www.ustaz-martebesi.kz/ ustaz_martebesi@mail.ru №8 (123), 21 сәуір, бейсенбі, 2016 жыл
Құбаш Меңдіғалиев, ғалым:
«СҰРАНЫСЫ ЖОҚ МАМАНДАРДЫ
ДАЯРЛАУДАН БАС ТАРТУЫМЫЗ КЕРЕК»
- Мемлекет білім саясатында жоғары білім алуға емес,
кәсіптік білім беруге, нарықта сұранысы мол кәсіптік
мамандықтарды игеруге көп көңіл бөлуі тиіс. Бізде еңбек
нарығына, мамандарды жүйелі бағытта дайындауда
бірізділік жоқ. Жақын болашақта сұранысы жоқ мамандарды даяр-
лаудан бас тартуымыз керек. Жоғары оқу орындары министрліктен
емес, жұмыс берушілерден түскен талдау, мониторинг нәтижесінде,
тапсырыс бойынша мамандар әзірлеуді басымдық етуі керек. Одан
ЖОО жұмыс беруші кәсіпорындар, мекемелермен тығыз өндірістік
әріптестік орнатуы керек. Сонда маманның даярлануына ЖОО да,
кәсіпорын да бірдей жауапты болады.
Өмір Шыныбекұлы,
№41 мектеп-лицейінің
тарих пәні мұғалімі,
Шымкент:
- Мамандық таңдау мәселесінде ха-
лықтың көзқарасын өзгерту керек.
Қазақ: "Балам билікке барсын, шенді
болсын" дейді. Онысы дұрыс шығар.
Қазақ сыныптарында оқитын балалар-
дың 98% міндетті түрде ҰБТ-ға барады.
Бірі біліммен, бірі тамыр-танысымен тап-
сырып шығып, жоғары білім алады. Мұ-
ның арты не болады? Бізде қандай ма-
мандыққа сұраныс бар? Еңбек нары-
ғында слесарь, сантехник, электрик, тас
қалаушы секілді мамандықтарда сұ-
раныс бар. Міне, осы жағы ақсап қалып
жатыр.
Жастар жоғары оқу орындарына түсті
делік, оқыды. Дегенмен олардың
мамандықтарына деген сұраныс шек-
теулі ғана. Олардың таңдаулыларының
таңдаулылары жұмысқа тұрып кетті, ал
үлкен пайызы жұмыссыз қалды. Тіпті
базарларда арба айдап жүргендердің
арасынан жоғары білімді, дипломы бар
азаматтарды кездестіруге болады.
Төле би: «Бәрің бірдей тойшы болсаң,
қор боласың, Бәрің бірдей қойшы болсаң
да қор боласың, Бірің тойшы, бірің
қойшы болсаң, зор боласың»,-дегендей,
қазіргі күнгі нанотехнолог та нан жегісі
келеді, ет жегісі келеді, ол үйде тұрғысы,
көлік айдағысы келеді. Ал, енді сол
нанды пісіретін, үйді тұрғызатын, көлікті
дайындайтын адам керек пе? Керек!
Сондықтан нарыққа қажетті маман-
дарды даярлау керекпіз.
Дос Көшім,
саясаттанушы:
«ҚАЗІРГІ
БАЛАЛАР
АҚШАСЫ КӨП
ЖҰМЫСТЫ
АРМАНДАЙДЫ»
- Тәуелсіз алған жылдардан
бастап, құлдырап кеткен саланың
бірі - білім саласы. Оның ішінде,
менің ойымша, жоғары білім сала-
сы. Соңғы кездері біздің шетелдерге
темір қақпамыз ашылды. Шетелдік
білім саласын көрген сайын, біздің
бұған көзіміз жетіп келеді. Осы
кезге дейін жасалған сан түрлі
реформалар оның сыртқы фор-
масын өзгерту болды да, ішкі
мазмұнына ешкім мән берген жоқ.
Сондықтан болу керек, Елбасымыз
шетелдік білім саласына көбірек
мән беру қажеттігін айтып жүр.
Бұған соңғы кездері қолға алынған
"Болашақ" бағдарламасы дәлел
бола алады. Бірақ шетелдік білім
жүйесі мен біздің ішкі өміріміз
қабыса бермейтіні тағы бар.
Шетелдерде білім алған дұрыс. Тек
алған білімді ішкі тәжірибемен
алмастыра білу кемшін түсіп жа-
тады. Сондықтан білім саласы
өзімізде дамуы керек. Бірде Аме-
рикаға барғанымда, сол елдің сена-
торымен жолыққаным бар. Сонда
ол кісі маған негізгі бағытты ден-
саулыққа, тәртіпке, білімге бағыш-
тайтынын айтып еді. Сақадай-сай
мектеп. Ешқандай кінәрат таба ал-
майсыз. "Бұған ақшаның қажеті
қанша?" дегенімде, "Мына партаны
көріп тұрсыз ба? Біз ақшаны осы
партаға құямыз. Өйткені күні ертең
осы партада оқып бітіргендер Аме-
риканы ұлы мемлекетке айналды-
рады" деген еді. Көрдіңіз бе? Ең
бірінші кезекте, білімге көңіл бөлуі-
міз керек. Бұрын бала кезімізде, та-
рихшы, мұғалім, космонавт бола-
мыз деп армандаушы едік. Қазіргі
балалар ақшасы көп жұмысты
армандайды. Менің қорқынышым
да осы - жастарда мұндай арман ар-
ман жоқ. Демек, жиырма бес жыл-
да біз өз арманымыздан айырылып
қалдық.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!
2016 жылдың ІІ жарты жылдығына «Ұстаз мәртебесі» газеті-
не жазылу «Қазпошта» ААҚ және «Евразия пресс» ЖШС арқы-
лы жүргізіледі. «Казпошта» арқылы жазылу бағасы Қызылорда
қаласы үшін 6 айға 1320 тенге, аудандар үшін 6 айға 1440 теңге.
Ал, «Евразия пресс» арқылы жазылу құны Қызылорда қаласы
үшін 6 айға 1650 теңге, аудандар үшін 6 айға 1800 теңге.
Жазылу индексі: 65035.
ОРТАША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ
Атырау облысы
254 200 теңге
Маңғыстау облысы
236 400 теңге
Астана қаласы
221 000 теңге
Алматы қаласы
178 500 теңге
Батыс Қазақстан облысы
125 300 теңге
Павлодар облысы
119 700 теңге
Қарағанды облысы
118 500 теңге
Ақтөбе облысы
113 400 теңге
Шығыс Қазақстан облысы
111 300 теңге
Қызылорда облысы
106 800 теңге
Қостанай облысы
100 800 теңге
Алматы облысы
95 800 теңге
Ақмола облысы
94 100 теңге
Оңтүстік Қазақстан облысы
88 800 теңге
Жамбыл облысы
87 800 теңге
Солтүстік Қазақстан облысы
87 300 теңге
Дереккөз: kaznews
"Руханиятты жаңғырту" қоғамдық қорының
"Зияткер" білім беру орталығы және "Өрлеу"
БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойын-
ша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты бірлесіп, облыстың колледж
студенттері мен лицей, орта мектептің 8-11 сы-
нып аралығындағы дарынды оқушылары ара-
сында "Үздік жас ғалым" ғылыми жұмыстар кон-
курсын өткізеді.
Үздік деп танылған мақала авторлары
қазылар алқасы алдында қорғайтын болады.
Орын алған үздіктер мадақтамамен марапатта-
лады. Үздік ғылыми жұмыс авторларының ең-
бектері белгіленген талап бойынша жинаққа
енеді.
Байқаудың ақпараттық қолдаушысы - қоғам-
дық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік "Ұстаз мәр-
тебесі" газеті.
Хабарласу телефоны: 8(7242)-20-16-19.
Эл.пошта: nur-rukhaniat@mail.ru
БАҒЫҢДЫ СЫНА, ЖАС ТАЛАПКЕР!
ЖҰМЫС БАР, МАМАН ЖОҚ...
да 474,9 мың
студент, 32500
магистрант, 2
мың докто-
рант оқиды.
" Ж о ғ а р ы
білім берумен
қамту 48,4%-
ды құрайды.
Жоғары оқу
орнын аяқтаған соң бір жылдан кейін ЖОО-лар
түлектерін еңбекпен қамтудың көрсеткіші 69,8%-ды
құрап отыр", - деді Д.Болатханұлы.
«Қазақпарат»
«Республикада бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған
125 жоғары оқу орнының 42-нде студенттерді оқыту
үш тілде жүргізіледі, онда 474,9 мың студент
оқиды»,-деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі Білім беру, ғылыми қызмет және
халықаралық ынтымақтастық департаментінің
директоры Дінислам Болатханұлы.
"Индустриялық-инновациялық дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру
үшін мамандар даярлау мақсатында базалық ЖОО-
лар анықталған, еліміздің 42 ЖОО-да үш тілді
кадрларды даярлайды", - деді ол.
Департамент басшысының мәліметінше, бүгінде
республика бойынша білім беріп отырған 125 ЖОО-
70 мың жұмыс орны тек-
ке қалады. Денсаулық сақ-
тау және әлеуметтік даму
министрі Тамара Дүйсено-
ваның мәлімдемесі қоғам-
дағы жұмыссыздықтың жа-
йын һәм әлеуметтік пробле-
малардың бүгінгі көрінісін
бейнелеп бергендей әсер бе-
реді. Бос орындардың басты
себебі жоғарғы оқу орнын бі-
тірген мамандардың еңбек
нарығындағы талаптарға
сай еместігі, қысқа қайыр-
ғанда "біліксіздігі". Әрине,
министрдің бұл ақпары
"Қазақстанда кәсіби білік-
тілігі жоқ мамандар қалып-
тасып отыр" дегенді білдір-
мейді. Тек соңғы жылдары
білім беру саласындағы ма-
ман даярлауда олқылық-
тардың барын баяндап тұр.
- Жыл сайын елімізде 17
мыңнан астам бос жұмыс
орны қалып отырады. Себебі
оқу орындарын бітірген аза-
маттардың біліктілігі жұмыс
берушілердің талаптарына
сай келе бермейді. Бұл ол-
қылық жұмыс берушілердің
өздерін оқу процесіне атса-
лысуын белсендіру арқылы
шешілуі мүмкін,- деді ми-
нистр Т.Дүйсенова.
Расында, бүгінгі еңбек
нарығы сұранысқа ие кадр-
ларды талап етеді. Бұл мақ-
сатта оқу орындарына арты-
лар міндет екі еселенеді.
Себебі экономикалық аху-
алды қалыпқа келтіретін
жаңа жұмыс орындары бі-
лікті мамандарға зәру. Тех-
никаның тілін білетін, инно-
вациялық жобаларды иіріп
алып кететін жас кадрларға
қол жеткізу оңайға соқпай
отыр. Осы мақсатта, минис-
трлік арнайы кәсіби ұйым-
дар құру қажеттігіне баса
назар аударып отыр. Себебі
экономикалық әлеуеті зор
кәрі құрлықтағы мемлекет-
терде бұл мәселелермен жұ-
мыс берушілер, белгіленген
ұйымдар айналысады.
Еңбек нарығына талдау
жүргізген мамандардың сө-
зіне қарағанда, сұранысты
қанағаттандыра алмай
отырған "техникалық кәсіп-
тік мамандықтар" екені
анықталып отыр. Мұны ҚР
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму вице-ми-
нистрі Біржан Нұрымбетов
те жоққа шығармайды.
- Ағымдағы болжамға
сүйенсек, қажеттіліктің 73
пайызға жуығы қайта өңдеу
өнеркәсібі саласында, яғни
тағам және тоқыма өнеркә-
сібінде, құрылыс пен ауыл
шаруашылығы бағыттарын-
да болмақ. Жыл сайын
еңбек нарығына 200 мың-
нан астам жастар, мектеп
түлектері, орта-арнайы жә-
не жоғары білім ұйымдары-
ның түлектері бағытталады,
- деді вице-министр.
Жұмыссыздық, маман-
дардың біліктілігі бүгін ай-
тылып жатқан мәселе емес.
Маман даярлаудың жайын
біз айтпасақ та белгілі бол-
ғандықтан, оған бағыт бұр-
мадық. Дегенмен де жыл
сайынғы бос орындарға
қарап, «қандай кадрлар
даярлап жатырмыз?» деген
сауал туындайды. Осы се-
бепті біз бүгінгі күннің бас
қатырар мәселесіне айнал-
ған кадрлар сапасына бай-
ланысты қоғамда айтары
бар мамандардың пікірлерін
де назарға алдық.
Жанға батқан жұмыс-
сыздық әлем елдерін де
шарпып тұр, демек бұл фак-
тор бақуатты тұрмыстағы
экономикасын еселеп алған
мемлекеттерде де орын алу-
да. Дегенмен, істің ретін
тапқан жандарға елімізде
жұмыстың барын сандар
сипаттап беріп отыр. Мәсе-
лен, бір ғана Вьетнам елін
алайық. Ұлтарақтай жерде
ұлт болып отырған 92 мил-
лион халық бар. Бәсекелестік
жоғары, талап қатал. Әсіре-
се, күріш алқаптарында жұ-
мыс жасайтын күрішшілер
күніне біздің теңгеге шақ-
қанда 1500 теңге алады. Енді
бағамдай беріңіз. Қара күшке
малданған халықтың жағ-
дайы осылай. Біздегі ахуал
белгілі. Қайтпек керек?
Қазір техниканың тілі.
Ғылым да техникалық мүм-
кіндіктерге байлаулы. Ол тіл-
дік сауаттылыққа келіп тіре-
леді. Демек, бүгінгі білімді
кәдеге жарату үшін тіл білімін
болуы маңызды. Себебі шар-
тарапты шарлаған иннова-
торлар күн сайын жаңа дүни-
елер шығаруда. Мұны бекер-
ге қозғап отырғанымыз жоқ.
Жақында ресейлік сарап-
шылардың бірі кейінгі 10-20
жылда мамандардың жұмы-
сын "роботтар" атқарады де-
ген болжамын айтып қалды.
Қауіптің қайдан келгенін сіз
де біліп отырған шығарсыз.
Демек, жұмыссыз қалмау-
дың жайын ойланатын кез
келді...
Абай ТАҒЫБЕРГЕН
ЖОО ҮШ ТІЛДІ КАДРЛАР ДАЯРЛАЙДЫ
«Балам билікке
барсын, шенді
болсын...»
4
АДАМДЫ ДӘРЕЖЕ ЖЕТКІЗБЕЙДІ,
БІЛІМ ЖЕТКІЗЕДІ
Ә.Жәми
21 сәуір
2016 жыл
Нарықтық қатынастарға құрылған бүгінгі жағ-
дайда білімге деген бетбұрыс бұрынғыдан бөлек. Са-
палы мамандар, қарымы мол кадрлар сұранысты
қажет етпейтіні белгілі. Десе де соңғы кездері мем-
лекет білім беру орындарына мамандарды даярлау-
дың озық тәсілін дамытуды мақсат етіп қойды. Бұл
білім беру бағытын нарық жолымен шешудің оңтай-
лы әдісін қалыптастыруға жол ашады. Техникалық
бағыттағы маман иелеріне сұраныс күн санап ар-
туда. Еңбек нарығына жол ашатын, кәсіптік сала-
ның іргетасын қалайтын оқу орындарына сапалы
білім берудің талаптары күшейтілуде. Елбасы ұсын-
ған кәсіптік саланың көкжиегін кеңейтуде байып-
ты бастамалары арқылы салаға серпіліс әкеліп
жатқан оқу орындарының орны бөлек. Өңірде өз ба-
ғыты, жарты ғасырдан астам тарихы бар Жала-
ғаш индустриалды-аграрлық колледжі де білімдегі
бастамаларға өз көзқарастарын танытып келеді.
дарды даярлады. Өз саласында қажырлы
еңбегі арқылы биікті бағындырған кешегі
түлектердің қатарында Социалистік Еңбек
Ері Тұршабек Елеусінов, Жоғарғы Кеңес
депутаты Айнаш Балғабаева, облыстық
спорт басқармасының басшысы Садық
Мұстафаев, мемлекеттік сыйлықтың лау-
реаты Тұрлыбай Әбдіхалықов, белгілі әнші
Құдайберген Бекішов, облыстық қаржы
полициясы полковнигі Болат Шонықов,
Қызылорда қаласы прокурорының орын-
басары Ислам Тәуіпбаев, Жалағаш кенті
әкімі Қожантай Құлмахан, аудан әкімі ке-
ңесшісі Тұрақ Ахетов, аудандық мәсли-
хаттың аппарат басшысы Ботагөз Жаха-
нова, Қаракеткен ауылы әкімі Қайрат
Өлментай, Бауыржан Ғазизовтарды
атауға болады.
МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ
ЖҮЙЕЛІ ЖОЛЫ
Жалағаш индустриалды-аграрлық
колледжі аудан көлеміндегі кәсіпорындар,
шаруашылық, кәсіпкерлік ұйымдармен
әлеуметтік серіктестік келісімдер жүргізіп,
мемлекеттік стандарт аясында кәсіби ма-
мандардың өндірістік машықтануын прак-
тикалық тәжірибеден өту мақсатында
аудандық "Электр тарату" мекемесі,
"Сәрке батыр", "Таң ЛТД", "М.Шаменов",
"Аққұм ЛТД", "Мақпалкөл" жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктермен қоян-қолтық
жұмыс жасауда. Мемлекеттік тапсырыс
негізінде "Ауылшаруашылық өндірісіндегі
тракторшы-машинисі", "Электргазбен дә-
некерлеуші", "Электр жабдықтарға қыз-
мет көрсетуші" (электромонтер), "Ағаш ұс-
тасы" бағытындағы мамандардарды даяр-
лап, еңбек нарығына жолдама беруде. Тео-
риялық білімін практикамен ұшастырған
жас мамандар жұмыспен қамту бағдарла-
масы бойынша білімдерін жетілдіруде.
- Білім алушылардың білімін бағалау-
да колледж бойынша директорлық сына-
ма алынады. 2014-2015 оқу жылында тес-
тілеу орталығы арқылы тестілеуден өткен
бітірушілердің үлгерімдік көрсеткіші 95%-
ға жетіп, олар кәсіби біліктіліктерін дәлел-
деп, сертификаттарға ие болды. Мәселен,
"Фермер", "Газэлектр дәнекерлеуші",
"Элекромонтер", "Тас қалаушы" маман-
дықтарында оқитын сынақтардан жоғарғы
нәтиже көрсетуде,-дейді колледж дирек-
торы Ғани Карбозұлы.
Қазірде оқу орнында студенттер кон-
тингенті жыл санап артуда. 14 оқу тобын-
да 343 студент білім алады. 15 оқу каби-
неті, 5 зертхана, 2 шеберхана, 1 оқу поли-
гоны бар. Колледжде өндірістік оқу ше-
бері техник қызметкерлерін қосқанда 85
адам жұмыс жасайды.
АЛҒАШҚЫ АСУЛАР
Тың және тыңайған жерлерді игеру
басталған жылдары елдің жағдайы ке-
ңестік кезеңнің көзін көрген талай адам-
дардың есінде болар. Бірақ, қаншама
қиындықтарға қарамастан халық білім
арқылы биікке көтерілді. Сол жылдары
өмірлік қажеттілігі зор маман даярлаудың
жолын жалғастырған осы білім ордасы -
Жалағаш индустриалды-аграрлық кол-
леджі. Аталмыш білім орны алғашында
1959 жылдың 20 желтоқсанда №150 ауыл-
шаруашылығын механикаландыру
училищесі ретінде ашылған. Бастапқы-
да білім орнын басқаруға К.Назарқұлов
тағайындалады. Сол жылдардан бері
жастарға білім беріп келе жатқан, бүгінде
ардагер ұстаздар училищеде небәрі бес
ДТ-54 шынжыр табанды, екі МТЗ-доң-
ғалақты трактор, үш комбайн, екі Газ-
51 және ЗИЛ автомашинасы мен соқа-
саймандар болғандығын айтады. Міне,
материалдық әлеуетін байытуда колледж
жыл санап жаңа техникалық құрал-жаб-
дықтар сатып ала бастады. Бәрі де оңай-
лықпен бола қоймайтыны белгілі, сол
жылы аудан колхоздарынан келген 120
жас түлек 6 айлық курста оқыған. Учи-
лищенің материалдық-техникалық база-
сының нашарлығынан жастарға кәсіптік
білім беру қиынға соққан. Десе де темір-
дей тәртіп бұл қиындықты еңсеруге ма-
мандардың білік, білімі арқылы қол
жеткізді.
Арада бірнеше жыл өткеннен кейін,
білім орнын кеңес-партия жұмысында
шыңдалған іскер басшы Болтай Тасы-
баев басқарады. Жаңа басшы жұмысын
училищенің оқу-техникалық базасын
нығайтудан бастайды. Училищеде көр-
кейту-көгалдандыру жұмыстарынан
бастап жаңа оқу нысаны, гараж, ше-
берхана, клуб, асхана салынады. Осы
мүмкіндіктер арқылы жас мамандар кол-
хоздар мен совхоздардың күзгі егінін жи-
нау, көктемде жер жырту, мал төлдету,
жазда мал азығын дайындауға септігін
тигізді.
Бағыт алған білім ордасы кейінгі жыл-
дары, яғни 1964 жылы оқу полигонын жа-
сақтайды, соның нәтижесінде Үкімет
қаулысына сәйкес, Ресейден, Украина-
дан, Белоруссиядан 150 жас жігіт білім
алып, олар тың игеру жұмыстарына
аттанды. 1963 жылы училище Павлодар,
Көкшетау, Қостанай, Ақмола облыста-
рымен келісім-шартқа отырып, 2-3 жыл-
да 640 оқушы оқытып, тыңға жолдама
алды.
Колледж уақыт өте келе маман даяр-
лаудың аясын кеңейтті. Ауылшаруашы-
лығы саласында өнімді еңбек еткен жас
мамандар күріш өнімдерін жинап, егістік
даласында тәжірибе жинақтады. Сон-
дай-ақ, тігін машинасының шеберлері,
шопан-механизатор мамандары дайын-
дала бастады. Білім ордасы жанынан көр-
кемөнерпаздар үйірмесі ашылып, оған
талабы таудай жастар тартылды, кейін-
нен ұйым ансамбльге айналып, өнерлі
өрендерді бір шаңыраққа топтастырды.
Өздерінің жемісті еңбегінің нәтиже-
сінде, директордың орынбасары Т.Көзді-
баев "Қызыл Ту" орденімен, өндірістік оқу
шебері К.Ілиясов "Еңбектегі ерлігі үшін"
медалімен, оқытушы Ж.Еңсепбаева
"ҚазССР кәсіптік білім беру үздігі", аға
шебер К.Ақмағанбетов "СССР кәсіптік
білім беру жүйесінің үздігі" белгісімен ма-
рапатталды. Ал, өндірістік оқу шебері
Т.Дүйсекенов облыста, республикада өз
салмағы бойынша еркін күрестен чем-
пион атанды.
Училище 1968 жылы екі жылдық, ал
1972 жылы үш жылдық болып қайта құ-
рылды. Өркениет көшіне ілескен кол-
ледж аз уақыт ішінде материалдық-тех-
никалық базасын нығайтып, маман да-
ярлаудың сапасын арттырды. Мәселен,
1986-1996 жылдар аралығында училище-
де кең көлемді тракторист-машинист, ав-
томобиль жүргізушісі, сылақшы-тасқа-
лаушы, электр және газбен дәнекерле-
уші және автомобиль жүргізушісі, село
электригі, аспазшы, ІІІ класты тракто-
рист, "С" категориялы автомобиль
жүргізушісі, "К-700" тракторының жүр-
гізушісі, қолөнер шебері, фермер маман-
дықтары оқытылды.
Колледж тарихын сөз еткенде оның
бірнеше кезеңдер мен қайта жасақталу-
дан өткенін байқайсың. Мәселен, Қы-
зылорда облыстық білім департаменті бо-
лып қайта құрылуына байланысты учи-
лище №3 кәсіптік-техникалық мектеп
болып қайта құрылады.
Талай жылдардан бері жинақталған
тәжірибе тарихты құрайды. Әрине, әр
жылдарда өз қолтаңбасын қалдырған
басшылардың, ұстаздар мен өндіріс ше-
берлеріні еңбегі зор. Қазірде колледждің
тізгінін ұстаған білікті басшы Серікбаев
Ғани Карбозұлы білім ордасын дамыту-
да өз білімі мен тәжірибесі негізінде оқу
орнын толымды жетістіктерге жеткізуде.
БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ -
МАМАН МЕРЕЙІ
Білім беру саласында қасиетті қара
шаңырақ атанған Жалағаш индустриал-
ды-аграрлық колледжіне биыл 57 жыл то-
лып отыр. Осы жылдар ішінде колледж
еліміздің экономикалық әлеуетін
арттыруға негіз қалайтын білікті маман-
ЖЕТІСТІК ДАМУҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Жарты ғасырдан астам тарихында кол-
ледждің жеткен жетістіктерін бір мақала-
ның көлеміне сыйғызу мүмкін емес. Десе
де бәсекеге қабілетті білім ордасының бү-
гінгі бет алысын, шыққан шыңын, жет-
кен жетістігін айта кету қажет. Колледж-
де оқушыларға мамандық негізінде сапа-
лы білім, саналы тәрбие беруде үлес қосып
жүрген оқытушылар Ж.Иманғалиева,
Г.Алсеитова, С.Ақисаева, Қ.Қосжанов,
А.Бүркітбаев, М.Смайлов, өндірістік оқу
шеберлері Ғ.Әлімбет, А.Шидербаева,
Б.Тасболатов, Б.Темірбеков, Н.Жақсылы-
қов, У.Пірманов, көркемдік жетекші
А.Кенжеғараев, суретші-безендіруші
Қ.Бегімсалов білім беру саласында өз орны
бар білікті ұстаздар екенін дәлелдеп келеді.
Қазіргі күні директордың өндірістік оқу
жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Ша-
менова, директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Ә.Әбдібеков, директордың
оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Кенже-
ғұлова, әдіскер Г.Тұрсынбаева, директор-
дың шаруашылық жұмыстары жөніндегі
көмекшісі Қ.Тілеумбетов, шеберхана мең-
герушісі Р.Пірімжанов, бас есепші
Н.Уақбаева сынды мамандардың еңбегі
ерекше.
Жетістіктерді салмақтайтын болсақ,
"Үздік механизатор-2014" облыстық байқ-
ауында колледж студенті Рахат Бекмұра-
тов жүлделі ІІІ орынды, "Үздік өндірістік
оқыту шебері-2014" облыстық байқауын-
да колледж өндірістік оқу шебері Руслан
Пірімжанов жүлделі ІІ орын, Байқоңыр
қаласындағы "Космос" колледжінде өткен
"Үздік жалпы пән оқытушысы-2014" об-
лыстық байқауында қазақ тілі және әде-
биеті пәні оқытушысы Сәрсенкүл Ақисае-
ва жүлделі І орынды иеленген.
Студенттер арасында техникалық
кәсіптік білім беру оқу орындары арасын-
да WorldSkills Kazakhstan аймақтық чем-
пионатына қатысқан Дауылбай Алмат,
облыстық қазақ тілі әдебиеті пәні олим-
пиадасында жүлделі орын алған Фарида
Төлек, облыстық "Отан қорғаушы - 2015"
жарысында ІІ орын алған Нұрхан Қош-
қарбаев, ағылшын тілі пәнінен облыстық
олимпиадада І орын алған Сәдек Асхат,
математика пәнінен ІІІ орын алған Темір-
бек Биболат, облыстық ғылыми-теория-
лық конференцияда үздік баяндама жа-
сағандар Б.Иманғазы, Д.Салауат және т.б.
аудандық, облыстық, республикалық,
спорттық сайыстарға белсене қатысып
жүрген студенттер көптен саналады.
Колледж директоры
Ғани Серікбаев
Кәсіби маман - болашақ негізі. Заман талабына сай қазіргі күні сұранысты қана-
ғаттандыратын техникалық маман иелерін даярлап келе жатқан Жалағаш индуст-
риалды-аграрлық колледж жарты ғасырды артқа тастап, үздіксіз даму жолымен
келеді. Елдік деңгейдегі шараларға, мемлекеттік бағдарламаларға батыл қадам
жасап, әлеуметтік әріптестіктің аясын кеңейтіп жұмыс атқарып жатқаны - кол-
ледждің бағындырар белесі әлі алда екенін бағдарлайды.
Абай ТАҒЫБЕРГЕН
5
АДАМДА НАҒЫЗ АДАМ БОЛУДАН БАСҚА
МАҚСАТ БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС
21 сәуір
2016 жыл
Л.Шеффер
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арналған жолда-
уында техникалық және кәсіптік бі-
лім алуды дамыту, 2017 жылдан бас-
тап "Баршаға арналған, тегін кәсіби-
техникалық білім" атты жаңа бағдар-
ламасы мемлекет басшысының жұ-
мысшы мамандығы беделінің зор
екендігін білдіреді. Қазақстан мем-
лекеті - бағыт-бағдары, белгілеген
мақсаты айқын ел. Президентіміздің
бүгінгі Жолдауы әлемді шарпыған
дағдарыстан, қысылтаяң күндерден
қиналмай шығып, елдік мұраттарды
жоғары дәрежеде іске асыру бары-
сын тиянақтады. Бұл жоба қоғамды
жаңа жағдайға бейімдейді, әрі жап-
пай мамандандыруды қамтиды.
Елбасы айтқандай, "Әлемдегі ең
дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылып, бай да қуатты елдермен
иық түйістіру-мақсатымыз" болса,
Жолдауда көрсетілген жолды бағдар
ретінде ұстансақ, қазақ елінің ба-
сына туатын жарқын күннің де алыс
емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда
ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп,
мәңгілік ел - Қазақ елі болатынымыз
айдан анық. Жолдаудағы "Санаулы
күндерден кейін біз азаттық туын
желбіреткен тәуелсіз мемлекет атан-
ғанымыздың 25 жылдығына аяқ ба-
самыз. Бұл - Тәуелсіздікті нығайту
жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің
ширек ғасырлық белесін қорытын-
дылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті
баянды ету, оған қол жеткізуден де
қиын екенін біз осы жылдар ішінде
көріп-білдік. Мемлекетіміздің тұғы-
рын мызғымастай нығайту үшін
бізге әлі талай күрделі, өтпелі де сын-
дарлы шақтардан өтуге тура келеді.
Өрлеу жолындағы өнегелі кол-
ледж ұжымы бүкіл әлемдік банк қа-
рызы есебінен қаржыландырылатын
"Техникалық және кәсіптік білім
беру жүйесін жаңғырту" жобасына
қатысып, 380 мың АҚШ доллары,
яғни, 57 млн.теңге грантының иегері
атанды. Жоба негізінде іс-тәжірибе
алмасу мақсатында инженер-педа-
гогтар Франция, Германия, Чехия,
Ресей, Белоруссия мемлекетінде
білімін жетілдірді. Қызылорда облы-
сындағы техникалық және кәсіптік
білім беретін оқу орындары бүгінгі
күні жас жұмысшы мамандарға тегін
білім беруге, бітірушілердің жұмысқа
орналасуына жағдай жасауға, ал
әріптес мекемелер кадрларды жұ-
мысқа алуға, жас мамандарды ынта-
ландыруға дайын екендігін білдіреді.
Ұлт болашағы жұмысшы мамандар
даярлау сапасын арттыру және
дуальды оқыту жүйесін жандандыру
аясында Қазалы көлік-техникалық
колледжі ұжымы "Қазақстан темір
жолы" ұлттық компаниясымен үш
жақты келісім-шартқа қол қойылды.
Елбасы Жолдауында техникалық
және кәсіптік білім берудің дуальді
технологияға негізделген қазақстан-
дық жүйесін қалыптастыру тапсыр-
масына сәйкес техникалық және
кәсіптік білім беруге дуальді оқыту
технологиясының элементтерін ен-
гізу мақсатында Қызылорда облысы-
ның кәсіпкерлер палатасымен бір-
лесе отырып, жұмыстар жасауда.
Бірлескен жұмыстар нәтижесін-
де дуальді оқыту жолдары арқылы те-
міржол саласында жоғарғы деңгей-
дегі білікті де білімді кадрларды даяр-
лауға мүмкіндік алып отырмыз.
Мемлекет басшысының тікелей
ұсыныстары негізінде соңғы екі-үш
жыл көлемінде дағдарыстың алдын
алу және оны тиімді пайдаланып
экономикалық өрлеудің тың тетікте-
рін қалыптастыру шараларын жүзе-
ге асыру тұрақты сипат алуда. Бар-
лық мүмкіндіктерімізді іске қосуды
талап еткен экономикалық құжат
деп қабылдауға толық негіз бар.
Әлеуметтік маңызы зор іс - ол
жаңа жұмыс орындарын ашу тапсыр-
масы. Осы тұрғыда 660 мың жаңа жұ-
мыс орны ашылып, еңбек өнімділігі
екі есе артуы тиіс. 2016 жылдың ба-
сынан 30 пайыз көлемінде бюджеттік
еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы
және стипендия көлемі артатын
болды. Денсаулық сақтау, білім беру
және әлеуметтік қорғау салалары-
ның қызметкерлерінің еңбекақы-
лары көтерілетін болады.
Мәселен, Елбасының: «Зейнет-
ақы қаржысын бизнесті қаржылан-
дыру үшін пайдалануды тоқтату ке-
рек»,-деп айтқан ойын қолдаймын.
Өйткені әр адам болашақта зейнета-
қымен қамтамасыз етілуіне алаң-
дайтыны сөзсіз. Бұдан бөлек бюджет
саласында еңбек ететін қызметкер-
лер жалақысы 2016 жылдың қаңта-
рынан бастап өсетінін естіп қуандық.
Әрине, Жолдауда көптеген мәселе-
лерге қатысты бағыт-бағдарлар сара-
ланған.
Қазақстан халқына " Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму" атты жаңа жол-
дауы - жас мамандарды тәрбиелеуде
орны ерекше, заман талабына сай
жоспар. «Біздің мақсатымыз елі ба-
қытты, жері гүлденген, қасиетті Ота-
нымыз - Қазақстанды мәңгілік ел
ету»,-деген Елбасы сөздері әр қазақ-
стандықтың қаперінде жүрер ізгі
сөздер деп ойлаймын.
Кәсіби білікті маман даярлау,
техникалық және кәсіптік білім
берудің сапасын арттыру - басты
мақсат. Биіктен көрінуге бағытталған
еліміздің кәсіптік білім саласының
болашағы жарқын, келешегі кемел
болатынына сеніміміз мол.
Болатбек Әбиұлы АХМЕТОВ,
Қазалы көлік-техникалық
колледжінің директоры
"Қазір біздің қазақ хал-
қында оқудың жаңа дәс-
түрі басталған кез. Біздің
қазақта шын қазақша
мектептің керектігін біле
бастаған шақ",- деп М.Ду-
латов ХХ ғасырдың бас
кезінде оқу-ағарту ісі ар-
қылы ұлт намысын ойлай-
тын ұлтжанды азамат тәр-
биелеу мектептен бастау
алатындығын кемеңгер-
лікпен айта білді. Мемле-
кетіміз жан-жақты дамы-
ған білімді ұрпақ тәрбие-
леуде, жалпы орта білім
беру мазмұнын жаңғырту-
да оқу үрдісін кеңейтуге
ықпал жасап отыр. Білім
беру жүйесінің жаңару
жолындағы жетістіктері
мен табыстары бүгінгі
таңдағы қазақ мектепте-
рінің көбейе бастауымен
ерекшеленеді.
"Қазақтың тағдыры,
келешегі, ел болуы мек-
тебінің қандай негізде бо-
луына барып тіреледі" де-
гендей, ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық руха-
ни мұраны жас ұрпақтың
бойына қалыптастыруда
мектептің ролі зор. Тә-
уелсіз мемлекетіміздің бо-
лашақ ұрпақтарының бі-
лімді болуына ұлттық тәр-
биенің елдігіміз үшін
қымбат екеніне көз жеткі-
зу - бүгінгі күннің өзекті
мәселесі. Ұлтымыздың
жас ұрпағының бойына
адамгершілік қасиеттерді
дарытуға, ізгілікке, адам-
гершілікке, адалдыққа
тәрбиелеуге, ар-ұжданды
қастерлеуге халқымыз
ерекше көңіл бөліп отыр-
ған. "Жаным - арымның
садақасы" деп, арды адам-
гершілік қасиетінің үлгісі
санағандығын мектеп
оқушыларына ұғынды-
руға халық педагогикасы-
ның тигізер ықпалы зор.
"Халық педагогикасы
адамның жан дүниесін
тәрбиелейтін және зерт-
тейтін ілім",-деп жазушы
ғалым С.Ғаббасұлы айт-
қандай, адамгершілік құн-
дылықтарды оқушы бойы-
на дарытудағы ата бабалар-
ымыздың ұрпақтан-ұр-
паққа ауызша жеткізген
өсиет-өнеге, нақыл-ақыл,
тәлім-тәрбие беру тағылы-
мы - тұнып тұрған халық-
тық педагогика. Ауыз әде-
биетінің мақал-мәтел,
жұмбақ, жаңылтпаш т.с.
асыл үлгілерін оқу үрді-
сінде орынды қолдана оты-
рып, оқушының адамгер-
шілік сезімдерін оятуда ха-
лықтық тәрбиенің тигізер
ықпалы орасан зор.
Халықтың біртуар пер-
зенттері Абай әжесі
Зереден, Бейімбет әжесі
Бойдастан халық ауыз
әдебиетінің үлгілерін тың-
дап өскен, халқының жү-
регінен орын алған шығар-
маларына асыл мұраны
арқау еткенін білеміз. Әже
мектебінен қиялына қанат
бітіріп, өнегелі тәрбие, ұла-
ғатты өсиет алған ғұлама
ойшылдар қаншама? Бү-
гінгі таңда ұлтжанды аза-
мат тәрбиелеуде халықтық
тәрбие негізі атанған ата
мен әже мектебіне көңіл
бөлінбей келеді. Мектеп
табалдырығын аттаған ба-
лалар ұстазының бақыла-
уында болады. Мұғалімнің
оқушымен қарым-қаты-
насы ынтымақтастық пе-
дагогикаға сай болса, жа-
риялылық, еркіндік жүзе-
ге асады. Бұл тұлғаның бо-
йында өзіне сенімділігін
қалыптастырады, ойын
еркін айтуға жетелейді.
Педагогикалық жаңа
технологияларды оқу үрді-
сіне енгізе отырып, халық
педагогикасының эле-
менттерін пайдаланудың
тұлғаның танымдық қабі-
леттерін дамытудағы ма-
ңызы зор. М.Жанпейісова-
ның модульдік оқыту тех-
нологиясындағы оқыту-
дың белсенділік түрлерін-
де, Ж.Қараевтың деңгей-
леп саралап оқыту техно-
логиясында халық ауыз
әдебиетінің үлгілерін ма-
қал-мәтелдерді, жұмбақ-
тарды, жаңылтпаштарды,
шешендік сөздерді, ырым-
тыйым сөздерін, ұлттық
ойындарды пайдалану-ана
тілін қадірлей білуге, еліне
деген сүйіспеншілік сезі-
мін арттыруға ықпал етеді.
Ақын Қ.Мырзалиев:
"Әр сабақтан қазақтың қа-
зақи исі мүңкіп тұруы ке-
рек",-деп айтқандай, білім
беру үрдісінде баланы
имандылыққа, кішіпейіл-
ділікке, ұлтжандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу-
де маңызы орасан.
Еліміздің болашағы-
ұрпақ тәрбиесінде. Өрке-
ниетті қоғам мен құқылы
мемлекеттің қалыптасуы
өскелең ұрпақтың рухани
байлығы мен мәдениет-
тілігін, еркін ойлау қабілеті
мен шығармашылығын,
кәсіби біліктілігі мен білім-
Мемлекет басшысы колледждерде дуальды оқыту әді-
сін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеді. Дуалды оқы-
ту жүйесінің негізгі мақсаты - техникалық-кәсіптік оқу
орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс,
шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе
отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере
алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарлама-
ларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Қа-
зіргі кезде әлемде оқытудың дуалды оқыту жүйесі техни-
калық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жол-
дарының бірі болып табылады.
Дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі, еңбек на-
рығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім ме-
кемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші
мекемелердің де жауапкершілігін арттырады. Дуальды
оқыту әдісіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары өзде-
ріне әлеуметтік серіктес табуы керек. Яғни, оқушылар
тәжірибе сабақтарын өткізуі үшін өздерінде даярланатын
мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісім-
шартқа отыруы тиіс. Ең бастысы, түлектердің жұмысқа
орналасу көрсеткіші жоғары болады. Дуальды жүйе бо-
йынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды.
Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде,
оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгереді деу аз, нағыз
дайын маман болып шығады. Біз жұмыс берушілердің сұ-
раныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық
кадрлар даярлайтын боламыз. Біздің оқу орнымыз - Қы-
зылорда құрылыс және бизнес колледжінде дуалды оқыту
жүйесін оқу-тәрбие процесіне енгізу мақсатында тәжіри-
белері мол мамандарды шақырып семинарлар, тренинг-
тер, сайыстар өткізу қолға алынуда.
Дуалдық оқыту жүйесін енгізу - халықаралық білім
беру стандарттарына сай жас мамандардың жұмысқа тұру
мүмкіндігі және бәсекеге қабілетті кадрлар дайындаудың
кепілі. Бұл жүйе - теориялық білім мен практикалық білімді
ұштастыра білген және білікті маман дайындауда ықпалы
зор әлем мойындаған форма. Дуалдық жүйе бойынша
оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды,
іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-
жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің
- білім, ғылым, өндірістің өзара байланысын, өзара әсерін,
өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру
жүйесінің сапасын арттырмақ.
Ақтоты АБДУЛЛАЕВА,
Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің
арнаулы пән оқытушысы
КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУ - БІЛІМ БЕРУДІҢ
САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰРПАҚ
БОЛАШАҒЫ
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР
Жақында №145 орта мектебінде "Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау - сапалы білімнің негізі" тақырыбында
қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты - жаңа
ақпараттық технологияларды, жаңа әдіс-тәсілдерді са-
бақта тиімді қолдана отырып, оқушыға сапалы білім беру.
Жиынға қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Жылқай-
дарова және қалалық білім бөліміне қарасты ауыл мек-
тептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысын алдымен қалалық білім бөлімінің әдіс-
кері Г.Жылқайдарова ашып, қатысушыларға сәттілік ті-
леді. Одан әрі мектептің ардагер ұстазы М.Баймбетов қо-
нақтарды мектеп тарихымен таныстырып, бүгінгі кезеңде
заманауи мектепте білім алу - жетістіктің баспалдағы еке-
нін баяндады. Мектеп директорының міндетін атқарушы
А.Койшыбаева семинардың мақсатын, барысын қаты-
сушыларға түсіндіріп өтті. Семинар қонақтары "Ақылдың
алты-қалпағы" әдісі бойынша топқа бөлініп, шеберлік са-
бақтарға қатысты. Шебер сабақтарды мектептің І дең-
гейлі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Сақтаға-
нова, ІІІ деңгейлі тәжірибелі мамандар қазақ тілі мен әде-
биеті пәнінің мұғалімі Л.Сейтқасым және информатика
пәнінің мұғалімі Ж.Тлеуова, тәлім алушылар, бастауыш
сынып мұғалімдері Т.Балатева мен Ж.Тәжен, сондай-ақ
мектеп психологы Ә.Қоңырбаева көрсетті. Мектептің
шығармашыл мұғалімдерінің сабақтарында оқушының
белсенділігін дамытатын тың әдістер, өзіндік бағалау
жүйелері көрініс тапты.
Семинар соңында Г.Сақтағанова семинарға қатысу-
шылармен "Сындарлы оқыту - сапалы білімнің негізі" та-
қырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында семи-
нарға қатысушылар топта жұмыс жасап, оқытудың тың
идеялары жайында ой-пікір алмасты. Қонақтар ауыл
мектебіндегі ұстаздардың жаңаша идеяларының ерекше-
лігіне, оқытудың жаңаша тәсілдерінің тиімділігін, оқушы-
лардың өзіндік ойын еркін жеткізуін, белсенді іс-әрекетке
қызыға қатысқанын баяндады.
Семинарды қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Жыл-
қайдарова қорытындылады. Мектеп әкімшілігі мен шебер
сабақтарды көрсеткен пән мұғалімдеріне шығармашылық
табыс тілеп, оң баға берді.
Ләйла СЕЙТҚАСЫМ,
№145 орта мектебінің мұғалімі
ділігін талап етеді. Қазақ-
стан Республикасының тә-
уелсіз мемлекет тізгініне ие
болуы, қазақ тілінің мемле-
кеттік тіл құқына көтерілуі,
білім туралы, жастар саяса-
ты туралы заңдардың қа-
былдануы-келешек ұрпақ
тәрбиесіне үлкен жауап-
кершілікпен қарауды талап
етеді.Бүгінгі күн талабына
орай тәрбиенің мазмұнын,
мақсатын, қағидаларын,
міндеттерін қайта қарасты-
рып, түбегейлі жаңарту
қажет. Тәрбиені жаңарту
мәні - адамның биология-
лық табиғаты мен ішкі
мүмкіндіктері арқылы же-
ке тұлғаның азамат ретін-
де дамуына және жалпы
адамзаттық, ұлттық қазы-
налардан нәр алуына жағ-
дай тудыру.
Қоғамымыздың іргесін
нығайту мақсатында ең ал-
дымен адамгершілік, ізгі-
лік, имандылық тәрбиесін
көркейту қажет. Оның не-
гізгі мұраты-баланы жас-
тайынан әлеуметтік ортада
мәдениетті қарым-қатынас
жасай білуге үйрету, үл-
кенді сыйлау, кішіге ізет
көрсетуге, елжандылыққа
баулу. Ендеше, атаның қа-
нымен, ананың сүтімен
бойымызға енген ұлағатты
да ұлттық тәрбиені жас
ұрпақтың бойына сіңіру-
ден жалықпайық!
Гүлнар КҮЗЕМБАЕВА,
Қазалы көлік-
техникалық колледжі
директорының оқу-тәрбие
жұмыстары жөніндегі
орынбасары
8
Меншiк иесi -
ЖК "Аманат"
Бас редактор -
Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ,
филология
ғылымдарының
кандидаты, Қазақстан
Журналистер одағының
мүшесi
Жауапты хатшы:
Абай ТАҒЫБЕРГЕН
8 771 422 75 37
Тілшілер:
Майра БОЛАТОВА
8 707 286 00 99
Нұрболат
ҚОЙМАҒАМБЕТОВ
8 778 235 05 13
(Жаңақорған ауданы)
Лиза РАХМАНБЕРДІ
8 775 781 35 30
(Шиелі ауданы)
Ұлан ҚАЛИЕВ
8 775 930 35 55
(Қазалы ауданы)
Ақылдастар алқасы:
Әбдiхалықова Әлима,
педагогика
ғылымдарының
кандидаты, ҚР еңбек
сiңiрген қайраткерi
Байназарова Райкүл,
Қызылорда облыстық
білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ
комитетінің төрайымы
Елеусiнов Бауыржан,
Қызылорда облысы
бойынша педагогикалық
қызметкерлердің
бiлiктiлiгiн арттыру
институтының директоры
Есжанов Асқарбек,
Қызылорда қалалық білім
бөлімінің басшысы,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
Омарұлы Жұмабай,
"Ұлағат консалтинг" оқу
орталығының директоры,
ҚР Білім беру ісінің
құрметті қызметкері
Редакцияның мекен-жайы:
Қызылорда қаласы,
З.Шүкіров көшесi, 62
Байланысу телефоны:
8/7242/201619
ustaz_martebesi@mail.ru
www.ustaz-martebesi.kz
Газеттiң жазылу индексi:
аймақ тұрғындары үшін -
64521
облыс тұрғындары үшін -
65035
Газетте жарияланған
авторлар пiкiрi
редакцияның көзқарасы
болып есептелмейдi.
Редакцияға келген
хаттарға жауап
жазылмайды, қолжазба
авторға қайтарылмайды.
"Ұстаз мәртебесiнде"
жарық көрген
материалдарды көшiрiп
басқанда, редакцияға
сiлтеме жасау мiндеттi.
Газет Қазақстан
Республикасының
Байланыс және ақпарат
министрлiгiнiң Ақпарат
және мұрағат комитетiнде
тiркелiп, 2011 жылы 16
ақпанда №11459-Г куәлiгi
берiлген.
Газет редакцияның
компьютерлiк
орталығында беттелiп,
"Сыр медиа" ЖШС
баспаханасында
басылды.
Қызылорда қаласы,
Сұлтан Бейбарыс көшесi,
н/ж
Газеттің басылу сапасына
баспахана жауапты.
Хабарласу тел. 40-06-68
Газет айына 2 рет
шығады.
Көлемi 2 баспа табақ.
Таралу аймағы:
Қызылорда, Оңтүстiк
Қазақстан, Жамбыл,
Алматы облыстары
Таралымы 6000 дана
Тапсырыс №444
БАРЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ
ЖЕҢЕ БІЛУДЕН БАСТАЛАДЫ
21 сәуір
2016 жыл
Л.Леонов
МЕРГЕН ҚЫЗ -
ДИНАРА
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы
қарсаңында Қарағанды қала-
сында Кеңес Одағының батыры
Әлия Нұрмұхамедқызы Молда-
ғұлованың ерлігін еске алу құр-
метіне арналып өткізілген рес-
публикалық деңгейдегі пневма-
тикалық винтовкадан көздеп ату
турниріне қаламыздағы Ғ.Ақ-
таев атындағы №6 орта мектеп
және Пригород орта мектебі
оқушыларынан жасақталған облыс командасы қаты-
сып, командалық есепте I орынды жеңіп алды. Жекелей
есеп бойынша Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің
11-сынып оқушысы Динара Мусрали, бапкері - Ербол
Құлтанұлы, жарыс жеңімпазы атанып, Әлия апамыз-
дың нағыз жерлес сіңілісі екендігін тағы бір мәрте дә-
лелдеді. Динара мектептегі үздік оқушылардың бірі жә-
не 8-сыныптан бастап "Жас Мерген" үйірмесінің бел-
сенді мүшесі. Қала, облыс көлеміндегі атыс сайыста-
рына аса қызығушылықпен қатысып, үнемі жүлделі
орындарға ие болып жүр. Атыс өнерінің алдағы таңдаған
мамандығына да пайдасы тиетіндігіне сенімі мол.
Ақтөбе облысының намысын қорғап, жеңімпаз
атанған осындай мерген қызымыз - Динара Мусрали
мен оны әрдайым қолдап, үлкен жарыстарға бар ынта-
жігерімен дайындап, жүрген бапкері АӘД пәні мұғалімі
Түбір Ербол Құлтанұлын үлкен жеңістерімен құттық-
тай отырып, алдағы уақытта да тек сәттілік тілейміз!
Айгерим ТУБИРОВА,
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Шахмат - ғылыми ақыл-ой мен ха-
лық шығармашылығы негізінде, шешім
қабылдауға және қадам жасауға итерме-
лейді. Бүгінде спорттың осы түрімен ай-
налысып жатқан оқушылардың қатары
көбейіп келеді.
Осындай таланты жастарға қолдау
көрсету мақсатында Жаңақорған аудан-
дық дене шынықтыру және спорт бөлімі-
нің ұйымдастыруымен 8-14 жастағы жас-
өспірімдер арасында аудандық біріншілік
өткізілген болатын. Нәтижесінде №167
орта мектебінің дене шынықтыру пәні
мұғалімі З.Сайдажиевтің жетекшілігімен
жаттықтырылған бес оқушы жүлделі
оралды. Тоқталып өтсек, І орын Қалсұлу
Әбжаппар (12 жас), ІІ орынды Әсия
Әбжаппар (14 жас) иемденді. Ал, Ернұр
Әбибулла (8
жас), Біржан
Өтеген (12
жас) мен Иса
Т о қ с а н б а й
(10 жас) ІІІ
орынды иеленіп, бөлім
бастығы М. Рақымжановтың Алғыс
хатымен марапатталды. Бірінші орын
иегері Қ.Әбжаппар облыстық ойынға жол-
дама алып, қатысып қайтты.
Міне, ойлау мен шешім қабылдауды
дамытатын бұл спорттың түріне деген
қызығушылық оқушылар арасында кеңі-
нен қанат жайып келе жатқанның дәлелі.
Өркендерің өсе берсін!
Қ.ОСПАНОВА,
№167 орта мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
НАУРЫЗ ТӨКТІ ШУАҒЫН
Наурыз келді, ағайын, наурыз келді,
Қарлар еріп, көкпеңбек мұз еріді.
Табиғат - ана дүр сілкініп, ұйқысынан,
Жер - ана өзгеше бір күйге енді.
Бүршік атып, ағаштар гүлденеді,
Бәйшешек қызыл-жасыл түрге енеді.
Күн менен түн бір сәтте теңеледі,
Туған жерім ғажайып түрленеді.
ТУҒАН ЖЕР
Алыс кетсем өзіңнен сағынамын,
Өзің жайлы толғанып, жыр жазамын.
Туған жер көзге ыстық, қымбат екен,
Туған жердің қасиетіне табынамын.
Туған жер - алтын бесік, жерұйығым,
Кіндік кескен, туып-өскен думанды елім.
Әр қыраты бір тарих, бар байлығым,
Сыр бүккен аңыздардан туған жерім.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қор-
шаған ортамен таныстыру
Мақсаты:
Білімділік: Қоршаған ортадағы жабайы
аңдар туралы түсініктерін кеңейту, олар-
дың тіршілігімен таныстыру.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, аң-
дарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбие-
леу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік
қорларын молайту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету,
релаксация, түсіндіру, ойын жаттығу.
Билингвизм: Жабайы - дикий, аңдар -
животные, аю - медведь, қасқыр - волк,
түлкі - лиса.
Көрнекілігі: Жабайы жануарлардың
суреті, проектор, слайд, аңдар, орман жаб-
дықтары.
Мотивациялық-қозғаушы кезең: Шат-
тық шеңбер - балалар қонақтармен сәлем-
деседі. Балалар шаттық шеңберге тұрып,
қимыл қозғалыстарымен жасап көрсетті.
Іздену-ұйымдастырушы кезең:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз.
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер бо-
лады?
-Күн суытады, жапырақтар түсе бас-
тайды, біз қалың киім киеміз.
-Балалар барлық тіршілік иелері қыс
мезгіліне дайындық жасайды.
-Балалар тыңдайды.
-Балалар, жан-жануарлар нешеге
бөлінеді?
- Екіге бөлінеді: үй жануарлары және
жабайы жануарлар.
- Жабайы аңдардың тіршілігімен
танысқыларың келе ме?
- Иә.
Слайдпен суреттер тамашалау.
Балалар ойша киініп, саяхатқа шыға-
ды. Ұзақ
жол жүріп, судан, тастардан,
кедергілерден өтіп орманға жетеді. Му-
зыка әуенімен орман ішінің құс, жануар-
лардың даусы естіледі. Орманда серуен-
деп жүргенде балалар жабайы дала жан-
уарлары туралы біледі. Балалар аңдармен
қоштасып, балабақшаға оралады.
Екі топқа бөлінеді:
І-топ "Мөр табан" әдісімен аңның ізін
салады.
ІІ-топ "Кім қайда тұрады?" суреттердің
қиындыларынан құрастырады.
Топқа бөлініп жұмыстар жасайды.
Сергіту сәті: Әуенмен қосылып, аң-
дардың қимыл-қозғалыстарын жасайды.
Дидактикалық ойын: "Кім тапқыр?" -
жануарлардың сүйікті қорегін тауып, әр
аңның өз тұсына сәйкестендіріп, асын
апарып салу.
Рефлексивті-түзетушілік:
Қорыту: Балалар, сендерге біздің сер-
уеніміз ұнады ма? Серуенге қайда бар-
дық? Орманда нелермен таныстық?
Сұрақтарға жауап береді. Балалардың
жұмысын қорытындылау. Балаларды ма-
дақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әре-
кетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Жабайы аңдардың түрлерін
білді.
Нені меңгерді: Жабайы аңдардың қор-
шаған ортада ерекше орны бар екенін.
Нені игерді: Жабайы аңдарға қамқор-
шы болуды, табиғатқа қорғаушы болуды.
Мариям БАТАМАНОВА,
МКҚК "Сыр бөбегі" балабақшасының
тәрбиешісі
Балалардың бойына ұлттық
сана-сезімін қалыптастыру -
бүгінгі заманның өзекті мәсе-
лесі. Өнерлі жас ұрпақты отан-
сүйгіштік пен мейірімділікке
рухани тұрғыда тәрбиелеу әр-
бір ата-ана мен педагогтың,
қоғамның міндеті деп білеміз.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылды-
ғына орай қалалық қосымша
білім беру оқу әдістемелік орта-
лығында қала мектептері ара-
сында "Балауса-Балдәурен" өнер байқауы болып өтті.
Байқауда қатысушылардың жас ерекшеліктері (9-13 жас, 14-17 жас) ескерілді
және 3 номинация бойынша өткізілді. Атап өтсек, эстрадалық вокал, хореография
және көсем сөз. Додада қала мектептері арасынан 21 мектептен жүздің үстінде оқушы
бақ сынады. Нәтижесінде, байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып,
жетекшілері Алғыс хатқа ие болды.
Ж.Т.БАЙДУЛЛАЕВА,
қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері
"Өмір үшін азық қандай қажет болса, денсаулық
үшін еңбек те соншалық керек, ал дырдумен күн кеші-
ру түбінде адамға ауру болып жабысады. Еңбек өмірдің
шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады".
Иә, расында белгілі экономист Джон Беллерстің бұл
тұжырымы еңбексіз денсаулық, денсаулықсыз еңбек
жоқ екенін алға тартады. Денсаулықтың қадірін жұмыр
басты пенденің барлығы біледі. Осы себепті мемлекет
салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында мем-
лекет деңгейінде мән беріп, түрлі шаралар мен фести-
вальдер ұйымдастырып келеді. Соның бір айғағы, жыл
сайын ұйымдастырылатын дүниежүзілік денсаулық
сақтау мерекесі аясында өткізілетін акция. Биылғы
жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен
облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орта-
лығының ұйытқы болуымен "Денсаулық - тәуелсіз ел-
дің тірегі" атты апталығы өткізілді.
Іс-шара аясында ересектер мен балалар арасында
спорттық сайыстар, велошеру, ұлттық ойын асық ату,
ләңгі тебу, қол күрес, гір тасын көтеру сынды сайыс
түрлері бойынша жарыстар болды. Сондай-ақ, жиылған
жұртшылыққа жағымды көңіл-күй сыйлаған көпшілік
шаралар мен флешбом шараның көркін қыздырды.
Апталық барысында облыстық білім басқармасы
мен қалалық білім бөліміне қарасты облыс, қала, аудан
көлеміндегі мектептерде оқушылар арасында "Денсау-
лық" сабақтары, акциялар, дене жаттығулары және
спорттық шаралар, балабақшалар мен мектептерде ден-
саулыққа бағытталған кездесулер, тренингтер ұйым-
дастырылды.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының мамандарының сөзіне сүйенсек, акция
аясында 96 іс-шара өткізіліп, оған 9 785 адам қам-
тылған.
Негізінен Қ.Мырзахметов басқаратын орталық осы
кезге дейін салауатты өмір салтын қалыптастыру бағы-
тында түрлі спорттық шараларды атқарып келеді. Биыл
асық ату, ләңгі тебу, стритбол, батпан көтеру, арқан
тартыс спорт түрлері бойынша жастар сынға түсті.
Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі, қала-
лық білім бөлімінен оқушылар мен мұғалімдерді жұ-
мылдырған сайыстың қорытындысында "Ләңгі тебу"
бөлімінен ІІІ орынды Ж.Садықов, ІІ орынды А.Саға-
шов, І орынды Е.Әлиев иеленді. Ал, "Қол күрес" бөлі-
мінен ІІІ орынға А.Битасов, ІІ орынға М.Молдағали, І
орынға А.Әмірбеков қол жеткізді. Ұлттық ойын "Асық
ату" жарысынан ІІІ орын А.Жәміш, ІІ орын М.Сьез-
бек, І орын Д.Қайырлыға бұйырды. Көпшіліктің көңі-
лінен шыққан "Гір тасын көтеру" бөлімінде ІІІ орын-
ды Д.Түлкібай, ІІ орынды Б.Бозов, І орынды Н.Маха-
медияр қанжығасына байлады.
Марис ЕГІЗБАЕВ,
№271 орта мектебі дене шынықтыру
бірлестігінің жетекшісі
БАЛЖАНЫМ
Өмірге келді бал-бөбек,
Есімін қойдық "Балжан" деп.
Қуанышпен бұл тойға,
Ағайын-дос келді көп.
Ертең сен де өмірде,
Мұратыңа жетерсің.
Әкең менен анаңның,
Көз қуанышы боп өсерсің.
Айналайын бөбегім,
Өсіп-өніп, көгерсін.
Бақытына бастаудың
Көшбасшысы бол еліңнің.
Ғалия ҒАДІЛОВА,
№209 Ә.Әбутәліпов
атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |