15-ДӘРІС. СЕРПІМДІПЛАСТИКАЛЫҚ, ТҰТҚЫР ДЕФОРМАЦИЯҒА
ҰШЫРАҒАН КОНСТРУКЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕСЕПТЕУ
1. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. СТАТИКАЛЫҚ АНЫҚТАЛМАҒАН ЖІҢІШКЕ СЫРЫҚТЫ ЖҮЙЕЛЕР
2. СЫРЫҚТАРЫ ТҰТҚЫР СЕРПІМДІ МАТЕРИАЛДАН ЖАСАЛҒАН СТАТИКАЛЫҚ АНЫҚТАЛМАҒАН ЖҮЙЕНІ ЕСЕПТЕУ
3. СЕРПІМДІПЛАСТИКАЛЫҚ БҰРАЛУҒА ЕСЕПТЕУ
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Серпімдіпластикалық, пластикалық және тұтқыр материалдардан жасалған, конструкция элементтерін беріктікке есептеу күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселенің шешілу жолын жеңілдету үшін серпімдіпластикалық материалдардың созу мен ығысу диаграммаларын ХІV.1-суретте көрсетілгендей қарапайым түрлерге келтіреді (1, 2-сынық сызықтары). Диаграммалардың біріншісіне бағынышты материалдар идеал серпімдіпластикалық материалдар деп аталады. Кернеу шамасы ағу шегіне жеткеннен кейін мұндай материалдар үлкен пластикалық деформацияға ұшырап, сыртқы күшке қарсыласу қабілетінен ажырайды. Ал екінші диаграммаға бағынышты материалдар, кернеу шамасы ағу шегінен өткеннен кейін сызықтық заңдылықпен беріктене түсіп, сыртқы күш әсеріне қарсыласу қабілетін жоғалтпайды. Кернеу мен деформация арасындағы тәуелділік келесі түрде жазылады
XIV.01
мұндағы Е — серпімділік модулі, Еб — беріктену модулі.
Машина жасау өндірісінде серпімдіпластикалық материалдармен қатар, тұтқырлық қасиеті бар материалдарды да жиі кездестіруге болады. Мұндай материалдарға пластикалық қасиеті серпімділік қасиетіне қарағанда әлдеқайда басым болаттың кейбір түрлері, полиметилметакрилат; поливенилхлорид, полиэтилен, капралон т.с.с. Органикалық қосылыстар жатады, Тұтқырлық қасиет температураға, күш әсері жылдамдығына, уақытқа байланысты тұтқырлық қасиеті жоқ конструкциялық материалдарда да пайда болады.
Материалдар кедергісі ғылымында қасиеттері әр турлі материалдардың деформациялану заңдылықтары серпімді, тұтқыр, құрғақ үйкеліс элементтерінен тұратын механикалық модельдерде көрсетіледі. Идеал серпімді материалдардың механикалық моделі ретінде серіппе қабылданады (ХІV.2, а-сурет). Серіппенің қатаңдығы идеал серпімді материалдардың серпімділік модуліне, ал оған әсер етуші сыртқы күш идеал серпімді материалдың кернеуіне эквивалентті, яғни серіппенің деформациясы Гук заңына бағынады (ХІV.2, б-сурет)
Идеал серпімдіпластикалық материалдардың моделі ретінде серіппе мен құрғақ үйкеліс элементтерінен тұратын жүйе қабылданады (ХІV.2, в-сурет). Кернеу шамасы ағу шегіне жеткенде серіппенің қарсыласу қабілеті шегіне жетіп, құрғақ үйкеліс элементі (серіппемен бірге) қозғала бастайды. Мұндай материалдардың деформациялану диаграммасы XIV.1, а-суретте көрсетілген. Тұтқыр ортаның қарапайым түрі ретінде идеал тұтқыр сұйықты қарастыруға болады (ХІV.2, г-сурет). Суретте көрсетілген модель демпфер деп аталады. Тұтқыр материалдарда кернеу мен деформацияның арасында тұрақты байланыс жоқ. Ньютонның есептеу схемасы бойынша деформацияның өзі емес жылдамдығы мен кернеудің арасындағы тәуелділік келесі түрде жазылады (ХІV.2, д-сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |