89
2009 жылы елдің аймағында «Батыс Европа – Батыс Қытай» автобанының
құрылысы басталды, ол 2013 жылда аяқталды. Жол торабының жалпы
ұзындығы 8445 км құрайды, оның ішінде 2787 км Қазақстан территориясы
бойынан өтеді (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Ал-
маты облысы). Асфальт бетонды қаптаманың қалыңдығы 80 см құрайды,
автомагистралдің пайдаға асырылу мерзімі – 25 жыл жөндеусіз, қозғалыстың
максималды жылдамдығы – сағатына 120 км. Жоба сонымен қатар, көлдердің
үстінен өтетін көпір жол, жолдық-эксплуатациялық кешендерді, аялдамалық
алаңшалар, автопавильондар, жайылымдық аралықтар, электронды таббло
секілді жолдарды да қарастырады. Құрылыспен бір уақытта трасса маңында
орналасқан аймақтарда жол салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Елдің
әлеуметтік-экономикалық
дамуының
қазіргі
жағдайында
автомобиль көлігін қолдану шеңбері кеңейіп келе жатыр. Экономикадағы ЖІӨ
екіеселендіру бойынша міндет терге жататын құрылымдық қайта жасауларды
жүргізу автомобиль жолдарының өткізгіштік қабілетін мен сапасын көтеру қа
жеттілігіне алып келеді. Себебі, автомобиль тасымалы 2010 жылға қарай 33 тен
55 миллиард тонна-километрге ұлғайды.
Қазіргі уақытта аталмыш салада қызмет көрсету жұмыстары толығымен
бәсекелес ортаға берілді.
Автомобиль жолдарын дамытудың басты алғышарттары автожолдар
саласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасының тарапынан 2001-2005 жылдарға
арналған жоспарда қарастырылды.
Бағдарламаны жүзеге асыру уақытында мемлекеттік маңызы бар 11
мыңнан астам км. автомобиль жолдары жөнделіп қалпына келтірілді.
Автожолдарды бес категорияға бөліп қарастыруға болады:
I категория – мемлекеттік және республикалық маңызы бар автожолдар,
сонымен қатар тұрғындарды теңіз порттары, аэропорттармен жалғастыратын
автомобиль жолдары;
II категория – бұл да мемлекеттік және республикалық маңызы бар
автожолдар;
III категория – өлкелер мен облыстардың басты жолдары, аудандық
жолдар, сонымен қатар теміржол бекеттері мен көлдердегі тиеу-түсіру
пункттеріне кіре беріс жолдары;
IV категория – өлкелік, облыстық және аудандық маңызы бар
автожолдар, сонымен қатар өнеркәсіп орындарының, құрылыс, ауыл
шаруашылығының жергілікті маңызы бар авто жолдары;
V категория – жоғарыда аталғандардан бөлек жергілікті маңызы бар ішкі
кәсіптік жолдар.
Автомобиль көлігінің өндірістік-техникалық базасын төмендегілерден
тұратын негізгі қорларды есепке ала отырып қарастыру мақсатқа сай келеді:
- жылжымалы құрамды жөндеу кәсіпорындары;
- жанар-жағар май бекеттері, транспорттық-экспедициялық ұйымдар, ЕО;
90
- гараж өндіретін кәсіпорындар, жылжымалы құрамды модернизациялау
құрылғысы;
- дөңгелек жөндеу зауыттары;
- автовокзалдар;
- жүк автобустары бекеттері.
Автомобиль көлігінің жұмысы тасымалдаудың айлық және тәуліктік
жоспарларының негізінде, жүргізушілерге және басқару диспетчерлеріне
берілген міндеттер негізінде ұйымдас тырылады. Жүк тасымалын басқарудың
автоматтандырылған жүйесін жасаудың басты мақсаты – ЭЕМ, ЭММ және
заманауи бағдарламалық жабдықтау технологиялары негізінде оперативті
басқаруды жетілдіру арқылы автомобильдердің жұмыс жасау тиімділігін
арттыру. Ол жылжымалы құрамның өнімділігін көтеру және тасымалдауға
кететін шығындарды азайту, ұйымдық себептерге байланысты жұмыс уақытын
жоғалтпау, өндірістік емес аралық аумақтар мен автомобильдерді тиеу-түсіру
аймақтарын азайту, транспорт құралдарының жүк көтеру қабілетін жақсарту
туралы деректер арқылы жүзеге асырылады.
Жүк тасымалдарын басқару жүйелерінде қолданылатын заманауи
техникалық құралдардың бірі дербес компьютер базасын дағы заманауи
бағдарламалық кешендермен байытылған жергілікті есептеуіш желілері болып
табылады. Осындай кешендердің бірі БЕСТ- АВТО жүйесі болып табылады.
БЕСТ-АВТО – бұл кез келген типтегі (жүк және жолаушы
автокомбинаттары, трамвайлық-троллейбустық басқармалар, мұнай өндіруші,
құрылыс, машина жасау және соған ұқсас ірі бірлестіктерге қызмет көрсететін
арнайы кәсіпорындар) автокөліктік кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық
қызметін автоматтандырауға мүмкіндік беретін желілік бағдарлама жүйесі.
БЕСТ-АВТО жүйесі жергілікті есептеуіш жүйені қолдану есебінен кез
келген жұмыс орнында кез келген бағдарламаны қосып бірыңғай деректер
базасымен жұмыс жасауға мүмкіндік жасайды. Бұған қоса, егер ақпарат БЕСТ-
авто жүйесіне енгізіліп қойған болса, онда ол жұмысын жүргізуге қажетті басқа
да кешендер тарапынан қайта жасалады.
БЕСТ-АВТО жүйесінің басты қасиеттері:
-қызметінің басты көрсеткіштерінің автоматты есебі (жанар-май кірісі мен
шығыстары, жүргізушілердің жалақысы);
-статистикалық есеп беру мен қорытындылардың үлкен көлемі;
-тарифтің барлық түрлері бойынша жөндеу коэффи циенттерінің кең спектрі,
ол кез келген инфляциялық өзгеріске опе ративті жауап қайтару мүмкіндігіне
ие.
Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың автоматтандырылған
жүйесінің құрылымында жүк тасымалдау бойынша үш басты блокты бөліп
көрсетуге болады:
- автомобиль көлігінің деректер базасы;
- автокөлік қызметінің есептеуіш кешені;
- электронды деректер алмасудың ақпараттық жүйесі.
91
8.2 Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың автоматтандырылған
жүйесін іске қосу
Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін
іске қосу электрондық құжат айналымының жалпы жүйесіне автокөліктің
автоматтандырылған қызмет орындарын қосу арқылы және олардың қағазсыз
технология негізінде тасымалдаушылармен өзара байланысы арқылы жүзеге
асырылады.
Автоматтандырылған жұмыс орындары мен электрондық құжат
айналымының мүмкіндіктері оларды үлкен кәсіпорындарда да, салыстырмалы
түрде кішілеу кәсіпорындарда, техникалық дайындығына байланысты заңды
және жеке тұлғалар тарапынан қолдануға мүмкіндік береді.
ЭЕМ қолданатын жүк тасымалдауды басқаруды автоматтандыру басты
міндеттерінің бірі жүк көлігі жұмысын оперативті басқаруды жетілдіру және
ұйымдастыру болып табылады. Бұл жүйе жүк тасымалдаудың технологиялық
процесіне ауысымды-тәуліктік кезеңде басқарушылық әсер етуге бағытталған.
Аталған жүйе келесі техникалық құралдарды пайдаланады: ЭЕМ, байланыстың
заманауи құралдары, түрлі перифериялық техникалық құралдар.
Есепке алу қызметінің шығыс ақпараты тәулік ішінде жүк көліктерінің
жұмысын сипаттайтын құжаттар болып табылады: ол келесі құжаттар көлік
жұмыстарын есепке алу қорытындысы, желілердегі көлік қызметінің оперативті
есебі, жүргізушілердің жұмыс кестесі, тәуліктік диспетчерлік баяндама, тәулік
ішіндегі тасымал процесінің статистикалық деректері, бір айға жасалған
статистикалық деректер.
Есептік қызмет деректері негізінде талдау жүргізіледі. Оған есеп
деректерінен бөлек, жоспардың орындалмау себептері де келіп түседі.
Талдаудың шығыс ақпараттары дегеніміз жоспардың орындалмау себебін
сипаттайтын, оны дұрыстау бойынша ұсыныстар жасайтын, тәулік ішіндегі
автомобиль көрсеткіштері, объектілердегі көлік жұмыстарының көрсеткіштері,
диспетчерлер мен оператор жұмыстарының талдауын көрсететін құжаттар.
Есепке алу мен талдау жүк тасымалдау процесінде ғана емес, жаңа
объектілердегі болуы мүмкін жағдайларды үйренуге де қажетті болып
табылады. Бұл үшін тиісті қызметкер тарапынан келесі жұмыстар орындалады:
− клиентура, жүк ағымы мен тасымалдау жағдайын үйрену;
− жүк бар-жоқтығы балансының негізінде клиентурадағы мүмкін болған
тасымалдау
көлемін,
мүмкіндіктерін
және
объектінің
техникалық
қамтамасыздандырылуын анықтау;
− ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану мүмкіндіктерін
және тасымалдау процесінің жетілдірілген технологиясын үйрену;
− тасымалдауды бақылау және реттеудің прогрессивті әдістерін анықтау;
− берілген объектідегі көлік жұмысын оперативті есепке алудың
прогрессивті әдістерін және шынайы ақпараттың берілуін анықтау;
− берілген объектідегі терминалда перифериялық құралдар мен сұқбат
терезесін қолдану мүмкіндігін зерттеу;
Достарыңызбен бөлісу: |