Иерархия
(сатылы бағыныштылық) – жоғарыдан төменге қарай реттелген түтін бөліктердің немесе
элементтердің құрылымы.
Иқта
– феодалдарға шартты түрде берілетін жер үлесі.
Имам
(араб. – алдында тұрушы) – мұсылмандарда бірлесіп Құдайға құлшылық жасауға басшылық ететін
табыну қызметшісі, Ірі дін қайраткерлерінің құрметті атағы.
Иман
– ислам дініндегі ең қасиетті нанымдардың бірі. Оның ақиқаттығына сену, талаптарын бұлжытпай
орындау.
Империя
–император басқаратын монорхиялық мемлекет; бір орталықтан басқарылатын, экономикалық, саяси
дербестігінен айырылған аумақтардан құралған мемлекет.
Инал
– Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.
Инаугурация
(лат. inauguro – арнаймын) – мемлекет басшысы мен басқа да сайланып қойылатын басшылардың
өз қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімі.
Инвестиция
– қаржы бөлу, ақша салу, инвестициялық капитал.
Индустрияландыру
– ірі машиналық өндірісті құру үдерісі, экономикадағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің
ұлғайтылуы.
Инициатива
– ынта, өзіндік бастама, көпшіліктің шығармашылық ынтасы.
Инновация
– жаңалық енгізу, жаңарту.
Интеграция
– шоғырлану, бірігу, ықпалдасу (мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы)
Интеллектуалдық
– парасат, ақыл, зерде, ой өрісі, рухани зияткерлік.
Интеллигенция
– ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларына арнайы білімі бар, оқыған, ой-еңбегінің
қызметкерлері.
Интервенция
– бір немесе бірнеше елдің басқа бір елдің ішкі істеріне зорлықпен қол сұғуы.
Инфляция
(лат. inflation – желбуаз) – ақшаның күнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы
қажеттерінен артық мөлшерде толуы.
Ислам
– дүние жүзіне кең таралған діни сенімдердің бірі.
Кадет
– жабфқ әскери-оқу орнының тәрбиеленушісі.
Достарыңызбен бөлісу: |