18
MT1203 МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
көлемі 3 кредит
Автор:
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Сарсекеева А.С.
Пікір жазғандар:
физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
профессоры
Мухамбетжанов С.Т.
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒБМ
«Математика және математикалық модельдеу» институтының
дифференциалдық
теңдеулер бөлімі Асанова А.Т.
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Математикалық талдау пәні жоғарғы математиканың және ғылыми-
жаратылыс ілімінің негізін қалайтын пән. Бұл пән математиканың негізін
терең түсіну үшін студенттерге алғашқы іргелі ұғымдарды үйретеді.
Сонымен қатар болашақта студент ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
үшін оның логикалық ойлауын және математикалық мәдениетін дамытады.
Математикалық талдау пәні жоғарғы математиканың негізі болғандықтан
студенттерді математикалық зерттеу әдістеріне, есептерді шығарудың
әртүрлі тәсілдеріне үйретеді және басқа да математикалық пәндерді оқып
үйренуге дайындайды.
Математикалық талдаудың маңызды элементтерінің Қазақстан
Республикасының мемлекеттік стандарты бойынша жалпы білім беретін
мектептердің бағдарламасына енуі және «Математикалық талдау» пәнінің
жоғарғы оқу орнындағы «Математика», «Информатика», «Механика»,
«Космостық техника және технология», «Математикалық және компьютерлік
пішіндеу», «Информациялық жүйелер», «Есептеу техникасы», сонымен қатар
физиканың, химияның әртүрлі салаларындағы мамандықтарға енгізілуі – бұл
осы пәннің бұл салаларда ерекше маңызды орын алатынынының дәлелі.
Пререквизиттері: пәнді меңгеру үшін жалпы білім беретін мектептің
бағдарламасы деңгейінде математика пәнін білу жеткілікті, сонымен қатар
математикалық талдау курсымен қатар жүретін сызықты және жоғарғы
алгебра, аналитикалық геометрия және дифференциалдық геометрия сияқты
пәндердің кейбір тарауларын білген орынды.
Постреквизиттері: математикалық талдау, алгебра, геометрия,
дифференциалдық теңдеулер, функционалдық талдау пәндерінің әртүрлі
бағыттары бойынша арнайы және элективті курстар.
«Математикалық талдау» курсын жақсы меңгерген студент:
- Қазақстандағы және басқа елдердегі математикалық талдау
саласындағы ғылыми бағыттарды және заманауи математиканың даму
19
жолдары мен табыстарын, осы саладағы елімізде болып жатқан жаңалықтар
туралы
түсінігі болуы тиіс;
- математикалық талдаудың іргелі түсініктерін, тізбектер теориясын,
үзіліссіз функциялар теориясын, Ландау символдарын, бір айнымалыдан
тәуелді функцияның дифференциалдық есептеулері мен интегралдық
есептеудің негізгі формулаларын және теоремаларын, бірінші және екінші
текті меншіксіз интегралдар теориясын
білуі тиіс;
- сандық
жиынның
дәл
шекараларын
табуды,
тізбектерді
жинақтылыққа зерттеуді, функцияның шегін тауып, үзіліссіздікке зерттеуді
және туынды көмегімен функцияны зерттеп, оның графигін салуды,
интегралдарды әртүрлі әдістермен есептеуді және анықталған интегралдарды
қолдануды, меншіксіз интегралдарды зерттеуді өздігімен
жасай алуы тиіс;
-
математикалық талдау пәнінің негізгі тұжырымдарын дәлелдей
білу және осы пәнде берілген негізгі түсініктерді еркін пайдалана білу
Достарыңызбен бөлісу: