесетін мағынасы ауыр сӛздерге түсіндірме
сӛздік берілген.
6-сыныпқа арналған бұл оқулық 1941-1951 жылдары қайталап шы-
ғарылып отырған. Бірақ қанша рет қайталанып басылғанымен мәтінмен
жұмыс істеуге керекті әдістемелік талаптар жетілдірілмей кӛбінесе ӛзгеріссіз
қалып отырған. Осыдан кейін 1952 жылдан бері қарай жаңа авторлардың
құрастырумен шығарылған (авторлары Ш.Ахметов, Ш.Амановтар) оқулық-
тың да ілгеріде айтылған оқулықтан ерекше ӛзгеріп, педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік талаптарға сәйкестенгендігі аңғарылмайды.
1
Сұрақтар мен тапсырмалар беруде, мәтінмен жұмыс жүргізуде белгілі бір
қалыптасқан сарын сақталған.
2
Аталған оқулық 1952-1962 жылдары қалыпты
шығарылып тұрған /174-183/. Әр ӛлеңнен кейін қысқаша сӛздік келтірілген.
1989 жылы бұл оқулықтың авторлар құрамы (Ш.Ахметов, Р.Құтқожина
болып) ӛзгертіліп, қайта басылып шықты. Орта буын сыныптардың
ӛзгертілуіне байланысты, ендігі жерде 7-сыныпқа ұсынылған.
3
Оқулықтың
жаңартылып шығуында ілгеріде айтылған олқылықтар сол қалпында
берілген. Аталған оқулықта оқу материалы бағдарламаға сәйкес қосылған.
Бұдан кейінгі бір кӛңіл аударарлық оқулық — 7-сыныптың «Әдебиеттік
оқу» кітабы. Бұл кітап Ш.Кәрібаевтың авторлығымен 1940 жылы жарық
кӛрген.
4
Оқулықтағы сұрау-тапсырмалар оқушыларды ізденіске, шығарма-
ның ішкі ӛзегін түйсінуге оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, баланың
сезім мүшелерінің (кӛру, есту, иіскеу) қатыстылығын мазмұнды меңгеруге
итермелейді. Мұғалімге де біршама әдістемелік бағыт-бағдар береді.
Сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларда бала қиялын ұштауға
арналған жұмыс түрі байқалады. Осы айтылған жұмыстардың негізінде
баланы мәнерлеп оқу дағдысына орынды түрде бағыттайды. Кейін де бұл
оқулық Ш.Кәрібаев, Н.Ғабдуллиннің авторлығымен шыққан.
5
1989-90 оқу
жылында орта буын сыныптарының ӛзгеруіне байланысты осы оқулық ӛңде-
ліп, толықтырылып 8-сыныптікі делініп ұсынылған.
6
Енді бір тоқталып айта кететін оқулық — 1993 жылы «Рауан» баспа-
сынан жарық кӛрген 8-сынып оқулығы. Авторлары: Н.Ғабдуллин,
С.Мақпыров, Г.Құрманбаева.
7
Жаңа әдебиет бағдарламасы негізінде «Жаңа
буын» оқулықтары
1 Ахметов Ш., Аманов Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 6-класқа арналған. Алматы: 1952.
Б 143-162.
2 Сонда, 147 б.
3 Ахметов Ш., Аманов Ш., Құтқожина Р. Әдебиет оқу кітабы. 7-класқа арналған
оқулық-хрестоматия. Алматы: Мектеп, 1989. Б. 26-31
4
Кәрібаев Ш. Әдебиеттік оқу кітабы: 7-класқа арналған. Алматы: 1940.
5
Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық-
хрестоматия. Алматы: Рауан, 1986.
6
Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық-
хрестоматия. Алматы: Рауан, 1991.
7
Кәрібаев Ш., Ғабдуллин Н. Әдебиет оқу кітабы. 8-класқа арналған оқулық-
хрестоматия. Алматы: Рауан, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |