А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет54/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103

125 
 
бағытталған жүйелі танымдық әрекетін ұйымдастыруға құрылады  деген сӛз. 
Сабақтың әр кезеңінде танымдық әрекетті қалайша іс жүзіне асыруға болады? 
Сабақты  дамыта  оқыту  технологиясының  ұстанымдарына  үйлестіре  жүргізу 
үшін  мұғалім  нені  білуі  керек?  Әдебиетті  жаңаша  оқыту  технологиясын 
меңгеруде  пәннің  ішкі  мазмұнына  сай  келетін  жақтарына  назар  аударып, 
мына мәселеге кӛңіл бӛлу керек. 

 
Білім  мазмұнының  ерекшелігіне  қарай  әдіс-тәсілдердің  нәтиже 
беретін жүйесін дұрыс таңдау. 

 
Мазмұнға байланысты нақты мақсаттар мен міндеттерді  қоя білу. 

   Оқу  технологияларын  мазмұнға  сәйкес  тиімділігіне  қарай  іріктеп, 
синтездеу. 

 
Оқушылардың  әрекетін  алдын-ала  жобалаған  нәтижеге  бағыттай 
ұйымдастыру. 
«Оқу»  кең  мағынада  шәкірттің  жаңа  білімді  меншіктеу  үдерісі  болып 
табылады.  Бірақ  кез  келген  оқу  білімді  меңгеру  емес.  Егер  оқушы  білім 
жинақтаса  және  ол  ӛз  бетінше  алдына  қойған  оқу  міндетін  шешуге 
бағытталса  әрі  ӛзінің  әрекетін  бақылау,  бағалау  амалдарын  игерсе  ғана  оқу 
әрекеті болып табылады. Оқу белсенді әрекет түрінде ұйымдастырылса ғана  
оқушының оған деген қарым-қатынасы, қызығушылығы артады. 
 
Педагогикалық технологиялар ұғымы. 
«Педогогикалық  технология»  дегенді  қалай  түсінеміз?  Бұл  туралы 
ғылымда әртүрлі  түсініктемелер  бар. Технология  —    белгілі  бір  істе  немесе  
шеберлікте ӛнерде қолданылатын  тәсілдердің жиынтығы.    
«Педагогикалық  технология  —  оқыту  әдіс-тәсілдерінің,  формалық, 
әдістемелік,  амалдық,  тәрбиелік  амалдардың  арнайы  алынғанын  және 
үйлестірілгенін  білдіретін психо-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы»,–  
деп түсіндіреді Б.Т.Лихачев.  Ал, В.П.Беспалько: «Педагогикалық технология 
—  оқу  процесін  жүзеге  асырудың    мазмұнды  техникасы»  -  дейді.  
И.П.Волковтың  пікірінше:  «Педагогикалық  технология  —  оқытудың 
жоспарланған  нәтижесіне  жету  процесін    сипаттау».    В.М.Шепель:  «Техно-
логия — ӛнер, шеберлік, іскерлік, іріктеліп-тексерілген әдістердің жиынтығы
ӛзгертілген  жағдайы»,  –  деп  түсіндіреді.  М.Чошановтың  айтуынша: 
«Педагогикалық  технология  —  дидакткалық  жүйенің    іске  асырылған 
қалпы».  В.М.Монахов:  «Педагогикалық  технология  —    әр  бӛлшегіне  дейін 
ойластырылған  педагогикалық  әрекетті  жобалау  моделі,    оқу  процесін 
қалайда оқушы мен мұғалімге ыңғайлы жағдайда ұйымдастырып ӛткізу»,  – 
дейді.  Байқап  отырғанымыздай  педагогикалық  технологияны  сипаттауда 
педагог-психолог ғалымдардың пікірі алуан түрлі.    
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен 
біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің,  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдас-
тырудың ӛзара ортақ тұжырымдарымен байланысқан міндеттер мазмұнының, 
формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері. Мұнда әр позиция 
басқаларына әсер етіп ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар 
жиынтығын құрайды.  


126 
 
Бүгінгі  таңда  П.М.Эрдниев  дидактикалық  бірліктерді  шоғырландыру 
(УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен  
В.В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті-
тұлғалық  технологиясы,  В.Ф.Шаталовтың  оқу  материалдарының  белгі  және 
сызба  үлгілері  негізінде  қарқынды  оқыту  технологиясы,  М.Чошановтың 
проблемалық 
модульді 
оқыту 
технологиясы, 
П.И.Третьяковтың, 
К.Вазинаның  модульді  оқыту  технологиясы,  Е.Н.Ильиннің  «Әдебиетті  адам 
қалыптастырушы 
пән 
ретінде 
оқыту» 
жүйесі, 
В.М.Монаховтың, 
В.П.Беспальконың  және  басқа  да  кӛптеген  ғалымдардың  технологиялары  
кеңінен танымал. 
Қазақстанда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» 
жобасы белсенді түрде қолдануда. Модульді оқыту технологияларын, дамыта 
оқыту  технологияларын,  саралап,  деңгейлеп  оқыту,  жобалау  технология-
ларын  республика  аймағында  дамыта  қолданудың  ғылыми-әдістемелік 
негізін 
қалыптастырған   
(А.Қараевтың,  С.Мирсейтова, 
А.Әлімов, 
Ә.Жүнісбек,  А.Сатбекова)  әдіскер-ғалымдар  бар.  «Сатылы-кешенді  талдау» 
технологиясын  қазақ  мектептерінде  әуелі  қазақ  тілі  пәніне,  кейінірек  басқа 
пәндер бойынша оқыту тәжірибесін жүргізуші Н.Оразақынова сияқты әдіскер 
ғалымдар бар. 
Оқытудың жаңа технологияларының философиялық негізі.  
Қазіргі таңда Қазақстанда  әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағыт-
талған жаңа білім жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Білім парадигмасының 
ауысуы  ӛзге  педагогикалық  әлеует,  ӛзге  қарым-қатынас,  ӛзге  құқықтар  мен 
әдіс-тәсілдер, басқа мазмұн ұсынары белгілі. 
Білім беру жүйесі мазмұн жағынан ӛзгеріп келеді. Олар:  
– Оқушылардың ақпараттарды игеру, талдау қабілетін дамыту,  қажетті 
ақпаратты тауып, тиісті мүддеде қолдана алу құзіретін дамыту; 
– Ақпаратарды    игерудің  дәстүрлі  тәсілдеріне  (ауызша  және  жазбаша 
сӛйлеу, аудио құралдар) компьютерлік оқыту құралдары, Е-Learning жүйесі 
қосылуы;  
– Педагогикалық үдерістің маңызды құрамы - оқытушы мен оқушының 
жеке-бағытталған байланысын орнату
– Жеке  тұлғаның  рухани  тәрбиесіне,  адамгершілік  қасиетке  бай  тұлға 
қалыптастыруға баса кӛңіл бӛлу; 
– Білім  факторларының  әрі  қарай  интеграциялануы  кӛзделеді:  мектеп, 
отбасы, микро және макросоциумға бағытталу
– Ғылымның  қоғамдық  білімге  пара-пар  боларлық  педагогикалық 
технологияны құрудағы рӛліне басымдық берілуде.  
Дәстүрлі білім жүйесіне елеулі ӛзгеріс енуде. Білім беру ұстанымдарын 
жақсарту бағытында білім жүйесіне жаңа сипат берілуде.  Атап айтар болсақ:  
– Есте  сақтау  функциясы  ретінде  оқытудан  алған  білімді  қолдануға 
мүмкіндік  беретін  ойды  дамытатын  үдеріс  ретінде  оқыту.  Яғни  бұрынғы 
білім-ақпарат  деп  танып,  оқушылардың  жаттап  алу,  түсінігін  айтып  беру 
сияқты  оқу-қызметінен  гӛрі  алған  білімді  қолдана  алу  қабілеттеріне 
басымдық берілуде; 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау