7-сынып I тарау. Физикалық шамалар. 1нұсқа


Электр зарядтары.Кулон заңы



жүктеу 1,03 Mb.
бет3/6
Дата17.11.2017
өлшемі1,03 Mb.
#887
1   2   3   4   5   6

Электр зарядтары.Кулон заңы.

ІІ нұсқа. А деңгейі.

136. Электроскоп өзекшесіне, үстіне сауыттан жіңішке шүмек арқылы құм төгіліп тұратындай етіп, қуыс металл шар орнатылған.Бұл жағдайда неліктен электроскоптың жапырақшалары бір-бірінен ажырайды?

137. Егер электр машинасының разрядтағыш шарларын изоляторға бекітілген жалпақ металл тіліктеріне қоссақ, машина жұмыс істеп тұрғанда астыңғы тілікке себілген бидай жармасы қозғалысқа келе ме? Металл тіліктердің арасында электр тогы бар деп айта аламыз ба?

138. Зарядтары q және q/2 бірдей екі шар түйістіріліп, одан кейін ажыратылған. Шарлардың әрқайсысының зарядтары қандай болады?

139. Шамалары бірдей 10·10-9 Кл екі заряд қандай қашықтықта 9·10-3 Н күшпен әсерлеседі?

140. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?



ІІ нұсқа. В деңгейі

141. Зарядталған электроскоптың шарына саусағымызды жақындатсақ (шарға тигізбей-ақ), оның жапырақшалары неліктен бі р-біріне тартылады?

142. Теріс зарядталған май тамшысы А пластинаға қарай баяу қозғалып келеді. а) Тамшының қозғалысын тоқтату үшін не істеу керек? ә) Тамшыны жоғары қарай қозғалуға мәжбүр ету үшін не істеу керек?

143. Сутегі немесе басқа зарядтардың атомы электрон зарядының 0,5-ке тең зарядын жоғалта ала ма? Электрон заряды қаншаға тең?

144. Жер мен бұлттың арасында пайда болған найзағай электр тогына жата ма? Бұлттар арасындағы найзағай ше?

145. Екі бірдей нүктелік зарядтар вакуумда 0,1 Н күшпен әсерлеседі.Зарядтардың арақашықтығы 6 м. Осы зарядтардың шамасын табыңдар.

146. Керосинде тұрған 1,3·10-9 Кл заряд, өзінен 0,005 м қашықтықта тұрған екінші зарядпен 2·10-4 Н күшпен әсерлеседі.Сондағы екінші зарядтың шамасын табыңдар.Керосиннің диэлектрик өтімділігі 2.
ІІ нұсқа. В деңгейі

147. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың арақашықтығын неше есе өзгерту керек?

148. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі.Әр шардағы артық электрондардың санын табыңдар.

149. Ауада тұрған екі заряд 0,05 м қашықтықта бір-біріне 1,2·10-4 Н күшпен әсерлеседі, сол екі заряд қайсыбір ток өткізбейтін сұйықтың ішінде 0,12 м қашықтықта тұрып 1,5·10-5 Н күшпен әсерлеседі.Сол сұйықтың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

150. Екі бірдей нүктелік заряд вакуумда тұрып, 0,1 м қашықтықта қандай күшпен әсерлессе, скипидарда 0,07 м қашықтықта сондай күшпен әсерлеседі.Скипидардың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

151. Екі нүктелік заряд q1 және q2 бір-бірінен r арақашықта тұр.Егер олардың арақашықтығы

∆r=50 см –ге азаятын болса, онда өзара әсер күші екі есе көбейеді. R қашықтықты табыңдар.

152. Заряды 1,8·10-8 Кл өткізгіш шарик, сондай екі шарикпен жанасты.О шариктердің біреуінің

заряды -0,3·10-8 Кл, ал екіншісі зарядталмаған.Шариктер арасында зарядтар қалай бөлінеді? Олардың біреуінен 5 см қашықтықтағы екіншісінің вакуумдағы өзара әсер кү ші неге тең болады?
Электр зарядтары. Кулон заңы.

ІІІ нұсқа. А деңгейі

153. Электроскопқа орнатылған қуыс металл шарға су тамып тұр. А өткізгіші арқылы бюреткадағы су қандай таңбалы зарядпен зарядталғанын қалай анықтауға болады? (Тәжірибеге дейін электроскоп зарядталмаған).

154. Жіпке ілінген гильза алдымен зарядталмаған металл таяқшамен жанасқан.Таяқшаға зарядталған шарды жақындатқанда гильза өзінің бастапқы қалпынан ауытқыған. Неліктен?

155. Қолда бары: зарядталған электроскоп пен металл таяқша.Таяқшада электр тогы болу үшін не істеу керек?

156. Зарядтары q және 4q аттас зарядталған бірдей екі шар бір-біріне тиістіріліп қойылып, одан соң олар қайта ажыратылып қойылған.Олардың әрқайсысының заряды қала өзгереді?

157. Бірдей екі металл шар зарядтары q1=-6·10-8 Кл және q2=15·10-8 Кл, бір-бірінен 10 см қашықтықта тұр.Шарлар арсындағы өзара әрекеттесу күші қандай?


ІІІ нұсқа. В деңгейі

158. Оң зарядталған электроскоп шарына, заряды сондай және қарама-қарсы таңбалы металл өзекше жақындатса (шарға тигізбей) жапырақшалардың өзгерісі қандай болады?

159. Егер электр машинасының зарядталған шарларының біріне жіпке ілінген мақтаны жақындатса, онда мақта екі шардың арасында тербеле бастайды.Неліктен тербелетінін түсіндіріңдер. (Мақта жіпке ілінбесе де тербеледі)

160. Литий атомының құрамында 3 протон бар екені белгілі.Литий атомында жалпы қанша бөлшек бар? Оларды атаңдар.

161. Сутегінің оң және теріс иондары қосылыс кезінде сутегі атомын түзеді.Осы иондардың өзара әсерлесуі кезінде ток пайда бола ма?

162. Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әсерлеседі.Әр зарядтың шамасы қандай?

163. Зарядтары 3,3·10-8 Кл екі заряд, слюда қабатымен бөлінген.Олар 5·10-2 Н күшпен әсерлеседі. Слюда қабатының қалыңдығын табыңдар. Слюданың диэлектрик өтімділігі 8.

ІІІ нұсқа. С деңгейі

164. 1·10-8 Кл және 2·10-8 Кл нүктелік зарядтар вакуумда бір-бірінен 1 м қашықтықта бекітілген.Зарядтарды қосатын түзудің бойында, олардың әрқайсысынан бірдей қашықтықта-3·10-9 Кл заряды бар кішкене дене орналастырылған.Сол денеге әсер ететін күштің модулі мен бағыты қандай болады?

165. q және 4q зарядпен аттас зарядталған бірдей екі металл шар бір-бірінен r қашықтыққа тұр.Шарлар бір-біріне тиістіріліп қойылды.Өзара әсер күші бұрынғыдай болып қала беруі үшін, оларды қандай х қашықтыққа ажыратып қою керек?

166. Зарядтары бірдей 5·106 Кл екі нүктелік зарядты керосинде тұрғандағы әсер күші 0,5 Н болу үшін ол зарядтарды бір-бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек? Керосиннің диэлектрик өтімділігі 2-ге.

167. Бірдей теріс заряды бар екі дене ауада бірін-бірі 0,9 Н күшпен тебеді.Егер олардың арақашықтығы 8 см болса, әрбір денедегі артық электрондардың санын табыңдар.

168. Зарядталған шариктер 2 м арақашықтықта тұрып, 1 Н күшпен бір-біріне тебіледі. Шариктердегі жалпы заряд 5·10-5 Кл.Бұл заряд шариктер арасында қалай бөлінген?

169. Зарядтары 90 нКл және 10 нКл екі заряд бірінен-бірі 4 см қашықтықта орналасқан.Егер өзара әсер күштері тең және күш бағыттары қарама-қарсы болу үшін үшінші зарядты қай жерге орналастыру керек?
Электр өрісінің кернеулігі

І нұсқа. А деңгейі

170. Өрістің бір нүктесінде тұрған 3 нКл зарядқа 0,6 мкН күш әсер етеді.Осы нүктедегі өріс кернеулігін табыңдар.

171. Электр өрісінде тұрған 5 нКл зарядтың өріс кернеулігі 2 кН/Кл. Электр өрісі зарядқа қандай күшпен әсер етеді?

172. Электр өрісінің бір нүктесінде тұрған 1,5 нКл зарядқа 3 мкН күш әсер етеді.Өрістің осы нүктесіндегі өріс кернеулігін табыңдар.

173. Кернеулігі 2·102 Н/Кл электр өрісіне 10-7 Кл әкелді.Осы зарядқа қандай күш әсер етеді?
І нұсқа. В деңгейі

174. Өрістің бір нүктесінде тұрған 10-7 Кл зарядқа 4·10-3 Н күш әсер етеді.Осы нүктедегі электр өрісі кернеулігін табыңдар және егер осы нүкте өрістен 0,3 м қашықтықта болса, сол өрісті тудырып тұрған зарядты анықтаңдар.

175. Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілген.Осы шардың бетіндегі өріс кернеулігін табыңдар.

176. Керосиннің ішінде 10-10 Кл нүктелік заряд тудырған өрістен белгілі бір қашықтықта тұрған нүктенің электр өрісінің кернулігі 5 Н/Кл.Өрістің осы нүктесімен зарядтың арақашықтығын табыңдар.Өрістің осы нүктесіне қойылған 3·10-6 Кл зарядқа, өріс таапынан әсер ететін күшті табыңдар.

177. Біртекті электр өрісінде электрон 3,2·1013 м/с2 үдеумен қозғалады.Егер электронның массасы 9,1·10-31 кг болса, өріс кернеулігін табыңдар.
І нұсқа. С деңгейі

178. Керосин ішінде орналасқан екі зарядтың 6·10-7 Кл және -2·10-7 Кл олардың арақашықтығы 0,4 м.Зарядтың центрлерін қосатын түзудің ортасында орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.

179. 6·10-9 Кл және 2·10-8 Кл екі зарядтың өрісінде, осы зарядтарды қосатын түзудің бойында, бірінші зарядтан 0,03 м қашықтықта орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.Зарядтардың арақашықтығы 0,05 м, олар орналасқан ортаның диэлектрик өтімділігі 2.

180. Екі заряд берілген, олардың екіншісі біріншісінен модулі бойынша 4 есе артық, олар бірінен-бірі а қашықтықта орналасқан.Егер зарядтар аттас заряд болса, кеңістіктің қандай нүктесінде зарядтарды қосатын түзудің бойында өріс кернеулігі нөлге тең болады?

181. Екі аттас 0,27 мкКл және 0,17 мкКл зарядтар бірінен-бірі 20 см қашықтықта тұр.Зарядтар арасындағы түзудің қай нүктесінде өріс кернеулігі нөлге тең болады?
Электр өрісінің кернеулігі

ІІнұсқа А деңгейі

182. Электр өрісінің қайсыбір нүктесін негізделген 0,33*10-7Кл зарядқа 1*10-5 Н күш әсер етеді.Өрістің осы нүктедегі кернеулігін табыңдар.

183. Электр өрісінің кернеулігі 2*103Н/Кл –ге теңнүктеде орналасқан 12нКл зарядқа қандай күш әсер етеді.

184. Өрістің қандай да бір нүктесінде 2нКл зарядқа 0,4мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.

185. 3*10-8Кл заряд кернеулігі 6*104Н/Кл-ға тең өріс нүктесіне орналастырылған. Зарядқа әсер ететін күш қандай?

ІІІ-нұсқа В деңгейі

186. Өрістің 5*10-9 Кл зарядқа 3*10-4Н күш әсер ететіндей нүктесіндегі кернеулігін табыңдар. Егер қарастырып отырған нүкте зарядтан 100 мм қашықтықта болса, өрісті тудыратын зарядтың шамасы қандай болады. Орта-ауа.

187. Зарядтан 9 және 18см қашықтықтағы нүктелерде орналасқан 36 нКл заряд өрісінің кернеулігін табыңдар.

188. Жер бетіндегі өріс кернеулігі 130Н/Кл. Өрісті жердің заряды тудырады деп, срл зарядтың шамасын есептеп шығарыңдар.

189. Кернеулігі 1*104 Н/Кл өрістегі электрон қандай үдеумен қозғалады.
ІІІ- нұсқа. С деңгейі

190. Әрқайсысы 0,1 мКл зарядтар бір –бірімен 6 см қашықтықта орналастырылған. Зарядтардың әрқайсысынан 5 см қашықтықтағы нүктенің өріс кернеулігін табу крек?

а)екі оңзаряд үшін б)бір заряд оң, екіншісі теріс жағдайлар үшін шығару керек

191. Модулі жағынан біреуі екіншісінен 4 есе артық екі заряд бір-бірінен а қашақтақта орналастырылған. Егер зарядтар әр аттас болса, онда өрістің қай нүктесінде кернеулік нөлге тең болады.

192. Екі нүктелік зарядтар 3,35 және -6,6 нКл бір-бірінен 5см қашықтықта орналасқан. Оң зарядтан 3 см және теріс зарядтан 4 см қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігін анықтау керек.

193.Кернеулігі 1,3*105 Н/Кл вертикаль төмен бағытталған біртекті электр өрісінде массасы 2*10-9 г сұйық тамшысы тепе-теңдік жағдайда тұрып қалды. Тамшының зарядын және ондағы басы артық электрондардың санын табыңдар.


Электр өрісінің жұмысы,

потенциал, потенциал айырымы

1- нұсқа. А деңгейі

194. 20нКл заряд потенциалы 700В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді. Потенциалы 100В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғанда ше?

195. 1*10-6Кл заряд өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшірілген. Егер зарядты көшіргенде істелінген жұмыс 6*10-6 Дж-ға тең болса, бұл нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмасы қандай болады.

196. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарады.Заряд неге тең?

197. Біртекті өріс кернеулігінің бірсызығы бойында жатқан екі нүктесінің арасындағы кернеу 2кВ-қа тең. Осы нүктелердің арақашықтығы 10см. Өрістің кернеулігі қандай?

198. Бір күш сызығының бойында бірінен –бірі 3 см қашықтықта жатқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымы 120В-қа тең. Егер өрістің біртекті екені белгілі болса, өріс кернеулігін табыңдар.



Электр өрісінің жұмысы , потенциал, потенциал айырмасы

ІІнұсқа. А деңгейі

199. 2нКл зарядтың электр өрісінің бір нүктесіндегі потенциалдық энергиясы 6мкДж. Осы нүктедегі потенциал неге тең болады?

200. Өрістің бір нүктесінде 200В потенциалға дейін зарядталған дененің потенциалдық энергиясы -0,5 мкДж . Оның заряды қандай?

201. 5 нКл зарядты өрістің потенциалы 300 В нүктесінен потенциалы 100В нүктесіне көшіргенде өріс қандай жұмыс жасайды?

202. Ауада ьұрған бір-бірінен изоляциаланған екі өткізгіштің электрлік потенциалдары 110В және -110В. 5*10-4Кл зарядты осы екі өткізгіштің біреуінен екіншісіне көшіргенде электр өрісі қандай жұмыс істейді.

203. Цинк атомының ядросының заряды 4,8*10-18Кл. 10 нм қашықтықта цинк атом ядросы жасаған электр өрісінің потенциалын табыңдар.

204. 2 нКл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесәіне көшіргенде электр өрісі 15 мкДж жұмыс жасайды. Бұл нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы қандай?
ІІ нұсқа. В деңгейі

205. Кернеулігі 1кВ/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарының бағытымен -25нКл зарядты 2см –ге жылжытқан. Өрістің жұмысын, заряд пен өрістің өзара әсерінің потенциалдық энергиясының өзгерісін, орын ауыстырудың бастапқы және соңғы нүктьелерінің арасындағы кернеуді табыңдар.

206.Тыныш тұрған электронды үдету үшін 1000В потенциалдар айырмасын бергенде электрон қандай жылдамдық алады. Электронның массасы 9,1*10-31кг.

207. Бірдей екі заряд берілген (q 1 =q 2 =q=+2Кл).Олар бірінен – бірі r 1=50 м қашықтықта орналасқан. Оларды r2=25см қашықтыққа дейін жақындату үшін, қандай жұмыс атқару керек.

208. Радиусы 10 см шар берілген. Сол шардың бетінен ι = 5см қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы φ1=10В-қа тең. Шардың потенциалын табу керек.

209. Электронның жылдамдығы 10-нан 30Мм/с –ке арту үшін, ол қандай потенциалдар айырмасын жүріп өтуі керек ?

210. Электр өрісінде қозғала отырып, электрон бір нүктеден одан потенциалы 1 В жоғары екінші нүктеге ауысты. Электронның кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Потенциалдық энергиясы ше?
ІІ нұсқа. С деңгейі

211. Радий атомының ядросынан массасы 6,67*10-27кг,а-бөлшегі 2*107м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Бөлшектің энергиясын және бөлшекке осындай энергия беретін потенциалдар айырмасын табыңдар.

212. Электрон үдетуші өрісте потенциалы 200 В нүктеден 300 В нүктеге орын ауыстырған. Электронның кинетикалық энергиясын, өріспен өзара әсерлескендегі потенциалдық энергия өзгерісін және алған жылдамдығын табыңдар.

213. Бірдей потенциалдар айырмасын жүріп өткен а бөлшек пен протонның кинетикалық энергиялары мен алған жылдамдықтарын салыстырыңдар.Протонның массасына қарағанда а бөлшектің массасы 4 есе , ал заряды 2 есе артық.

214. Электрон электр өрісінде қозғала отырып, өзінің жылдамдығын υ1 =1*107м/с-тан υ2=3*107м/с-қа дейін арттырады. Электронның орын ауыстыруының бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырмасын табу керек.Электрон зарядының өзінің массасына қатынасы мынаған тең: е/m=1.76*1011Rk/ru7

215. Өріс 17*10-9 Кл зарядтан жасалған. Ал соған аттас 4*10-9Кл зарядты алып, алдыңғы зарядтан 0,5 м қашықтықтағы нүктеден, екінші бір 0,05 м нүктеге көшіргенде өріс қандай жұмыс жасайды.


Өткізгіштің электр сыйымдылығы.

Жазық конденсатордың сыйымдылығы

А деңгейі

216. Өткізгішке 1*10-8 Кл заряд беріліп, оны 100В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің электр сыйымдылығын Фарад (Ф), микрофарад (мкФ),пикофарад (пФ) есептеңдер.

217. Электрленген металл таяқшаның зарядының шамасын анықтаңдар, ол таяқшаның электр сыйымдылығы 0,05 пФ, потенциалы 3 кВ.

218. Конденсатордың паспортында былай жазылады: «150 мкФ,200В». Осы конденсаторға қандай ең үлкен электр зарядын беруге болады?

219. Егер өткізгішке 10-8Кл заряд берілсе, онда оның электр потенциалы 100 В-қа көбейеді. Өткізгіштің электр сыйымдылығын табыңдар.

220. Конденсатордың электр сыйымдылығы 5пФ.Егер астарларының арасындағы кернеу 100 В болса, онда оның әр астарындағы зарядты табыңдар.

221. Егер конденсатордағы заряд 4нКл және сыйымдылығы 2000пФ болса, онда оның астарларының арасындағы кернеу қандай болады.
В деңгейі

222. Арасында ауа бар жазық конденсатор екі пластинадан тұрады. Егер әр пластинаның ауданы 10-2м2, олардың арақашықтығы 0,5*10-2 м болса,осы конденсатордың сыйымдылығын табыңдар, егер осы конденсаторды глициринге (ε=56,2) оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді.

223. Сыйымдылығы 1400пФ конденсатордың бір-біріне қабаттасқан екі пластинасының аудандары 1,4*10-3м2,пластиналар арасындағы диэлектрик слюда (ε=6).

224. Жазық ауалық конденсатор екі квадрат пластинадан тұрады, олардың арақашықтығы 10-3м. Конденсатордың сыйымдылығы 1 Ф-қа тең болса, бұл пластинаның әрқайсысының ұзындығы қандай болады?

225. Жазық конденсатордың пластиналары аудандары 36 см2 екі жалпақ металл пластинадан тұрады, олардың ортасында қалыңдығы 0,14 см слюда пластина тұрады. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең болады?Егер конденсатордағы кернеу 300 В-қа тең болса, ондағы заряд қандай болады?

226.Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтықта орналастыру керек?

227. Бір конденсатордың сыйымдылығы 200пФ, ал екіншісінікі 1мкФ.Конденсаторлардағы бір ғана тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқан кезде оларда жинақталған зарядты салыстырыңдар.
С деңгейі

228. Сыйымдылығы 200пФ конденсатор жасау үшін қалыңдығы 0,2 см (ε=2) парафинделген қағаздың екі жағына да алюминий фольгадан жасалған дөңгелектерді желімдеп жапсырады.Бұл дөңгелектің диаметрі қандай болу керек?

229. Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншісінікі 5000пФ. Осы конденсаторларда бірдей заряд қорын алу үшін оларға түсірілген кернеулерді салыстырыңдар.

230. Ауа конденсаторларының пластиналары арасындағы кеңістікке қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400В-тан 50В-қа дейі кеміген. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?

231. Жазық конденсатор кернеуі U=200 В, ток көзі арқылы зарядталды. Сонан соң конденсатор осы ток көзінен ажыратылды. Егер пластиналардың арақашықтығын бастапқы d1=0,2мм-ден d2һ0,7 мм-ге дейін арттырсақ және пластиналар арасындағы кеңістікті слюдамен толтыратын болсақ, онда олардың арасындағы кернеу қандай болар еді. Слюданың диэлектрлік өтімділігі ε=7-ге тең.

232. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың арақашықтығын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді?

233. Жазық ауа конденсатордың ішіндегі электр өрісінің кернеулігін табу керек. Егер оның заряды 0,5 мкКл, ал пластиналарының ауданы 500 см2.

Ток күші. Кернеу Кедергі.

А деңгейі

234. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай қандай болады.

235. Ұзындығы 0,9 км, көлденең қимасының ауданы 10мм2 алюминий сымының кедергісі 2,5 Ом. Оның меншікті кедергісін табыңдар.

236. Электр дәнекерлегішіндегі ток күші 500 мА. Осы дәнекерлегіші арқылы 2 мин сайын қанша заряд ағып өтеді.

237. Ұзындығы 2 м, қимасының ауданы 0,18 мм2 , никелин сымының кедергісін табыңдар.

238. Электр шамы арқылы 10 мин.уақыт ішінде 380 Кл электр мөлшері өтетін болса, ондағы электр тогының шамасы неге тең болады?

239. Өткізгіштен 50 Кл электр зарядтары ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңдер. Ал өткізгіштің ұштарындағы кернеу 120 В.

240. Өткізгіштен 50Кл электр зарядтары ағып өткенде, 800 Дж жұмыс жасалатын болса, онда тізбек бөлігіндегі кернеу неге тең болады?



В деңгейі

241. Прожектордың электр шамындағы ток күші 2 А. Егер ол 1 мин. Ішінде 45,6 кДж энергия жұмсайтын болса, прожекторға түскен кернеу неге тең болады?

242. Электр тізбегінің бір нүктесінен екінші нүктесіне 240 Кл зарядты тасымалдағанда 16 мин. Уақыт ішінде 1200 Дж жұмыс жасалды. Тізбектегі кернеуді және ток күшін табыңдар.

243. Ұзындығы 1,2 м, қимасының ауданы 0,4 мм2, кедергісі 1,2 Ом өткізгіштің меншікті кедергісін табыңдар.

244. Кедергісі 180 Ом реостат жасау үшін , қимасының ауданы 0,1 мм2, никелин сымының қанша метрін алу керек.

245. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 5В. Осы өткізгіш 40 с уақыт ішінде 500Дж жұмыс жасайтын болса, ондағы ток күші неге тең болады?

246. Ұзындығы 1000м, кедергісі 1,1 Ом болу үшін мыс сымның қимасының ауданын қанша етіп алу керек?

247. Ұзындығы 3м, қимасының ауданы 0,25мм2, кедергісі 6 Ом болатын константан сымының меншікті кедергісі неге тең болады?


С деңгейі

248. Бірнеше орам мыс сымының қимасының ауданы 0,03мм2, ал ұзындығы 200м. Осы сымның кедергісін және массасын табыңдар.

249. Адам баласы үшін қауіпсіз ток 1мА деп есептеледі. Осы токта 1с ішінде өткен зарядтың шамасын табыңдар. Осындай ток пайда болуы үшін 1с ішінде өткізгіштің қимасынан қанша электрон өтуі керек.

250. Массасы 1 кг металдан ұзындығы 1 км сым дайындау крек. Егер осы сымды мыстан жасасақ кедергісі ма, әлде күмістен жасасақ кедергісі көп болама? Қанша есе?

251. Ұзындығы 100м, кедергісі 1 Ом өткізгіш дайындау керек. Алюминий, мыс сымдарының қайсысының массасы аз болады.

252. Ұзындығы 3 м, ішкі диаметрі 3см, қабырғасының қалыңдығы 1 мм темір трубаның кедергісін табыңдар.

253. Мыс сымның кедергісі 1 Ом, массасы 1 кг. Осы сымның ұзындығын, қимасының ауданын табыңдар.

254. Массасы 10 кг алюминий сымның диаметрі 2 мм болса, оның кедергісі неге тең болады?




Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

А деңгейі

255. Электр утюгі кернеуі 220 В жүйеге қосылған. Егер утюктің қыздырғыш элементінің кедергісі 48,4 Ом болса, ондағы ток күші неге тең болады?

256. Кедергісі 0,25 Ом өткізгіште ток күші 30А болу үшін, өткізгішке қандай кернеу түсіру керек.

257. 120 В кернеу кезінде ток күші 0,5 А болатын электр шамының кедергісін табыңдар.

258. Кедергісі 20 Ом өткізгіштегі ток күші 0,4 А болса, өткізгіштің ұштарындығы кернеуді табыңдар.

259. 0,06 В кернеу кезінде, ток күші 30 А болатын, амперметр орамасының кедергісін табыңдар.

260. Егер шамның цоколындағы жазу 6,3В, 0,22 А болатын болса, онда электр шамының кедергісі неге тең болады.
В деңгейі

261. Ұзындығы 12 м, қимасының ауданы 0,1 мм2,220В кернеу түсіп тұрған өткізгіштен 4 А ток жүреді. Осы өткізгіштің меншікті кедергісін табыңдар.

262. Тұтынушыға ток келтіретін мыс сымының ұзындығы 60 м. Онан өтетін ток 160 А болғанда, кернеудің түсуі 8 В-қа тең болса, осы сымның қимасының ауданын табу керек.

263. Ұзындығы 100м, қимасының ауданы 0,04 мм2, мыс сымға түскен кернеу 6,8 В. Осы мыс сымға түскен кернеуі 6,8 В. Осы сымнан өткен токты табыңдар.

264. Ұзындығы 140 см, көлденең қимасының ауданы 0,2мм2, болат сымнан өтетін ток 250 мА. Осы сымның ұштарына түскен кернеуді табыңдар.

265. Электр қыздырғыштың спиралы никелин сымнан жасалған. Оның қимасының ауданы 0,1 мм2, 220 В кернеу түскенде жүретін ток 4 А. Спирал жасалған сымның ұзындығын табыңдар.

266.Электр тогын жеткізу линиясының ұзындығы 200 км. Оған арнап қимасының ауданы 150 мм2, алюминий сым дайындаған. Линиядағы ток 150 а. Линиядағы кернеу түсуін табыңдар.
С деңгейі

267. Ұзындығы 300 м, мыс өткізгіштің ұштарына 36 в кернеу түсіріледі. Егер мыстағы өткізгіштің электрондар шоғыры 8,5*1028м-3 болса, өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы қандай болады.

268. Диаметрі 0,1 мм мыс сымның ұзындығы 1 м болғанда оның кедергісі 2,23 Ом-ға тең. Мыстың меншікті кедергісі қандай

269. Ток күші 1 А болғанда қимасы 1,4 мм1 алюминий өткізгіштегі өрістің кернеулігі қандай болады

270. Кернеуі 220 В желіге: а)30 Ом,5 А; б)2000 Ом, 0,2 А; деген жазуы бар реостатты қосуға бола ма?

271. Диаметрі 1,5 мм ұзындығы 14,2 м өткізгіштің ұштарындағы кернеу 18 В, ал оның бойымен 2,25 А ток өтеді. Осы өткізгіштің меншікті кедергісі неге тең.

272. Кедергісі 0,2 Ом, массасы 0,2 кг мыс өткізгіштің ұзындығын және көлденең қимасының ауданын табыңдар.


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау