7 тақырып: Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері
Мақсаты: Бюджет шығыстарының бюджет түрлері бойынша бөліну ерекшеліктерін анықтау
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1.Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
2. Бюджет шығыстарын лимитін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік өтініш құруы және оларды қарау
3. Бюджет шығыстарын қайта құрылымындаудың негізгі бағытары
Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық қүралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік қүралдардың тікелей шығыстарымен бай-ланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекет-тік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып та-былады. Шығыстар жүйесін қүру-қүралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік қүралдарды жүмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюд-жетте шоғырланған қүралдар арқылы қаржыландырыланады. Бүл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі реліне байланысты ке-лесі екі топқа бөлуге болады:
өндірістік қорларды үлғайту мен өндірістің үздіксіз про-цесін қамтамасыз ету үшін;
қоғам мүшелерінің әлеуметті-мәдениеттік мүқтаждықта-рын қанағаттандыру үшін.
Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерек-шеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюд жет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі не-гізгі факторларды есептеу қажет:
басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;
мекемелердің бағынушылығы;
мекемелердің іс-әрекет шекарасы;
шығыстарды тиісті бюджетке апару.
Республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиті бюджеттік жоспарлау женіндегі тиісті уәкілетті орган-дармен ағымдағы және даму бюджеттік бағдарламалар үшін қалыптастырылады. Бюджеттің болжамдық керсеткіштері, бюд-жет қүралдарын пайдалануының басымдылық бағыттар керсет-кіштері, операциялық қалдық мелшері, орташа мерзімді фискалдық саясатпен белгіленген корсеткіштер және республика мен ай-мақтар дамуының орташа мерзімді жоспарларымен анықталған керсеткіштер бюджет шығыстарының лимитін анықтау негіздері болады. Бұл лимиттерді, бюджеттік комиссияда қаралып бекітіл-геннен кейін, бюджет жоспарлау женіндегі уәкілетті органдар әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |